Филология3,10 copy indd



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата14.03.2023
өлшемі84,72 Kb.
#74400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Вестник ПГУ № 3, 2010
134 
лингвистика жағынан да стиль мәселесінің алшақ кетіп қалатын тұсы жоқ. 
Мәтін стилистикасы жазушы стилін айқындауда базалық рөлге ие болады. 
Ғалымдар оқытуға алынатын мәтіндердің стильдік ерекшелігіне де мән 
береді. Мысалы, Е. Никитина кітап тіліне байланысты әдебиет тілінің стилі, 
ғылыми стиль, көпшілікке бағытталған ғылыми стиль және баспасөз стилі 
деп бөледі. Ал оқытуға арналған мәтіндерді оқу мәтіндері деп бөледі. Қазақ 
тілінің стилистикасын зерттеуші ғалымдар Қ. Жұмалиев, Ф. Мұсабекова,
М. Балақаевтар сөйлеу стилі, кітаби жазба стильдер, іс қағаздары мен ресми 
стиль, ғылыми стиль, көркем сөз стилі деп бөлгені белгілі. А. Жапбаров қазақ 
тіліндегі стильдерді былайша жіктейді: 1. Ауызекі сөйлеу стилі. 2. Кітаби 
жазба стиль. 3. Ресми іс қағаздар стилі 4. Ғылыми-техникалық әдебиет 
стилі. 5. Публицистикалық стиль. 6. Көркем әдебиет тілінің стилі. 
Көрсетілген мысалдар оқытуға алынатын мәтіндердің түрлі стильді қамтуы 
қажет екендігін дәлелдейді. Мәтін арқылы тілдік қатынастың барлық түрі 
үйретіледі: мәтінді оқыту әрекетімен бірге, мәтін бойынша әңгімелесу арқылы 
сөйлеу әрекетіне, мәтін бойынша сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетіне
мәтін бойынша мазмұндама жазғызу арқылы жазу әрекетіне, мәтін бойынша 
ойын жеткізе айту әрекетіне үйретіледі. Ф.Ш. Оразбаева тілдік қатынасқа 
байланысты сөйлесім әрекеті (речевая деятельность) деп танып, оған 
төмендегідей анықтама береді: «Сөйлесім әрекеті белгілі бір ойды, хабарды, 
не деректі баяндау және оны екінші біреуге жеткізу арқылы онымен 
түсіністікке жету»- дейді. Ал тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім 
әрекетінің өзін іштей беске бөледі: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, 
тілдесім. Автор бұл сөйлесім әрекетінің әрқайсысына анықтама бере келе, 
тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекеттерінің барлық түрі мәтін 
арқылы үйретілетінін баса айтады. Бұл айтылғандардан сөйлесім әрекетіне 
қажет, тілдік қатынас қызметін атқаруға керек тілдік тұлғалардың бәрін 
мәтін арқылы үйретуге болатыны анықталады. Осымен байланысты мәтін 
таңдауға белгілі талаптар қойылады. Ол талапты жалпы алғанда үшке 
топтауға болады:1. Мәтіннің лингвистикалық мақсаты. 2. Мазмұнының 
танымдық ұстамы. 3. Әдістемелік нысанаға сәйкес болуы керек. Бұларды 
мәтін таңдауға қойылатын шарттар деп санауға болады [2, 141 б.]. 
Функционалдық стильдер – жұмсалу мақсаты, атқаратын рөлі, қолданысы 
деген мағынаны білдіреді. Стиль өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, 
тарихи қалыптасқан тілдік құралдар жүйесі болғандықтан, тілдің қатынас 
құралы ретіндегі неге, не үшін жұмсалатындығы өткен ғасырдың қырқыншы, 
елуінші жылдары зерттеле бастады. Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің 
әлеуметтік қызметіне мақсаттық стильдердің қатысты екендігін жоққа 
шығармайды. Сондықтан академик В. Виноградов тілдің әлеуметтік 
қызметінің түрлерін қарым-қатынас (общение), хабарлау (сообщение) және 
әсер ету (воздействие) деп бөледі де, соларға сәйкес біріншісі – тілдің 


серия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет