Философия кафедрасы


Ғылымдағы шынайылық пен рационалдық мәселесі



бет12/13
Дата29.03.2023
өлшемі192,5 Kb.
#77073
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ғылым тарихы филос. МОӨЖ МӨЖ. (5)

11.Ғылымдағы шынайылық пен рационалдық мәселесі
Ғылымның басты мәселелерінің бірі шынайлық пен рационалдық мәселесі. Оның шешімдері тарихи өзгермелі, бірақ барлық өзгерістерге қарамастан ғылыми әрекеттің мақсаты шындыққа қол жеткізуге, ғылыми рационалдық негіздерін құрауға негізделген, оның барлық көріністері мен ауқымындағы рационалдылықпен байланысты.
Шынайылықты неоклассикалық баяндау адамгершілікке емес жеке жауапкершілік пен еңбек этикасына негізделген. Рационализмге еңселі түрде жүгінген жоқ, оған жай ғана тегіс пішін беріп, бұрыңғы әмбебап сана сезімінің орнына ғылымға сенім мен қойған мақсатқа жету түрінде ғана түсіне бастады. Тарихилық, тарихтың ауыспалылығы мен зерделігінен алшақтап, материалды даму сеніміне көшті. Шынайылық ендігәрі белгілі ғылыми ережелер мен тәртіптерді орындау нәтижесі ретінде түсіне бастады. 
Ғылыми емес идеялар дәл ғытыми дәлелденген тұжырымдамалар сияқты қоғамда өз орнын таба алады, және де ғылыми негізі жоқ негіздемелерді бекітуге мүмкіндік ала алатыны уақыт өте білініп келеді. 
Постмодернизм еркіндік пен плюрализм негіздерімен байланысқан. Ол тек ғылымның ғана емес, әдебиеттің де тәсілін береді. 
Ғылымның құдыреттілігіне сенім, сонымен бірге шынайылықтан бас тарту күнделікті өмірге зиянын тигізу мүмкін. Ғылым басқаша өмір сүруге «үйретеді» деп сеніп, оны бұзуға болады. Бірақ мұны ғылымға күнделікті өмірдің қандай түрі жүзеге асатыны еш маңызды емес деп те жасай беруге болады. 
Ғылым мен тәжірибедегі әскери стратегия, дін, коммунизмнің ыдырауымен байланысты күрделі өзгерістер, алдын ала жоспарланған нәрсені тарихи дәлелге сүйенер болсақ мүлдем басқаға айналу ғалымдарда қорқыныш сезімін тудырмай қоймайды. Өздерінің жауапкершілігін түсінген ғалымдар қиын жағдайға тап болады. 
Оған қоғам енді әлемді белсенді өзгертуді тапсырмайды. Ғылыми негізделген білімнің өзі үлкен тәуекел. Ғалым тәуекелділіктен қаша алмайды, және де өз бастамаларының әлеуметтік дұрыс нәтижесіне кепілдік бере алмайды. Тұрақсыз жүйеде ойластырылған жоба алдын ала болжанғаннан мүлдем алшақ нәтиже беруі мүмкін; ал тұрақты жүйелерде түрлі жобалар жақын нәтижеге алып келуі мүмкін. 
Шынайылықты неоклассикалық түсіндіру, XIX—XX ғ.ғ., қоғамдық ғылымда пайда болды, біріншіден, объектінің болмысы мен ерекшеліктерін тануға бағытын сақтап, таным субъектісінің объектіден алшақтауын растауға бас тартады. Ол танымның субъектісі қоғам сынды объектіге қатынасын мойындап, оның таным процессіне қандайда болса ықпал жасамай қоймайтындығын растайды. Екіншіден, ол субъектінің таным белсенділігі дамытудын идеясын құрастыруды талап етеді. Үшіншіден, шынайылықтың неоклассикалық концепциясы оның монополиялық сипатын қабылдамайды, ол ғылымда түрлі көзқарастардың бар екендігін мойындайды. Ол ғалымнан алынып жатқан нәтижелерге жоғары сынмен қарауды талап етеді, бұл ғылыми тұжырымдамасы дұрыс деп есептеген ғалымдар үшін қиын мәселе болып келеді. Түрлі концепциялар, олардың құрамындағы шынайылық сынды, бір бірін толықтырып тұрады, себебі олардың біреуі де таным объектісін толық қамтыдым деген атқа ие бола алмайды. Қазіргі әлеуметтік және қоғамдық ғылымға деген көзқарас осыған негізделген: қандайда бір ғылыми концепциядан шыққан қорытындыны әлеуметтік шынайылықпен байланыстыруға және оны жаһанды әлеуметтік жоба негізі ретінде қарастыруға болмайды. Концепцияның әрқайсысы те жеке экономикалық немесе саяси мақсаттарға қатысты болады, себебі қоғамда біз көп жағдайда әлеуметтік мәселелердің барлығын шеше алмау тығырығына келіп тірелеміз. Әрекеттің артықшылықтарын алмастыру өз кезегінде оның теориялық негіздемелерінің өзгеруіне әкеледі. Әлеуметтік ғылымдарда теория мен тәжірибенің ара қатынасы күрделене түсуде. Әлеуметтік таным шынайылығының маңызды ерекшелігі оның ситуациялық түрі: олар тек белгілі бір уақыт пен кеңістік, әлеуметтік немесе мәдени жағдайда, белгілі әлеуметтік институттар шеңберінде ғана шынайы болып келеді. Әлеуметтік және қоғамдық ғылымдардың шынайылығының жылжымалылығы оларға тән объективтілікті жоғалту деген сөз емес. Субъект жай ғана өзінің қызығушылығына жақын әрекет жасай бастайды. Қағамдық білімнің шынайылығын сипаттау барысында қазіргі зерттеушілер оның тек объективті әлемді ғана емес, сонымен қатар субъективті қызығушылық пен ахуалды жүзеге асыруын белгілейді. М.М. Бахтин мен Л.А. Микешинаның жұмытарында шынайылыққа антропологиялық көзқарастар қарастырылған. Метдологиялық тұрғыдан қазіргі әлеуметтік танымда шынайылықты танудың екі моделін қарастыруға болады. Гадамер мен Рикердің жұмыстарында бірінше модель көрсетілген, ғылымда шынайылықты түсіндірудің көптеген жолдары болғанда, біреуін ғана бөліп көрсету қиынға соғады. Екінші модель, әлеуметтік білімде шынайылықтың неоклассикалық концепциясы уақыт өте постмодернизм арқасында ондағы субъект пен объектінің жіктеуін жойғанында қалыптаса бастайды. Бұл жағдайда жарасымдылықтың ортақ принципі керек емес болып қалады. 
Аристотельден бері дәстүрлі түрде шынайылықты тек пайым ретінде іздестірсе, онда қазіргі қоғамдық сана пайымдауға қарсы затты қоюда. Гадамер бойынша пайым автономды емес, бірақ дұрыс сұрақ құру арқылы қол жеткізуге болатын уәждемеге ие. Сондықтан шынайы пайымдау диалогтық құрылымға ие. Хайдеггер ракурсты өзгертіп, шынайылықты деректік пікірге сәйкестікке тұйықтамауды талап етеді. Ол шынайылықты болымысқа есептейді. 
Кез келген табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ғылыми танудың басты мақсаты, олардың даму заңдылықтары мен болмысына негізделіп, шынайылықты тану. Ал ғылымда шынайылыққа рационалды (логикалық) ойлау жолдарымен қол жеткізіледі. 
Шындықтың логикалық ойлау дәрежесінде бейнеленуі күрделі, қайшылықты, диалектикалық сипатқа ие, өйткені логикалық үдеріс санадан, ойлаудан, парасаттан тыс және тәуелсіз тіршілік ететін объективті шындықтың бейнесі болып табылады. Сонымен қатар бұл бейнелеу санада тікелей сезімдік тәжірибе арқылы ашылатын шындықты тәуелді түрде көшіру емес, бірақ ол белсенді шығармашылық үдеріс, яғни таным субъектісі ретіндегі адамның өзінің әрекетшілдік табиғатының көрініс табуы болып табылады. Логикалықтың табиғатын ашу үшін оның объективті мазмұнын құрайтын байланыстардың сипатын көрсету жеткіліксіз, яғни логикалықты онтологиялықпен, субъективтілікті - объективтілікпен біріктіру жеткіліксіз. Сонымен бірге табиғаттың объективті заңдары мен күштерін танымның өзінің заңдарына айналдыратын шынайы қозғалысты да көрсету қажет. Басқаша айтқанда, объективтіліктен субъективтілікті ажырату қажет.Қазіргі кезді таным (гносеология) теориясында рационалдылықтың үш түрі бөлінген, оларға классикалақ, неоклассикалық және постнеоклассикалық жатады. 
Рационалдықтың классикалық түрі зерттеудің объектісіне толық бағытталып, субъектіге қатысты нәрселердің бәрін тырнақшаның сыртына шығарады. 
Рационалдылықтың неоклассикалық түріне зерттеліп жатқан объектінің оны танып білу тәсілдеріне тәуелділігі тән. Осы тәсілдерді анализден өткізу объекті туралы шынайы білім алу шарты деп түсінеді. Рационалдылықтың постнеоклассикалық түрі объекті туралы білімді тек таным тәсілдерімен ғана емес, сонымен қатар зерттеудің мақсаттарымен байланыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет