«Филология» мамандыєына арналєан



бет10/23
Дата03.12.2023
өлшемі216 Kb.
#133855
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Ұғымталдық –сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.
Ұжым –қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүдделерінің бірыңғай болуында.
Ұлттық мақтаныш- тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.
Ұлттық психология- қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Адамдармен топтардың қимыл әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана – сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін,ғылым, өнер,философия.
Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс әдісі.
Ұлттық мінез құлық өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс– тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.
Ұлттықпсихологиялық ерекшеліктер – этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негізгі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын құраушы элементтерді білдіретін категория.
Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші ролі бар беделді тұлға.
Ұлт –аймақ, бірлігімен, экономиялық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психиологиялық эрекшеліктерімен және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.
Этникалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар категориясының құқыларымен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет