Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Адам – бұл биологиялық түрді білдіреді. Жәндіктер, өсімдіктер,  құстар, хайуанаттар т.б. сияқты адам да табиғаттың жаратылысы. Индивид



Pdf көрінісі
бет50/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Адам – бұл биологиялық түрді білдіреді. Жәндіктер, өсімдіктер, 
құстар, хайуанаттар т.б. сияқты адам да табиғаттың жаратылысы.
Индивид – адам тегінің кез келген жеке түрде алынған өкілі, 
жеке кісі.
Кісілік, даралық (индивидуальность) – адамның, индивидтің 
өзіндік, жеке ерекшеліктері, қасиеттері.
Тұлға (личность) - әуел баста антикалық театрда актерлердің 
киетін бетперде, маскасын білдірді. Қазіргі кезде бұл терминнің 
мағынасы өзгерді. Адам өзінің дамуында екі деңгейден өтеді: 
филогенетикалық, яғни адамзаттың тарихи дамуы және 
онтогенетикалық жеке адам индивидтерінің дамуы. Адам адам 
87


болып туады, бірақ тұлға болып тумайды, ол тұлға ретінде 
қалыптасады.
Тұлға – бұл адамның әлеуметтік ортада дамытқан және 
қалыптастырған туа біткен қасиеттері, білімдер, қабілеттер, 
құндылықтар, мақсаттар жиынтығы. Тұлға – бұл өз бетімен қоғамда 
өмір сүруге, еңбек жасауға қабілетті әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі 
адам тегінің индивиді. Кез келген қалыпты ересек адам – тұлға. Өз 
бетімен шешімдер қабылдап және сол үшін қоғам алдындағы 
жауапкершілігін түсінетін іс-әрекеттің субъектісі тұлға болады. 
Индивид, кісі тұлға ретінде қалыптасуда әлеуметтену (социализация) 
процесінен өтеді. Ол процесс отбасы, оқу-тәрбие жүйесі, қоршаған 
орта, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекет, қоғам, оның әлеуметтік 
нормалары және институттары арқылы жүзеге асады.
Тұлғаның іс-әрекетінің 
механизмі
Әлеуметтік шындық
Өмір жағдайлары
Тұлға
Нақты хал-ахуал
Мотивация
Іс-әрекет
Шешім
88
Тұлғаның құрылымы
Биологиялық 
құралым
Психологиялық 
құралым
Әлеуметтік 
құралым
Анатомиялық-
физиологиялық 
бейімділіктері, 
жүйке жүйесінің 
типі, жыныстық-
жастық 
ерекшеліктері 
және т.с.с.
Сезімдер, елес, 
ес, ойлау, жігер, 
мінез-құлық және 
т.б.
Көзқарас, 
құндылықтар 
ұстанымдары, 
моральдік 
қасиеттер, 
білімдер мен 
іскерлік т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет