Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы


Мəтін-иет. Келесі бір анықтайын деп отырған терминіміз – “дискурс”



Pdf көрінісі
бет23/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Мəтін-иет.
Келесі бір анықтайын деп отырған терминіміз – “дискурс” 
термині кеңестік ғылыми кеңістікте дəйекті түрде 80-жылдар-
дың аяғына дейін өзінің үш бірдей негізгі мағынасының бір де 
біреуінде қолданылмай келген еді. Оның есесіне, посткеңестік 
дəстүр терминді бір мезетте оның барлық көпмағыналылығында 
өзекті еткені соншалық зерттеушілер мағынаны айқындау мен 
шектеу қажеттілігін қойып отыр. Терминнің алғашқы көпмағы-
налылығы семантиканың əрі қарай ұлғаюын анықтады.
М. Фуко жəне оның жолын қуушылардың ұстанымдары 
бойынша, сөздің көптеген басқа да субъектілеріне қарағанда, 
сөйлеушінің, айтушының өз позициясын анықтағаны маңызды. 
Осылайша, француз мектебі үшін дискурс – белгілі бір əлеумет-


49 
тік-саяси топ немесе дəуірдің өзіне тəн нақ айтылған сөз түрі 
(мысалы: “коммунистік дискурс”, "гендерлік дискурс"). Соның 
нəтижесінде, соңғы жылдарда публицистикада дискурс ұғымын 
əлеуметтік құбылыспен теңдестіру де орын алды (“феминистік 
дискурс”, “зорлық дискурсы”). Сірə, бұл тұжырымдар бірін бірі 
жоққа шығармайды, керісінше, бірін-бірі толықтырады: 
мəтінжасау жəне де мəтінді түсіну коммуникативті жағдайсыз 
(“өмірге түбегейлі енусіз”) мүмкін емес. Ендеше, дискурсты 
сөйлеушілердің əлемді түсінуі, ұғынуы жəне презентация-
лауымен байланысты коммуниканттардың ойлау-сөйлеу əрекет-
терінің жиынтығы деп анықтаймыз. Мұндай түсінік тілге деген 
динамикалық (on-line) көзқарас арнасында жатыр. Дискурс, бір 
жағынан, мəтінжасау тəжірибесі, мəтінді шығару, кеңістік пен 
уақытта жария ету процесі; екінші жағынан, дискурс – мəтінді 
ой-санадан өткізу процедурасы да (мысалы, оқу барысында
конспектілеу барысында, аудару барысында жəне т.б.). 
Біздің көзқарасымыз бойынша, мəтінді дискурстың аралық 
сатысы ретінде сипаттаған жөн. Өйткені дискурс ретінде екі 
бірдей коммуниканттың ойлау-сөйлеу əрекеттерінің жиынтығы 
деп түсінеміз. Сондай-ақ, мəтін шындықтың объективті факті 
ретінде дискурс нəтижесі, өнімі ретінде қарастырыла алады. 
Көпшілік қолданыста дискурс əлдене туралы ой саптау 
дегенді білдіретін мағынада алынып жүр. Дискурс – ерекше 
əлеуметтік шындық ретінде көрінетін тіл ішіндегі өзіндік тіл 
деген де анықтаманы кездестіріп қаламыз. Дискурс ең алдымен 
мəтіндерде кездеседі. Бірақ ол кез келген мəтін деген сөз емес. 
Ол мəтіннің ерен грамматикасы, айрықша лексикасы, сөз 
пайдаланудың өзіндік ерекше ережелері, бөлекше семантикасы 
болуы тиіс. Бір сөзбен қайырғанда, ол "ерен өзіндік əлем" 
тудыра алатын мəтін болуы тиіс. Тұжырымдайтын болсақ, 
дискурс – мүмкіншіліктегі ментальды əлем. Оның құрылымдық 
негізінде "фреймдер" немесе "идеалды когнитивті моделдер", 
"сценарийлер" жатыр.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет