Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет33/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Себеп пен салдар. Құбылыстарды, процестерді білу дегеніміз – 
ең алдымен олардың пайда болу және даму себептерін білу деген сөз. 
Себептілік (каузалдық – лат. causa – себеп) – құбылыстардың 
жалпылама заңды байланысының бір формасы. Басқа бір құбылысты 
өмірге келтіретін құбылыс оның себебі болып табылады. Себеп 
әрекетінің нәтижесі салдар болады. Мысалы, суды қайнату (себеп) – 
бу (салдар).
Себеп пен салдар өзара әрекеттестікте болады, яғни олар бір-
біріне ұдайы әсер етеді, ықпал жасайды, соның нәтижесінде себеп те, 
салдар да өзгеріске ұшырайды. Олардың өту процесі жағдайға 
(шартқа), сылтауға, уақытқа, орынға, күйге және т.с.с. байланысты.
Жағдай - өз болмысында салдарды туғызбайтын, бірақ оның 
басталуына, қалыптасуына қажетті себеппен өзара әрекеттесетін 
факторлар жиынтығы.
56


Сылтау – деп өз бетінше себеп бола алмайтын, бірақ оған 
түрткі болатын салдар алдындағы тікелей өтетін құбылысты айтады. 
Сылтау мен салдардың арасында байланыс бар, бірақ ол сыртқы, 
болмашы байланыс.
Өзара әрекеттесу процесінде себеп пен салдар орын ауысуы 
мүмкін: себеп салдар болады, ал салдар себеп болады, ол басқа 
салдарды туғызады.
Философияда себеп пен салдар құбылыстарына байланысты 
мынадай ұғымдар (бағыттар) бар:

детерминизм (лат. determinare – анықтау) – объективтік 
дүниедегі құбылыстардың, ойлаудың
жалпы себептілігін 
мойындайтын ілім. Мұны жақтаушы философтар детерминистер деп 
аталады;

индетерминизм детерминизмге қарама-қарсы, дүниедегі 
құбылыстардың заңды байланысын, себептілігін теріске, жоққа 
шығаратын ілім. Мұны қолдаушы философтар индетерминистер деп 
аталады.

телеология (гр. telos – мақсат және logos – ілім) – 
детерминизмді идеалистік тұрғыдан терістеу, дүниедегі барлық 
құбылыстардың мақсатқа сәйкестігі туралы ілім, яғни «мақсатқа 
көздейтін бастама».
Қазіргі заманғы көптеген идеалистер-философтар «себеп» деген 
сөзді философиялық терминологиядан шығарып тастау керек дегенді 
жиі айтып жүр. Олардың ойынша, себептіліктің де монархия сияқты 
күні біткен. Себептілік заңын олар функционалдық байланыс заңымен 
ауыстырады. А құбылысы Б құбылысын тудырады деп айтуға 
болмайды, А мен Б бір-біріне тәуелді болады деп атап көрсету керек 
(А мен Б әрдайым бірге жүреді. Б-дан А бұрын болады немесе одан 
кейін келеді – міне құбылыстар арасындағы байланысты осылай 
түсіну, жеткізу керек дейді жоғарыдағы идеалист-философтар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет