Филология3,10 copy indd



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата14.03.2023
өлшемі84,72 Kb.
#74400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
137
қалыптасу процесінде оның екі формасының, яғни жазбаша және ауызша 
формасының өзара ықпалы зор мәнге ие болғаны белгілі. Бір кездері славян 
тілдері түрлерінің ықпалында болған дәстүр бойынша кітаби жанрларда ғана 
қолданылған тілдік құралдар әдетте ресми стилистикалық сипатқа ие болған. 
Сонымен қатар шешендік өнердің экспресивтілік реңкі сипатын иеленген. 
Осы құралдар шарты түрде кітаби құралдар (немесе кітаби стильдер) деген 
атауға біріктіріледі. Ауызекі тілдің тіл бірліктері әдеби салада да 
қолданылады, олар еркіндік, тіпті тұрпайылылықтың бай экспрессивті бояу 
сипатын ұсынады. Олардың бәрін ауызекі тіл немесе қарапайым тіл (әдеби 
ауызекі тіл) деп атайды. Кітаби және ауызекілік тіл құралдары тіл жүйесінің 
әртүрлі деңгейінде болды (бірақ олардың саны бірдей емес): фонетикалық, 
лексикалық, фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік. 
Кейде осы бірліктер бір-біріне және «бейтарап» (бояусыз) сөздерге де синоним 
болады. Осы құралдарды зерттеу сипатталып отырған стилистикалық 
бағыттың нысанын құрайды. Ол құралдар құрамын, тіл стилистикасының 
құрылымдық аспектісін бейнелейді. Негізінен, ол бастапқыда (диахронияда) 
бәрібір тілге байланысты болады. Тек стилистиканың даму тарихында ғана 
емес, сонымен қатар оқыту процесінде де «ресурстар стилистикасынан» өзге 
де стилистика бағыттарына ауысып кетуі заңды құбылыс. Функционалды 
стилистика қандай да бір байланыс саласындағы коммуникативті міндетке 
тәуелді тіл қызметінің заңдылығын зерттейді. Ол бәрінен бұрын функционалды 
стильдердің айтылу жүйелігі мен өзіндік қызметі және өзге де 
функционалды-стильдік ерекшеліктерді, яғни «стиль ішіндегі» жанрлық 
жағдаяттық және тағы басқаларды зерттейді. Оның міндетіне тілдің жеке 
стилистикалық мүмкіндіктерін қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне, 
мазмұн сипатына, ойлау формасына және әрбір әлеуметтік саладағы 
қарым-қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу жатады. 
Оның зерттеу пәніне тіл қызметі және оны қолдану жатады, яғни оның 
құрылымы емес, тек тілдік құралдары, сонымен қатар экстралингвистикалық 
факторлар анықтаған таңдау мен үйлесімдік ұстанымдары жатады. Оның 
нәтижесінде сөйлеу тілі (сөйлеу жүйелігі) ұйымдастырылады. Сонымен, 
функционалды стилистика дегеніміз – әртүрлі қарым-қатынас саласында, 
адамның іс-әрекеті түрлеріне сай қолдану заңдылығын, сонымен қатар 
функционалды түрлерде, оларға тілдік құралдарды таңдау мен үйлестіруді 
шоғырландырылған сөйлеу жүйелілігін зерттейтін лингвистикалық ғылым. 
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың пайымдауларында қазіргі заманғы 
стилистиканың ең негізгі және ірі де көлемді болашағы зор бағыты болып 
табылады. Дәл осы бағыттың қалыптасуы ХХ ғасырда стилистиканың жеке 
ғылыми пән ретінде қалыптасуымен байланысты. Функционалды 
стилистиканың ерекшеліктері мен негізгі мәселелерін зерттеудің маңыздылығы 
туралы отандық ғалымдарға қоса Чехия мен Словакияның тілші-ғалымдары, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет