«философия» кафедрасы


ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯСЫ



бет10/14
Дата29.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#111573
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
11 ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯСЫ
ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық (глобальдық) проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары т.б. Осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің (цивилизация), мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда, түбегейлі өзгерген философиялық ой тө”ірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі – неопозитивизм еді.
Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы құрылған вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті. Біріншісі ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары қалыптасқан Огюст Конт (1798-1857 ж), Джон Стюарт Милль (1806-1873 ж.) және Герберт Спенсердің (1820-1903 ж.) Позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығу себептерін шешемін деп, шеше алмай, қарама-қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына, жаңа позитивистік (шынайы, нағыз, дұрыс деген мағынада) философия жасау керек. Оның негізгі міндеті – сезімдік тәжірибелердің (объективтік нақтылықты емес) деректерін жүйелеу, ғылымдардың нәтижесін тұжырымдап жалпы қорытындылар жасау.
Неопозитивизмнің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э.Мах, Р.Авенариус, Богданов, Базаров т.б.) Ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты - ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтлықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға сүйенуі керек: объективті нақтылық дегеніміз “бейтарап” түйсіктердің, элементтердің (бөлшектерді”) комплексі (жиынтығы). Егер бұл “элементтерді” бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды аам түйсінуіне байланысты қатынаста қарасақ, онда олар психикалық құбылыстар болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамны” шын түйсіктері сияқты болып көрінеді.
Неопозитивизмнің үшінші, қазіргі кезеңгі сатысында б.рассел (1872-1970 ж.), Л. Витгенштейн (1889-1951 ж.), М. Шлик (1882-1936 ж.), Р. Карнап (1891-1970 ж.), А. Айер (1910-1989 ж.), Поппер т.б. ілімдерінің арқасында “логикалық позитивизм”, кейінірек “семантикалық позитивизм” (терминдердің маынасын талдау), ал оның орнына “лингвистикалық философия” (әдеттегі табиғи тілің сөздік айтылуын анықтау) т.б. Сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді. Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы ойшылдардың “философия шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім” деген көзқарастарын әрі қарай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, діни, эстетикалық т.б. ілімдерде) шын мәнінде ешқандай ғылыми маңызы жоқ “жалған проблемалар”, “алдамшы сұрақтар” деп жариялады. Себебі, философия теориялық көзқарастарды” жиынтығы емес, ғылымның логикалық - синтаксистік, семантикалық және тіл талдаудан тұратын және осылай алған деректер негізінде әлемді объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның санасынан тыс өз-өзінен қалай өмір сүретінін білуге үмітті “метафизикалық” пікірлер мен ұғымдар жиынтығы. Демек, қазіргі философияны” міндеті “метафизикалық” (философиялық) ұғымдар мен сөйлемдерден арылу (б.рассел). Неопозитивистер қандай да болмасын ілімді ғылыми, немесе ғылыми емесиігін ажырату үшін “верификациялау” (сезімдік тәжірибелер мен салыстыру арқылы тексеру) қағидасын қолдануды ұсынды. Бұл қағиа бойынша, егер ілімдер тәжірибе, немесе логикалық сараптау арқылы верифиуацияланса (дәлелденсе, немесе терістелсе) онда олар ғылымға жатады да, қалғандары жалған ілім болып шығады. Ал ғылымны” өзі екі типті болады: біріншісі – логикалық-математикалық, екіншісі – эмпирикалық сөйлемдерден құралатын ғылымдар. Логикалық-математикалық сөйлемдері тәжірибе арқылы тексеруге болмайды, себебі олар объективтік нақтылық туралы білім емес. Бірақ олар формальды логика за”дылықтарына сүйенген логикалық тіркесі болғандықтан, олардың заңдылықтары, ережелері ақиқат та, жалған да емес. Сондықтан да олар конвенсионалистік (келісімділік) сипатта болады. Мысалы: “2х2=4” деген сөйлем тавтологиялық сөйлемге “4=4 деген” саяды. Бұл тектес сөйлемдер ғылыми теорияны” бейне бір логикалық қаңқасы ретінде қызмет етеді.
Эмпирикалық сөйлемдер деп – тәжірбе арқылы верификциялауға (тексеруге) болатын, сезім арқылы қабылданған деректерді айтамыз. Эмпирикалық сөйлемдердің бәрі бірдей ақиқат бола бермейді, ақиқатқа тек “хаттамалық (протоколды) сөйлемдер” ғана жатады. “хаттамалық сөйлемдер” - ғылымдардың эксперимент жүріп жатқан кезінде нақты болған жағайларды айқындап жазып қоюы. Бұл сөйлемдерде, неопозитивистердің ойынша, болған оқиға сол қалпында, өзгеріссіз, түсініктемесіз, экспериментшіні” субъективтілік пікірінсіз, объективті тұрғыда берілген, сондықтан, тек солар ғана ақиқат. Ғылыми эксперименттердің, экспериментшінің түсініктемесінсіз алынған деректер негізінде жасалған қорытындылар, тұжырымдар, теориялардың заңдылықтарсыз болмайтыны белгілі. Ал, бұл аталған сөйлемдерге “верификациялау” қағидасын қолдану дегеніміз, осы теориялар, заңдылықтар негізінде өмір сүретін барлық енелерді тексеру. Ғылыми заңдылықтар біртектес бір топ денелерге тән құбылыс болғандықтан, ал эксперимент топқа емес, жеке денелерге ғана қойылатындықтан, верификация қағидасы шексіз процеске айналады.
Бұл қайшылықтан құтылу үшін, неопозитивистер ғылыми заңдылықтарды ғылыми тілден алып тастау керек (витгенштейн), немесе олар таным үшін ешқандай да маңызы жоқ формальды ереже болып қалуы керек (шлик) деген қорытындыға келді. Кейінірек келе, поппер верификациялау қағидасының орнына фальсификациялау (жоққа шығару) қағидасын ұсынды. Бұл қағиданың негізі етіп, белгілі бір жағдайда теориялар, заңдылықтар, тұжырымдар ақиқат болмауы ықтимал деген ойлау мүмкіндігі алынған. Бұл жерде тағы да қайшылыққа тап боламыз. Әңгіме мынада, егер ғылыми теориялар, заңдылықтар ақиқат болмаса, фальсификациялау қағидасын қолдануға болады, ал, егер олар ақиқат болса ше?
Верификациялау және фальсификациялау қағидаларының осындай кемшіліктерін байқап, карнап ғылыми сөйлемдердің бәрін емес, тек белгілі бір бөліктерін тексеру керектігі туралы идея ұсынды. Басқаша айтқанда, ғылыми деректерді толық тексермей-ақ, оның дұрыс, немесе теріс екендігін анықтау. Сөйтіп, аталған қағидаларының орнына ғылыми сөздердің ақиқаттығын тексеретін жаңа қағида – когеренттілік принципі (байланыстылық) ұсынылды. Бұл принцип бойынша барлық денелер мен құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан эмпирикалық сөйлемдердің ақиқаттығы, олардың теориялар жүйесіне енген басқа сөйлемдермен қарама-қайшы келмей, қаншама үйлесімді болғанына байланысты.
Сайып келгенде, барлық позитивистік бағыттағы ілімдерге тән ортақ тұжырым: барлық мәнділіктің түпнегізін танып-білуге, жалпы табиғатқа тән құбылыстарды түсіндіруге, ақиқатты білуге ұмтылған метафизика (бұрынғы философия) шын мәнінде өзі қойған мәселелердің біреуін де дұрыс, түбегейлі шеше алмайды, сондықтан ол өз орнын ғылыми тілді жан-жақты зерттеумен айналысатын басқа философияға (позитивизмге) жол беруі керек.
ХІХ ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған “өмір философиясының” (Ницше, В.Дильтей, А.Бергсон) ықпалымен 20 жылдары М.Шелер (1874-1928 ж.) Мен О.Шпенглерді” (1880-1936 ж.ж.) Негізгі еңбектері: “себептілік және тағдыр”, “европаның құлдырауы” және басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррационалдық (ақыл жетпейтін) философиялық ағым пайда болды. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты “қатты денелерге” және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке “өмірді” түсіндіре алмайды. Ақыл-ой “өмірді” жансыздандырады, себебі оны бөлшектеп, оныңүздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын “өмірді” танып-білудің бірден-бір қайнар көзі – инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратпаған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым (М.Шелер).
Қоғамдық процестердің дамуы иррационалдық “өмір екпіні”, “опат болуды күту” т.с.с. Күштермен бағытталады. Мысалы, батыс мәдениеті өрекениеттің (цивилизация) белгілі бір сатысында, өзінің жойылуына (опат болуына) аяқ басты (о.шпенглер). Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін ойлануға қорқып жақындап келеді (Ницше).
Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған – ХХ ғасырдың 20 жылдары қалыптасқан экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері: С. Кьеркегор (1813-1855), М. Хайдеггер (1889-1976 ж.), К. Ясперс (1883-1969 ж.), Ж.П. Сартр (1903-1980 ж.), Г. Марсель (1889-1973), Л. Шестов (1866-1938 ж), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж) т.б.
Экзистенциализм (өмір сүру), тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С.Кьеркегордың адам - өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімінен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ницше мен Э. Гуссерльдің ілімдері де зор әсер етті.
Экзистенциализмнің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі, хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бірдеңе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туарыл күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамның мән-мағынасына айналады. Демек, болмыс туарлы ойлар айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады. Екіншісі – К.Ясперстің нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады. Үшіншісі – экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған жан Поль Сартрдың ілімі.
Экзистенциализм “өмір философиясындағыдай” жалпы “өмір” мәселелсін қарастырмай, бар күштерін адамны” жеке өмірін - “экзистенция” (өмір сүрудің қарапайым нақтылығы), “адамның өмірі сүруі” сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол біріншіден – жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция – біздің өзіміз. Олай болса, біз оған ғылым қарайтындай объективті түрде қарай алмаймыз (К.Ясперс). Өмір сүру дегеніміз – адамдардың біріккен (қосылған) болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз – күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қауіптілігінің, тәжірибесі мен үмітінің, өз қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдарды” экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы - “дүниенің қасында болу”. Бұл жердегі “дүние” адамны” қамдану өрісі – еңбек әлемі, заттар әлемі, құрал-жабдықтар жиынтығы, ал “болу” - “бірдеңенің қасында” деген мағына береді. Адам өз ортасымен біте қайнасқан тіршілік иесі, сондықтан да оны әлемнен бөлек қарастыруға болмады. “дүниенің қасында болу” адам тіршілігінің осы әлемдегі экзистенциялиі (өмір сүру тәсілі, адам болмысының категориялары) және трансценденциясы (хайдеггерше – шектен шығуы). Демек, тәжірибе жете алмайтын нақтылық пен “біріккен әлемнің” (адамдардың қосылған болмысы) арасында пәлендей айырмашылық жоқ, себебі “басқалар” (қоршаған орта т.б.) “менімен” бірге өмір сүреді. Адамның шынайы тіршілігі - “уайымдау”. Бірақ кез-келген “уайымдау” (мысалы, адам демалғанда, еңбек еткенде, қуанғанда, өз білімін тере”деткенде т.б.) “өмір сүру” емес, себебі ол –сырттай өмір сүру. Мұндай өмір сүруде адамның жекешелік қасиеттері, даралығы жоғалады. Нағыз “өмір сүру” олардан және “іштегі сыртқы әлемнен” (сыртқы әлем туарлы оқу, тәжірибе арқылы санада сақталған білім батыл арылғанда ғана басталады. Ал шын мәнінде “өмір сүру” үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне өлім хақ екенін түсініп, қорқыныш ояту қажет. Құдайдың, “ештеңесі жоқ мәнсіздіктің” алдындағы себепсіз бостандықты” әсерінен өзіңнен-өзіңнің үрейленуіңді болжай алмауыңнан қорқыныш пайда болады (сартр), олай болса, ол еш күмәнсіз, мүмкін болатын болмыс. Осындай қорқыныш қана адам болмысын айқындап, оны өзінің жеке басының болмысына және бостандығына жетелейді. Демек, қорқыныш адам тіршілігінің негізгі қасиеті, ал оның негізгі құрылымы - қамдану, жеке басының қамын ойлау. Ал басқалардың қамын ойлау, олармен бірге болу – жалпы қамдануға жатады. Адам “сыртқы әлемде” жүргенде қорқыныш ұмытылады. Шын мәнінде, сыртқы әлем дегеніміз адам қорқынышының, күнәсінің, уайымдарының экстериоризациялануы (іске асырылуы, нақтылануы).
Қорқыныштардың ішіндегі - өлімнен қорқу туа біткеннен тән априорлы уайымдау. Ал “өлім” дегеніміз болашақтың өзі, ол арқылы тіршілік өзіне қайтып келеді. Сөйтіп, болашаққа талпыныс дегеніміз өлімнің бетіне қарау болып шығады. Осыдан келіп, тіршіліктің уақытша, тарихи және шектеулі сипатта екендігін түсінеміз.
Экзистенцияның шын мәніндегі тереңдігін тек айрықша, “шекаралық жағдайларда” ғана түсіне аламыз. Менің өлуім хақ екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім –бұлардың бәрі де “шекаралық жағдайда” болады, ал оны қаншама өзгертеміз деп тырыссақ та, олар өзгерместен, сол күйлерінде қалады. “шекаралық жағдай” адам тіршілігіне өзінің біртұтастығын, өзгермейтіндігін, аяқталғандығын біліп-түсінуге көмектеседі. Қысылтаяң жағдайда, өлім қаупі туғанда т.с.с. өзінің рөлін, пайдалы іс-әрекетін шын мәнінде терең түсінеді. Мысалы, өлім қаупінің қас-қағым сәтінде адамның шын мәні ашылады, айталық, соғыста оның батыр немесе қорқақ екені анықталады.
Экзистенциализм жеке адамдар “басқаларға” (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда “басқалардың” адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс “басқалармен өмір сүру коммуникациясың деп аталады. Коммуникация үстемдік жүргізуден және қызмет етуден басталады. Адамдардың өзара байланысқа ұмтылуы коммуникация алдындағы үреймен, оның мүмкіндігіне шүбәланумен т.б. Сөзсіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз “экзистенциалды” еркін тұлға бола алмайды. Еркін болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемні” және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып, өзіне өзіні” мақсаты мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегенімі сырттың әсерінсіз еркін таңдау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол – жауапкершілік. Туғанынан еркін болуға жаралған адам, бұкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнымен көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өзі үшін де жауапты (сартр).
Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы “иемдену” ұғымын да қарастырады. Мен иемденген заттар мені де билейді, жалмайды (Г.Марсель). Ал, адамды меншіктің, заттардың осылай езіп-жаншуынан қалай құтқаруға болады. Бұл сұраққа марсель қарама-қайшылықты” қайнар көзі адамның өз твабиғатында дей келіп, одан шығу жолы – сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, “құрбандықта”, қала берді иеленуді болмыс деңгейіне дейін көтеретін дінде, өнерде және философияда жатыр деп есептейді. Ал басқа ғылымдар “бұлыңғыр сыртқы әлемдің зерттейтін болғандықтан, бізге ақиқат білім бермейді, керісінше, олардың ашқан жаңалықтарының салдары адамзаттың білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ, керісінше көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.
Осы заманғы философиялық ағымдардың ішіндегі кең тараған философиялық ілімдерінің бірі – неотомизм (Ж.Маритен, Э.Жильсон, И.Бохеньский, М.Грабиан, Г.Мангер, И.Гейзер, Г.Гундлах т.б.) Бұл ілімнің негізгі қағидасы фома аквинскийдің кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілегіне сәйкестендіріп, философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, “дамыту”. Бірақ томизмнің негізгі мазмұны - құдай ең жоғары болмыс, ал денелер әлемі оның іс-әрекетінің нәтижесі, жанның өлмейтіндігі, т.б. Діни қағидалар бұлжымастан қалған. Егер фома философиялық ақиқаттар сенім ақиқатына қайшы келе алмайды десе, қазіргі неотомистер бұ лпікірді әрі қарай өрбітіп, сенім мен ақылдың (бұл жерде - “ғылыми ойлау” деген мағынада) үйлесімділігі концепцисы тұрғысынан алғанда, ақыл өзінің пайымдауларында сенімге қайшы келгенге дейін еркін қалады деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, неоттомистерді” пікірінше, философия ғылымға тәуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып қалады. Ал ғылым жалпы көзқарастық проблемаларды көтеріп шеше алмайтындықтан, философияға да, дінге де кері әсер ете алмайды. Бірақ неотомистер кейбір діни тезистерді, догмаларды негіздеу, дәлелдеу үшін жаратылыстану ғылымдары жетістіктерін пайдалануға кет әрі емес екендіктерін жасырмай айтады. Мысалы, құдайды” барлығын, оның дүниені жаратушы күш екендігін дәлелдеу үшін “әлемнің жылылық өлімі” теориясын, өмір мен психиканы ғылыми тұрғыдан түсіндірудегі кейбір жетістіктерді пайдалнуда.
Неотомизм ілімінің бастау түсінігі – болмыс. Ол мбебап жалпы түсінік болғандықтан тек тавтологиялық тұрғыдан ғана анықтала алады. Ең басты болмыс - құдай, ал шектелген денелер осы құдайың өз бейнесіне қарай отырып жаратқан болмыстары. Сондықтан бұл болмыстардың өмір сүру немесе өмір сүрмеуі құдайдың жігеріне байланысты. Болмыс туралы ілімін әрі қарай нақтыландыру үшін неотомистер аристотельден алынған форма және материя, “потенция (мүмкіндік) және акт (нақтылық)” ұғымдарын қолдайды. Енжар мүмкіндік актіні” шын мәніндегі шектелуін көрстеді, өйткені мүмкіндіктің өзі кез-келген шектелген болмысың жетілмеуінің көрінісі. Құдайдан басқа (“таза акт”) тіршілік иелері дегеніміз мүмкіндік пен актінің ұштасуы. Акт мен потенцияның арақатынастарына байланысты мән және тіршілік (мән-тіршілікте жүзеге асатын потенция), субстанцмя және оның қасиеттері (акциденция), қалыптасу (потенцияның актіге ауысуы, басқаша айтқанда потенцияның нақтылануы) т.б. Категориялар қолданады. Неотомистер табиғаттың барлық құбылыстары материя мен формадан (түр) тұрады, бірақ форма материяны айқындайды, себебі ол материяға қарағанда белсенділік көрсетеді деген гилеморфизмдің көзқарасты (гиле – материя, морфа – форма) уағыздайды. Этикалық мәселелерге тоқтала келе, неотомистер адам үшін шаттану, рахаттану дегеніміз оның “таза және жетілген” болмысқа - құдайға дейін жоғары көтерілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет