арасындағы қайшылықтар. Олар
әлеуметтік шаралар арқылы
шешіледі (мысалы, еңбекші таптар – жұмысшы табы мен шаруалар
арасындағы қайшылықтар).
Қайшылықтар өзгермейтін, қозғалмайтын бірдеңе емес. Пайда
болғаннан кейін нақты қайшылықтардың қай-қайсысы болмасын
дамиды, белгілі бір сатылардан, баспалдақтардан өтеді.
= Қайшылық заңы:
даму тұтастың (бірін-бірі) өзара жоққа
шығаратын қарама-қарсылықтарға «қосарлануы» («раздвоение»
единого) («қақжарылу», «екіге бөліну») және олардың өзара іс-әрекеті
нәтижесінде өтеді.
=
Қарама-қарсылықтар – бұл нәрсенің
бір уақытта бірін-бірі
өзара керек ететін, сол сияқты өзара жоққа шығаратын жақтары,
қасиеттері (барабарлық – айрмашылықта, айырмашылық –
барабарлықта).
Қайшылық заңы
(әрекет кезеңдері)
Қайшылықтың
шешілуі жаңа сапаны бекіту
ретінде және қозғалыстың, дамудың ішкі қайнар
көзі
Жүйенің конфликтісі (дау-жанжалы), дағдарысы,
бұзылуы қайшылықтың төтенше шиеленесуінің
кезеңі және көрінісі ретінде
Қарама-қарсылық
маңызды
айырмашылық,
айырмашылықтың ең жоғары дәрежесі ретінде
Барабарлық
(тепе-теңдік)
маңызды
емес
қайшылық ретінде, қайшылық іс-әрекетінің
басталуы
43
Санның сапаға ауысу заңы
(сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы)
Санның
сапаға ауысу заңы дамудың, даму процесінің
ішкі
механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін,
дамудағы жаңа
сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді.
Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,
процестің
бірлігін тұтастығын, салыстырмалы тұрақтылығын, өз-
өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Гегель бойынша, сапа «... ең алдымен
болмыспен тепе-тең айқындылық... Бірдеңе өзінің сапасынан
айырылса, онда ол бұрын не болса, сол болудан қалады».
Басқаша
айтқанда, сапа – заттың
ішкі анықтылығы. Затты, құбылысты дәл
осындай етіп анықтайтын, даралайтын, басқалардан айырмашылығын
көрсететін – оның сапасы (мысалы, ағашты – темірден, отты – судан).
Кез келген заттың сапасының өзгеруі сол заттың түбірлі өзгеруіне
әкеледі. Сапа
өзгерістері үздіксіздің үзілісі түрінде жүреді.
Сан – нәрсе мен құбылыстың есептелу параметрлері (сан,
көлем, аумақ, салмақ, мөлшер т.б.), өлшеу мен есептеуге жататынның
бәрі. Сан – заттың
сыртқы анықтылығы, ол оның табиғатымен
тікелей байланысты емес. Бір және сол сапа шеңберінде санның
өзгеруі заттың не жүйенінің мәнінің өзгеруіне әкелмейді. Сан
заттардың біркелкілігін,
біртектілігін, бірдейлігін, олардың
ұқсастығын, үйлестігін білу және ескеру негізінде жүзеге
асатындықтан, олармен көбейту және азайту, бөлу мен қосу және т.б.
операцияларды (амалдарды) жасауға болады. Әлдебір сапаның санын
анықтау кейбір жағдайда өте күрделі, қиын іс. Мысалы, адамның
белгілі бір іс-әрекетіне сандық (мөлшерлік) сипаттама немесе көркем
шығармаға сандық баға қалай беруге болады? Сан өзгерістері
үздіксіз
және біртіндеп өтіп жатады.
Сан мен сапа өзара тығыз байланыста болады. Белгілі сапасыз
сан
жоқ сияқты, белгілі сансыз сапа да жоқ.
Өлшем – сан мен
сапаның диалектикалық бірлігі. өлшемді объектінің
сандық-сапалық
анықтылығы, берілген сапаның сандық шекарасы деп атауға болады.
Өлшемнің бұзылуы, объектінің сан мен сапасының бірлігінің бұзылуы
Санның сапаға ауысу
заңының категориялары
Сапа
Сан
Өлшем
(шама)
Секіріс
44
сол объектінің басқа бірдеме болуына, оның басқа объектке өзгеруіне
әкеледі. Мұндай ауысуды секіріс деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: