Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет31/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Диалекти
каның 
жұп 
категори
ялары
54


қарағанда – жалпылық, ал жалпылыққа қарағанда – жекелік ретінде 
қарастырылады.
Ғылымда, қоғамдық өмір құбылыстарын түсіндіруде, талдауда, 
сол сияқты таным процесінде жекенің, ерекшенің және жалпының 
өзара әрекеттесу диалектикасын мұқият есепке алудың зор танымдық, 
практикалық және әдіснамалық маңызы бар. Мысалдар: 1) Омаров 
(жеке) – қазақ (ерекше) – адам (жалпылық); 2) Сұлтанов (жекеше) – 
студент (ерекше, өзгеше) – ҚР азаматы (жалпылық).
Мән және құбылыс. Мән дегеніміз – заттардың, құбылыстар 
мен процестердің, тұтас әлемнің негізгі қасиеттерін, басты, ішкі, 
салыстырмалы жақтарын, тұрақты байланыстарын анықтайды. Ал 
құбылыс – мәннің сыртқы байқалуы, оның көріну формасы.
Мән мен құбылыс өзара байланыста, бірақ тепе-тең емес. Мән 
кеңірек, байырақ, айқындаушы. Құбылыстар сан-алуан, бір мәннің өзі 
көптеген формада көрінеді. Жалпы алғанда, мән мен құбылыс бірі 
екіншісі арқылы сипатталады. Егер мән жалпы (жалпылық) нәрсе 
болса, құбылыс – мәннің әйтеуір бір моментін ғана көрсететін жеке 
нәрсе; егер мән тереңде жатқан және ішкі бір нәрсе болса, құбылыс – 
сыртқы, анағұрлым бай да құлпырмалы бір нәрсе; егер мән тұрақты, 
қажетті нәрсе болса, құбылыс - әлдеқайда өзгергіш, өткінші, 
кездейсоқ бір нәрсе.
Құбылмалы, өзгермелі болатын құбылыстың сан алуан түрлері 
бар, соның негізгісінің бірі – елес немесе тәрізділік («видимость» или 
«кажимость»). Мысалы, Күннің Жерді айналатынын мойындаушылар 
құбылыстың сырт көрінісін шындық деп білді. Капитализм тұсында 
жұмысшының жалақысы оның барлық еңбегіне толық төленген ақы 
сияқты көрінеді, ал шындығында оның еңбегінің бір бөлігіне ғана ақы 
төленеді, қалған бөлігін капиталистер қосымша құн түрінде тегін 
иемденеді, бұл олардың пайда табуының көзі болып табылады.
Сонымен, белгілі бір нәрсені, оқиғаны дұрыс түсіну, оны дұрыс 
талдау үшін тікелей бақылау арқылы алынған мәліметтерді сын 
көзбен тексеру қажет, алдамшы көрініс пен шын көріністі, үстірт пен 
мәндіні дәл айыра білу керек. Заттардың мәнін ашып көрсету – 
ғылымның негізгі міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет