Филология3,10 copy indd



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата14.03.2023
өлшемі84,72 Kb.
#74400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
st4917

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
135
күнделікті сөйлесу стилі, екіншісі – іс қағаздары, ресми құжаттар және 
ғылыми стиль, үшіншісі – көркем әдебиет пен публицистика стилі деп 
таниды. Тілдің әлеуметтік қызметіне қарай стильдік бөлінісі тіл элементтерінің: 
сөздердің, грамматикалық амалдардың, көріктеу құралдарының әр түрлі 
қарым-қатынас саласында, яғни коммуникативтік ортада жұмсалу тәсілдері, 
қолданылу жиілігі, тіркесу қабілеттері ескеріледі. Тілдік стильдерді ауызша 
және жазбаша стиль деп бөлуге болады. Функционалды стильдердің 
тарамдала түсуі жазба әдеби тілге, әсіресе ұлттық әдеби тілге тән құбылыс. 
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап 
қалыптасты. Оған дейін әдеби тілде негізінен көркем поэзия стилі және проза 
түрінде айтылған ауызша шежіре стилі эпостолярлық стиль болды. ХІХ 
ғасырға дейін қазақтар қолданған шежіре стилінің де өзіне тән белгілері 
болды. Жалпы жазбаша шежіре стилін жартылай ғылыми стильге жатқызуға 
болады. Іс қағаздар стилінде сөйлемдер толымды, жақты болады. Онда қаулы 
етеді, қаулы етіледі, шешім қабылдады, тапсырылсын, міндеттелсін, шара 
қолданылсын деген сияқты дәл, қалыпты үлгілер қолданылады. Ғылыми 
стильде сөздер дәлме дәл болумен қатар, бірізділік қатаң сақталады. Сабақтас 
сөйлемдердің басыңқы сыңарлары ойдың негізгі бөлшегі болып, бағыныңқы 
сөйлемге ерекше мағыналық қызмет жүктейді. Публицистикалық стиль 
терминдер мен қалыпты сөз тіркестерімен жасала тұра, метафоралық 
қолданыстар, тұрақты тіркестер сөздің тура және ауыспалы мағыналарын 
жиі қолданады. Көркем әдеби стильде образды әсерлі сөздер мен сөйлемдер 
жиі қолданылады. Тіл білімінде стилистиканың зерттеулеріндегі еңбектерге 
сүйенсек, стилистиканың нақты жүйеленіп, жалпы қабылданған анықтамасы 
жоқтың қасы. Бұның басты себебі стилистика саласының өзінің қалыптасу 
процесінде әртүрлі бағыттар құрамында баяу дамығаны байқалады. Осыған 
байланысты соңғы кездері стилистика ғылымының зерттеу нысаны көркем 
сөйлеуді зерттеу шекарасының алшақтап түскенін көрсетеді. Жалпы алғанда, 
стилистикаға сөйлеу көркемдігі құралдары туралы және айтылым мазмұны, 
мақсаты, қарым-қатынас жағдаяты мен саласына тәуелді тілдік бірліктерді 
тиімді қолдануға негізделген тіл қызметінің заңдылығы туралы лингвистикалық
ғылым деген анықтама беруге болады. Осыған орай қарым-қатынастың 
түрлері және әлеуметтік маңызы бар салаларға бөлінуін төмендегідей 
топтастыруға болады: ғылыми, көркем, публицистикалық, іскери т.б. Осыған 
байланысты бұлар функционалды стильдерге бөлінеді [3, 44 б.]. Кейде 
стилистикаға тек тілдің «бейнелі құралдары туралы ғылым» деген анықтама 
беріледі. Мұндай түсініктің әсерінен стилистиканың функционалды аспектісі 
тарылып, ал оның пәні тіл еңбектерінің стилистикалық болуымен ғана 
шектеледі. Барлық мүмкіндіктерді ескере отырып, стилистика тек 
функционалды стильдер туралы ғылым деп анықтама беру жеткіліксіз, 
өйткені, стилистика тарихында тілдің стилистикалық ресурстарын зерттеген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет