Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет37/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

қоршаған 
шындыққа 
қатынасты
диалектика дүниені оның сан алуандығымен 
көреді («дүниені түрлі түсті көру»), ал 
метафизика – бір түрлі, «қар-ақ» принципі 
бойынша көреді;
танымға қатынасты: диалектика бойынша 
таным әзірше танымал (салыстырмалы) 
ақиқаттарды 
дәйекті 
түсіну 
арқылы 
абсолюттік ақиқатқа апаратын біртіндеген 
және 
мақсатты 
бағытталған 
процесс; 
метафизика бойынша абсолюттік ақиқатты 
бірден сезімнен жоғары және тәжірибеден 
тыс амалдардың көмегімен білуге болады;
қоршаған дүниеге қатысты: диалектика 
дүниені тұтастық пен өзара байланыста 
көреді, метафизика – оны жекелеген заттар 
мен құбылыстардан тұрады деп санайды.
Негізгі идеялары
диалектика 
тек 
қана 
«негативтік» болуы керек 
– сындарлы (сыншыл), 
диалектика барлық ескіге, 
тұрақтанға көңіл бөлмеуі 
керек;
диалектика үнемі, әрбір 
нәрседе, құбылыста сынау 
үшін сылтау іздеуі керек, 
бәрін күманға салу, бәрін 
сынау, бәрін мойындамау 
керек.
жаңа ескіні толық және 
қайтарымсыз 
қабылдамауы керек және 
осы арада өзі сынға түсуі, 
одан 
да 
жаңарырақты 
іздеу керек;
«негативтік» (сындарлы) 
диалектикада объективтік 
мағына жоқ, оның тек 
санаға 
қатынасы 
бар, 
себебі бәрін тек сана ғана 
жоққа шығарады және 
сынайды;
терістеуді 
терістеу 
ешқашан 
позитивке 
(идеалды 
табуға) 
ауыспауы 
керек, 
шындықтың 
барлық 
құбылыстарын 
үнемі 
мойындамау және сынға 
алу керек.
Диалектикаға 
альтернативалық 
өзіндік теориялар 
емес 
философиялық
тәсілдер, әдістер
Релятивизм
– 
танымның 
дайын 
нәтижелерін 
интерпретациялау 
(түсіндіру).
Эклектика
– 
бытыраңқы фактілерді 
еркінше араластырып, 
біріктіру 
негізінде 
теориялық 
ақиқаттарды 
құру, 
жасанды 
интеллектуалдық 
құрылымдар жасау.
Софистика  - әдепсіз 
(некорректно) дұрыс 
деп берілетін жалған 
ойқорытындыларынан 
формасы 
бойынша 
дұрыс қабылданатын, 
ал шын мәнінде өтірік 
ойқорытынды шығару
Догматизм  – қандай 
болса да қағидаларды 
әуел 
бастан 
дәлелденілмейтін, 
бірақ 
абсолюттік 
ақиқат 
ретінде 
қабылдау, 
ойлауда, 
пікірлерде, қоршаған 
дүниеген 
қатынаста 
икемсіздік.


II ГНОСЕОЛОГИЯ
(Таным философиясы)
Гносеология (гр. gnosis – білім, logos – ілім) – таным туралы 
ілім, танымның жалпы теориясы. Сана әрқашанда ұғынылған болмыс, 
адамның өзінің болмысына қатынасын білдіруі. Білім – адамның 
санасында берілген объективті реалдылық (шындық). Адам өз 
қызметінде реалды дүниенің объективті заңдылықтарын бейнелейді, 
идеалды түрде ұдайы өндіреді. Таным – ең алдымен қоғамдық-тарихи 
тәжірибемен шартталған білім алу және дамыту үдерісі, оны үнемі 
тереңдету, кеңейту және жетілдіру. Бұл обект пен субъекттің сондай 
өзара әрекеті, оның нәтижесі дүние туралы жаңа білім болады.
Гносеология философияның маңызды тарауы ретінде танымның 
табиғаты, оның мүмкіншіліктері және шектері, білім мен шындықтың, 
таным субъектісі мен объектісінің, ақиқат пен адасудың қатынасын, 
білімнің анықтылығының шарттары, танымның формалары және 
деңгейлері, оның әлеуметтік-мәдени факторлары және тағы басқа 
проблемаларды зерттейді.
Таным рухани қызметтің формасы ретінде қоғамда оның пайда 
болған кезінен бар, онымен бірге дамудың белгілі этаптарынан өтті. 
Олардың әрқайсысында таным үдерісі адамзат тарихы барысында 
қалыптасқан сан алуан және өзара байланысқан әлеуметтік-мәдени 
формаларда жүзеге асып жатты.
61


62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет