Философия: пәні, қызметі және алуандығы М. Ш. Хасанов, В. Ф. Петрова, Б. А. Джаамбаева


Философия мен талдаудың қазіргі ерекшеліктері



бет5/5
Дата16.09.2023
өлшемі30,76 Kb.
#108197
1   2   3   4   5
Байланысты:
sciPaper3489

Философия мен талдаудың қазіргі ерекшеліктері

Дүние мен адам – жүйесі философияның негізгі құралдары ретінде танылып, үнемі дамып, жаңарып, олардың мәні қиындап барады. Осымен байланысты философия ғылымы, ол жайлы білім де күрделеніп отыр. Осыған сәйкес философиялық оқу өзгереді, тереңдейді және кеңейеді.
Философиялық етудің жаңа ағымы уақыт талаптарына жауап беретін адамдар іс-әрекеттерінің бағдарламасы, қоғамдастық. Жаңа заман философиясы жаңа өмірден туындаған сұрақтарға жауап іздеуге бағытталған.
Философиялық зерттеулер ағымы XIX-XX ғғ. классикалық бағытпен, XXIғ. нақты жағдайларымен бірігеді.
Бұл мәселелердің ең бастысы – қазіргі адамның білімді дұрыс қабылдап, өздеріне қажетті құралдарды таба білуінде. Көбінесе ол тек қана табиғат пен адамды қарастырмай, адамның қымбаттысы мен қайталанбастығын, адам туралы ғылымды адам көзімен ғана көретіндігін бізге көрсетуі.
Жаңа заман философиясының көзқарасы бойынша білім алу процесі алдымен интерпретация мен экстрополяция. Адам өзіне өмірден алатын дүниелерді бағалай отырып, өз мақсатын нақты көруі қажет.
Философияның қызметі – адамның әр дәуірде өз мәселесін дұрыс табуында байқалады.
Қазіргі классикалық емес және постклассикалық философияда адамның бар болуы мүмкіндік мәселесімен араласады. Адам алдында шешуге болады және өз шешімін табуға тиіс деген ойларды қарастырады.
Бұл мәселенің мәні қазіргі адамның талаптары мен қабілетіне, яғни оның білімін ұйымдастыру мен мәдениетін, жаңа ойлар мен білім алуымен тұжырымдалады. Жекелегенде болмыс құрылымы, табиғат пен ғылыми білім құрылымы; ойлау процесінің құнды сипаты; шектері, қозғалмалы ғылыми білімі күші және оның шегі, «модульді» адамның бар болу жағдайы қарастырылады (С. Хантингтон). Сондай-ақ, жеке адамның құндылығы мен қайталанбастығы негізделеді, жеке мәнді қалыптастыратын экзистенционалды нормалармен, адамның өз көзқарасымен адам туралы білім қарастырылады.
Таным процесі қазіргі философиялық көзқарас бойынша білім алу – бұл алдымен интерпретация мен экстрополяция. Бұның міндетті жағдайы болып демаркация (бөліну), білім және білім емес табылады. Ғылым мен мәдениеттің даму барысында білім мен білім еместі ажырату қиындап барады. Адамдардың өзі білім еместің мәнін түсіне бермейді де, нені білу керек екенін ажырата алмайды. Білім емес білім болу үшін мәнге ие болуы қажет. Сондай-ақ, білім емес құралы білім құралына айналуы тиіс. Білім еместің нақтылығы экстраполяция (тасымалдау) арқылы жинақталған білімді интерпретацияны қатыстыра отырып, мәселелерді шешу.
Философиялық ойлау орталығы сыртқы күштер қызметі сияқты адам туралы көріністі анағұрлым терең, оның мәдениеті мен қатынастарына, өзіндік әрекеттерінің шешімдері сияқты, оның қабілетінің өзгеруін, өз әрекетінің тиімділігінің арттыруын қарастырады. Мұндай субъектіні интерпретациялауда акцент адам қабілетіне, яғни шешім қабылдауға, ойын жинақтауға, мәселені шешу құрылымын дамытуға жасалады.
Қоғам туралы ғылым тарихында көріністің дамуы, мәселе құрылымдарының дамуы таным және қоғамдық процестерді түсіндіру үшін қызмет етті. Қоғам жайлы өктемшілік еткен жағдайда адамнан тыс ақиқат сияқты, адамның бейімделуіне ол қажеттілік түрінде әсер етеді. Бұл адамға қарсы тұратын өзіндік толымды ақиқат дегенді ұсынады. Бірақ, қоғам сәйкестігінен шығатын көріністі бұзып, жекенің танымы ақырындап өседі.
Философиялық ойлаудың қызметі адам, қоғам дамуының әр кезеңінде мәселені дәл құрастыруға әкеледі. Философиялық ойлау қоғамның диалогтік ұйымдастырылуын, демократияның ұйымдасқан формаларына, қоғамдағы барлық маңызды шешімдерді қарастыратын демократиялық институттар, қоғам дамуына осы институттардың дамуы, диалог формалары сияқты көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет