2.
Р.Ингартен (Польша) құндылықтарды витальды (өмірлік) және
мәдени деп бөледі. Алғашқылары – бұл утилитарлық құндылықтар,
пайдалылық құндылықтар. Екіншілері –
бұл таным құндылықтары,
эстетикалық құндылықтар, әлеуметтік қасиеттер мен адамгершілік
құндылықтары.
3.
Э.Фромм жемісті емес және жемісті бағдарларды бөліп
көрсетеді (бұл
жерде жекелеген, нақты индивидтер емес, «идеалды
типтер» туралы айтылады.) Жемісті емес бағдарлар рецетивті,
қанаушылық, ашкөздік және нарықтық бағдарларға бөлінген – олар
адамдардың психологиясына, менталитетіне қарай бөлінген. Жемісті
құндылықтық бағдар – бұл адам бойындағы мүмкіншіліктерді іске
асыру мен күштерді пайдалану қабілеті.
Ресей Ғылым Академиясының әлеуметтік зерттеулерінің
мәліметі бойынша 14 құндылық тұрақтылығы байқалады: адам өмірі,
еркіндік,
адамгершілік, қарым-қатынас, отбасы, жеке бақыт, ұрпақ
көбейту, жұмыс, заңдылық т.б.
ҚР ҰҒА саясаттану және әлеуметтану институтының мәліметі
бойынша (1996ж.) республика тұрғындары үшін
ең басты
құндылықтарды былайша 3 топқа бөлуге болады.:
1. Өмірдің тұрақты және қалыпты деңгейі, республикадағы
бейбітшілік пен тыныштық,
отбасындағы береке, денсаулық, жеке
және отбасы қауіпсіздігі, жақсы төленетін жұмыс, ұлтаралық келісім.
2. Азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономикалық
қауіпсіздік, жеке тәуелсіздік.
3. Қос азаматтылық.
Қазақстанның тәуелсіздігі, кәсіпкерлік
үшін жағдай жасалуы, қызметтік карьера.
Достарыңызбен бөлісу: