Философия және мәдениеттану: Оқу құралы



бет15/22
Дата22.09.2022
өлшемі1,7 Mb.
#39867
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
annotation23046

Шығыстық тип Батыстық тип Қазақы тип
Микрокосм Макрокосм Жарық дүние
Виртуалдық Рационалдық Адамгершілік
Интросубъект Субъект-объект Субъект-объект
Біртұтас дүние Өзгермелік дүние Адамдандырылатын дүние
Психология Технология Экология
Мистика Ғылым Этика
Тұйық қоғам Ашық қоғам Сұхбаттастық қоғам
Өзін тану Табиғатты тану Адам болу
Дін Философия Дәстүр
Тағдыр Белсенділік Қарым-қатынас
Идеализм Материализм Синкретизм
Поэзия Проза Эпос
Егіншілік Урбанистік Қауымдық» [45, 176 б.].
Әрине, бұл типтік белгілерді сол күйінде эмпирикадан іздеу қателік болар. Идеалды тип белгілі бір нәрселік саланың идеалдық көрінісін жалпылау жолында емес, ал сол саладағы мәнді ой тұрғысынан мұрат дәрежесіне көтеру арқылы қалыптастырылады [144, 10 б.]. Тағы бір ескеретін нәрсе: бұл кестені еуразиялық мәдени типтің болашақ потенциалын көрсету мақсатында келтірдік, ал мүмкіндіктің шындыққа айналуы диалектикалық процесс.
Еуразиялық мәдени типтің сипаттамасын осы мәселе туралы жоғары теориялық деңгейде жазылған Н. Құрманбаеваның «Шығыс пен Батыстың мәдениеті: интеграция мәселелері» атты кітабының қорытындысымен жалғастырайық. «Біріншіден, еуразиялық қозғалыстың тарихи кезеңі болу ықтимал... Екіншіден, ол екіжақты экспанцияны тоқтатып тұрған су айрығы, кедергі болуы да мүмкін... Үшіншіден, еуразиялық тип Батыс пен Шығыстық мәдениеттердің кездесу бітімі және осы сипатта адамзаттың жалпыпланеталық болашақта тұтастандырылатын мәдениетінің прототипі, үлгісі бола алады» [145, 201 б.].
Тұжырымдап айтар болсақ, қазақтар арасында шешуші демографиялық фактор – тілдік ортаның тікелей ықпалымен өз ана тілін жоғалту енді ғана тоқталып, өз ана тіліне оралу үрдісі жаңа ғана күш ала бастады. Демографиялық ахуалымыздың жақсаруы оған тегеурінді ықпал көрсеткенімен, бұл үрдісті тағы да жылдамдату үшін өмірдің өз саласында (мысалы, бала тууды өсіруден бастап, оларды үйде тәрбиелеуден, мектепте оқытудан, еңбекке баулудан еліміздің мемлекеттік тілін әр салада ресми түрде қолдануға дейін) оған пәрменді жәрдем көрсету қажет.
Өз тарихын, рухани мұраларын, құндылықтарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін келесі ұрпаққа таныту – ұлттың өзін-өзі сақтау инстинкті. Әсіресе, тарихи сананы қалыптастырудың орны ерекше. Өйткені, өткенімізді білмей келешекке қадам басуға болмайды. Ұлттық мүдені ұғынуда зиялы қауымның атқарар рөлі аса зор. Нақ солар бұқара, көпшілік санасына ұлттық мүддені жеткізуі, көрсетуі тиіс. Ұлттың өз мүддесін қорғай алуы – оның күштілігінің, өміршендігінің көрсеткіші. Оның адамзат тарихынан іс-түссіз жоғалып кетпеуінің кепілі. Мәселен, бұл жағынан бізге жапондардан, еврейлерден көп үлгі алуымызға болады. Қазіргі өзекті мәселенің бірі – ұлттық өзіндік болмысымызды, төлтума мәдениетімізді қалай сақтап қалу жайлы. Бізге азаматтық қоғам ба, әлде ұлттық қоғам құру керек пе? Қай жағы басым, приоритетті болуы керек. Қазақтар еуропалық және азиялық мәдениеттің күшті ықпалына ұшырап отыр. Осындай мәдени ағынның, тасқынның астында ұлттық белгімізді қалай сақтаймыз? Мәдени антропологтар әр индивидті нақ өзінің этникалық тобығындағы басқа да индивидтерімен біріктіретін ортақ белгілерді, ерекшеліктерді айырықша атап көрсету үшін «негізгі тұлға» ұғымын кіргізеді. Өзімізді қазақпыз деп санау үшін бізде қандай белгі, ерекшелік болу керек? Этникалық қасиеттің иесін «этнофор» терминімен білдіреді. Бізде олар кімдер? Тоталитарлық жүйеден жойылуға аз-ақ қалып, әрең аман шыққан ұлттық мәдениетімізді қалпына келтіріп алмай, ғарыштық деңгейге ұмытыламыз деу тым асығыстық пікір емес пе екен? Өзіміздің қазақ екенімізді көрсетіп тұратын ұлттық мәдениеттің негізі құламау керек. Бәрібір объективті түрде мәдени ағынға тосқауыл қою мүмкін емес. Оның үстіне ашық қоғам құрамыз деп отырсақ. Мынандай бір ой туады: ұлттық негізді сақтау үшін қандай да болсын бір «этнофильтр» қажет емес пе екен? Ұлт тамыры ауылда әрі шет елдік диаспораларда (қазақтар көп сақталған елдердің бірі – көрші Қытайдағы бауырларымыз) ұлттық белгімізді, дәстүрімізді жаңғыртуда өзіндік бір үлестерін қосатыны анық. Империялық бұғаудан босап жаңа шыққан, ассимиляцияға ұшырауға аз қалған қазақтар үшін өз ұлтының болашағына қауіптенуі заңды құбылыс. Әр ұлт тарих субъектісі ретінде өзіне тән этномәдениет тудырады.
Қазақстандағы батыстық мәдениеттің ықпалының артуы болашақ даму стратегиясын таңдау мәселесін жаңа қырымен қояды. Зерттеушілер осы мәселе бойынша қазір тек Ресей мен Қытайдың арасында тұрған Қазақстан емес, ал біздің еліміз үшін мұсылмандық және батыс христиандық өркениеттік үлгілердің арасалмағын айқындаудың маңызды екендігі жөнінде өз пікірлерін білдіреді.
Қазақстан исламдық елдер қатарына жатады ма және вестернизацияға қарсы ислам туын көтеруге болады ма? Әрине, ел халқының 70 пайызы мұсылмандар құрастырғандықтан және төлтумалық мәдени ерекшеліктерден Қазақстанды ислам өркениеті аралығына жатқызуға негіз бар. Алайда, бұл жерде бірнеше нақтылы жағдайларды ескеру керек. Исламдық түсінік бойынша, мұсылман ұлты дегеніміз «умма» болып табылады және діни ортақ сезімді ұлттық төлтумалықтан жоғары қоюға болады. Осымен бүкіл қазақстандықтар келісе қояма екен? Оның үстіне Қазақстан республикасы діни емес, зайырлы мемлекет болып табылады.
Қазір қоғамның екі типі – дәстүрлі және посмодернизм бар деп біршама зерттеушілер жар салады. Бірақ, рухани сабақтастық пен заман талабын үйлесімде қоса білген ұлыстар бар екендігін ұмытпаған жөн, олар өз әлеуметтік-рухани құрылымдарын шайдалған, айдын емес постмодернизм ұстындарында емес, ал тарихи тәжірибеге сүйене отырып дамытады. Бұл тәжірибе мәдениеттер сұқбатының қашанда озық құндылық болғанын дәлелдейді.
Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы ашық, төзімді, үйлесімді болғаны белгілі. «Қазақ мәдениеті, - деп жазады Г.К. Шалабаева өзінде түрлі этностардың, әлеуметтік және діни топтардың бірге өмір сүре алатындығын паш етеді, ол мәдени синтезге бейімді. Ол тарихи тәжірибені (соның ішінде бөтен халықтардікі де бар) жалпылауға, табиғи-әлеуметтік өзгерген жайларға бейімделу тесіктерін шыңдауға бағытталған мәдени кодтарды қалыптарстыра білді» [146, 53-63 бб.].
Кейде мәдени төзімділік пен ашықтық ұлттық түп-тамырларға қауіп төндіреді деп айтатындар да кездеседі. Бір жағынан, бұл дұрыс. Бірақ адамзаттық үлгіде қалыптасқан, жоғары құндылықтар жүйесі бар мәдениет басқа этномәдениеттермен сұхбатқа түскенде төмендемей, қайта жаңғыра отырып, үйлесімді бола бастайды. Осы мәселе жөнінде зерттеуші С. Аязбекова мынадай ойларын алға тартады: «Егер кез келген мәдениетті өзіне өзіжеткілікті жүйе деп алсақ, онда оның ішіндегі қос-мәдениеттілік тепе-теңдік жағдайында болуға тиіс. Алайда қазақ мәдениетіндегі еуропалық бөлік париттеті емес, сырттан ішкі төлтума мәдениет арқылы қабылданды» [147, 76 б.].
Автор қазақ мәдениетінде вестернизацияға қарсы тұра алатын ішкі күштердің барлығына назар аударады.
Бұл мәселе жаһандану үрдістерінде ерекше мәнге ие болады. Белгілі болғандай, жаһандану нәтижесінде ұлттық мәдениеттер өркениеттілік факторларымен біріктіріліп, мета-мәдениет деп аталатынды құрастырады, С. Хантингтон бұл мета мәдениеттерді супер өркениеттер деп атаған. Мета мәдениет тек саяси бірлестіктерді ғана емес (НАТО, ЫШБ, АСЕАН), ортақ діни аймақтарды ғана емес, сонымен бірге бүкіләлемдік (Метаәлемдік)мәдениет ретінде қалыптасып келеді.
Мәдениет ұғымы жаһандануды батыстандыру, америкаландыру деп түсінудің сыңаржақтылығын көрсетеді. Жаһандану қарсы қозғалыстар тек дамушы елдерде ғана емес, тіпті АҚШ-тың өзінде өрістеп келеді. Мысалы, американдықтар иммигранттар санының тез өсуінен ағылшын тілінің күй-жайы төмендеп бара жатыр деп есептейді. Біздің жағдайға келсек, бұл мәселе тек орыс тілді қазақтармен ғана байланысты емес. Болашақта Қазақстанға келуі мүмкін өзбек, қырғыз, пуштуге, тәжік т.т иммигранттары санының артуы қазақ елінде де шұбарландырып жіберуші ғажап емес. Тек бұл мәселені шешу үшін алдын-ала шараларды ұйымдастыру қажет.
Жалпы алғанда метамәдениетінің қалыптасу үрдістерінде жағымды процестер де қатар жүреді. Олардың кейбіріне назар аударамын.
Біріншіден, метамәдениет жаһандық мәселелерді (экологиялық, демографиялық, девианттық, қақтығыстық,т.т) шешуде тиімді рөл атқара алады.
Екіншіден, дүниежүзілік нарықтық қалыптасуы, технологиялық ауысулар, интернет жүйесі, ақпарат ағыны т.б. дамушы елдердің экономикалық үрдісін арттырады.
Үшіншіден, метамәдениет шектелген мәдени тәжірибені бүкіл әлемге таратуға мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы, метамәдениет тек күш көрсетпеу, сұхбат, төзімділік, ашықтық жағдайында қалыптаса алады және ғасырлар бойы созылып келген, Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасында текетіресті кемітуге мүмкіндік береді.
Бірақ, жаһанданудың, әлемдік метамәдениет қалыптасуында қиындықтар бастан асып жатыр. Бұл жерде жаһанданудың шектеулі екендігін де естен шығармаған жөн. Осы жөнінде атақты философ Ф.Х. Кессиди былай дейді: «...метамәдениет қалыптаса алмай жатыр, өйткені мидың функционалдық ассиметриясы сияқты, Шығыс пен Батыстың ассиметриялық ерекшеліктері біріккен адамзатты болдырмай жатыр». Баяғы Шығыс пен Батыстың қарама-қарсылығы туралы ой қайта жаңғырғандай болып тұр. Алайда дүниежүзілік мәдени тәжірибе бұл антитезаны абсолютіне айналдырып жіберудің өзі дұрыс емес екендігін айғақтайды. Мысалы, жапон рухын батыс технологиясымен үйлесімді қоса білген Күн шығыстағы ел үшін метамәдениет қауіп төндірмейді» [148, 76-79 бб.].
Қазақстан республикасындағы мәдени экспанцияға, жас ұрпақтың рухани ассимиляцияға түсуіне жол бермеудің саяси тұжырымдамалық негізі жасалуы, және осы мәселеде мемлекеттік аппаратттың нақтылы шешімдер қабылдауын қажет етіп отыр.
Әдетте осындай ақпараттық-коммуникациялық экспанция қатарлы әлемдік өркениет құбылыстарының кейбір қырлары барлық елдерде, оның ішінде дамушы елдер мәдениетіне зор ықпал ететіндігі қоғамдық даму. Комунистік-отаршылдық саясаттың нәтижесінде діндік-мәдени-тілдік агрессияға ұшырап, дінсізденген халқымыз ұлт ретінде азып-тозуға шақ қалып еді. Енді неден ауырсақ содан жазылу керек. Ұлттық мәдениеттің қорғаны да сауыты да өркениетті ислам негіздерін (исламтану, ислам мәдениеті) танудың дамуы арқылы келу қажет.
Мәдениеттің қазақстандық дағдарысынан өту, жергілікті халық – қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдени дамуының формацияларына негізделген, жаңа замандық талаптарға сәйкес мәдениет институттарының құрылымдарымен ошақтарын дамыту мен жетілдіру функцияларын анықтайтын, жан-жақты зерделенген тұғырнаманы жасау. Ол уақыттық-кеңістік ауқымында мөлшерленер болса – стратегиялық мақсат-мүдделер мен ағымдық ұстанымдар қатарлы бағдарлардан құралмақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет