Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


ақиқатымыз) бір уақытта, бір мезетте - әрі объективті, әрі



Pdf көрінісі
бет43/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87
ақиқатымыз) бір уақытта, бір мезетте - әрі объективті, әрі 
салыстырмалы, әрі абсолютті, әрі нақты.
Ақиқатты диалектикалық түсіну танымды абсолюттендіретін 
догматикалық, метафизикалық көзқарастан бас тартуды керек етеді. 
Барлық уақыттарға, өмірдің барлық жағдайларына жарамды болатын 
мәңгілік, ешқашан өзгермейтін идеялар, теориялар деп есептеуге 
болмайды. Сонымен қатар диалектика ақиқатта абсолюттікке қарсы 
74


болып, нәтижесінде жалпы объективтік ақиқатты жоққа шығаруға 
келетін, кез келген ақиқатты шартты, кез келген пікірлерді бірдей 
қолдануға болады деп хабарлайтын (жариялайтын) релятивизмге де 
қарсы. Бұдан скептицизм мен агностицизмге жол ашық.
Ақиқатты адасудан шектеуге, айыруға бола ма, егер болса, онда 
қалай деген сұрақ танушы ойды әрқашан ынталандырған. Бұл 
ақиқаттың критерийлері, өлшеуіштері туралы мәселе деген сөз.
Білімнің ақиқаттылығын анықтау үшін белгілі бір критерий
білімді тексеру және негіздеу амалын, тәсілін пайдалану керек. 
Философияның даму барысында ақиқаттың бір қатар критерийлері 
ұсынылды. Атақты Декарт ақиқаттың критерийі ретінде анықтылық 
пен айқындылықты ұсынды. Мысалы, 2+2=4 сондай анық және айқын
мұны ақиқаттылық ретінде ешкім жоққа шығара алмайды. Бірқатар 
философтар ақиқаттың критерийін жалпы маңыздылықта көреді.
Бұл көзқарастың тұрғысынан ақиқат дегеніміз барлық адамдар 
(немесе басым көпшілік) немен келіссе, не жалпы маңызды болса – 
сол ақиқат. Мах ақиқаттың критерийі ретінде «ойды үнемдеуді» 
ұсынды. Не қарапайым, не үнемді ойлауға болса – сол ақиқатты. 
Прагматизм келесі критерийді ұсынды: адамдарға не пайдалы, 
ұтымды – сол ақиқатты. Ақиқаттың өлшеуіші ретінде ойлардың ішкі 
үйлесімдігі, бірлігі, олардың құндылығы және т.б. ұсынылды.
Диалектикалық-материалистік
философия
ойлардың 
анықтылығын, олардың үйлесімділігін және т.с.с. жоққа шығармайды
бірақ олар ақиқаттың іргелі критерийлері болып таныла алынбайды. 
Объективтік критерий табу қажет. Ал ондай практика болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет