«философия» пәні бойынша


Бекітуге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет60/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
����������� � �� �������

Бекітуге арналған сұрақтар: 

1.  Тарихқа философиялық көзқарас  

2.  Тарих философиясының ерекшелігі 

 

 

 

 



70 

 

№20 Дәріс тақырыбы: Саясат философиясы. 



Дәріс жоспары: 

1. Саясат философиясының пәні. 

2. Тарихтағы саясат мәселесінің қойылуы. 

  

Әрбір  философиялық  дәстүрлер  -  белгілі  бір  дәрежеде  әлеуметтік  ұйымдарға, 

әлеуметтік  болмыс  пен  адамның  осы  әлеуметтік  ортадағы  орны  туралы  мәселелерді 

зерттеудің қажет екендігіне назар аударады. Өз кезегінде мұндай қажеттілік осы әлеуметтік 

ұйымдардың саяси атрибуттарын талдауға негізделген.  

Саясат әлеуметтік қызметтің ерекше формасы ретінде - мемлекетпен бірге және басқару 

мен  бағыну  сияқты  қатынастарды  нақты  шектеудің  негізінде  қоғамды  азаматтық  тәртіппен 

қамтамасыз етуге бағытталған биліктің иерархиялық жүйесімен бірге пайда болған.  

Саясат мәселесін философиялық тұрғыдан анықтау – барлық әлеуметтік-гуманитарлық 

бағыттағы пәндерді  оқыту үшін теориялық-методологиялық негіз болып табылады.  Саясат 

философиясының  пәніне-  әлеуметтік  философиялық  теориялардың  аса  жалпы  көзқарастық, 

құндылықтық 

және 

методологиялық 



негіздемелерге 

қатысты 


саяси 

әлемнің 


универсалийлерін зерттеу жатады.           

Жалпы,  қазіргі  заманғы  саясат  философиясындағы  зерттеулердің  төрт  түрлі  негізгі 

бағыттарын ажыратуға болады, олар: 

Саяси онтология (саяси болмыс туралы ілім) – саясаттың жалпы обьективтік негіздерін, 

саясаттың  қайта  жаңарту  мүмкіндіктерін  анықтайды,  саяси  әлемнің  бейнесін 

қалыптастырады,  саяси  болмыс  мәселесін,  саяси  кеңістік  пен  уақыттың  антиномияларын 

қарастырады; 

Саяси  антропология  (саяси  адам  туралы  ілім)  –  саяси  адамның  творчестволық 

мүмкіндіктерін,  саяси  әлеуметтену  мәселелерін,  құндылықтық  мотивациясын,  саяси  және 

әлеуметтік мәдени бірегейлік мәселелерін   зерттейді

Саяси  праксиология  (саяси  әрекет  теориясы)  –  саяси  әрекеттердің  құрылысы  мен 

функцияларын,  саяси  өзгерістердің  шекаралары  мен  мүмкіндіктерін,  дәстүрлі  және 

модернизацияланған  қоғамдағы  саяси  әрекеттердің  мотивациясы  мен  динамикасын 

айқындайды; 

Саяси эпистемология (саясат әлемін тану) – саяси шындықты танудың ерекшеліктерін, 

саясаттағы ұғымдар мен түсініктердің, рационалдық пен иррационалдықтың ерекшеліктерін 

анықтайды  және  саяси  процесстерді  зерттеудің  жаңа  постклассикалық  әдістерінің 

қалыптасуын  зерттейді.    И.Канттың  іліміне  сүйенсек,  саясат  философиясы  –  жаңа  заманғы 

барлық  саяси  құбылыстардың  қайталанбас  біртұтас  синтезі  және  саясаттың  реттеушілік 

идеясы оның нәтижесі деп айтуға болады. 

Антикалық  Грецияда  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  ұйымдасуының 

негізгі формасы полис немесе қала-мемлекет болатын. Полистегі мемлекеттік және қоғамдық 

істер  саясат  деп  аталатын.  Платон  өзінің  «Диалог»  деген  еңбегінде  «саясат  дегеніміз  - 

адамдарды  басқару  өнері»  деп  анықтаған  Сократтың  көзқарастарын  келтіреді.    Кейін 

Аристотель  саясаттың  міндеті  –  ол  полис  азаматтарын  «жоғарғы  игілікпен»  қамтамасыз 

етуде деп анықтайды.   

Ежелгі Қытайда Конфуций өзінің этикалық-саяси ілімін қалыптастырды, онда ол өзінің 

мына көзқарастарын білдірген болатын: идеалды басқарушы әрқашан үлкендерге құрметпен, 

халыққа әділеттілікпен және қайрымдылықпен қарайды деді. Конфуций қоғам мүшелерінің 

әрқайсысының  өз  міндеттері  мен  атқаратын  қызметтері  болуы  керек  және  әрқайсысының 

қоғамда  алатын  өз  орны  болуы  керек,  яғни  әке  әке  орнымен,  бала  бала  орнымен,  ешкім 

ешкімге  қарыс  келмеуі  керек  деді.  Конфуций  отбасын  -  қоғамның  негізгі  тірегі  деді. 

Сондықтан,  мемлекеттің  идеалды  басқарушысы  өзінің  бағыныштылары  үшін  әкесі  сияқты 

болуы  керек.  Ежелгі  Қытай  дүниетанымындағы  тағы  бір  келесі  саяси  ой  «легизм»  деп 

аталады.  Легизм  ертедегі  конфуцийшылдықпен  күресте  дами  отырып,  олар  саясат  пен 

моральды  ажыратып,  оларды  бір  біріне  сәйкес  келмейді  деді.  Легистердің  пікірінше, 




71 

 

мемлекет  бағынушылардың  мүдделерін  көздеуге  міндетті  емес,  ал  халық  болса 



басқарушылар  үшін  өзінің  саяси  мақсаттарына  қол  жеткіздірудің  құралы  болып  табылуы 

керек деді, мысалы: (жеке билігін нығайтып алу, бөгде жерлерді жаулап алу сиқты мақсаттар 

үшін). Халық құқықсыз, әлсіз болған сайын мемлекет күшті бола түседі деді олар. 

Орта  ғасырда  Европада  саяси  ойлардың  дамуына  Августиннің  «Құдай  қаласы»  және 

«Жер  қаласы»    туралы  ілімдері  зор  әсерін  тигізді.  Оның  ойынша  жер  қаласында,  яғни 

адамзат  қоғамында  көбінесе  зорлық  зомбылық  пен  тәртіпсіздіктер  белең  алған,  сондықтан 

адам «Құдай қаласына» үміттенуі арқылы бұлардан құтқарыла алады деді. Фома Аквинский 

мемлекеттік биліктің құдіретті  де тәңірлік табиғатын мойындай отырып, мемлекеттік билік 

руханилыққа  бағынуы  керек  деді.  Сондықтан,  Фома  Аквинскийдің  пікірінше,  мемлекеттің 

саясаты  діннің  негізінде  құрылуы  керек  деді.  Орта  ғасырдың  тағы  бір  атақты  ойшылы 

Макиавелли  болатын.  Оның  «Мемлекет»  деген  шығармасы  елді  басқарушы  адамға  деген 

көзқарастардан  тұрады,  бұл  еңбектің  мақсаты:  зор  бірыңғай  ұлттық  мемлекетті  құру.  

Макиавелли саясатты өз алдына дербес ғылым ретінде ажыратуға ұмтылды. Оның ойынша, 

саясат  дегеніміз  адамның  сенімінің  символы,  сондықтан  саясат  қоғамда  өте  маңызды  орын 

алады.   

ХХ ғасырда философия, социология және психология сияқты әлеуметтік ғылымдардың  

әртүрлі бағыттарының өкілдері саясаттың феноменін түсіндіруге ұмтылыс жасады.   М.Вебер 

саясат  дегеніміз  бұл  билікке  қатысуға  немесе  мемлекеттер  арасындағы  билік  бөлінісіне 

ықпал  етуге  деген    ұмтылыс  деді.  Сондықтан,  саясатпен  айналысушылар  билікке  өзге  бір 

мақсаттарын көздеудің құралы ретінде ұмтылады деді.     

Юнгтың  пікірінше,  саясат  саналы  үйлесімділік  пен  үйлесімсіздіктің  түрі  ретіндегі 

ұжымдық  санасыздық  пен  жеке  психиканың  даму  кезеңдерінде  пайда  болады.  Топтардың 

сана сезімдері мен олардың басқа топтардан саналы түрде айырмашылығы, өз өзін белгілі бір 

топтың  мүшесі  ретінде  түсінуі,  басқарушылар  мен  бағынушылар  арасындағы 

айырмашылықтар,  заңды  билікті  мойындау,    нормативтік  талаптар  жүйесі  мен  күштерді 

саналы түрде қолдану сияқты жағдайлар саясаттың пайда болуының негізгі шарттары болып 

табылады. Қазіргі заманғы философиялық саяси ілімдерде  билікке қатысты қатынастармен 

байланыстырылады.  Бюрдо  кез  келген  фактіні,  әрекеттерді  немесе  оқиғаны  саяси  деп 

ойлайды, егер де ол  тек әлеуметтік топтардағы биліктік қатынастарды айқындаса болғаны 

деді. Д.Истон, Арон, Р.Далл саясатты саяси жүйенің шеңберінде, биліктік шешімдерді жүзеге 

асырудың құралы ретінде қарастырады. Сондықтан, кез келген билік ол басқарушылар мен 

бағынушылар арасында қалыптасатын әлеуметтік саяси қатынастардың сипатын бейнелейді 

деді.  Саясат  биліктік  шешімдерді  жүзеге  асырудың  құралы  ретінде  мемлекеттік  биліктің 

формасына байланысты. Саясатта үстемдік құрып тұрған билік жүйесіне тән мәдени-тарихи 

және ұлттық құндылықтар, саяси көзқарастар, моральдық және құқықтық  нормалар көрініс 

табады.  Осыған  сәйкес,  саясат  биліктің  жүзеге  асырылу  тәсілі  мен  формасына  байланысты 

авторитарлық және демократиялық болып бөлінеді. Билік мәселесі жүйелі түрде М.Вебердің 

философиясында  талданған.  Ол  саясатқа  билік  легитимдігі  ұғымын  енгізген  болатын  және 

биліктің  легальды,  дәстүрлі,  харизматикалық  түрлерін  анықтап,  сонымен  бірге  оның 

тұлғалық  және  формалдық-рационалдық  түрлерін  де  ажыратқан  болатын.    Басқарудың 

легальды  түрінің  негізінде  рационалды  мақсат  жатыр  және  мұнда  билікті  мойындаудың 

мотиві ретінде мүдделерді айтуға болады. Биліктің мұндай түрі үшін формальды-құқықтық 

бастамалардың  приматы  мен  бюрократияның  дамуы  тән.    Биліктің  харизматикалық  түріне 

келсек,  (харизма – батыр, жауынгер, қолбасшы сияқты лидерлердің ерекше, жеке қабілеттері 

деген  мағынада)  –  бұл  әлеуметтік  әрекеттің  аффективтік  түріне  негізделген.  Биліктің 

дәстүрлі  түріне  келсек,  мұндай  билікке    қоғамдағы  биліктік  тәртіптің  қасиеттілігіне  деген 

сенім  мен  мемлекет  ішіндегі  байланыстардың  патриархалдылығы  тән.  Биліктің  осы 

ұсынылған  типологиясы  мемлекеттік  құрылыстың  формаларын  талдауғы  мүмкіндік  береді. 

Нақ осы контексте демократия мен тоталитаризмді зерттеу міселесі өте маңызды. 

Дәстүрлі  түрде,  демократия  –  бұл  халық  билігі  жүзеге  асырылатын  мемлекеттік 

құрылыстың  формасы.  Антикалық  ойшылдар  (Платон,  Аристотель,  Геродот)  биліктің 



72 

 

демократиялық түрін еркін тең құқылы азаматтары бар полистік ұйым ретінде қарастырды. 



Барлығының  және  барлық  азаматтардың,  мемлекеттік  және  қоғамдық  ұйымдардың  

заңдылығы  идеясының  дамуы  қазіргі  заманғы  батыс  әлеуметтік  саяси  зерттеулерде  аса 

танымал болған Токвильдің (1805-1859) концепциясында көрініс тапты. Токвиль демократия 

деп  тек  қоғамдық  құрылысты  ұйымдастырудың  белгілі  бір  формасын  айтпайды,    сонымен 

бірге қоғамда болып жатқан соған сәйкес процессті түсінеді. Демократияның философиялық 

негізі  –  еркіндік  пен  теңдіктің  қатынасы  әлеуметтік-саяси  құндылықтар  ретінде  көрініс 

береді,  ал  бұл  тікелей  немес  өкілдік  деп  аталатын  демократияның  мемлекеттік 

институттарында  шынайы  жүзеге  асырылады.  Өкілдік  демократия    құқықтық  мемлекетте 

толық дамуға ие болады, құқықтық мемлекет мынадай белгілермен сипатталады, олар:  1. ол 

жоғарғы  үкіметке  ие;  2.  бұл  үкіметтің  өз  шекаралары  бар  және  адам  өмірін  қорғап  қана 

қоймай,  сонымен  қатар  оның  бостандығын  әртүрлі  бюрократиялық  қарсылықтардан  да 

қорғайтын  тұлғаның  құқықтары  биік  дәрежеде  сақталады;  3.  азаматтардың  құқықтарының 

кепілі ретінде билік бөлінісі көрініс береді – заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот 

билігі;  4.  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  сфераларда  орталықсыздандыру  (билік 

органдарының  «институционалдық    инфрақұрылым»  теориясы).  Мұнда  азаматтардың 

құқығын қорғауды демократиялық ассоциацияладың өздері мойнына алады, олар-азаматтық 

және  саяси  ассоциациялар.  Бұлар  қоғамдағы  әртүрлі  топтардың  мүдделерін  көздеп, 

азаматтардың  өз  инициативаларын  білдіруіне  және  тәуелсіздікке  деген  құқықтарын 

басшылыққа ала отырып, қоғамдағы әртүрлі топтар мен орталық үкімет арасында дәнекерге 

айналады. 5. адамдар құқығының жүзеге асырылуына баспасөз еркіндігі де қызмет етеді; 6. 

еркіндікті дұрыс қолданудың мектебі түріндегі қорғаушы соттың болуы, қоғам өміріне саяси 

тұрғыдан  ықпал  етудің  тәжірибесін  меңгерген  құқықтың  жүзеге  асырылуы:  (Шумпетер, 

У.Ростоу  және  т.б.)  сияқты  демократияның  қазіргі  заманғы  теоретиктерінің  пікірлерінше, 

дамыған демократияның осы аталған белгілерінің барлығы бұқара халықтың қоғамның саяси 

өміріне белсенді түрде араласқан жағдайында ғана толық мазмұнға ие бола түседі дейді. 

Ал  тоталитаризмнің  болса,  тіпті  өзгеше  мәдени-өркениеттік  сипаттамасы  бар. 

Тоталитаризм  –  латын  тілінен  бүтіндей,  тұтас,  жалпы  деген  мағынаны  білдіреді,  бұл  әрбір 

азаматтың  қоғам  өмірінің  барлық  саласы  мемлекет  тарапынан  толық  бақылауға  алынған 

мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат 

құралдары, білім, мәдениет тегіс бақыланады. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. 

Тоталитаризмнің  сүйенетін  ең  негізгі  әлеуметтік  күші  ол    деревнялар  мен  қалалар 

люмпендігі, 

мысалы 

(люмпен-пролетариат, 



люмпен-интеллигенция). 

Қоғамды 


люмпендендірумен  қатар  тоталитаризмнің  нығайып  қалыптасу  процесі  милитаризацияға 

әкелетін  қоғамдық  өмірдің  зорлық  зомбылыққа  негізделген  «ұйымынан»  көрініс  береді. 

Қоғамдық өмірдің мұндай «ұйымы» қоғамның люмпендендірілген бөлігімен белсенді жүзеге 

асырылатын тікелей террорлық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қаруланған 

террордың  формасы  «әлеуметтік  тәртіп»-тің  моделін  құрады,  осыған  сәйкес  бүкіл  қоғам 

белгілі бір құрылымға ие болады. Тоталитаризм жағдайында азаматтардың конституциялық 

құқықтары  мен  бостандықтарына,  демократиялық  ұйымдардың  жұмыстарына  тиым 

салынады,  жазалау,  қуғын-сүргін  күшейеді,  террорлық  полициялық  бақылау  орнайды. 

Тоталитарлық қоғамның «саясаттануы» оның милитаризациясына әкеледі. Қарулы күштерді 

пайдаланудың 

көмегімен 

қолдау 


тауып 

отырған 


тоталитарлық 

мемлекеттегі 

милитаризацияланған 

қатынастардың 

бюрократияландырылуы 

әлеуметтік 

тәртіпті 

«кемелдендіріп, жетілдірудің» ең маңызды да негізгі тәсілі болып қалмақ. Тоталитаризмнің 

екі  түрлі  варианттары  бар,  олар:    оң  радикалды  (фашистік  және  ұлттық-социалистік)  және 

сол экстремистік (сталлинизм идеологиясымен байланысты  «термидориандық төңкеріс»-тің 

нәтижесі  сияқты).  Бірақ  та  тоталитаризмге  жүргізілген  зерттеулерде  оның  алуан  түрлі 

формаларына барынша назар аударылады.  

ХХ  ғасыр  тарихы  көрсеткендей,  мемлекеттіліктің  гуманистік  негіздерінен 

тоталитарлық режимнің пайда болу мүмкіндігінің шындық екен. Мұндай қауіпті болдырмау 




73 

 

мүмкіндігі мемлекеттіліктің институттарын жаңадан дамыту, оның гуманистік потенциалын 



жаңадан жүзеге асыру  қажеттілігімен тығыз байланысты.  

Саяси  қызметтің  өте  маңызды  құралдарының  біріне  мифтер  жатады.  Әлеуметтің 

мифология  ХІХ-ХХ  ғасырларда    конституцияланған  идеологиялық  практиканың  феномені 

болып  табылады  және  бұл  осы  мақсатта  арнайы  қалыптастырылған  әлеуметтік  мифтермен 

бұқара  санасын  манипуляциялаудағы  саналы  түрдегі  қызмет.  Әлеуметтік  мифология  өз 

кезегінде  екі  түрлі  компоненттерден  тұрады,  олар:  әлеуметтік  мифшығармашылығы  және 

бұқара  санасында  идеологиялық  мифологемнің  туған  адаптациясы.  Нақ  осы  сферада 

философиялық дәстүрдің негіздерін Шопенгауэр  мен Ницшенің ілімдерінен табуға болады. 

Мысалы,  Ницше    идеологияны  мифологияның  ерекше  типі  ретінде  тек  қана  бұқаралық 

сананың  тобырлық  инстинктерін  қалыптастырып  қана  қоймайды.  Сонымен  қатар  оларға 

сәйкес  құлдық  ойлаудың  стилін  қалыптастырады  деді.  Жалпы,  әлеуметтік  мифологияны 

философиялық  тұрғыдан  зерттеулер  жүргізу  дәстүрі  ХІХ  ғасырдың  ортасынан  басталады. 

Ж.Сорель әлеуметтік мифологияны білімге емес, сенімге негізделген идеологияландырылған 

(таптық)  сананың  базистік  құрылымы  ретінде    қарастыруға  ұмтылды.  Ж.Сорельдің 

пікірінше,  нақ  осында  утопияның  идеологиялық  феноменіне  қатысты  әлеуметтік 

мифологияның  артықшылығы  мен  ерекшелігі  көрініс  табады,  әлеуметтік  мифология 

рационалды-логикалық тұрғыдан препарацияланбайды және сынға да ұшырамайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет