Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет28/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Диалектиканың категориялары
Адам қоршаған дүние және өзі туралы білетіннің бәрін ұғымдар, 
категориялар формасында (түрінде) береді. Категория (гр. кategoria – 
пікір айту, мақұлдау, негізгі және жалпы белгі) – шындық пен 
50


танымның, заттар мен құбылыстардың неғұрлым елеулі, мәнді 
жақтарын, белгілерін, қатынастарын, байланыстарын бейнелейтін 
жалпылық ұғым, ойлау формасы, таным сатысы. Категориялар 
осы немесе басқа ғылымның, философияның неғұрлым жалпы, іргелі 
ұғымдары.
Әрбір ғылымның өзіне тән ұғымдық аппараты, категориялар 
жүйесі бар. Мысалы, математикада – сан, шама, жиын (сумма), 
функция, интеграл, дифференциал т.б., физикада – масса, энергия, 
күш, жылдамдық, ядро, атом, квант т.б., биологияда – тіршілік, 
функция, клетка, генетикалық код, эволюция және т.б.
Нақты ғылымдар болмыстың, әлемнің, шындықтың белгілі бір 
саласындағы құбылыстардың ерекше байланыстарын зерттейді. Ал 
диалектиканың, философияның категорияларының міндеті – дүние 
мен ойлаудың барлық құбылыстарына тән, сипатты ең жалпы 
байланыстарды, қатынастарды, заңдарды анықтау және белгілеу. 
Сондықтан олар үлкен танымдық және әдіснамалық роль атқарады.
Философия тарихында категорияларға ең алғашқы теориялық 
талдауды Платон мен Аристотель жасады. Платон, мысалы, 5 
категорияны (мәнділік, қозғалыс, тыныштық, барабарлық, 
айырмашылық) қарастырды. Ол категорияларды болмыстың бейнесі 
емес, керісінше, бірінен-бірі туындайтын идеяның көрінісі деп білді. 
Аристотель «Категориялар» деген еңбегінде категориялар 
болмыстың елеулі жалпы жақтарын бейнелейді деп 10 категорияны 
талдайды (мән, мөлшер, сапа, қатынас, орын, уақыт, жағдай, күй 
немесе қалып, әсер және күйіну).
Кант категорияларды пайымның априорлық формалары, 
«өзіндік зат» дүниесін сипаттамайтын танымдағы субъекттің ойлау 
жүйесі деп есептеді. Ол 12 категорияны 4 топқа бөліп, әрбір топтар 
арасында диалектикалық байланыстың элементтері бар екенін 
байқады, көрсетті. 
Гегель болса, ол 100-ге жуық категорияларды қарастырып 
зерттеді, анықтады. Бұл жерде оның «Логика ғылымы» деген еңбегін 
ерекше атауға болады. Гегель категориялардың бір-біріне өтуін, 
олардың субординациясын, диалектикалық байланысын, даму 
принципін ашты.
Материалистік диалектика тұрғысында категорияларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет