−
біріншіден, дамудың бағытын білдіреді. Жалпы алғанда
даму қарапайымнан күрделіге, төменгіден жоғарыға қарай, яғни
ілгерілмелі, өрлемелі сипатта болады. Бірақ бұл жалпы вектор,
тенденция. Әлем, дүние тек анық бір ғана бағытта дамиды деген
тұжырым, ой-пікір қате. Өзінің дамуында объективті әлем шын
мәнінде әртүрлі бағыттарда дамиды. Бұған мысал Жерде органикалық
материяның дамуы, соның нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың
шексіз сан алуан спектрінің пайда болуы;
−
екіншіден, дамудың белгілі бір циклды процесс екенін
көрсетеді. Бұл бастапқы пунктке оралу емес. Даму нәтижесінде
қайшылықтары шешілген бір цикл аяқталып, оның өзі келесісі арқылы
терістеледі. Бірақ, бұл терістеу сырттан таңылған процесс емес,
керісінше, дамудың ішкі қатынастарына байланысты шыққан өзін-өзі
терістеу;
−
үшіншіден, дамудағы сабақтастықты (мирасқорлықты,
жалғастырушылықты, орын басушылықты) немесе басқаша айтқанда
ескі мен жаңаның байланысын білдіреді. Диалектикалық терістеу
тізбегі, ол тізбектің әрқайсысы өзінен бұрынғы буындарды тек жоққа
шығарып қана қоймайды, сонымен бірге олардың тиімді жақтарын
сақтап қалып, жоғары кезеңдерде дамудың бүкіл байлығын өз
бойында жинақтай отырып, одан да гөрі жоғары формалардың дамуы
үшін негіз болады.
Сонымен, даму процесінің негізгі өту формалары төмендегідей
деп айтуға болады:
−
- прогресшіл, үдемелі даму (төменгіден жоғары);
−
- регрессивті, қайтымсыз даму (жоғарыдан төмен, алғадан
кейін);
−
- синусоидалық, толқын тәрізді даму;
−
- шеңбер түрінде, айналым, циклді қайталану түрінде;
−
- спираль түрінде.
Терістеуді терістеу заңының тәжірибе, ғылым үшін танымдық,
әдіснамалық (методологиялық) маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: