Философия кафедрасы


Ғылымның қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері



бет13/13
Дата29.03.2023
өлшемі192,5 Kb.
#77073
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ғылым тарихы филос. МОӨЖ МӨЖ. (5)

13.Ғылымның қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері.

Қазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:


Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық-релятивистік теориямен алмастыру. Муның өзі әлемді алып механизм түрғысынан қарауды жоққа шығарды. Оның орнына байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына негізделген ойлау әлемінің моделі келді.
- Классикалық ғылымдағы механистикалық, метафизикалық көзқарастарды диалектикалық көзқарас ауыстырды;
Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, буған жаңа кұрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:
- Дүниенің ең алғашқы негізін табу мумкін еместігі сияқты материя шексіз екендігі түсіндірілді.
- Ғылыми білім  бурынғыдай абсолютті шындық ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.
Классикалық ғылымға тэн табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;
Заттың қасиеттерінің оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі. Биосфералық класқа жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір мен ақыл ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігіндәлелдейтін концепциялардың шығуы.
Ғылым мен діннің қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым XX ғасырда басымдылыққа ие болды.
Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы ғылымның рөлін анықтап берді.
Сонымен қатар, ғылым жетістіктеріне гуманистік сын (философтар, мәдениет танушылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері) айтыла бастады.
XX ғасыр аяғында  дүние ғылымға деген абсолюттік  сенімін жоғалта бастады. Бүл  үшін посмодернизациялық көзқарас  қажет болды. «Постмодерн» - жаңа сипаттағы ғылыми көзқарастарға тең келетін ғылыми көзқарастар.
Көптеген отандық ғылым зерттеушілердің болжамы бойынша бо-лашақта ғылымның жаңаша сипаттары төмендегідей болуы керек:
1. Ең алдымен, ғылым адамзат мәдениеті мен дүниетанымы жүйесіндегі өз орнын табуы қажет. Постмодернизм адам қызметінің кез келген түрінің дүниетанымдық жүйеде ерекше бөлініп шығуын қаламайды.
XX ғасырдағы өз  алдына бірқалыпты дүниенің жаңа  образын жасауды, яғни ешбір езгеріске  жатпайтын, жүйелі, тәртіпті, бір өзіне  мақсат етіп қойды. Ал, посмодерндік ғылым дүниенің өзгермелі екендігін, олай болса әрбір алынған нәтиженің ең соңғы өзгеріссіз нәрсе еместігін ашып көрсетті.
Бұрынғы ғылым мен жаратылыстану - білімнің монологтық формасын қолданады., яғни, интеллект затты түсініп білген соң өз пікірін айтады, ал постмодерндік ғылымда бақылаушы - ғалым зерттейтін дүниенің бір бөлігі саналады, яғни диалогтік дүниетаным қалыптасады.Постмодерндік ғылымның негізі болып глобалдық экологияесептеледі. Дүниедегі құбылыстар мен өзгерістер әр түрлі жүріп жатқанпроцестердің қосындысы болып табылады.Постмодерндік ғылымның бір қасиеті - оның комплексті турдедамуы, яғни бурынғыдай жаратылыстану, техникалық, қоғамдықғылымдарды жеке-жеке бөліп қарамау.Бұлар тек біздің көз алдымыздағы қазіргі кезде қалыптасып жатқан болашақ ғылымның негізгі жақтары.
Ғылыми техникалық прогресс - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. 
Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып, өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы жөне кітап шығару тәсілін меңгеруі ғылыми және техникалық кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. 
Жалпы, бұл — революциялық прогрестің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л. Д'Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка "өндіріс қызметшілері" деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғылыми-техникалық жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. 
Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, "ғылымның жемісі" саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогрестің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғылыми-зерттеу қызметінің теориялық шешімдерді техниканы нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. 
Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғылыми-техникалық прогрестің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-техникалык революция жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғылыми пәндердің аясы кеңи түсуде. Техникалық мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғьлымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі, эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы Ғылыми-техникалық прогрестің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: көлік катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогресстің негізі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет