ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ 139 таныстыру, сөйлеудің (үздіксіз мәтін) өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес
құрастыру қабілетін арттыру болып табылады. Лингвист ғалым В. Матереус
мектепте тек грамматиканы ғана емес, сонымен қатар стилистиканы да оқу
қажеттігі туралы әділ де, нақты айтқан. Бұл сөйлеудің жоғары мәдениеттілігіне
алып келетініне ешбір күмән келтірмейді. Бұрынғы және қазіргі заманда
сөйлеудің ең «қиын» тұсына канцеляриумдердің орынсыз қолданылуы
жататынын аңғаруға болады. Сол, «канцелярит» туралы К. Чуковский,
К. Паустовский және т.б. жазушылар ана тіліне байланысты өз ойларын
білдіргені белгілі. Практикалық стилистика бағытының пайда болуына
ешқандай нақты теориялық негіз болмағандықтан «ортологиялық» (дұрыс
сөйлеу мәселелері) бөлімінен шыға алмағанына тарих куә. Қазіргі заманғы
практикалық стилистика өзінің функционалды бағытын тереңдетуі керек,
ал оның пәніне барлық функционалды стильдерді және тіл мен сөйлеудің
жалпы және «түрлік» функционалды әртүрлілігінде тіл құралдарының
стилистикалық нормада қолдануын қарастыру қажеттігі туындайды. Қазіргі
кезеңде практикалық стилистика коммуникативті сөйлеу қызметінде
стилистикалық дағды мен қабілетті қалыптастыруға ықпал етуі тиіс, ал
қабілет пен дағды адамдардың стилистикалық сөйлеу мәдениетінің деңгейін
көтеру мақсатындағы әрбір тілші-стилистің жемісті жұмысы үшін қажет.
Стилистика бағыттары арасынан салыстырмалы (немесе сыртқы)
стилистиканы да ерекше бөліп қарастыруға болады. Бірақ ол салыстырмалы
лингвистика (грамматика, лексикология) сияқты нақты емес, бұның ара-жігі
тек Батыстық тіл білімінде ғана нақты көрініс тауып, жеке бағыт ретінде
қарастырылғанын байқауға болады. Әдетте, ол салыстырып отырған
тілдердің, мәселен неміс тілі мен француз тілі т.б. тілдердің ұлттық белгілерін,
сипатын көрсеткенде ғана аталып көрсетіледі. Шындығында, соңғы кездері
салыстырмалы түрде қарастырылатын тілдердің қызметі, заңдылықтары мен
стилистикалық ресурстары салыстырмалы зерттеулерде кездеседі. Жоғарыда
талданған пікірлерден байқағанымыздай, өз кезегінде салыстырмалы
стилистика ресурстар стилистикасы мен функционалды стилистикаға
ыдырап, бөлініп кетпейді. Соңғы кездері стилистикалық зерттеулердің тағы
бір аспектісі пайда болды, ол функционалды стилистиканың бір тармағы
іспеттес, атап айтқанда диахрониялық немесе тарихи стилистика, әлеуметтік
тапсырысқа байланысты функционалды стильдердің (өзге де сөйлеу
түрлерінің) қалыптасу процесі және тіл жүйесі стилистикасының тарихи
дамуында стильдердің экстралингвистикалық факторларының өзгерісін
зерттейді. Сонымен қатар, сол кезеңнен бастап мәтін стилистикасын ерекше
бөліп алу тенденциясы байқалады. Бұл мәселе кеңінен жан-жақты талдауды
қажет етеді. Қазіргі кезеңде мәтін стилистикасын тереңнен зерттеуге арналған
еңбектер жеткілікті дәрежеде деуге болмайды. Мәтін стилистикасы термині
тіл білімі саласында кеңінен қолданыс тауып отыр, алайда, мәтін стилистикасы