1.14 ДАРЫНДЫЛЫҚ (Одаренность) – үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, өнердіңбір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3жасында өз суретін салған , Моцарт 7 жаста төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзінматиматика әлеміне танытқан. Қабілетіжан – жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр,ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан – тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс - тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта – ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады.
1.15 ЕГІЗДІК ӘДІС (Близнецовый метод) – біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез – құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
1.16 ЖАС - адам дамуының кезеңі, организм мен түлға қалыптасуының тән сипатты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас – дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар өзгерістер тән болатын сапалықтұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезеңдерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезеңдергебөлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақты тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым – қатынас ерекшеліктеріне орай анықталады.
1.17 ЖАС ДАҒДАРЫСТАРЫ (Кризисы возрастные) – онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жылға дейін), ерекше кезеңдері. Невроздық не жарақаттық сипаттағы дағдарыстардай емес, жас дағдарыстары қалыпты процестерге жатады және тұлғаның қалыпты ,үдемелі дамуы үшін қажет.
1.18 ЖАСӨСПІРІМ – 10 және15 жас аралығындағы жеткіншек . Ж. кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана – сезімнің артуы, айналасымен қарым – қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс - әрекетінің күрделене түсуі, моральдық – этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде Ж. дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Ж. кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі,әдепсіз болу және т.б) салынуы мүмкін. Сондықтан Ж. кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек.