II ГНОСЕОЛОГИЯ
(Таным философиясы)
Гносеология (гр. gnosis – білім, logos – ілім) – таным туралы
ілім, танымның жалпы теориясы. Сана әрқашанда ұғынылған болмыс,
адамның өзінің болмысына қатынасын білдіруі.
Білім –
адамның
санасында берілген объективті реалдылық (шындық). Адам өз
қызметінде реалды дүниенің объективті заңдылықтарын бейнелейді,
идеалды түрде ұдайы өндіреді.
Таным – ең алдымен қоғамдық-тарихи
тәжірибемен шартталған білім алу және дамыту үдерісі, оны үнемі
тереңдету, кеңейту және жетілдіру. Бұл обект пен субъекттің сондай
өзара әрекеті, оның нәтижесі дүние туралы жаңа білім болады.
Гносеология философияның маңызды тарауы ретінде танымның
табиғаты, оның мүмкіншіліктері және шектері, білім мен шындықтың,
таным субъектісі мен объектісінің, ақиқат пен адасудың қатынасын,
білімнің анықтылығының шарттары, танымның формалары және
деңгейлері, оның әлеуметтік-мәдени
факторлары және тағы басқа
проблемаларды зерттейді.
Таным рухани қызметтің формасы ретінде қоғамда оның пайда
болған кезінен бар, онымен бірге дамудың белгілі этаптарынан өтті.
Олардың әрқайсысында таным үдерісі адамзат тарихы барысында
қалыптасқан сан алуан және өзара байланысқан әлеуметтік-мәдени
формаларда жүзеге асып жатты.
61