Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет41/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87
Объективтік идеализм мен дінде ақиқат адамнан тыс әлдебір 
идея ретінде түсініледі. Дін болса аян ақиқаты туралы айтады: бұл 
құдайлықтан шығатын өзінше ойлар, нұсқаулар, адамның жүріс-тұрыс 
нормативтері.
Субъективтік идеализм 
ақиқатты адам санасының 
қасиеттерімен және құрылымымен байланыстырады және ақиқатты 
«ойды үнемдеу» («экономия мышления»), білімнің 
қайшылықсыздығы, пайдалы нәтижелерге әкелетін ойлау процесі 
және т.б.сияқты баян етеді.
Материализмде ақиқат ұғымы объективтік дүниенің әлдебір 
заттарына, құбылыстарына қатынаспайды, осы нәрселер, құбылыстар 
туралы білімдерге байланысты айтылады. Ақиқаттың материалистік 
түсінігінің негізін Аристотель қалады: ақиқаттылықты заттардың 
қасиеті емес, елестетулер мен пікірлердің қасиеті деп есептеп, сол 
немесе басқа пікірлердің ақиқаттылығын олардың шындыққа 
сәйкестігі деп анықтады. Осы көзқарас ақиқаттың классикалық 
теориясы деген ат алды. Оны көптеген философтар қуаттады (Жаңа 
заман философиясында – Гольбах, Фейербах, Маркс және басқалар).
71
Адамнан тыс идея
(объективтік идеализм)
Адам санасының қасиеттері 
(субъективтік идеализм)
Аян ақиқаты 
(дін)
Білімдердің шындыққа сәйкестігі 
(диалектикалық материализм)
Ақиқаттың концепциялары


Сонымен, ақиқат дегеніміз біздің білімдеріміздің бізден 
тысқары тұрған объектіге сәйкес келуі, оның (об.) санамызда дәл 
көрініс тауып, бейнеленуі. Басқаша айтқанда, адамның дүние туралы 
ойының, білімдерінің дүниенің өзіне, объективтік шындыққа 
сәйкестігі.
Білім ретінде ақиқат субъективтік формада көрініс табады, оны 
адам тұжырымдайды, ал ақиқат ұғымы білімдерді субъективтік 
форма тұрғысынан емес, олардың объективтік мазмұны жағынан 
сипатталады. Ақиқаттың мазмұны адамдардың субъективтік 
еріктерімен емес, білімде бейнеленетін объективтік дүниенің 
қасиеттері және қатынастарымен анықталады.
Жалған пікірлердің шындыққа сәйкес келмеуінің себебі, оларды 
ойлап шығарған және тарататын адамның зорлық-зомбылығына 
байланысты. Адам объективтік дүниеге өзінің бекітулерін 
(қағидаларын) өткізе алмайды, керісінше, тек өзінің пікірлерін таңа 
алады.
Жалғандық туралы сөз болғанда әдейі (қасақана) өтірік пен 
адасуды айыру керек. Бірінші жағдайда адам өзінің пікірінің 
шындыққа сәйкес келмейтіндігін біледі, жете түсінеді, бірақ оны 
ақиқатты деп сендіреді, ал адасушы жалғанды ақиқаттылыққа 
қабылдайды. әдейі өтірік те, адасу да объектілерге сәйкес 
келмегендіктен өзара ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет