Философия және мәдениеттану: Оқу құралы



бет10/28
Дата17.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#117202
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Философия және мәдениеттану Оқу құралы-emirsaba.org

Философиялық ыңғай. Барлық уақыт кезеңдерінде философтар және ғалымдар мәдениеттің мән-мағынасын немесе мақсат-мүддесін анықтауға тырысқан болатын. Біреулер үшін мәдениет – қараңғы дүниедегі жарық тәрізді, ал басқалары үшін мәдениеттің мән-мағынасы – адам баласы табиғатының шексіз, үздіксіз өз-өзін жетілуінде және адамдарды материалды, интеллектуалды, рухани құралдармен үздіксіз қамтамасыз етуінде. Әлемдік философия тарихында мәдениет концепциялары Иммануил Кант, И. Гердер, Гегель философияларында, өмір философиясында (Артур Шопенгауэр, Фридрих Ницше, Вильгельм Дильтей, Герберт Зиммель және т.б.), тарих философиясында (Освальд Шпенглер, Арнольд Тойнби, Николай Данилевский және т.б.), неокантшылдар философиясында (Р. Риккерт, В. Виндельбанд, Э. Кассирер және т.б.), феноменология философиясында (Эдмунд Гуссерль және т.б.), психо-аналитикалық философияда (Зигмунд Фрейд, Карл Густав Юнг) және қазіргі батыс философиясында да (М. Хайдеггер, структуралистер мен постструктуралистер өкілдері – М. Фуко, Ж. Лакан, Ж.-Ф. Лиотар, Р. Барт және т.б.) барынша толық қарастырылып, зерттелінген болатын. Мысалы, мәдениет дегеніміз:
  • барлық адамзат қабылдаған ойлау тәсілі (К. Юнг);


  • адам баласының қарқынды түрде өз-өзін бостандыққа шығару процесі (Э. Кассирер);


  • адам баласын жануардан ерекшелендіретін нәрсе (В. Ф. Оствальд);


  • адам баласы жасаған қоршаған ортаның бір бөлігі (М. Херскович);


  • белгілер жүйесі (Ч. Моррис, Ю. М. Лотман);


  • материалды және рухани құндылықтар жиынтығы (Т. Эллиот) және т.б. [6, 45-47 бб.].


Сөйтіп, мәдениеттің философиялық тұрғыда түсінудің мәні – әр түрлі амал-тәсілдерді пайдалана отырып, оның мәнін жалпы байланыстар мен заңдылықтар тұрғысынан тұтастай ашып-қарастыру.


Антропологиялық ыңғай. Антропология ғылымында мәдениетті былай деп түсіндіреді: «мәдениет – бұл белгілі бір қауымдастықтың (немесе қоғамның) мүшелері мұра етіп алған білім мен сенім жүйелері және олар осы мұраны күнделікті өмірде пайдалануы». Сондықтанда, «қандай да бір қоғамның немесе қауымдастықтың мәдениетін түсіну үшін оның күнделікті өмірдегі мінез-құлықтарын зерттеу қажет». Антропологиялық ыңғайдың негізгі ерекшелігі – белгілі бір мәдениет контекстінде адам баласын тұтас танымда зерттеу бағыттылығында. Антропологиялық ғылымдағы кең тараған зерттеу бағдарлар немесе таным векторлары:
  • «айнадағы бейне» – белгілі бір дәнекерсіз мәдениет әлемін бақылау арқылы бейнелеу;


  • антропологиялық редукционизм (лат. reductio – бірінші, алғашқы күйге қайта оралу) мәдениеттің көптүрлілігінің барлығын алғы себепке (биологиялық немесе тарихи формаларға), қажеттіліктерге және универсалийлерге әкелуге тырысып бағушылық болып табылады;


  • рәмізділік – бұл белгілік формада мәдениеттің өзге-болмыстығын (инобытие) көрсету;


  • рефлексивтілік немесе зерттеу «тақтасында» белгілі бір мәдениеттің тасымалдаушыларының саналы немесе бейсаналы күйлерін көрсетуге және сақтап қалуға деген қабілеттілік [7, 53 б.].


Мәдениеттің антропологиялық зерттеудің бірінші векторы бойынша, «айнадағы бейнеде» визуалды және өзге құралдар арқылы мәдениеттің барлық жақтарын бағдарлау. Американдық мәдениеттанушы Клахкон К. бойынша: «Антропология адам баласының алдына үлкен айнаны қойып, адам баласына өз-өзіне жақсылап қарап, өз-өзін зерттеуге мүмкіндік береді» [8, 32 б.]. Сондықтанда антропологияның сүйікті тәсілі – бұл бақылау. «Бақылау – бұл танымдық әрекет, ол сыртқы әлемнің құбылыстары мен заттарын қабылдауға бағытталған мақсатты іс-әрекет» [9, 213 б.]. Бақылау тәсілі эксперименталды тәсілмен, салыстыру тәсілімен, модельдеу тәсілімен қатарлас танымның бір тәсілі болып табылады.


Бақылау процесі барысындағы мәдениет құбылыстары объективті және интерсубъективті («интер» – аралық) байланыстарға ие. Сөйтіп, антропо-логиялық редукционизмнің әртүрлі нұсқалары (биологизм, алғы-тарих, универсализм, функционализм немесе мәдениеттің функционалды сарап-тамасы, символизм) пайда болды. Мәдениеттің антропологиялық танымның басты шарты – мәдениеттің және оның алғы (дәстүрлі немесе қарапайым) түрлерінің биологиялық алғы шарттарын іздеу. Мәдениеттің әрбір құбылысының биологиялық аналогы (ұқсасы) бар, яғни өзіндік «протомәдениеті» бар. Адам баласы эволюция процесі барысында мәдени дамудың барлық кезеңдерін өтті деген тұжырым бар. Сондықтанда, мәдениетті танып-білу үшін оның алғашқы формаларын зерттеу қажет. (Кей жағдайларда, антропологтар тек алғашқы қауымдық қоғам мен мәдениетті ғана зерттейді деген пікірлер орын алады). Осылайша, редукционизмнің биологиялық және тарихи нұсқалары ажыратылады.
Мәдениеттің антропологиялық зерттеудің үшінші векторы бойынша, «мәдениетті еш дәнекерсіз танып-білу, яғни, мәдениет болмысының сыртқы, сезім жолымен қабылданатын және бақыланатын фактілеріне сүйене отырып, мәдениетті танып-білу немесе мәдениет пен адам баласының қажеттіліктері арасындағы функционалды тәуелділікті ғана ашып көрсету дұрыс емес». Мәдениеттің өзге-болмыстығы рәміздік (символдық) құралдар жүйесінде көрсетілген, ал рәміздік құралдар болса түпкі мағынасын шешуді және түсіндіруді қажет етеді.
Мәдениеттің антропологиялық зерттеудің төртінші белгісі – бұл мәдени шынайлықтың рефлексивті екі еселенуі, мәдениет субъектілерінің саналы және бейсаналы күйлерін ашып көрсету талпынысы. Структуралист Карл Леви-Стростың айтуы бойынша, «антрополог мәдениетті және қоғамды зерттеу барысында бақылаушы позициясын ұстануы қажет» [10, 21 б.]. Яғни, осы позицияны білу дегеніміз бақыланып отырған объекттің ішкі әлеміне ене алуы, сонымен қатар, олардың тек санасын ғана түсініп қана қоймай, олардың рәміздік немесе вербалды мінез әрекеттерінің психологиялық қайнарларына да жете білуі қажет.
Шет елдік және Ресей ғалымдарының зерттеу тәжірибелері көрсетіп отырғандай, мәдениеттің антропологиялық түсінудің негізінде мына басты сипаттамалар жатыр – мәдениет дегеніміз адам баласының (мәдениеттің құрал қызметін атқарушы) негізгі (органикалық) және одан туындаушы (жасанды) қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәсілдер жүйесі. Бұл ыңғайды қалыптастырған Бронислав Каспер Малиновский (1884-1942) болатын. «Во-первых, ясно, что удовлетворение органических или базовых потребностей человека и расы является минимальным условием существования каждой культуры… Все эти важнейшие проблемы человеческих существ решаются для индивида через посредством артефактов, через организацию в кооперативные группы, а также через развитие знания, понимание ценности и этики» [11, 120 б.]. Органикалық қажеттіліктер негізінде императивті қажеттіліктер – экономикалық (материалды өнімдер), рухани (идеялар мен құндылықтар) және әлеуметтік (әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер), – қалыптасады немесе жасанды жолмен жасалынады. Мәдениет дамуы жаңа қажеттіліктердің үнемі өсіп отыруынсыз мүмкін емес. Бұл өмір заңдылығы.
Мәдениет – адамдардың әлеуметтік мінез әрекеттерінің түрі немесе ерекше формасы. Мәдениеттің пәндік мазмұнын сараптай отырып, Б. Малиновский мынадай қорытындыға келді: «Культура как наиболее широкий контекст человеческого поведения имеет важное значение как для психолога, так и для обществоведа, историка и лингвиста» [11, 117 б.].
Мәдениет – бұл артефакттер әлемі. Артефакт дегеніміз жасандылық жолмен жасалған объект немесе зат екені белгілі. Артефактті оның мәдени формасынан және материалды негізден (субстраттан) айыруға болмайды. Ол белгілі бір мәдениет контекстінде (аяқталған дүние) ғана жасалынады және тіршілік етеді. Бұл жөнінде Б. Малиновский былай дейді: «Задача исследователя предыстории и археолога состоит в том, чтобы реконструировать полноту жизненной реальности прошлой культуры, исходя из частичных свидетельств, которые дают материальные следы» [11, 116 б.].
Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Клиффорд Гирцтің рәміздік түсіндірмелі (интерпративті) ыңғайы, бір топ Ресей ғалымдары (Емельянов Ю.Н., Скворцов Н.Г., Тавровский А.В.) бойынша, мәдениеттің мағыналық мазмұнын түсінуге мүмкіндік беретін толықтай қалыптасып, жүйеленген нұсқа болып табылады. Бұл нұсқа бойынша, «адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір сүреді, ал бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа адамдарға және жалпы қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады» [12, 107 б.]. Сондықтанда, мәдениетті өзіндік ерекшелігі бар мән-мағыналар жүйесі ретінде түсініп-білу үшін адамдардың іс-әрекеттерінің және өзара әрекеттерінің мән-мағыналарының түпкі сырын ашып алу қажет. Бұл көзқарас тұрғысынан қарағанда мәдениет адамдардың мінез әрекеттерінің себебі болып табылатын сыртқы күш емес, осы мінез әрекеттің контексті болып табылады және осы контекстте ғана іс-әрекеттің мән-мағынасын түсінуге болады. Сонымен, «мәдени шынайлық мағыналық кеңістіктің феноменологиялық (заттандырылған) сферасы болып табылады, ал бұл сфера болса қарама-қайшылықтардың: «имманентті – трансцендентті», «сакральды – профанды» және т.с.с. ендірілуі және түсіндірілуі арқылы анықталынады» [13, 10 б.].
Мәдениет – бұл белгілер әлемі және белгілер жүйесі (мәдениеттің семиотикалық қызметі). Бұл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан жақын, бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен мәндер мағынаға қарағанда оның рәміздік дәнекерлері болып табылады. Белгі деп басқа заттар туралы мәліметтерді сақтауға, қайта өндіруге және тасымалдауға арналған затты-дүниені айтуға болады. Белгілер жүйесі белгілі бір мәдениет қалыптарының материалды тасымалдаушы ретіндегі артефакттер мен шынайлықты ой жүйесі арқылы қайта өндіретін және құрайтын сана жүйесі (ментал) ортасында орналасады. Лесли Уайт адам баласының рәмізденуге деген қабілетіне тәуелді заттар мен құбылыстарды «символаттар» [14, 18-20 бб.]. деп атайды Сонымен, белгілер адам баласының мағыналық іс-әрекетінің элементтері ретінде адамдардың рәміздеу (символизация) қабілеті көмегімен мәдениеттің құрылымдық мазмұнына кіреді. Олардың материалды дәнекер болып табылатын артефакттардан еркшелігі іс-әрекеттің рәміздік дәнекер болуында.
Мәдениет – ақпараттық процеске қосылған өзіндік ерекшелігі бар механизм, ол, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар ақпараттарды қалыптастыратын және тасымалдайтын механизм болып табылады [15, 120 б.]. Басқа сөзбен айтқанда, мәдениеттің өнімі – бұл белгілік құралдар арқасында қоғамда жасалынатын және сақталынатын әлеуметтік ақпарат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет