Философия кафедрасы Ont 1405 «Онтология»



бет10/12
Дата20.02.2023
өлшемі48,42 Kb.
#69366
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Әдістемелік ұсыныстар:

Табиғаттың немесе Жердің материалдық құрылымы: ауа қабатынан (атмосфера), жердің үстіңгі қатты қабатынан (литосфера), су қабатынан (гидросфера), тіршілік қабатынан (биосфера), адам мен (антропосфера) қоғамнан (социосфера) құралатындығын дәйектеңіз


Космология мен космогония натурфилософия бөлімдері болғандықтан, табиғаттың жаратылуы, пайда болуы туралы теориялар қалыптасқандығын түсіндіріп беріңіз. Креационизм – өлі және тірі табиғаттың бірегей жаратылуы жөніндегі діни ілім, Құдайдың әлемді ештеңеден бар қылуы турасындағы тұжырымдаманы тарихи-философиялық тұрғыдан негіздеңіз.
Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінгенмен, өлі мен тірі арасында қатаң шектеулер жоқ, оны нақты ажырату да қиындығына тоқталыңыз.

1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2008.


2. Мырзалы С. Философия. А., 2008.
3. Қ.Ермеков. Философия негіздері. А., 2000ж.
4. Тұрғынбаев Ә. Философия. А.2008.
5. Философиялық сөздік. А., 1996ж.
6. Ғабитов Т.Х. Философия. Оқулық. А., 2008 ж.
7. Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. –Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж.
8.Ғарифолла Есім. Даналықа құштарлық: Философия. Методология. Көрнек өнері.-Семей-Новосибирск: «Талер-Пресс», 2007. – 522 б.
9..Кенжетай Д.Т. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы.-Түркістан, 2004.-341 б.
10.Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. Аристотель философиясы.-Алматы: Жазушы, 2005.- 3 т.- 568 б.
Семинар №13. Адам болмысы мен қоғам болмысы

1.Адам. Жеке адам. Тұлға мәселесі адам болмысының әлеуметтік негізі.


2. Антропосоциогенез бен антропосоциогенез мәселесі.
3. Өмірдің мағынасы мен анимизм


Әдістемелік ұсыныстар:
Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылықтарын: санасы бар, дискурсивті ойлайды; еңбек құралдарын жасап пайдаланады, мәдениетті жасаушы, мақсат қоя тіршілік етеді, өзінің өмір сүріп тұрғандығын және оның аяқталатындығын саналы түрде түйсінеді т.б. дәйектеңіз.
Антропогенез – (антропос – адам, генезис – шығу тегі деген мағынада) адамның пайда болып жетілу процесін, эволюциясын зерттейтін сала болғандықтан, Дарвин, Гексли, Геккель адамның жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардан шыққандығы туралы теориясын түсіндіріп беріңіз. Ұрпақтардың сабақтастығы негізінде тіршілік иелерінің түрлерінің өзгеретіндігі фактісінің тәжірибесінен алынған тіршілік үшін күрес, сұрыпталу сияқты табиғи заңдылықтарды түсіндіріңіз.
Антропосоциогенез – (антропос – адам, социум – қоғам, генезис – шығу тегі деген мағынада) материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға ауысуын және жануарлықтан адамзат қоғамының шығуын дәйектеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет