Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет34/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Қажеттілік пен кездейсоқтық. Қажеттілік – шындықтағы 
құбылыстардың, процестердің, объектілердің одан бұрынғы бүкіл 
дамуының барысында пайда болған, олардың ішкі мәнінен 
туындайтын тұрақты байланысты бейнелейтін ұғым. Ол белгілі бір 
жағдайларда міндетті түрде болуға тиісті құбылыс, оған тұрақтылық, 
тиянақтылық тән. Қажетті құбылыс болмай қоймайды.
Кездейсоқтық – заттар мен құбылыстардың тікелей мәнінен 
тумайтын, олардың елеусіз, жеке, сыртқы байланысын бейнелейтін 
ұғым («жалаң болмыс»). Кездейсоқтық дәл осы жағдайларда болуы да 
мүмкін, болмауы да немесе басқаша болуы да мүмкін нәрсе. Оған 
белгісіздік, құбылмалылық, тұрақсыздық тән.
57


Қажеттілік пен кездейсоқтық өзара байланысты, олардың 
диалектикасының мәні мынада: кездейсоқтық қажеттіліктің көріну 
формасы ретінде және оның қосымшасы ретінде өмір сүреді. Атақты 
Гегель «кездейсоқтық дегеніміз мүмкіндік ретінде ғана маңызы бар» 
деген пікір айтқан. Бірақ бұл диалектикалық арақатынаста қажеттілік 
негізгі, шешуші роль атқарады. өйткені ол заңдылық, даму процесінің 
нәтижесі, жалаң ойдан ғана келіп шықпай, керісінше, объективтік 
шындықтың негізінде пайда болатын нәрсе. Сонымен бірге қажеттілік 
пен кездейсоқтық әртүрлі қатынастарда, нақты жағдайларда орын 
алмастырып, бір-біріне айналуы да мүмкін.
Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтық 
диалектикасын, байланысын дұрыс түсінбеушілік те орын алды, яғни 
оларды бір-бірінен бөліп, жеке-жеке қарау, тіпті қарама-қарсы қою, 
сол сияқты қажеттілікті абсолюттендіру (Демокрит, Спиноза, Гольбах, 
Лаплас т.б.), ал кездейсоқтықты жоққа шығару (позитивистер).
Ғылымның, танымның негізгі мақсаты – заңдыны, қажеттіні 
ашу. Алайда бұдан кездейсоқтық тек біздің субъективтік 
түсінігіміздің саласында ғана болады, сондықтан оны ғылыми 
зерттеуде ескермеу керек деген қорытынды шықпайды. Ғылым 
түрліше жекелеген, кездейсоқ фактілерді талдау арқылы олардың 
негізінде жатқан нәрсені – белгілі бір қажеттілікті ашуға қарай бет 
бұрады. Ғылымдағы көптеген жаңалықтар мен техникадағы 
жетістіктер кездейсоқ жағдайлардың қолайлы өтуінің арқасында 
жүзеге асқаны да белгілі. Сондықтан қазіргі кезде бұл проблемаға 
көбірек көңіл бөлініп жатыр деуге болады, ол проблеманы зерттеуде 
физиктер, математиктер, биологтер, экономистер, әлеуметтанушылар, 
техниктер т.б. статистикалық заңдылықтар, статистикалық әдістер, 
ықтималдық теориясын кеңінен қолдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет