Философия кафедрасы


Ғылым әлеуметтік институт ретінде



бет11/13
Дата29.03.2023
өлшемі192,5 Kb.
#77073
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ғылым тарихы филос. МОӨЖ МӨЖ. (5)

10.Ғылым әлеуметтік институт ретінде
Адамза өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып –білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым – қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан–салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас–тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау –дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету құқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сұрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. ХХ ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мұндай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да түсініксіз боп қала берді. ХХ ғасырдың басында философтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бұл жолдың апатқа бастайтынын ашық айтты. Бұл ХХ ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.
Соған қарамастан, сцентизм идеологиясының қалдықтары –ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену – осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған мұндай көзқарас ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы– мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.
Сөз жоқ, ғылым–адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан –ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады. Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерекшеліктері мен мақсаттары бар, бұларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол–тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.
Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан–жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына –гуманитарлық ғылымдар және математика жатады.
Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зерттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.
Ғылым, білімнің  құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жкттік. Сонымен, ғылым дегеніміз– арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
-Ғылыми –білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тыығыз байланысты. Олар бірнешеу:
-Түсіндіру –табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;
-жүйелеу–жиналған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге енгізу;
болжам жасау–дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
-суреттеу–қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;
-қорытында жасау–табиғаттағы болып кеткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестер есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;
- жаңалық ашу–табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
-өндірістік–тәжірибелік бағыт беру– алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
-дүниетанымдық–алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.
Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жинақтады, ғылыми білім –сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып саналады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.
Ғылымилықтың ең басты критерийі– жүйелілік. Ғылыми білім әр қпашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бұл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, эксперименттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.
Ғылымға қойылатын тағы бір критерий– онымен айналысатын бір дарынды адамдардың болы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.
Ғылымилықтың үшінші критерийі– ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәәтижесі адамзат игілігіне айналуы шарт.
Тағы бір төртінші критерий– рационадылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.
Ғылымға қойылатын бесінше критерий– зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып , ғылымға жаңа сипаттар әкелді.
Әлеуметтік институт– қоғамның негізгі қажеттіліктіерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар  мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.
Яғни институттар–әрдайым дамып отыратын жүйе. Қоғамда институттар мынадай түрдерге бөлінеді:
- саяси институт– қоғамды басқарып, оның тұрақтылығын, тұтастығын, тәртібін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігін сақтауға бағытталады;
- экономикалық институт– қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастырып, оны әлеуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың қалыптасуына бағытталады;
- діни институт–адамдардың рухани жан дүниесін байытып, олрадың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға, қиындық кезде дұрыс бағыт, қолдау көрсетуге арналады.
- Отбасы инситут–қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастырып, оны леуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың қалыптасуына бағытталады;
- білім институты–жастарға білім беріп, тәрбиелеуге, білікті кадрларды дайындап қоғамды рухани дамытуға ат салысуға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет