дүниеге ашылған терезе немесе
канал деп теңеуге де болады, яғни
айналамыздағы дүние туралы мәліметтер санамызға келіп кіретін
бірден-бір арна болып табылады. Сезімдік таным негізгі үш формада:
түйсік, қабылдау және елестету арқылы жүзеге асырылады.
Түйсік – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін материалдық
заттар мен құбылыстардың жеке сапаларының, қасиеттерінің,
жақтарының мида бейнеленуі. Түйсіктер қоршаған орта туралы
дифференциаланбаған
және затталмаған әсерлер болып, бағдарлау
және сигналдық (таңбалық) функциялар атқарады.
Қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар
мен құбылыстардың тұтас бейнесі.
Елестету – қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін,
бірақ бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта
жаңғырту. Елестетудің қабылдаумен салыстырғанда мынандай
айырмашылықтары бар:
−
елес қазіргі сәтте заттардың тікелей әсері тимей тұрған кезде
санада қайтадан туатын бейнелер болғандықтан, қабылдауға
қарағанда неғұрлым бұлдырлау келеді де, тиянақсыз болады;
−
елестерде көбінесе бұрын әртүрлі жағдайда сан рет
қабылданған заттардың бейнелері
қайтадан туатындықтан, олар
қабылдаумен салыстырғанда неғұрлым жалпылама сипатта болады;
−
елестету заттың тікелей тигізетін әсері жоқ кезде, бұрынғы
қабылдаудың мида сақталып қалған іздері негізінде туады да,
бұлардың арасында толып жатқан уақытша жүйке байланыстары
орнайды, сондықтан осылардың негізінде
қабылдау бейнелерінің
түрін өзгерту, оларды тіпті жаңадан көрнекі бейнелер етіп жасауға
мүмкіндік туады. Кейде бұл бейнелер реалды шындықпен
қабыспайтын да болады, онда оларды қиял (воображение) деп атайды.
Қиялдың өмірде үлкен маңызы бар, себебі онсыз ешқандай
шығармашылық қызмет болмақ емес.
Қиялға байланысты ағылшын философы және математигі
Уайтхед мынандай әзіл айтыпты: кейбір
адамдар тек білім алуға
бағытталады да қиялды пайдаланбайды – бұлар қатқан оқымыстылар
(ученые сухари). Басқалары тек қиялды пайдаланады, ал білімдері жоқ
– бұлар ақымақтар. Сондықтан оқытудың мақсаты – білім мен
қиялдың «қорытпасы» болуы керек. Бірақ мұндай жағдайда да
ақымақтың қатқан оқымыстымен «қорытпасын» алу қауіп-қатері де
бар.
Заттарды, құбылыстарды терең және жан-жақты танып-білу
үшін сезімдік таным жеткіліксіз. Бұл жерде көмекке
рационалдық
таным келеді, оны басқаша логикалық немесе абстрактілі ойлау деп
68
те атайды. Танымның бұл формасы
адамның қорытындылар мен
идеализацияларға, пікірлер мен ойқорытындыларға, басқа логикалық
операцияларға, яғни абстрактілі ойлауға қабілетімен тығыз
байланысты. Ойлау – адам миының ең жоғарғы қыметі, оның
арқасында сыртқы және тікелей қабылданатын құбылыстарды сезім
арқылы тануға, ал ішкі, жалпы тікелей қабылданылмайтын
заңдылықтарды логикалық (рационалдық, ақыл-ой) жолмен танып-
білуге болады.
Танымның сезімдік және рационалдық формалары өзара тығыз
байланыста, себебі олардың біреуі танымның төменгі, ал екіншісі –
жоғарғы сатысы болады, яғни тек екі
форма бірігіп қана қоршаған
дүние туралы дәл, толық білім береді.
Рационалдық танымның негізгі формалары –
ұғым, пікір,
ойқорытынды (ой тұжырымы).
Ұғым дегеніміз ойлаудың заттар мен құбылыстардың жалпы,
мәнді және қажетті қасиеттері мен белгілерін бейнелендіретін
формасы. Ойлаудың қандай түрі болмасын тек ұғымның көмегімен,
ұғым арқылы іске асады. Ұғым – мазмұны жағынан объективтік,
логикалық формасы жағынан субъективтік (мысалы, «ағаш», «адам»,
«үй» т.б. ұғымдар).
Ұғымдардың екі түрі бар:
күнделікті тұрмыстық және
ғылыми. Тұрмыстық ұғымдар нәрселердің көбінесе сыртқы ұқсас
белгілерін бейнелендірсе,
ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы,
мәнді және заңды қасиеттерін бейнелендіреді.
Пікір дегеніміз бірдеңе жайында не қостайтын, не терістейтін
ойдың формасы. Басқаша айтқанда, пікір объективтік шындықтағы
құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не
жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Ештеңе білдірмейтін
бейтарап пікір болмайды.
Егер ұғымның тілдік формасы сөз және сөздер тіркесі болса,
пікірдің тілдік формасы – грамматикалық сөйлем. Пікір зат және оның
белгісін байланыстыратын екі ұғымнан немесе екі терминнен тұрады:
субъект (S) және предикат (Р).
Оның логикалық құрылысы
(формуласы) мындай түрде болады:
S дегеніміз Р (не Р емес).
Мысалы, «қарағай» (S) – «ағаш» (Р) не «ағаш» емес (не Р емес).
Достарыңызбен бөлісу: