Философия және мәдениеттану: Оқу құралы


Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар



бет7/28
Дата17.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#117202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
- Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін – прогрессивті және регрессивті. Ол, әрине, ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне, тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына (позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты.
- Мәдениет дегеніміз өткен уақыт пен қазіргі уақытты және қазіргі уақыт пен болашақ уақытты байланыстыратын уақыт жалғастығы (сабақтастығы). Мәдениет дегеніміз тарих уақыты, тарих оқиғалары, тарих үлгі-өнегесі. Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдістері уақыт талаптарына сай функционалды өзгеруде.
- Дәстүр мен жаңашылдық, әлемдік супермәдениеттердің арасындағы айқын үйлесімді теңдік өте күрделі процеске жатады және оның орындалуы көп шарттарды қажет етеді. Өткенге оралу, өшкенді жандыру, діни қайта өрлеу, шашыраған құндылықтарды түгендеу, жаппай батыстандыруды есептемегеннің өзінде, белсенді модернизация аймағында жүреді. Мұндай құрылым ерікті де, еріксіз де мәдениеттің шығармашылық күйіне сүйенеді. Өйткені, мәдениет барынша қалыптасқан жүйе, дегенмен оның шарықтауына бөгде күштер ықпал етері анық. Мәдениет - ескі мен жаңаның, өзімдікі мен өзгенікінің өзара қатынастары, оларды игеру мен жатсыну, мұралану және ажырау процестері. Демек, мәдениеттің әрбір күйі бір мезет сияқты, бірақ бұл сәт ешқашан шектелмейді, әрі аяқталмайды.
- Дала – өндірістің негізгі көзі, мал шаруашылығының өркендейтін тетігі. Құдіреті күшті қазақтың сайын даласында ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүріп-ақ ұлттық болмысын жоғалтпай, кейінгі ұрпақтарына баға жетпес асыл мұраларын қалдыра білген. Демек, көшпенді өмір салты адамзат баласының мәдениет бастауының бірі, ал, көшпенділік мәдениеттің өзін-өзі көрнекілеп тасымалдауының ең табиғи жолы, әдісі.
- Қазақ мәдениеті батыстық емес құндылықтарға: тұлғааралық қатынастардың түпнегізділігіне, әрекеттенуші құндылықтардың тұрақты-лығына, рухани реттеудің салмақтылығына негізделген. Қазақ мәдениетіне тән адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік, адам болмысының дара-лығына тән субьект–обьект қарым-қатынастарының дамымағандығын, яғни адам мен табиғаттың өзара бірлігін, толықтығын, белгілі бір даралығын көрсетеді.
- Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы мәдени үрдістердің кейбір бағыттары өзінің табиғи болмысынан ауытқып, мимесистік (ұқсау, еліктеу) сипаттағы батыс мәдениетінің таратушысына айналып отыр. Бұл жас ұрпақтың ұлттық талғамын әлсіретеді, ұлтты дәстүрлі төл мәдениеттен бірте-бірте ығыстыра алады. Осындай еліктеушілік ұлттық мәдениетке, әсіресе жастардың сана-болмысына, қатты әсер етеді, ұлттық тәрбиеліліктің этика-эстетикалық маңызы кемиді; кейбір қоғамдық ұйымдар бұқаралық мәдениет элементтерін пайдалану арқылы оны қаржылық көздеріне айналдырады Мұндай келеңсіздікке жол берілуінің себептері: ұлттық талғам, қоғамдық мүдде ұстындарында мәдениет пен өнердегі құндылықтар жүйесін қалыптастыру мен саралаудың дамымағандығы; шетелдік мәдени ағымдардың енуі мен таралуына мәдени ұжымдар мен басқару ұйымдарының бақылау орнатпауы; қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың мәдени даму процесінен алшақтығы; эстетикалық нормалардың, сапаның салғырттығы, яғни, талғамның татымсыздығы, стильдің дүбәралануы; түптеп келгенде нағыз өнердің құлдырауы.
- Қазақстанда жоғары өркениеттілік деңгейі қалыптасуы үшін тек тоталитарлық санадан арылу жеткіліксіз болды; еуропаорталықтық ұстын мен бодандық ділден көтерілу ұлттық негіздегі өркениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті.
- Қазіргі өркениеттанулық зерттеулерді ынталандыратын факторларға ХХ-ХІХ ғасырлардағы дағдарыстық құбылыстар да жатады. Олардың арасында рационалдық және классикалық әдістемелердің күйзелісі, бұқаралық мәдениеттің теріс әсерлері, контрмәдениет пен эрзац-мәдениет, құндылықтарды қайта қараудан туатын белгісіздік, маргиналданудың өрістеуі, аномия, мәдениеттің коммерциялануынан туатын теріс әсерлер т.т. анық байқалады.
- Тәуелсіз Қазақстандағы мәдени үрдістер жүйелік трансформация жағдайында өтті. Бұл сипатта үлгі-модельдерді таңдаудан гөрі мимесистің (елігу), коммерцияланудың нәтижесіндегі жоғары мәдениеттің құнсыздануын, анайы нарық пен капитализмнің мәдениетке тигізген теріс әсерлерін, архаистік құлшыныстарды, әртүрлі симулакрумдарды, жаңа мифтерді т.т. атап өтуге болады.
- Бүгінгі Қазақстан өркениетінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ұлттық мәдениет байлығын әлемдік өркениет тізбегіне енгізу. Қазақстандық өркениет – көп ұлтты тәуелсіз Қазақстан үшін ұлттық идеяның көрінісі.
- Қазақстанда өркениеттану пәнінің өзекті мәселелеріне және олардың пән құрастырушы потенциалына жататындары: қазақ мәдениеті мен өркениеттілігін бірегейлендіру, мәдени институттарды бейкоммерциялық және жоғары мәдениет талаптарына сай қайта ұйымдастыру, ұлттық мәдени мұраны жаңғырту концепциясын ғылыми негізде талдау; әлемдік өркениет құндылықтарын ұлттық, мәдениет бітімдерімен үйлесімді қосу, этномәдени жалпыма контекстіден субмәдениеттік зерттеулерге көңіл бөлу, мәдени басқарудың шығармашылық және мақсаттылық формаларын қолдау, көңіл көтеру индустриясының озық үлгілері мен ұлттық дәстүрдің арасындағы үйлесімді өлшемдерді қалыптастыру т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет