Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет20/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Мəтінді қалай анықтайтындығы қазіргі ғалымның методоло-
гиялық бағытталуының индикаторы іспеттес. Мəтін анықтама-
лары алуан түрлі. Мысалы, тарту-мəскеулік семиотикалық 
мектеп өкілі А.М. Пятигорский мəтінді хабар, белгі, "сигнал" 
деп анықтайды. Отандық структурализм үшін классикалық 
анықтама болып табылатын Ю.М. Лотманның дефинициясында 
мəтін төмендегідей үш сипатқа сай жүйе болса керек: 
1. Нақты бір белгілерде бекітілген, көрініс тапқан. 
2. Өз құрамына енбейтіннің бəріне қарсы қойылған, басқа-
лардан шектелген. 
3. Құрылымды, яғни соның өзін құрастырушы элементтер 
арасында қарым-қатынас жүйесінің барлығы анық. 
Мəтін мен көркем-əдеби мəтінді ажырата қарастыру керек. 
Өйткені көркем-əдеби мəтіннен басқа ғылыми, публицистика-
лық жəне т.с.с. мəтіндер түрлері болады. Оның үстіне, 
мəдениеттануда мəтін тек сөзден құрастырылған тілдік мəтін 
ғана емес, сонымен бірге, сөздік емес болмыстағы мəтіндер 
ретінде де қарастырыла алады. Мысалы, рəсім, музыка, 
кинематограф, көркемсурет, тіпті, қаланың өзі де сəулетшілдік 
"мəтіні" жəне т.б.
Мəтін үш түрлі қызмет атқарады: 
1. Креативті қызмет. Ол дегеніміз мəтін өзінің жаратушысы, 
жасаушысы барлығын білдіреді. 
2. Референтті қызмет. Демек, мəтін əлденені танытып, 
қандай да бір шындыққа сілтейді 
3. Рецептивті қызмет. Бұл мəтіннің адресаты барын 
білдіреді, яғни ол қашанда біреуге бағышталған дүние болып 
табылады. 


46 
Мəтін бар жерде коммуникативті жағдай (ситуация) бар, 
бірақ ол оқиғаға (бірге-болмысқа – событие) айналмауы да 
мүмкін. Коммуникация бұл жерде ақпарат тасымалы емес
сұхбатқа жақын, араласу, қатынасу деген мағынада алынып тұр. 
Мысалы адам мен компьютер арасында коммуникация жоқ, 
өйткені олардың ішкі шындықтарының, тұлғалық “Мен”-дерінің 
байланысуы жоқ. Мəтінде əлемнің «тілдік» картинасы беріледі. 
Ендеше, əртілдес дискурстар байланысы – онтологиялық тұрғы-
дан түрліше əлемнің тілдік картинасының байланысы, яғни 
түрлі дүниетанымдық позициялар байланысы. 
Постструктурализмнің де, постмодернизмнің де ортақ өкілі 
(егер ажырату мүмкін деп білсек) Ю. Кристеваның айтуы 
бойынша, мəтін дегеніміз ерекше семиотикалық практика
Мəтін – мағына өндірісі. Мəтін үнемі “мəтіндер пермутациясы” 
болып табылады, өйткені мəтін қашанда интермəтін ретінде 
көрініс табады. Тарата айтар болсақ, мəтін орналасқан кеңіс-
тікте үнемі көптеген басқа мəтіндерде айтылған ойлар, жазыл-
ған сөздер бір бірінің үстінен қабатталып, тапталып жатады. 
Сонымен, біз үнемі мəтіндік интерференцияға куə боламыз 
деген сөз. Осылайша жападан жалғыз мағыналылық идеясынан 
интермəтінділік идеясына бас бұру өте конструктивті қадам 
болды. Интермəтінділік – мəтін сұхбаттастығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет