те атайды. Танымның бұл формасы адамның қорытындылар мен
идеализацияларға, пікірлер мен ойқорытындыларға, басқа логикалық
операцияларға, яғни абстрактілі ойлауға қабілетімен тығыз
байланысты. Ойлау – адам миының ең жоғарғы қыметі, оның
арқасында сыртқы және тікелей қабылданатын құбылыстарды сезім
арқылы тануға, ал ішкі, жалпы тікелей қабылданылмайтын
заңдылықтарды логикалық (рационалдық, ақыл-ой) жолмен танып-
білуге болады.
Танымның сезімдік және рационалдық формалары өзара тығыз
байланыста, себебі олардың біреуі танымның төменгі, ал екіншісі –
жоғарғы сатысы болады, яғни тек екі форма бірігіп қана қоршаған
дүние туралы дәл, толық білім береді.
Рационалдық танымның негізгі формалары –
ұғым, пікір,
ойқорытынды (ой тұжырымы).
Ұғым дегеніміз ойлаудың заттар мен құбылыстардың жалпы,
мәнді және қажетті қасиеттері мен белгілерін бейнелендіретін
формасы. Ойлаудың қандай түрі болмасын тек ұғымның көмегімен,
ұғым арқылы іске асады. Ұғым – мазмұны жағынан объективтік,
логикалық формасы жағынан субъективтік (мысалы, «ағаш», «адам»,
«үй» т.б. ұғымдар).
Ұғымдардың екі түрі бар:
күнделікті тұрмыстық және
ғылыми. Тұрмыстық ұғымдар нәрселердің көбінесе сыртқы ұқсас
белгілерін бейнелендірсе, ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы,
мәнді және заңды қасиеттерін бейнелендіреді.
Пікір дегеніміз бірдеңе жайында не қостайтын, не терістейтін
ойдың формасы. Басқаша айтқанда, пікір объективтік шындықтағы
құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не
жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Ештеңе білдірмейтін
бейтарап пікір болмайды.
Егер ұғымның тілдік формасы сөз және сөздер тіркесі болса,
пікірдің тілдік формасы – грамматикалық сөйлем. Пікір зат және оның
белгісін байланыстыратын екі ұғымнан немесе екі терминнен тұрады:
субъект (S) және предикат (Р). Оның логикалық құрылысы
(формуласы) мындай түрде болады:
S дегеніміз Р (не Р емес).
Мысалы, «қарағай» (S) – «ағаш» (Р) не «ағаш» емес (не Р емес).
Достарыңызбен бөлісу: