«байланыс», «элемент», «тұтастық», «бірлік», «құрылым», «функция»
деген ұғымдарды да қарастыру керек.
«Элемент» - жүйенің әрі қарай бөлінбейтін құрамдас бөлігі,
күрделі тұтастың бөлігі (элементті бөлшектеп тастаса, ол онда өзінің
сипатын, функциясын жояды).
«Құрылым» (лат. structura – құрылым, орналасу, тәртіп) –
жүйенің элементтерінің ұйымдасу тәсілі, өзара байланысының тәртібі.
Құрылым жүйенің емес, сол сияқты оның әрбір элементінің де
қасиеттерін анықтайды. Мысалы, бірдей құрамы бар адамдар
ешқандай ұйымдаспаған болуы мүмкін (тобыр) немесе белгілі бір
міндеттерді орындауға жұмылдырылған болуы мүмкін (ұжым, топ,
класс құрамында).
«Функция» (лат. functio – істеу, орындау)
−
1) объектінің әлдебір жүйенің шеңберіндегі қызметі, рөлі;
−
2) объектілер арасындағы байланыстың түрі. Білімнің
әртүрлі салаларында түсініктің осы екеуі де қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: