Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақ өркениетіне, сатыланған тарихи дәуірлер арасын жалғастырушы сабақтастық рөліне және мәдени-философиялық проблемалар мен тәуелсіз Қазақстан өркениетінің бүгіні мен болашағына мәдениет философиясы тұрғысынан тарихи-логикалық талдау жасау, сонымен бірге «Қазақ өркениеті» қалыптаспаған деген пікірді жоққа шығара отырып, қазақ елінің әлемдік өркениеттегі орнын айқындау. Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсатына жету және қойылған нақты міндеттерді шешу философиялық классиктердің, батыстық және отандық басқа зерттеушілердің еңбектеріндегі тарихи-мәдени концепцияларды, гипотезаларды, теорияларды саралауға негізделді.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында диссертациялық жұмыстың алдына төмендегідей міндеттер қойылды:
негізде жүйелеп, мәдениет философиясы тұрғысынан түсіндірме беру;
өркениет және өркениет тарихына методологиялық тұрғыдан салыстырмалы талдау жасау;
құндылық категориясын өркениеттік өлшем ретінде сараптау;
«Қазақ өркениеті» ұғымына типтік талдау беру;
батыстық және шығыстық өркениеттер бағдарларының өзара әрекеттесу тенденцияларын зерделей отырып, қазақ өркениетінің табиғатын ашу;
қазақстандық өркениеттегі кеңістік пен уақыт мәселесінің өзектілігі мен мәнін ашу
қазіргі жаһандану үдерістеріндегі Қазақ елінін мәдени мүмкіндіктерін сараптау;
аталан мәселеге байланысты Қазақстандағы мәдениеттанулық ғылыми мектептер мен бағыттарға пәндік-әдістемелік талдау беру;
еліміздегі болашақ өркениет ерекшеліктерін айқындайтын бағдарларға талдау беру;
- аталған міндеттерді шешуге байланысты жазылған іргелі еңбектер мен ғылыми мақалаларға сүйене отырып, өз ұстанымдарымызды білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |