Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет49/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   87
Философиялық 
антропология
Адамның басты 
белгілері
Жанданушылық 
(одушевленность)
Әрекетшілдік 
(деятельность)
Әлеуметтілік 
(социальность)
86


болды. Көп уақыт бойы адамдағы ең басты – жанданушылық, сана, 
ақыл деп бекітіліп келді. Діни-идеалистік дүниетанымда адам жаны 
жоғары, құдайшылық бастамасының көрінісі ретінде түсінілді. 
Дене өледі, жан мәңгілік.
Қайта Өрлеу дәуірінде және әсіресе неміс классикалық 
философиясында адамның әрекетшілдігіне, белсенділігіне
бостандығына акцент жасалды. Неміс классикалық философиясы 
әрекетшілдікті адам болмысының маңызды сипаты ретінде 
қарастырды, бірақ бұл ретте әрекетшілдікті, негізінен, рухани, ойлау 
әрекетшілдігі деп түсінді. Адамда ақылды бастама субъективтік 
«Мен»-нің қызметімен, әрекетімен жасалынады.
Диалектикалық-материалистік философия 
материалдық 
және рухани әрекетті айыра отырып, материалдық, практикалық 
әрекеттің негізгі рөлін қолдайды. Рухани әрекетке қабілеттің өзі 
әлеуметтік жағдайларда, қоғамдық практиканың дамуымен тарихи 
қалыптасады және жетіледі. Адам - әлеуметтік тіршілік.
Философияның даму барысына қарай адамның басты белгілері 
бөлінді:
жанданушылық 
(рухтанушылық),
әрекетшілдік, 
әлеуметтілік. Адам биологиялық организм екендігін де ұмытпау 
керек. Адам табиғи – биологиялық та, әлеуметтік тіршілік ретінде де 
қалыптасады. Адам үш рет туылады: денелік (физически), 
әлеуметтік және рухани.
Адам тұлға ретінде
Философияда және басқа ғылымдарда «адам», «индивид», 
«даралық», «тұлға» деген ұғымдар бар. Олар бір-бірімен өзара 
байланысты (синонимдер), бірақ біркелкі, тең ұғымдар емес, арасында 
айырмашылықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет