Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет5/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Объективтік-идеалистік
көзқарас бойынша материя алғашқы 
идеалдық (абсолюттік) рухтан туындаған, жаратылған 
(объективтенген) (сана – 1, материя – 2).
Субъективтік-идеалистік
көзқарас бойынша материяның 
өзіндік шындығы жоқ, ол тек субъективтік (жеке адам санасы) рухтың 
жемісі, феномені (мұнда да сана – 1, материя – 2).
Позитивистік көзқарас бойынша «материя» ұғымы жалған
өйткені оны дәлелдеуге де және тәжірибелік ғылыми зерттеу арқылы 
толық ұғынуға да болмайды.
«Материя» түсінігі туралы көзқарастар
материалистік
субъективтік-
идеалистік
объективтік-
идеалистік
позитивистік
8


Философиялық ойдың даму барысында материяның әртүрлі 
концепциялары (тұжырымдамалары) ұсынылды. Ерте дүниедегі 
философияда қоршаған әлемнің заттарының, құбылыстарының әр 
алуандығында оларды біріктіретін әлдебір алғашқы бастама бар деген 
идея қалыптасады. Материя, алғашқы бастама ретінде жекелей нақты 
заттар (Фалес – су, Анаксимен – ауа, Гераклит – от және т.с.с.) 
немесе олардың топтары (Ертедегі Грекия, Ертедегі Үндіде – 4 зат, 
Ертедегі Қытай натурфилософиясында – 5 зат) ұсынылды.
Одан соң атомистік концепция пайда болды. Осыған сәйкес 
материя деп бос қуыстықта қозғалатын, бір-бірімен қақтығысатын 
және бірігу (қосылу) арқылы әртүрлі денелерді құрайтын көп атомдар 
түсінілді (олар өзгермейтін, бөлінбейтін, жасалмайтын және 
жойылмайтын өте ұсақ бөлшектер). Атомистер заттардың әртүрлілігін 
атомдар форма, салмақ және мөлшері жағынан бір-бірінен өзгеше 
болады және біріккенде (қосылғанда) әртүрлі конфигурациялар 
құрайды деп түсіндірді.
Материалистік философияда барлық заттардың, құбылыстардың 
әмбебап (универсалды), бірыңғай материалдық негізі бар делінеді. 
Осы бірыңғай негіз немесе «субстанция», немесе «сустрат» деген 
терминмен аталады. Бұл материяны субстраттық-субстанционалды 
түсіну.
Кейін осы түсініктің басқа варианттары ұсынылды. Атап 
айтқанда, XVII ғ. Декарт және оның ізбасарлары материяның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет