«философия» кафедрасы


ХХ ғасырдағы жаңа философиялық ағымдар



бет11/14
Дата29.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#111573
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
дәрістер геогр (1)

12 ХХ ғасырдағы жаңа философиялық ағымдар
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа философиялық ағымдар структурализм, сыни рациоиализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы шепке шықты.
Структурализм (К.Леви – Стросс, Ж.Лакан, М.П.Фуко, Л.Альтюсер). Бұл философиялық ағымға әлуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын (структурасын) айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы негізде, олардың мәнін түсінуге талпыну. Леви-Стросс әр түрлі халықтардың, тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтерін зерттей келе, кез-келген бір миф жер жүзінің әр аумағында ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады, олай болса, мифологиялық ойлау әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. Ғылыми ойлау да осы сияқты логикалық заңдылыққа бағынады. Стуктурализмнің ілімінше, құрылымдық тәсілдің негізінде кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, олардың құрылымының (олардың қатынастарының жиынтығы ретінде) бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. Оның үстіне, құрылым объектінің “скелет” болмайтын кейбір бөлшектерін, т.б. өзгерту арқылы бір объектіден екіншіні, екіншіден үшіншіні т.с.с. Алуға болатын ережелер жиынтығы.
ХХ ғасырдың 40 жылдарынн бастап, структурализм ғылыми тәсіл ретінде лингвистикада (тіл туралы ілім), антропологияда, психологияда, социологияда, кейінгі кезде филосоиялық әмбебаптық тәсіл ретінде қолданылып жүр.
Сыни рационализм (К. Поппер, И. Лакотос, П. Фейрабенд) ғылыми білімнің даму мәселелерін талдай отырып, қандай болмасын ғылыми білімнің болжамды бағытта болатынын мойындайды (Поппер). Ғылыми таным процесі дегеніміз әр түрлі ғылыми теория типтерінің өзара үздіксіз сыни пікірталастары. Білімнің өзі субъективті сипатта болғандықтан, ақиқаттың өзі де көптүрлі болады. Философияның жалғыз-ақ шынайы тәсілі – рационалды сын.
Герменевтика (Э. Бети, Г.Г. Гадамер, М.Ландман) талдау жасау (түсіндіру) және түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне әдеби ескерткіштерді саналы түрде түсіну негізінде қалыптасқан тіл туралы ғылымның ерекше әдісі ретінде дүниеге келіп, ХІХ ғасырда шлейермахердің, бильтейдің ілімдерінің арқасында рух туралы ғылымның тәсіліне айналды. Хайдеггер герменевтика деп өмір сүру феноменологиясын айтса, қазіргі кезде герменевтика деп рух туралы ғылымның мәселелер өрісін ғылыми тұрғыдан түсінуді айтады.
Бұл жерде түсіну – сананың сыртқы және ішкі әсерлер күшімен, туындаған қабілетін, субъектінің солар туралы түйсінуі мен мазмұнының шынайы екеніне күмән келтірмеуі. Ғылыми түсінуде денелердің, заттардың маңызы, мәні түсіндіріледі. Қазіргі кезеңдегі герменевтиканың өкілдері оны тек саяси әлеуметтік ғылымдардың тәсілі деп қарамай, жалпы белгілі бір тарихи, мәдени жағдайларды, адам болмысын түсіндіруге болатын әмбебап әдіс деп қарастырады. Осыдан келіп, олар түсіну проблемаларын философияның негізгі мәніне айналдырып, герменевтикаға универсалды (әмбебаптық) мән берді (Гадамер). Сөйтіп, герменевтика өкілдерінің пікірінше, философияның пәні адамдардың қатынасы ретінде түсінілген адамдар әлемі болып табылады. Сөйтіп, тек осындай атынастарда ғана адамдардың күнделікті өмірі өтіп жатады, мәдени және ғылыми құндылықтар туындайды. Ал, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен болып жатқан құбылыстар.
Жалпы алғанда, аталған философиялық ілімдер, әр қайсысы өз қағидалары тұрғысынан заманымыздың күрделі проблемаларын шешу жолдарын қарастырып, қазіргі кездегі ғылымдар қолданып отырған жаңа тәсілдерді түсініп, осыған орай соны мәселелер көтеріп, философия тарихында өзіндік із қалдырып отырған дүниетанымдық көзқарастар. Осы ерекшеліктерді қазіргі замандағы шығыс елдерінде дамып отырған философиялық бағыттардан кең көлемде байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет