Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет69/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

4. Жаңа заман ғылымын 
жіктеу (классификация)
Классикалық
ғылым
(XVII-XIX)
Классикалық емес 
ғылым (ХХ ғ.- 1 
жарт.)
Постклассикалық емес 
ғылым (ХХғ.- 2 
жартысы- ХХІ ғ. басы)
122


Р. Мертон сонымен бірге ғылым «этосы» деген ұғымды да 
ұсынды. Ол этос (лат. ethica, гр. еthos - әдет, мінез) деп ғылыми 
қауымдастықтың мүшелерінің ұстанатын нормаларын ұғынды және 
төрт белгісін, сипатын көрсетті:
- әмбебаптығы (универсалдығы);
- ұжымдылығы;
- риясыздығы;
- ұйымдасқан скептицизм (сыни қатынас).
Бүгінгі таңда ғылымның қоғамдағы рөліне, орнына екі түрлі 
қарама – қарсы көзқарас бар:
-
сциентизм ғылымды барлық адам қызметі формалары мен 
түрлерінің эталоны, үлгісі, «таза, құнды бейтарап» феномен ретінде 
қарастырады (яғни ғылымды жағымды қолдайды);
- антисциентизм – керісінше, ғылымның маңызын елемейді
ескермейді.
ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ
Техника (гр. techne - өнер, шеберлік, ептілік, машық) қоғам мен 
табиғатты байланыстырып жатқан феномен. Ол көп мағыналы ұғым, 
бірақ негізінен мынандай екі мағынада қолданылады: 1) тар 
мағынада техника деп адам қызметінің әр түрлі салаларында 
(өндірістік және өндірістік емес) пайдаланылатын жасанды 
(техникалық) құралдардың жалпы атын, жиынтығын айтады; 2) кең 
мағынада – қызметте қолданылатын іс - әрекеттің амалдар, тәсілдер 
жиынтығын білдіреді, яғни өнер, шеберлік түрін айтады (жазу 
5. Ғылымды зерттеудің 
институциялық әдісі (Р.Мертон, 
АҚШ )
Білім алуға бағытталған кәсіби қызмет;
Осы қызмет барысында туындайтын қатынастар;
Ғылыми қызметті ұйымдастырудың алуан түрлі 
формалары мен әдістері;
Ғылымды басқарудың формасы мен әдістері;
Ғылыми қызметтің нормалары мен құндылықтары;
123


техникасы, сурет салу техникасы, бейнелеу техникасы, би - өлең 
техникасы және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет