Филология3,10 copy indd



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата14.03.2023
өлшемі84,72 Kb.
#74400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Вестник ПГУ № 3, 2010
140 
терминіне нақтырақ тоқталсақ, осы ұғымның өзіне ғылыми даму процесінде 
біржақты анықтама берілген жоқ. Теориялық тұжырымдар мен нақты тілдік 
талдау үлгілерінде мәтін стилистикасының анықтамалары В.В. Виноградовтың 
еңбектерінен бастау алып, Г.О. Винокур, Б.А. Ларин т.б. зерттеулерінде 
жалғастығын табады. Аталған зерттеушілердің еңбектеріндегі пікірлерге 
сүйене отырып, В.В. Одинцев тіл білімі тарихының жаңа сатысында 
стилистиканың қазіргі таңдағы жаңа бағыт лингвистикасының қатынасын 
анықтады. Өз еңбектерінде ол мәтін стилистикасына неғұрлым терең және 
теориялық тұрғыдан негізделген сипаттама береді. В.В. Одинцовтың 
еңбегіндегі анықтамасы бойынша: «Мәтін стилистикасы – сөйлеу 
шығармашылығы (көркем-әдеби), композициялық-стилистикалық түрлер 
мен сөз құралдарындағы сөз қызметінің құрылымдық стилистикалық 
мүмкіндігі. Мәтін стилистикасы сөз стилистикасының құрамына кіреді» [6, 
11 б.], - деп жазады көрнекті ғалым. Бұл сипаттама осы бағыттағы зерттеу 
пәніне қатысты үш қағидаға назар аудару қажеттігі туындайды. Олар 
стилистиканың басқа бағытымен салыстырғанда, мәтін стилистикасының 
мәртебесін айқындар береді: Біріншіден, мәтінде тіл және сөз құралдарының 
үйлесімділігі туралы айтылып отырғандықтан, объектіге функционалды 
жақындау. Екіншіден, В.В.Одинцевтың пайымдауынша, мәтін стилистикасын 
зерттеудегі маңызды мәселе конструктивті жинақталған әдістер (мәселен, 
тізбекті және қатар мазмұндама: градация, қамыту, сұрақ-жауап және т.б.) 
мен сөздің функционалды-мазмұнды түрлері (сипаттау, әңгімелеу, талқылау 
және т.б. мәтіндік бірліктер мен композициялар). Үшіншіден, формасы мен 
мазмұны біртекті мәтіндерді талдау, белгілі бір шығарманың мазмұны мен 
формасын оны тереңдете оқу үшін талдау. Екі жағдайдан да көрінетін 
зерттеудің пәні мәтіндегі сөз бірліктері мен оларды ұйымдастыру ұстанымын 
үйлестіре білу болып табылады. Бұндайда автордың сөз типологиясына көп 
көңіл бөлгенін ескерсек (мазмұндаманың композициялық-стильдік түрінің 
коммуникация сферасымен сәйкестендірсе) зерттеудің функционалды 
стилистикалық аспектісінің басқа деңгейдегі (мәтінге дейінгі) тіл 
бірліктерімен өзара ара-қатынасында алда болған болар еді. Үшінші 
жағдайдағы зерттеудің мақсаты мен мәні басқаша [7, 62-65 б.]. Сонымен, 
мәтін стилистикасының құрылымы мен бітімі туралы түрлі зерттеулерді 
салыстыра отырып, стилистика тіл білімінің көптеген заңдылығын қамтитын 
аса ауқымды аралық пән екендігін танимыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Қазақстан, 1989. – 200 б.
2. Оразбаева Ф.Ш. Практикалық стилистика. – Алматы: Ғылым, 1985. – 180 б.
3. Шалабаев Б. Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту. – Алматы: 
Мектеп,1982. – 190 б.


серия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет