«Философия» пәнінен 2-ші аралыќ баќылау сўраќтары (бакалавриат)



Дата16.05.2022
өлшемі95,92 Kb.
#34618
Байланысты:
философия 2 модуль ответ




«Философия» пәнінен 2-ші аралыќ баќылау сўраќтары (бакалавриат)



  1. Неміс классикалыќ философиясының ерекшелігі.

Немiс халкынын рухы тудырган XVIII - XIX гг . философията уакытында Ф.Энгельс неміс классикалык философиясы » деген ат койган болатын . Мұнын әзiнен бiз ете биiк баганы , денгейдi сезiнемiз , өйткені « классика >> деп адамзат тарихындагы когамнын кайсыбір саласындагы мангi ешпес жетістіктерді айтамыз . Мысалы , казак халкынын рухани омiрiнде , енерiнде классикалык орын алатындар - Әл - Фараби , Абай , Курмангазы . М.Әуезов т.с.с. ғұла малар . Олар тек кана казак халкына емес , бүкіл адамзат тарихына езiнiн ешпес ізін қалдырған тұлғалар . Ал неміс классикалык философиясының екiлдерiне келер болсак , И.Капт , Г.Гегель , И.Фихте , Ф.Шеллинг.Л.Фейербах сиякты гуламалардын атын шыгармашылык снбектерін бүгінгі барлық елдердегi бiлiмдi кауым бiледi . Энгiменiн кызыгы нз заманынын ен биік денгейiне кетерiлген неміс философиясы сол кездегi баска Еуропа елдеріне караганда элеуметтік - экономикалык жагдайы анагұрлым артта калып койган елде пайда болады . Мұнын езi когамнын материал дык дамуы мен онын рухани денгейі аркашанда бiр - бiрiне сәйкес келе бермейтiнiн керсетеді . Сол кездегі немiс слi жүздеген кiшiгiрiм мемлекеттерден турган болатын . Бұл елдердегі әрбiр князь , граф , герцог озiн бiлiмл дана елбасы ретінде корсеткiсi келiп , ұлы суреткер , ауснші т.с.с. адамдарды өздеріне тартып , олардын керек каражаттарын оз мойындарына алып , шығармашылық еңбек пен айналысуга мумкiншiлiк жасады . Уакытында Ф.Ницше айткан дай , шығармашылықпен айналысуга , бiрiншiден , бос уакыт , екін шiден , адам күнбе - күнгі материалдык муктаждыктардан кутылуы ойшыл , жазушы . омірге кажет . Эрине , бул ойшыллардын кобі ез заманындағы алпауыттары тәуелді болды . Бірак , соған қарамастан , олар оздерiнiн философия сында , астыртын турде болса да , сол кездегі халыктын аянышты шаган ортаны озгерте алатындыгы жоне озгерту керектігі жөнiнде жагдайына қарсы шыгып , адам рухани пенде ретiнде айнала коре тамаша ойларды философияга енгізді . Ол үшін олар философията диалектиканы , ягни даму тұжырымдамаларын омiрге енгізді .

Неміс философиясының келесі ерекшелігі - Л.Фейербахтан баска барлык неміс ойшылдары - идеализм бағытынын екiлдерi . Егер француз ағартушыларының кебi материалистік атеистік багытта болса , И.Кант , Г.Гегель , И.Фихте сиякты улы философ тарды бiз материалистік бағытка жаткыза алмаймыз . Бұлар , керiсiнше , адамның санасы , рухынын кұдiреттi күшiн көрсете білді . Сонымен қатар олар рухтың тарихи дамуын , ақыл - ой мен зерденін арасындағы қайшылықтың бар екенін , рухани өмірдегі акикат пен ерiктiн , ізгілік пен әсемдiктiң дүниедегі ең биік тамаша кұндылыктар екенін көрсете бiлдi .



  1. И. Кант философиясы. И. Канттың таным теориясы.

Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.

Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.

Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.

Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе - абстракты қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние танылады» деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында - «дүние таныла ма?» - деген сұраққа: - «Жок, танылмайды» - деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.




  1. И. Кант философиясындағғы «өзіндік зат» және «біз үшін зат», «ноумен» және «феномен», «транцендентальды дүние» ұғымдары.

Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын «өзіндік зат» деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект - бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. «Өзіндік зат» та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, «біздік затқа» айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған «өзіндік заттар» болады. Трансцендентальдық деп И.Кант тәжiрибенiң алдында және сол

тәжiрибелiк танымның мүмкiндiгiн жасайтын ұғымдарды айтады. Ал

трансценденттiк деп тәжiрибелiк шеңберден шығып кетуге ұмтылған,

оның ар жағында жатқанды айтады.

Келесi екi ұғым – ол «зат өз iшiнде», яғни заттың өзiндiгi, оны

И.Кант «ноумен» деген ұғыммен бередi, ол – мән. Ал заттардың сыртқы

құбылысын ол «феномен» деген атпен бередi. Оларды бiз сезiмдiк

және ақыл-ойдың бiтiмдерi арқылы ретке келтiрiп, тани аламыз. Ал

ноумендi алсақ, ол танылмайды. Бiрiншiден, өзiндiк зат жөнiнде бiз тек

қана оның өмiр сүрiп жатқанын көремiз. Олар бiздiң түйсiктерiмiздi

қоздырушы күштер ғана, ал үшiншi мағынасы – өзiндiк зат тәжiрибенiң

ар жағында жатыр. Төртiншiден, оларды таным үдерісінде бiрте-бiрте

жақындай беретiн идеалдар, неше түрлi рухани құндылықтар ретiнде

түсiнедi. Бұл жағынан алып қарағанда, ол сенiм аймағына жатады



  1. Гегель философиясы, оның әлемдік философиядағы орны.

Гегель, Кант ұсынған мән және құбылыстың арасындағы мета-физикалық бөлінумен келіспеді. Құбылыс, Гегелдің ойынша, мәннен кем объективті емес. Мән құбылыс арқылы көрінеді ал құбылыс мәнді қолдаушы. Бұл бірінсіз бірі бола алмайтын қарама-қарсылықтардың бірлігі. Сол себептен Канттың өзіндік заттың принципиалды түрде танылмайтындығы туралы дәлелдері орынсыз. Өзіндік заттар, дейді Гегель, ол тек қана алғашқы кезең, заттардың дамуының алғашқы сатысы. «Мысалы өзіндік адам — әзірге ол нәресте, өсімдік өркені — өзіндік өсімдік… Барлық заттар әуелгі кезде өзінде, бірақ онымен іс тоқтатылмайды». (Гегелъ. Энциклопедия философских наук. Ч.1.М.; 1929. С.214-215)Гегель, Канттың субъективизмін және агностицизмін сынай отырып болмыс пен ойлаудың тепе-тендіктерінің негізінде әлемді адекватгы тану мүмкіншілігін мақұлдайды. Сонымен қатар Гегель ой мен шындықтьщ арақатынасын қарастыра отырып, идеалдылықтан (қисындылықтан) шындыққа, абсолюттік идеядан табиғатқа өту мәселесін қойды. Абсолютті ой өзі абсолюттігінен «жұлынып шығуы» тиісті, яғни «өзінен өзін-өзі шығарып басқа өрістерге кіруі керек» М.Ф., Кричевский А.В. Абсолютная идея и абсолютный дух в философии Гегеля. М., 1993. С. 118.) Табиғат тек осы өрістердің біреуі ғана болады екен және осы идеялардың ішкі дамуының кезеңдеріне сәйкес оның озге болмысы немесе оның өзге іске айналуы.

Гегельше табиғат принципті түрде о баста оның негізінде жат-қандықтан идеядан түсініледі. Сөзсіз бұл ой идеалды, бірақ нақты болмысты, әлемді, дамудың жалпыға бірдей заңдарын зерттегенде онда терең мәнді тиімділік бар. Гегелдің ойынша диалектика — да-мудың және дүниежүзілік рухтың бар болуының және ол жаратқан қоршаған әлемінің негізгі заңы.



  1. Гегель диалектикасы. Гегель философиясындағы «процесс», «даму», «ќарама-ќарсылыќ», «терістеу» ұғымдары.

Әлемге деген философиялық тәсілдің ерекше моделі ретіндегі диалектиканың негізінде Гегель көрсеткен диалектиканың негізгі зандары жатады: «терістеуді терістеу заңы», «санның сапаға ауысу заңы», «қарама — қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы». Бұл заңдар бір бірінен дербес болмай, бірыңғай жалпы даму барысының біртұтас компоненттері сияқты іске асады. Кез келген заттың, құбылыстардың белгілі бір сапасы және оның сол затты құрайтын жақтары бірлікте болады, бірақ сол сапаның ішіндегі сипаттары мен қарама-қайшы тенденциялардың сандық қордалануы нәтижесінде қарама-қайшылыққа келеді және заттың дамуы сол сапаны терістеп, кейбір қасиеттерді жаңа сапада сақтауы арқылы жүзеге асады. Жалпы диалектиканың бұл заңдары әлемдегі заттарға, құбылыстарға даму объектісі тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Гегелге барлық адамзат рухани мәдениетінің әрбір кезеңін рухтың қалыптасуының үдерісі ретіндегі орасан күрделі философиялық жүйесін жасауға мүмкін болды. Бұл адамзаттың келе жатқан ерекше сатысы және жалпы дүниежүзілік мәдениетке араласа отырып әрбір адам әлемдік рухтың дамуының барлық сатыларынан өте алады. Бұл сатылардың ұшар шыңында болмыс пен ой абсолютті тепе-тендікке жетеді, одан кейін таза ойдың, яғни логика (қисын) өрісі басталады. Гегель философиясы ойлау (сана) мен болмыстың тепе-теңдігінен басталады. Заттар және олар туралы ойлар сайма-сай, сол себептен өзінің имманенттік анықтамаларында ойлау және заттардың нағыз табиғаты тепе-тең, бір. Болмыс пен ойлаудың тепе-тендігі Гегелдің ойынша, әлемнің субстанционалдық бірлігі болып табылады. Бірақ тепе-теңдік абстракты емес, нақтылы, яғни айырмашылықты қажет етеді, Тепе-тендік және айырмашылық — қарама-қарсылықтардың бірлігі. Ойлау және болмыс екеуі де бір заңға бағынышты. Гегель, объективті абсолютті ойлауды, тек қана алғашқы басталым және барлық бардың дамуының қозғаушы күші, деп ойлайды. Әр алуан құбылыстарда көріне отырып, ол абсолюттік идея тұрғысында болады.

  1. Фейербахтың онтропологиялыќ философиясы.

Кішкентайегельян мектебінің көрнекті өкілі Людвиг Фейербах болды. Фейербахтың философиялық тұжырымдамасының негізі “Құдай бар”адам болды. Фейербахтың діні-адам қиялының өнімі. Фейербах “христиандықтың мәні” жұмысында діни сананың ерекшелігіне концептуалды талдау жасады, оның мәні — табиғаттан тыс және фантастикалық бейнелерге сенуде. Дәл осы сезімдер, әсіресе адамның табиғаттың дүлей күштеріне тәуелділік сезімдері діни табынуда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар Фейербах дінді жойып қана қоймай, оны қайта реформалауға тырысты. Сондықтан ол адамға деген махаббат дінін қолдайды. Гносеология мәселелерінде Фейербах танымдағы тәжірибе мен сезімнің рөліне баса назар аударды. Ол неміс классикалық философиясының бұрынғы дәстүрінен және әсіресе гегельмен тану теориясының мәселелерін түсіндіруден айтарлықтай ерекшеленді. Фейербах бұрынғы философия әлемді игерудегі ақыл-ойдың рөлін жоғарылатады деп есептеді.

Жалпы Фейербах философиясы антропологиялық. Онда қоғамдық байланыстар негізінен адамгершілік ұстанымдармен түсіндіріледі. Фейербахтың антропологиялық парадигмасында адам ұлтқа, әлеуметтік мәртебеге, дәуірге тәуелді емес бастапқы өзгермейтін табиғатқа ие. Бұл адамның өзіне тән ерекшелігі-өмірге деген махаббат, бақытқа ұмтылу, өзін-өзі сақтау инстинктісі, өзімшілдік. Фейербах адам бастапқыда табиғи және оған бағалау сипаттамалары қолданылмайды (мейірімді, зұлымдық және т.б.) және тек адам өмірінің шарттары оны кім жасайды.

Фейербахтың еңбегі идеализмнің дінмен байланысын көрсету болып табылады. Фейербах Гегель диалектикасының идеалистік сипаты да күрт сынға ұшырайды. Фейербах философиясының негізгі мазмұны мен мағынасы-материализмді қорғау. Фейербахтың антропологизмі философияның “жалғыз, әмбебап және жоғары” пәні ретінде қарастырылатын адамның мәнін бірінші жоспарға жылжытуда көрініс тапты. Бірақ бұл мәселеде Фейербах дәйекті материалдық көзқарас жасай алмайды,өйткені ол үшін адам-абстрактілі индивид, таным теориясындағы таза биологиялық зат.

Сонымен қатар, ол танымда ойлаудың мәнін де жоққа шығармады, субъект қызметіне байланысты объектіні сипаттауға тырысты, адам танымының және сананың қоғамдық табиғаты туралы болжам айтты және т.б. қоғамдық құбылыстарға идеалистік көзқарастар Фейербах антропологияны қоғамдық өмірді зерттеуге әмбебап ғылым ретінде қолдану ұмтылысынан туындайды. Фейербах идеализмі әсіресе дін мен моралды зерттеуде айқын көрінеді. Дін оларға адамдық қасиеттерді иеліктен шығару ретінде қарастырылады: адам екі есе және Құдайдың атынан өз мәнін түсінеді. Осылайша, дін ретінде “сана мен санадан тыс” адам. Фейербах мұндай екі еселеу себептері адамның табиғат пен қоғамның дүлей күштеріне тәуелділігін сезінеді. Фейербахтың діннің әлеуметтік және тарихи тамырлары туралы болжамдары ерекше қызығушылық тудырады.

Мұндай антропологиялық және атеистік бағдарланған философия Гегель идеяларының тағдыры туралы дүниетанымдық пікірталастарға елеулі әсер етті. Әсіресе, адамның философия орталығына қайтып келуі, әлемді қажеттілік era арқылы көру қажеттілігі туралы идеялар құнды болды.


  1. Марксизм философиясы. Диалектикадағы материализм түсінігі.

Диалектикалық материализм — марксистік партияның дүниетанымы, Маркс пен Энгельс ілімі. Маркс пен Энгельс философиясы оның табиғат, адам қоғамы мен ойлау құбылыстарын зерттеу әдісі диалектикалық, антимафизикалық болып табылатындығымен сипатталады,ал әлем туралы түсінік және философиялық теория дәйекті ғылыми-материалистік болып табылады.

Диалектикалық әдіс және философиялық материализм бір-біріне өзара еніп, біртұтас бірлікте және тұтас философиялық дүниетанымды құрайды. Диалектикалық материализм, Маркс және Энгельс жасау арқылы оны қоғамдық құбылыстарды тануға таратады. Тарихи материализм ғылыми ойдың ұлы жеңісі болып табылады. Диалектикалық және тарихи материализм коммунизмнің теориялық негізін, марксистік партияның теориялық негізін құрады.

Диалектикалық материализм XIX ғасырдың 40-шы жылдарында пролетарлық социализм теориясының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде пайда болды және революциялық жұмыс қозғалысының практикасымен тығыз байланыста дамыды. Оның пайда болуы адам ойының тарихындағы, Философия тарихындағы нағыз революцияны білдіреді. Бұл жаңа, ғылыми дүниетанымға бастау алған ескі күйден жаңа жағдайға философияның дамуындағы революциялық секіріс болды.

Бұл революция адам ойының тарихымен қол жеткізілген барлық алдыңғы қатарлы және прогрессивті сабақтастықты, сыни қайта өңдеуді қамтиды. Сондықтан, өзінің философиялық дүниетанымын қалыптастыра отырып, Маркс пен Энгельс адамзат ойының барлық құнды сатып алуларына сүйенеді. Өткен философияда жасалған ең жақсысы Маркс пен Энгельс сын тұрғысынан қайта қаралды. Маркс пен Энгельс өзінің диалектикалық материализмін ғылым дамуының өнімі, соның ішінде алдыңғы кезеңдегі философия деп санады. Гегель диалектикасынан олар тек оның «рационалды астығын»алды. Фейербахтың материализмі соңғы емес, метафизикалық, антиисторлық болды. Маркс пен Энгельс Фейербахтың материализмінен оның «негізгі астығын» ғана алып, оның философиясының идеалистік және діни-этикалық қабаттарынан шығып, материализмнің жоғары марксистік формасын жасап, одан әрі дамытты. Маркс және Энгельс, содан кейін Ленин және Сталин диалектикалық материализм ережелерін жұмыс класының саясаты мен тактикасына, марксистік партияның практикалық қызметіне қолданды.

Маркс пен Энгельстен кейін марксизмнің ең үлкен теоретигі В. И. Ленин, ал кейін И. В. Сталин және Лениннің басқа да оқушылары марксизмді Алға қозғаған жалғыз марксисттер болды. Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритицизм» кітабында марксистік философияның орасан зор теориялық байлығын қорғап шықты. Ленин Диалектикалық материализмді ғана қорғап қана қоймай, оны одан әрі дамытты. Ол Энгельс өлімінен кейінгі ғылымның ең жаңа жетістіктерін жинақтап, оны идеалистік философия бастаған тұйықтан жаратылыстанудың жолын көрсетті. Марксистік философияның одан әрі дамуына И. В. Сталиннің «диалектикалық және тарихи материализм туралы», «Марксизм және тіл білімінің мәселелері», «КСРО-дағы социализмнің экономикалық мәселелері» шығармалары және оның басқа да еңбектері үлкен үлес қосты.

Диалектикалық материализмнің құрамдас, ажырамайтын бөліктері марксистік диалектикалық әдіс және марксистік философиялық материализм болып табылады. Диалектика құбылыстарға объективті қарауға, олардың дамуын басқаратын жалпы заңдарды көруге мүмкіндік беретін танымның ғылыми әдісін береді. Марксистік диалектика табиғат пен қоғамның құбылыстары мен процестеріне дұрыс қарау олардың байланыстары мен өзара шарттылықтарын алу дегенді білдіреді; оларды дамыту мен өзгертуде қарастыру; дамуды қарапайым сандық өсу ретінде емес, белгілі бір сатыда сандық өзгерістер заңды түрде түпкілікті сапалық өзгерістерге айналатын процесс ретінде түсіну; дамудың ішкі мазмұнымен және ескі сападан жаңаға ауысудың қарама-қарсы күрес, жаңа және ескі арасындағы күрес болып табылатындығынан шығу. Ленин мен Сталиннің диалектикасы «марксизмнің жаны»деп аталды.



  1. Маркс философиясындаєы «материя», «сана», «практика», «аќиќат» ұғымдары.

Маркс танымның негiзгi мәселелерiнiң бiрi – ақиқат жөнiнде де

тың ойларды ұсынады. Өмiрден, іс-тәжірибеден сырт қалған ақиқат

жөнiндегi дау-дамайлар бiтпейтiн схоластикалық мәселеге айналады.

Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы мен күшi шынайы өмiрде өзiн

көрсетуi керек. «...философтар тек қана әртүрлi жолдармен дүниенi

түсiнуге тырысты, ал шынайы мақсат – оны өзгертудiң керектiгiнде», –

деп қорытады ұлы ойшыл.

маркстiк философиядағы

жаңалықтарға келер болсақ, онда ең алдымен қоғамды материалистiк

тұрғыдан түсiну қағидасына тоқтауға тура келедi. Мұның өзi материализм бағытындағы негiзгi кемшiлiктi – табиғатты материалистiк

тұрғыдан түсiнгенмен, қоғам өмiрiне келгенде идеалистiк жолдан

шыға алмауды жойып, дүниеге деген толыққанды материалистiк

көзқарасты тудырды. Әңгiменiң мәнi мынада: қоғам өмiрiн талдауда

ойшылдар қоғам өмiрiнiң маңызды ерекшелiгiнiң шеңберiнен шыға

алмады, ол – адам ойының әрқашанда оның жасайтын iс-әрекетiнiң

алдында жүрiп отыруы. Яғни ең алдымен идеалдық жоспар жасалады

да, содан кейiн ғана ол iске асады.

маркстiк философия тарихтағы адамдардың сана туындыларының рөлiн шетке шығармайды. Олардың ойынша, «адамдар – өз

драмаларының авторлары мен актерлерi». Бiрақ олар мәселенi тереңдете

қарайды – сол белгiлi бiр уақытта өмiр сүрiп жатқан қоғамдағы өзектi

идеялардың түп-тамыры қайда кетедi? Неге уақыт өткен сайын бiр

идеялардың орнына екiншi идеялар келедi? Осы сұрақтарға жауап

бере келiп, К.Маркс адамдардың сана-сезiмiнiң өзi олардың өмiр сүру

жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелдi екенiн ашады.

«Болмысты анықтайтын олардың санасы емес, керiсiнше, қоғамдық

болмыс олардың санасын анықтайды», – деген тұжырымға келедi.



  1. Маркс философиясыныѕ саяси-әлеуметтік мәні.

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]

Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады



  1. Орыс философиясы. «Патристика», «Космизм», «Эсхотология» ұғымдары.

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі- XI-XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның тілтумалығын да теріске шығаруға болмайды.Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандыру үдерісімен байланысты болады.Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан , славиандық патша табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Космизм – адамды космотық, яғни ғарыштық жан ретінде қарастаратын орыс философиясының ағымы. Космизм моделі өз үйіне яғни әлемге орналасуы, әлем мен адамның өзара сәйкестігінің моделін ұстанатын философия. Космизмнің өкілдері: Н.Ф. Федоров, К.Э. Циолковский, В.И. Вернардский.


Патристика - I-VIII ғғ. Христиандық ілім, христиандық дін догматтарын сақтайтын «шіркеу әкелерінің» апологетикасы.[1] Патристика кейiнгi антикалық және орта ғасырлық қоғамның эстетикасының құрылуына үлкен үлестi қосты.
Эсхатология (грек. eschatos – соңғы және logos – ілім, сөз) – дүниенің, адам өмірінің баянсыздығы туралы, ақырзаман мен о дүние туралы діни ілім. Эсхатологияның негізіне ақиқат дінге ортақ бұл дүниенің пәни, жалған екендігі, о дүниенің бақи екендігі, тозақта күнәїәрлардың жазаланатыны және адал құлдардың жұмақта рахатқа кенелетіні туралы діни түсінік алынған

  1. ХХ єасыр философиясы. Индивидуализм жјне иррационализм.

XX-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

1. XX-ғасырда Еуропа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

2. Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

3. Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

4. Бұрынғы философиялық жүйе XX-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақ- пен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.
Индивидуализм - жеке адамның, (отбасының) өмірін тұтас қоғамның өмірінен маңыздырақ деп білетін ойдың бағыты. Этикалық-саяси индивидуализм қоғамды және мемлекетті жеке адамдарды мақсатқа жеткізетін көмекші құрал деп біледі.[1]

Иррационализм - [латынша Irrationalis - ақылға сыйымсыз] - пайдагерлік ақылдың, тәжірибелік ойлаудың танымдық мүмкіндіктері шектеулі деп санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның негізі деп есептейтін рационализмге қарама-қарсы таным жүйесі. Иррационализм табиғат құбылыстарын, дүниені, болмысты, ақиқатты жүрекпен қабылдап сезіну, табиғатпен үндестікте, басқа да тіршілік иелеріне залал келтірмей, ізгілік бастауларына ден қойып, дүниені махаббатпен қабылдау принциптерін ұстанады



  1. Позитивизм жјне неопозитивизм.

Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты.

Неопозитивизм – XX ғасыр позитивизмінің субъективті-идеалистік жаңа ағымы.

Неопозитивизм өкілдері философияны теориялық таным ретінде мойындамай, философиядағы сана мен материя сияқты негізгі мәселелерді жоққа шығарды. Неопозитивизм Беркли және Юмнан басталған эмпиризм мен феноменализм дәстүріндегі позитивизмнің өзіндік эволюциялық даму кезеңі болып табылады.

Неопозитивизмнің ең ықпалды бағыты логикалық позитивизм болды. XX ғасырдың 30-жылдары Неопозитивизм көзқарасындағылардың жекелеген топтары айқындала түсті. Мәселен, Вена үйірмесінің логикалық позитивистердің (Карнап, Шлик, О.Нейрап т.б.), бер-линдік “Эмпирикалық философия қоғамының” логикалық позитивистерінің (Рейхенбах, Гемпель, т.б.), ағылшын аналитиктерінің прагматикалық бағыттағы америкалық өкілдерінің (Нагель, Маргенау, Бриджмен, т.б.) көзқарастары белгілі болды.



  1. Экзистенционализм философиясы.

Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады

  1. Прогматизм философиясы.

Прагматизм[1] (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.

прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм (ақылшылдық), ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм (тәжірибешілдік), олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын (детерминизм) ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.Прагматистер шындыққа адал болуды жақтайды, бірақ дінге де сын айтқысы келмейді. Егер діндегі кейбір ұғым-түсініктердің тұрмыс үшін құнды екені мойындалса, онда діннің де рас екені дәлелденеді. Олар философиялық ойлауды жеке адамдық өмірдің нақты кешірмесіне дейін төмендетуді дәріптейді, бірақ діни сенімді сақтауды жақтайды. Олар әрі Дарвинизмді жақтайды, әрі дінді жақтайды, олар өздерін плюралистер деп атағанды ұнатады. Дегенмен, мысалы У.Джеймс те, басқа прагматистер де дінді этиканың тағаны деп есептемейді.Прагматизм себепке қарағанда мақсатқа айырықша мән беруімен ерекшелеенеді. Олардың ойынша адам мақсат үшін өмір сүретін нәрсе



  1. Персонализм философисы.

Персонализм (лат. Perona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.

Персонализм (лат.persona – адам, тұлға) – қазіргі батыстық философиядағы тұлғаны бастапқы шығармашылық реалдылық және жоғары рухани құндылық, ал әлемді - жоғары тұлға ретінде Құдайдың шығармашылық белсенділігінің көрінісі деп ойлайтын теистік бағыт. Басқаша айтқанда персонализм тұлғаны абсолют ретінде түсінеді: тұлға онтологиялық тұрғыдан да (болмыстың негізгі көрінісі, жалғыз шындық ретінде), аксиологиялық тұрғыдан да (құндылық ретінде) жоғары дәрежедегі категория болып шығады. Бұл терминді Ф. Шлейермахер айналымға енгізді деп есептелінеді («Речь о религии к образованным людям, ее презирающим», 1799).

Персонализм ХІХ ғ. аяғында Ресей мен АҚШ-та қалыптасты, ал кейін ХХ ғ. 30-жылдарында Францияда және басқа елдерде даму алды.

16 Герменевтика философиясы.

Герменевтика атауы Құдайлардың әмірін адамдарға түсіндіріп, адамдардың тілек-дұғаларын Құдайларға жеткізетін грек Құдайы Герместің атынан бастау алады. Герменевтика дәстүрлері ортағасырлық экзегетикада інжіл мәтіндерін байымдау барысында қалыптастырылған. Олар өздерінің түсіндірілуіне септігін тигізіп, мәтіндерді бір дәуір тілінен басқа дәуір тіліне аудару барысында негізге алынды. Өткен ғасырдан бастап бұл сөз рухани мәдениет феномендерінің алғышарттары, ұғыну және мағынасын түсіну процестерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері («істің мәні») туралы философиялық ілімді білдіреді. Философиялық герменевтика Ф.Шлейермахер, М.Хайдеггер, әсіресе ХХ ғасыр герменевтикасының классигі – Х.-Г.Гадамердің жұмыстарының арқасында ғылыми-зерттеудің ерекше саласы ретінде қалыптасты. Олардың зерттеулері адамның мінез-құлығы мен әрекеттерін, іс-әрекетті ұйымдастырудың ойын тәсілдерін, коммуникативтік байланыстар мен қатынастар типологиясын құруды, жалпы әлеуметтік-мәдени шындықты ғылыми үлгілеу мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырды. Г. Г. Гадамер – герменевтиканың негізін қалаушылардың бірі, өз көзқарастарында Хайдеггерге сүйеніп, герменевтиканы ұғыну әдістері мен механизмдері туралы ілім ретінде емес, болмыс туралы ілім, онтология ретінде қарастыруды ұсынады. Ол үшін ұғыну – әрекет етіп бағалаушы – зерделеуші адамның тіршілік ету тәсілі, адамның әлемді «тіршілік ету тәжірибесінде», «тарих тәжірибесінде» және «өнер тәжірибесінде» меңгеруінің әмбебап тәсілі.
Герменевтиканың негізгі идеясы: «тіршілік ету – басқалармен ұғынылу» (В. Дильтей). Зерттеу нысаны ретінде, әдетте, мәтін саналады. Гадамер «Ақиқат пен әдіс», «Диалог пен диалектика» жұмыстарында осы Дильтей тезисін өрбіте түседі.


  1. Діни философия.

Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері

(пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі. Түрлі діндердің түрлі белгілері бар, әлемдегі діндерді бір түсінікпен түсіну мүмкін емес, дегенмен олардың ең басты ортақтығы: киелі, қасиетті заты, не орыны болуы, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культы болуы, табиғиаттан тыс құдіретке, немесе обсолютті, трансцендентті күшке өмірін арнауы, өмірден тысқары өмір туралы фантазиясының болуы.


Дін ритуалдардан, мерекелерден, еске алу мен сыйынулардан, немесе шоқынулардан, тежем-тиымдардан, транстардан, ән-күй-би немесе әлеуметтік топтық жиналыстардан, басқа да

мәдение шаралардан тұрады. Оның қасиеттендірілген тарихы, және сол туралы ертегі-аңыздары болады, сол арқылы ол адамдарға өмірдің сондай түрдегі шындығы ең дұрыс дегенге сендіргісі келеді. Дәстүр, наным, табыну және құлшылық діни сенімнің негізі. Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Бірақ жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді: Христиан, Ислам, Үнді діні, Бұдизм, және Еврей діні. Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейтін, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар

деп есептейтін, бірақ тегі қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сыни ойлайтын,ал мәлім діндерге негізінен сенбейді. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсуде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық шамада сақталуда.


  1. Философиядаєы болмыс мәселесі. Болмыс ұғымы (онтология)

Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос — ілім яғни болмыс туралы

ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды

философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі

философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де

болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық

мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі

орын алатынын ұғыну қажет.

Болмыстың негізгі түрлері:

1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат.

2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы.

3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы.

4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы;

б) қоғам болмысы.

Адам болмысы екіге бөлінеді:

1)Рухани болмыс — сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты

шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет — тіршілігінен бөліп

алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша

айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның

бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы).

Екінші жағдайға жататындар — кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар,

ойлар, музыка, т.б. 2) Әлеуметтік болмыс- екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген

адам болмысына және қоғам болмысына.

Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді.

Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл ‑ әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан

да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның

үстіне оның өзінің болмысы бар.

Болмыс ‑ санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық

өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым.


  1. Жеке және жалпы. Сана мен сапа.

жекелік, дербестік - болмыстағы заттардың өмір сүру тәсілі.

Әрбір зат, құбылыс - ерекше, шектелген, басқаға ұқсамайды. Тарихи алғашқы адамдар

заттардың осы жақтарына назар аударады. Оның әрбір қажеттілігін өтейтін зат дара,

өзгеше болып көрінеді. Міне, осы сәттен бастап, сапа ұғымы дүниеге келе бастайды.

Сапа дегеніміз - заттың болмыстағы анықтығы, соның арқасында оны басқадан

айыруға мүмкіндік аламыз. Ол адамға қарапайым аңлау, меңзеу арқылы беріледі.

Аристотельдің ойынша сапа дегеніміз - заттың тектік айырмашылығы, сонымен қатар

ол өне бойы өзгерісте болады. Ортағасырдағы діни философияда сапа өзгермейтін,

мәңгілік, заттардың ішкі сыры ретінде түсіндірілді. Жаңа дәуірде ғылымның күрт

дамуына байланысты заттың сапасынан гөрі, сандық жағына мейлінше көбірек көңіл

бөлінді. Бірақ сапаны ерекше зерттеп оны екіге - бірінші және екінші сапаға бөлген

Дж.Локк болды. Егер заттың кеңістіктегі көлемі, салмағы, түрі, қозғалысын ол

біріншіге жатқызса, иіс, дыбыс, түс, дәмді екіншіге теңеді. Гегельдің түсінігі бойынша,

сапа - қарапайым нақтылық. Бірдеңе өз сапасы арқылы сол, ал одан айырылса, өзін де

жойып, басқаға айналады. Сапа - іштей қайшылыққа толы, ол өз ішінде теңдік пен

айырмашылық, шынайылық пен терістеу, шектеулік пен шексіздік, бірдеңе мен өзгені

қамтиды. Осындай талдаудың нәтижесінде Гегель дүниедегі пайда болып, өмір сүріп,

жоққа кетіп жатқан заттар мен құбылыстардың шексіз көптүрлілігін мойындап,

олардың бір-бірімен теңдігін сападан көреді, өйткені олар қандай әртүрлі болса да,

бәрінің де өзіне тән сапасы бар. Нәтижесінде, Гегель сезімдік аңлау арқылы берілетін

нақтылы сападан жалпы абстрактіліқ сапа ұғымына өрлеп, дүниенің шексіз

көптүрлілігін, соның ішіндегі әрбір құбылыс басқаға тең, сонымен қатар тең еместігін,

біреулердің көптігін мойындайды. Көптің әрбіреуі өзгемен тең, әрбіреу - бір, сонымен

қатар көптің бірі. Ал мұның өзі Гегельді сандық санатқа алып келеді. Сапа жөніндегі

қазіргі түсініктерге келер болсақ, ол заттың қасиеттерінің жиынтығы арқылы

анықталады.

Шындықтағы сандық өзгерістерді сараптаудың негізінде

математика ілімі дүниеге келеді. Сапамен салыстырсақ, заттың сандық жақтары әртүрлі

болуы мүмкін, белгілі бір межеге дейін сандық өзгерістер оның сапасын жоймайды.

Сондықтан заттың сандық жақтары оған парықсыз деп айтуымызға болады. Заттың

сандық жақтарына алғашқы көңіл бөлген пифагорлықтар болды. Олар оны заттың

терең мән-мағынасы деп есептеді. Ал оның қайнар көзі Құдайда жатыр, олай болса, ол

- құпия. Демокритті алып қарасақ, ол санның негізінде ары қарай бөлінбейтін атомдар

жатыр деген ойға келеді. Сан дегеніміз - атомдардан тұратын қайсыбір заттың

мөлшері.


  1. Мән мен ќұбылыс.

Мән және құбылыс — дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын,

танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.

Аристотель Платонның мәңгілік идеялар дүниенің түпкі мәні деген көзқарасын талдай

отырып, мәні болып тұрған заттан мән бөлек, мәңгі өмір өмір сүре алмайды деген

тұжырым жасайды. Оның пікірі бойынша, мән тек сезімдік заттың игілігінде ғана бола

алмайды. Кант бізден тыс дүниедегі мәннің болу мүмкіндігін мойындай отырып, оны

танудың белгілі бір шегі бар екенін айтты. Гегель мәнге құбылыс тән, ал құбылыс —

мәннің, яғни “абсолюттік идеяның” сезімдік нақтылығын білдіреді дей келе, Мән және

құбылыстың жалаң қатынас емес, тереңде өтіп жататын қатынастардың тұтас бір аясы

екенін айтты. Мән және құбылыс бүтіннің өз аясында ішкі айырмашылықтарға жіктелу

қатынасы мен формасы, оның әр түрлі жақтарының өзара бірлігі, тұтастығы әрі

бір-біріне қайшылығы, қарама-қарсылығы болып табылады. Мән қандай да болмасын

дербес процестің негізгі жағы. Яғни, біртектес құбылыстардың не нәрсе екендігін

олардың тек ішкі мәнін анықтау арқылы білуге болады. Мән өзін тек құбылыстары

арқылы анықтай алады. Құбылыстар сан алуан. Бір мәннің өзі көптеген формада

көрініп, қалыптасады, дамиды.

Құбылыс — мәннің әр сәттегі өзгерген белгілі бір түрі, оның басқаша даму не өзгеру

формасы. Мәнді тек көріну формалары арқылы, ал көріну формаларын тек мән арқылы

түсінуге болады. Құбылыс бір мезетте жоқ болатын өткінші нәрсе емес. Әрбір жаңа

құбылыста мән өзгереді, оның осы өзгерген мазмұны — оның басқаша түзілуі, басқа

түрде қайта жаңаруы. Мән және құбылыс тығыз байланысты. Дүниеде өзін құбылыс

арқылы білдірмейтін мән болмайды. Сол секілді мәнсіз, мағынасыз құбылыс та жоқ.




  1. Шама және секіріс.

Жаңа дүниеге келген сапа өзіндік жаңа мөлшерді талап етеді. Мысалы, судың көлемін

будың көлемімен салыстырсақ, ол екі түрлі. Будың шеңберіндегі молекулярлық

байланыстар сумен салыстырғанда, мүлде өзгеше.

Заттың өлшемі сандық өзгерістер арқылы бұзылған сәтте секіріс пайда болып, ол дереу

екінші затка айналады. Сонымен, секіріс деп ескі сапаның өлшемінің бұзылуы

арқасында жаңа сапаның дүниеге келуін айтамыз. Дүниедегі заттар мен құбылыстар

әртүрлі шексіз болғандықтан, олардың өзгеруі тек өзіне тән жолдармен өтеді. Бірақ,

қалай айтканда да, секірістің аты - секіріс, ол көбіне жарылыс, күрт қарқынмен жүреді.

Мысалы, микроәлемдегі бір элементарлық бөлшектің екіншіге айналуы секундтың

миллиардтаған бір бөлігінде өтсе, мегаәлемдегі сапалы үдерістер миллиондаған

жылдарға созылуы мүмкін.

Философиялық әдебиетте басқа пікірлер де кездеседі. Мысалы, секіріс «жарылыс»,

«бірте-бірте» өтеді деген пікірді келтірсек те болғаны (қараңыз: П.В.Алексеев,

А.В.Панин. Философия, М., Проспект, 1997, 481 б.). Мұндай көзқарас секірістің

мән-мағынасын жоққа шығарып, «бұлдырлатып» жібереді. Күрделі нысандардың

сапасының сандық өзгерістер арқылы жетілу сатыларын секіріске теңейді. Ал

ол секіріс емес, өйткені мұндай жағдайда өзгерістер сол сапаның шеңберінде өтеді.

Қорыта келе, біз «сапа», «сан», «өлшем», «секіріс» санаттарының бір-бірімен тығыз

байланысты болып, белгілі бір жүйені құрайтынын байқадық. Оны әдебиетте «Сапа

мен санның өзара бір-біріне өту заңы» деп атайды



  1. Ќозғалыс және эволюциялыќ даму.

Даму деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың өз ішкі қайшылығынан туындайтын

белгілі бір заңдылықтардың негізінде ретке келген, күрделену үстіндегі, қайта

оралмайтын, өзіне тән бағыттағы өзгерістерін айтамыз. Қайсыбір даму үдерісіндегі зат,

я болмаса, құбылыс өз ішкі қайшылықтарының шешілуі арқылы дамиды. Сыртқы

ықпал дамуды тездетуге, я болмаса баяулатуға әсер етуі мүмкін. Егерде сыртқы ықпал

теріс болса (қуаңшылық, қатты аяз т.с.с.), онда даму үдерісі баяулап, я болмаса тіпті

сол тіршілікті құртып жіберуі мүмкін.

Адамның білімі мен мәдениетінің дамуы өне бойы ішкі (білген мен білмегеннің

арасындағы) қайшылықтарды шешу арқылы іске асады. Егер адамның білімге деген

ішкі ынтасы болмаса, онда оны Оксфорд пен Гарвардта оқытсаңыз да, еш нәтиже ала

алмайсыз. Сонымен қатар ішкі оты, орасан ынтасы бар адам өз талпынысы мен

дайындалуының негізінде білімді азамат болып шығуы мүмкін.

Екіншіден, даму үдерісі белгілі бір заңдылықтардың негізінде іске асады. Заңдылық

деп даму барысындағы қажетті, тұрақты, қайталанатын ішкі байланыстарды айтамыз,

соның арқасында барлық үдерістер рет-ретімен өзара байланысты түрде шындықта

өтіп жатады.

Үшіншіден, қайсыбір даму заттың ары қарай күрделенуіне байланысты. Ол заттың

ішкі құрылымының толығуымен қатар, ұйымдасу деңгейінің өсуіне әкеледі.

Төртіншіден, даму үдерісі өткен сатыларға ешқашанда қайтып оралмайтынын айту

керек. Сәбилік кезеңнен өткен жасөспірім сол шағына қайта орала алмайды. Жасына

келген адам жастық шағын қанша армандаса да, оны қайтара алмайды.

Бесіншіден, даму үдерісі белгілі бір бағытта іске асады. Ол болмайынша, заттың даму

барысындағы өзгерістердің қорлануы іске аспай, өзара байланысқан ішкі бағытынан

айырылып қалар еді. Дамудың бағыты уақыттың шеңберінде ғана жүреді, ал ол өзінің

бірбағыттығы мен қайталанбайтындығымен сипатталады.

Қозғалыс пен дамудың байланысы жөнінде ғылымда, негізінен, екі қарама-қарсы пікір

бар. Бірінші, кеңінен таралған пікір: даму – әрқашанда қозғалыс, ал кейбір қозғалыс

даму емес. Расында да, біз қолымыздағы сағатты шешіп, столға қойсақ, ол қозғалыста

болды. Бірақ ол туралы «сағат дамыды» деп айту қиынырақ болар.

Екінші пікір дамуды қозғалысқа қарағанда іргелі есептейді. «Егер объективті

шындықты біртұтас ретінде қарасақ, онда оның ішіндегі барлық үдерістердің

жиынтығын даму ретінде қарау керек»



  1. Жүйе, элемент, ќұрылым.

Жүйелік те – болмыстағы заттар мен құбылыстарға тән қасиет. Ол дүниедегі ретке

келгендікті, белгілі бір заңдылықты, хаосқа қарсы тұрған үдерістерді сипаттайды.

Жүйе дегеніміз – белгілі бір тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер

жиынтығы. Элементтер деп нақтылы тұрғыдан алып қарағанда, ары қарай бөлінбейтін

жүйенің негізінде жатқан оның бөлшектерін айтамыз. Басқа жағдайда, байланыстарда

сол элементтердің өзі жүйеге айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бүкіл дүниені

жүйенің жүйесі ретінде қарауға болады.

Әрбір элемент белгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады. Егер ол болмаса, онда

жүйе де қалыптаса алмайды. Элементтердің өзара байланысы мен іс-әрекеті жүйенің

жаңа – өз элементтерінің қосындыларына тең емес – қасиеттерін тудырады. Мысалы,

суды құрайтын сутегі мен оттегі бөлек-бөлек алсақ – жанғыш. Ал судың элементтері

ретінде біріккен кезде, керісінше, отты сөндіретін қасиетке ие болады.

Қайсыбір жүйе өзіне тән құрылымнан тұрады. Құрылым деп жүйенің элементтерінің

арасындағы тұрақты байланыстары мен қарым-қатынасының жиынтығы айтылады. Ал

тұрақты байланыстар заңдылықтың негізінде жатқан жоқ па? Олай болса, құрылымды

элементтердің заңдылықты байланыстары десек те болады.

Дүниедегі сан қилы жүйелерді ең жалпы түрде екіге бөлуге болады. Оның бірі –

бейорганикалық, яғни өлі табиғаттағы кездесетін жүйелер. Оған мысал ретінде Күн

жүйесін, неше түрлі химиялық қосындыларды, техникалық жүйелерді келтірсек те

жетеді. Олардың ерекшелігі – жүйе оны құрайтын құрамдас бөлшектеріне тәуелді.

Мысалы, Күн жүйесін құрайтын планеталардың біреуі болмағанда, жердің орбитасы

басқа болып, оның бетінде, мүмкін, өмір пайда болмас та еді!

Екінші: органикалық жүйелерді алсақ, олар өзінің өте күрделілігімен, сонымен қатар

біртұтастықтың өзінің құрамдас бөлшектеріне қарағанда басымдылығының арқасында

өмір сүреді. Олар өз-өзін толықтырып, өзіндік даму дәрежесіне дейін көтеріледі. Оған

мысал ретінде қайсыбір тіршілікті алуға болады. Бейорганикалық жүйелердің

бөлшектері (элементтері), салыстырмалы түрде қарағанда, дербес болып, өз-өздігімен

өмір сүре алатын болса, органикалық жүйелердің элементтері жүйеге толығынан

тәуелді, одан сырт қалса, өмір сүре алмайды. Мысалы, адамның бауыры мен бүйрегі

біртұтас организм жүйесінен тыс өмір сүре алмайды, өз өмірін тоқтатады. Тек қана

организм жүйесінің шеңберінде ғана басқа организмнің құрамдас бөліктерімен

қарым-қатынасқа түсіп қана өмір сүреді.




  1. Бүтін және бөлшек.

«Бүтін» және «бөлшек» ұғымдары өзінің мазмұны жағынан «жүйе» және «элементке»

өте жақын. Дегенмен де олардың айырмашылығы да жоқ емес.

Бүтін деп өзінің іштей байланысты құрамдас бөлшектерін бірлікке әкеліп, оларды

анықтайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз.

Бөлшек деп бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына

қабылдайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Бүтін мен бөлшектің жүйе мен

элементтен айырмашылығы – бүтін заттың бірлігін, ерекшелігін көрсетсе, жүйе

бірліктің көптілігі арқылы көрінеді. Бөлшек бүтіннен тыс байланысқа түсіп өмір сүре

алмайды, ал элемент бір жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, сонымен қатар басқа

байланыстарға да түсуі мүмкін.

Бөлшек әрқашанда бүтіннің ерекшелігін көрсетеді, сонымен бірге өзіне тән

ерекшелігін де бойында сақтайды. Ал бүтінге келер болсақ, ол өзінің бөлшектерін

біріктіріп, солар арқылы өз ерекшеліктерін болмысқа әкеледі.

Бүтін мен бөлшектің өзара байланысын зерттеуде екі асыра-сілтеушілік бар. Біріншісі

бүтінді асыра бағалайды, оны холизм (hole – ағылшын сөзі, бүтін) десе, екіншісі

бөлшекті негізгі деп есептейді, оны меризм (mere ағылшын сөзі, қарапайым) деп

атайды.

Мысалы, тірі организмді алсақ, меризм оны механикалық, физикалық, химиялықтың

қосындыларына тең деген пікір айтылады. Холизм жоғарыдағы үшеуімен қатар,

организмнің төртінші, яғни бәрін біріктіріп, оны өмір сүру мен дамуға итермелейтін

«х-факторды» мойындайды. Соңғы – рухани (Аристотельдің сөзімен айтсақ, заттың

энтелехиясы), ол танылмайды.



  1. Мазмұн мен форма.

Мазмұнға зат, я болмаса құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы,

олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады. Форма деп

мазмұнның өмір сүру тәсілін, оның ішкі ұйымдасу тәртібін айтамыз.

Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын алсақ, оның мазмұнына қазақ

халқының сайын даласындағы ХІХ ғ. сан қилы оқиғалар, Абайдың өмір кезеңдері,

оның философиялық толғаулары т.с.с. жатады. Романның формасына келер болсақ,

оған әртүрлі тараулардың бір-бірімен байланысы, автордың стилі, көркем сөзінің

ерекшеліктері т.с.с. жатады. Ол – романның ішкі формасы.

Сонымен қатар роман баспадан оқушыларға арналып, арзан қағазға басылып, жұмсақ

мұқабамен түптелуі мүмкін, ол – оның сыртқы формасы. Ол басқаша да болуы мүмкін:

қымбат ақ қағазға басылып, ішінде суретшінің жасаған құнды түрлі түсті суреттемелері

де болуы мүмкін.

Заттың сыртқы формасы кейбір жағдайда өте мәнді болып келеді. Мысалы, ұшақтың,

сүңгуір қайықтың, автомобильдің т.с.с. сыртқы формасы мақсатқа лайықты болмаса, ол

өз қызметін дұрыс атқара алмас еді. Сондықтан ғалымдар құстың қанатын, балықтың

дене формасын зерттеп, оны осы өндірістерде пайдаланады.

Тарихи форма сипатын философияға енгізген ұлы Аристотель болды. Оның ойынша,

материя, енжар, өзіндік дамуға мүмкіндігі жоқ, езілген саз сияқты. Оны дүниеге

келтіретін, дамытатын – форма ғана.

Материя – формасыз, форма материясыз өмір сүре алмайды.

Жаңа дәуірде материяның ішкі өзіндік күш-қуатын мойындап, оның белсенділігі мен

форманың оған тәуелділігін көрсеткен Ф.Бэкон болған-ды.

Тарихи түрде Гегель алғашқы рет мазмұн санатын философияға енгізіп, оны материя

мен форма арасындағы дәнекер ретінде қарайды.

Маркстік философияда мазмұн мен форма даму үдерісін анықтауда пайдаланылатын

санаттар ретінде қаралады.

Бүгінгі таңдағы нәтижелерге келер болсақ, мазмұн мен форманы бір-бірінен айыруға

болмайды, қайсыбір мазмұн формаланған, форма – мазмұнды; олар қайшылықты

бірлікте, даму үдерісінде бір-біріне өтуі мүмкін; бір-біріне сай келгенде ең тиімді даму

үдерісі жүреді.

Мазмұн мен форманың арақатынасын талдауда бір-біріне қарсы екі пікір бар. Сонау

Аристотельден келе жатқан көзқарас – форманың белсенділігі.

Екінші, негізінен алғанда, маркстік философиядағы көзқарас – мазмұнның

бастаушылығы мен форманың тұрақтылығы. Заттың мазмұны басқалармен өне бойы

байланыста болғаннан кейін өзгеріске ұшырап, белгілі бір кезеңде ескі формаға

сыймай, оны өзгертеді, жаңа пайда болған форма мазмұнның ары қарай дамуына

жағдай туғызады.


  1. Себеп пен салдар. Детерминизм.

Детерминизм (determіno – латын сөзі, анықтаймын) дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтары негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін

зерттейтін ілім болып саналады.

Дүниеде бірде-бір басқа заттармен байланысқа түспеген зат, я болмаса құбылыс жоқ. Ал байланыс дегеніміздің өзі өзара іс-әрекетке

әкелетіні де сөзсіз. Олай болса, затты қоршаған басқа заттар мен

құбылыстар оған өз әсерін тигізіп, оның өмір сүруінің шынайы факторларын құрайды.

Қайсыбір даму үдерісі уақыттың шеңберінде өткеннен кейін,

бір заттың орнына екінші зат келеді: әрбір өмірге келген нәрсенің

өз себептері бар. Дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ, ең ақырғы күннің

сәулесіне шалынған көзге әзер көрінетін шаңның да өзінің себебі бар

Детерминизмге қарсы тұрған бағыт – индетерминизм (іn – қосымша,

лат., теріс мағына береді), яғни болмыстың өз себептілігін мойындамайды. Екінші бағыт (Д.Юм, И.Кант) себептілік тек біздің дүниені

қабылдауымыздың қасиеті ғана, ал шын өмірде ол жоқ деген пікір

айтады. «Себеп пен салдар» – детерминизм санаттарының негізгілеріне жатады. Себеп деп зат, я болмаса құбылыстардың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз. Салдар деп белгілі бір себептердің негізінде пайда болған зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Мысалы, студент пен оқытушының қарым-қатынасының негізінде тек қана студент емес, оқытушы да өзгереді. Микроәлемдегі электрон мен позитронның өзара байланысы екеуінің де жоғалып, екі фотонға айналуына әкеледі.


  1. Мүмкіндік пен шындыќ.

Мүмкіндік пен шындық ұғымдары себептілікті толықтырып, даму барысын терең түсінуге мүмкіндік береді. Кең түрде алғанда, шындыққа бүкіл өмір сүріп жатқан ғажап дүние жатады. Тар мағынада шындық деп кеңістік пен уақыттың шеңберінде өзінің мән-мағынасына толы нақтылы өмір сүретін жеке нысанды айтамыз.

Ал мүмкіндікке келер болсақ, ол – заттың бүгінгі болашағы, оның өзгеруі мен дамуының көрініс табатын кейбір нышандары, алғышарттары.

Бұл санаттарды философияға алғаш енгізген Аристотель болатын (dynamіs – грек сөзі, мүмкіндік, energeіa – шындық; латынша: actus – шындық, potentіa – мүмкіндік). Оның ойынша, қозғалыс пен даму дегеніміз – мүмкіндіктің шындыққа айналуы: ұрық – болашақ адамның мүмкіндігі, жерде жатқан мәрмәр тас – Венера мүсінінің мүмкіндігі, тастың шындығы, кірпіш – саздың шындығы, үйдің мүмкіндігі т.с.с. Аристотельдің ойынша, материя – таза мүмкіндік қана. Оны шындыққа айналдыратын – эйдос, форма ғана. Кейбір кезде ол энтелехия ұғымын пайдаланады.

Ортағасырлық философияда Аристотельдің кіргізген осы ұғымдары оның негізгі санаттарына айналады.

Жаңа дәуірдегі көп ойшылдар шындықтағы себептілікті зерттеуге көп көңіл бөліп, мүмкіндікті теріске шығарып, я болмаса оны кездей- соқтықпен теңеді. Ал Кант оларды тек қана ойға берілген априорлық модальдық санаттар ретінде түсінді.

Гегель мүмкіндік пен шындықты абсолюттік идеяның өз-өзін танудағы белгілі бір сатысындағы туындылары деп қабылдады. Осы тұрғыдан алғанда, мүмкіндік – шындықтың дерексіз сәті ғана, ал соңғы – мән-мағына мен өмір сүрудің, ішкі мен сыртқының бірлігі – нақтылы болмыс.




  1. Ќажеттілік пен кездейсоќтыќ.э

Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажеттілік пен кездейсоқтық өзара диалектикалық байланысының нәтижесінде іске асады. Өйткені дүниеде, бір жағынан қажеттілік, екінші жағынан, кездейсоқтық бар.

Қажеттілік деп зат, я болмаса құбылыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтарын айтамыз. Кездейсоқтыққа келсеқ, ол болуы, я болмауы да, өмірге енуі, я енбеуі де мүмкін.

Сонау көне заманда-ақ ойшылдар дүниедегі қажеттілікті мойын- даған. Мысалы, Демокрит дүниедегі қажеттілікті атомдардың қозға- лысы, бір-бірімен соқтығысуы, байланысынан көреді. Оның ойынша, дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ, олай болса, кездейсоқтық та жоқ. «Тек біз себебін білмеген затты кездейсоқтық деп есептейміз», – дейді ұлы ойшыл. Сондықтан әр нәрсенің себебін білуге ұмтылу қажет. «Мен өзім танылмаған бір нәрсенің себебін білуге бола, парсылардың тағынан да бас тартар едім», – деген Демокрит жөніндегі аңыз осы уақытқа шейін сақталған.

Мұндай көзқарасты Жаңа дәуірдегі ұлы ойшылдар (Б.Спиноза, П.Гольбах т.б.) да қолдаған болатын. Қажеттілікті себептілікпен теңеген ойшылдар заңды түрде кездейсоқтықтан бас тартып, дүниедегінің бәрі де қажетті деп түсінді. Олай болса, дүниеде кездейсоқтық болмаса, тек алдын ала берілген қажеттілік, тәртіп болса, онда еш нәрсені өзгерте алмайсың, тағдырдың тәлкегінің барыне көнуден басқа шара қалмайды деген ой келеді.Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара бай- ланысын терең зерттеген Гегель болды. Қажеттілік заттың өзіндік ішкі себептерінен, оның мән-мағынасынан туындайтын болса, кездейсоқтық сыртқы құбылысынан, басқа заттармен байланысынан пайда болады.Қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара байланысының терең мәні – дүниедегі таза қажеттіліктің жоқтығы. Сондықтан қажеттілік әрқашанда кездейсоқтық арқылы көрінеді. Кездейсоқтықтың өзі бол- мыста терең тамырланған, ол заттың дербестікке, тәуелсіздікке деген «ұмтылысынан» шығады.



  1. Философиядағы материя мен сана ұғымдары.

Негізінен алғанда, сана мен материяның арақатынасын анық- тауда үш бағыт бар. Оның бірі – материализм, екіншісі – идеализм, үшіншісі – реализм.

Материализм бағытының негізгі санаты – материя ұғымы (materіa латынша – зат).

Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында дүниенің негізін нақтылы-сезімдік заттардан көрді (Фалестің суы, Гераклиттің оты т.с.с.). Мұндай көзқарастың көне замандағы шыңы – Демокрит пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүниенің негізінде ары қарай бөлінбейтін, сонымен қатар ары қарай өткізбейтін ұсақ бөлшектер жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формалары әртүрлі болуы мүмкін. Біз дүниетану жолында заттардың бетінде орналасқан дөңгелек формалы ең жеңіл атомдарды қабылдаймыз. Сонымен, рух дегеніміз – қозғалыстағы жеңіл атомдар.

«Ештеңеден ештеңе пайда болмайды», сондықтан атомдар мәңгілік өмір сүреді, олар ешқайда жоғалмайды. Дүниедегінің бәрі қажетті де себепті. Демокрит Құдайды мойындағанмен, ол жер мен көктің екі ортасында өмір сүреді, оның бұл дүниеге қатысы жоқ деген батыл көзқараста болды.Ал енді идеалистік бағытқа келер болсақ, олар өмірдің рухани жағын негізгі деп есептейді. Заттардың субстанциясы (алғашқынегізі) рухани болмыста жатыр. Идеализмнің дүниеге келуінің алғышарттарына адамның өмірлік маңызды мүдделері жатқаны сөзсіз. Сондықтан бұл ағым құндылықтар әлеміне көбірек көңіл бөледі. Егер материализм, негізінен, сыртқы дүниені тануға бағытталған философия болса, идеализм, керісінше, адамның ішкі рухани өміріне көбірек көңіл бөледі. Адам, оның өмірі мен бақыты, үміті мен қайғысы т.с.с. сұрақтар идеалистік философияның негізгі мәселелеріне айналады.Енді реализмге келер болсақ, бұл бағыт Шындықтың екі жағын да толығынан мойындап, я болмаса оларды Болмыстың құндылығы жағынан тең екі жағы ретінде түсінеді. Олай болса, бұл бағыт материа- лизм мен идеализмнің біржақтылығын мойындамайды.Реализм өзінің жалғасын Орта ғасырлардағы схоластика ағымында тапты. Бірақ олар рухани күштің басымдылығын Құдай идеясынан іздеді.



  1. Таным теориясы (эпистеомология). Таным ұғымы.

Платонның таным теориясы адамның жан дүниесінің бұрынғы идеялар әлемінде өмір сүрген кезін анамнезистеуге, еске түсіруіне негізделеді (anamnesіs – грек сөзі, еске түсіру). Оған түрткі болатын адамның сезімдік қабылдауы, өйткені ол заттың ұғымдық мәніне жете алмайды да, адамның ойлау қабілетін оятады. Адамның жан дүниесі идеялар әлемінен шыққаннан кейін мәңгілік, ол ешқашан өлмейді.

Объективті идеализмнің негізгі қағидалары Ортағасыр зама- нында монотеистік (monos – грек сөзі, біреу; theos – құдай) діндердің қалыптасуына зор әсерін тигізді.Өзiнiң таным теориясында Дж.Локк сезiмдiк танымды (сенсуализм) бiлiмнiң қайнар көзiне жатқызады. Сондықтан ол «адаммен туа бiткен идеялар» жөнiндегi ағымдарды сынға алады. «Егер бiз қандай да бір бiлiмнiң пайда болған жолын көрсетсек, онда бiз оның туа бiтпегенiн дәлелдеймiз», – дейдi Дж.Локк. «Туа бiткен бiлiмдi» сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып қойған қоғамдардағы адамдардың психологиясындағы ерекшелiктерге назар аударады.И.Кант өзінің таным теориясында алғаш рет зерденің қайшылығын ашады (антиномиялар). Оның ойынша, сезімдік таным, тәжірибе бізге «заттың өзіндік сырын» ешқашанда аша алмайды. Екінші жағынан, зерденің өзі де сезімдік тәжірибенің сыртына шыға алмайды, ал шыққысы келсе, сол сәтте антиномияларға тап болады. Оның жасаған 4 антиномияның біреуін мысал ретінде келтіруімізге болады. Бірінші тұжырым: Бұл дүниенің алғашқы бастауы бар және ол кеңістікте шек- телген; екінші тұжырым: дүние уақыт пен кеңістікте шектелмеген, ол – шексіз. Осы екі тұжырымды талдай келе, И.Кант екеуіне де жеткілікті дәлелдемелер келтіреді. Сөйтіп, зерде шешілмейтін қайшылықтарға келіп тіреледі. Ал оның негізгі себебін Кант «заттың өзіндік сырының» танылмайтындығынан көріп, шынына келгенде, дүниеде де, танымда да қайшылықтар болмауға тиіс деген ойға келеді



  1. Танымдаєы аќиќат мәселесі.

Практикамен, яғни іс-тәжірибемен тығыз байланысты келесі мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Бірін- шісі – адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі – танымда бейнеленетін шынайы шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байла- ныста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.

Әрине, жалпы түрде алғанда, өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол – адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың бізге тәуелсіз ішкі мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында тиісті түрде бейнеленуін айтамыз.

Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол – шексіз үдеріс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның шынайы, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып, талданады.

Шынайы ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Батыс философиясында прагматистік (pragma – іс, іс-әрекет) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге пайдалы нәтижелерге жетсек, онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», – дейді осы ағымның өкілдері.

Ақиқат мәселесін талдай келе, әрқашанда оның нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде дерексіз, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асу үшін алаңға әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді!» – деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың?» – десе, екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», – деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге дерексіз тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.

Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талда- нып келе жатқан «ақиқат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошд: «Белгілі бір нәрсе туралы қарама-қарсы тұрған екі ақиқатты айту мүмкін емес, ол – біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет», – деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинский керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені ол – Құдайдың аяны деген пікір ұстады.




  1. Танымныѕ «әдістері.

таным әдістемесін талдауға уақыт келген сияқты. Қазіргі

ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда,

ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:

1. Жеке ғылым әдістері.

2. Жалпы дүниетану әдістері.

3. Ең жалпы (жан-жақты) әдістемелер.

Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным үлгілерін жасайды.

Ол – оның пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени

қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с. бар. Физика ғылымына

келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде

қолдануға болмайды, сол сияқты физика әдістері арқылы тілтану

мүмкін емес т.с.с.

Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылымның әрбір

саласында белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады.

Ғылымның эмпириялық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын

жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға

болады. Бақылау жөніндегі ойымызды жоғарыда айтқанбыз. Экспериментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған

қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу

болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты тергеу» дейді. Бүгінгі

таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен

пайдаланылады.

Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге дерексіздендіру,

жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция,

үлгілеу, тарихтық және қисындық, дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу

т.с.с. жатады.


  1. Ғылым философиясы.

Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым – дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерт- теу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты – адам- зат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, қайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұжырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, «Дүние жайында ғылыми сурет» жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған сайын «дүниесурет» те өзгеріске түседі. Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып, дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су арналарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекеттерінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.

  1. Ќўќыќ философиясы.

Құқық философиясы құқықтың мәні,мағынасы мен ұғымы,оның әлемдегі орны,құндылықтары мен маңызы,адам,қоғам және мемлекет өміріндегі және халық пен адамзат тағдырындағы рөлін зерттеумен айналысады.Өзінің саналы жаратылысы бойынша адам белгілі дәрежеде пайымдалған және зерделенген әлемде өмір сүреді әрі әрекет етеді және бұл адам болмысының фундаметалды қасиеттерінің,әлемдегі бағдары мен әрекетінің қатарына жатады.

Құқық философиясының тарихы ертеден басталғанымен,'құқық философиясы терминінің өзі XVIII ғасырдың соңында пайда болды.Бұған дейін ерте заманнан бастап,философиялық-құқықтың сала проблематикасы бастапқыда жалпы тақырыптың бір үзіндісі және қыры ретінде қойылып,ал кейінірек зерттеудің жеке дербес пәні ретінде дамыды.

Бастапқыда құқық философиясы термині заңгерлік ғылымда пайда болды.Оның авторы,құқықтың тарихи мектебінің негізін қалаушы,неміс заңгері Г.Гуго болып табылады.Гугоның пайымдауынша юоиспруденция үш бөліктен тұрады:заңгерлік догматика,құқық философиясы және тарихы.Бұл жағдайда құқық тарихы құқықтың заң шығарушылық нәтижесінде емес,тарихилық нәтижесінде қалыптасуы туралы тұжырымды ұстанады. Құқық философиясы терминінің кең таралуы Гегельдің "құқық философиясымен" байланыстырылады.Гугомен салыстырғанда Гегельдің ойынша құқық философиясы заңгерлік емес,философиялық пән.Оның үстіне философия ғылымын ол тарихи ғылым ретінде қарастырады.Гегель бойынша құқық туралы нағыз ғылым құқық философиясында көрінеді.Құқық философиясы пәнін Гегель былайша сипаттайды:құқық туралы философиялық өзінің пәні ретінде құқық идеясын құқық ұғымы мен оның іске асуын қарастырады.Құқық философиясының мақсаты-құқық негізіне жатқан ойларды игеру.Ал бұл дұрыс ойлау,құқықты философиялық тану арқасында мүмкін болады.Құқық философиясы пәнінің гегельдік түсіндірмесінің алғышарттарына ойлау мен болмыстың,ақылдылық пен нақтылықтың бірегейлігі туралы философиялық идеялары жатады.Философияның,оның ішінде құқық философиясының да мәндеттері осыдан туындайды,-"бар нәрсені игеру,өйткені бар нәрсе-ақыл-ой".



  1. Философиядаєы терістеуді терістеу ұғымы.

Терістеуді терістеу заңы - бұл жаңа әрдайым ескіні жоққа шығарады және оның орнын алады, бірақ бірте-бірте ол жаңадан ескіға айналып, жаңа оны терістейді..Мысалы:

• әлеуметтік-экономикалық формациялардың ауысуыі (тарихи процеске формациялық көзқарас)

• "эстафета поколений";

• мәдениет пен музыкадағы талғамдардың өзгеруі;

• бұл ру эволюциясы (балалар - қазірдің өзінде жаңа деңгейде ішінара ата-аналар);

• күнделікті ескі қан жасушалардың өлуі, жаңаның пайда болуы.

Ескінің түрлерлің жаңамен терістелуі—дамудың себебі мен механизмі. даму - бұл тек прогрессивті үдеріс, төменгі формалардан жоғары деңгейге көшу, яғни даму;
• дамудың өсуі немесе төмендеуі мүмкін;
• даму – хаос түрде, бағыты жоқ.

Терістеу– Гегель диалектикасында нысанның дамуы үдерісінің екінші сатысының сипаттамасы, яғни бір заттың басқа затқа айналу үдерісі, осы үдеріс барысында бірінші заттың өзгеріп, екінші заттың құрамындағы тәуелді элемент күйіне көшуі, оның бастапқы күйге шендесуі.

Терістеу -

нәтижесі операндтың бульдік мөніне қарама-қарсы бульдік мәнге ие бір орынды бульдік операция;



айтылған ойға қарама-қарсы ой, яғни айтылған ойды теріске шығару.

  1. Философиядаєы ќайшылыќ ўєымы.

ҚАЙШЫЛЫҚ – 1) диалектиканың басты категориясы ретінде – өзара бірлік және өзара сіңісу ахуалында тұрған нысан немесе жүйенің бірін-бірі жоққа шығаратын, бір-біріне қарама-қарсы келетін жақтарының өзара әрекеттесуі. Қайшылық жалпыға бірдей сипатта, табиғатта да, ойлау жүйесінде де, санада да кездеседі. Белгілі бір мағынада қайшылық қарама-қарсылықтардың бір-бірін жоққа шығаруы (күресі) мен бірлігін, тұтастығын білдіреді. Болмыстың Қайшылыққа құрылғандығын алғаш байқаған грек ойшылы Гераклит дүниені үздіксіз қалыптасу деп қарағандықтан, оның әрбір кезеңін, қалпын екі жақта көрді: дүниенің негізі – от, ол бірде жанып, бірде өшіп тұрады. Оның пікірінше табиғат, бүкіл ғарыш – ұдайы өзгеріп, дамып отырады. Дүниедегі әрбір зат (құбылыс, қасиет) өзгеру арқылы өзінің қарама-қарсылығына айналады. Қайшылықты қозғалыстың табиғатын тұңғыш ашқан – Элей мектебінің көрнекті өкілі Зенон. Ол қозғалыстың Қайшылықтар арқылы жүзеге асатынын көрсете білді. Оның апорьялары қозғалысты түсінуде сезім мүшелерінің көрсеткіштері жеткіліксіз екендігін, негізгі мақсат – қозғалысты теория жүзінде бейнелеу болып табылатынын және бұл мақсатқа жету жолы қиын екендігін дәлелдеді. Бұл бағыттағылар болмыс өзгермейді, ал қозғалыс жоқ, оның үстіне Қайшылық та болуға тиіс емес, Қайшылықты ой – қателікке ұшыраған ой деген көзқараста болды. Жаңа дәуірдің 17 – 18 ғ-лардағы эмпирикалық философияның өкілдері (ағылшын философтары: Ф.Бэкон, Дж.Локк, Д.Юм) Қайшылықтың болмыста бар екендігін теріске шығарған, оларды арнайы зерттемеген. Ал егер адам ойында Қайшылықтар туындаса, оны ойдың кемістігі деп санаған. Неміс философы И.Кант таным барысындағы, пайым мен зерденің ішкі Қайшылықтарына көп көңіл бөлді. Оның антиномиялары (антиномия екеуі бірдей қисынды түрде дәлелдене алатын екі пайым арасындағы қайшылық) Зенонның апорияларына ұқсас. Кант бір жағынан, антиномиялардың пайда болуын қажетті де заңды құбылыс деп есептейді және олардың пайда болуына санадан тыс жатқан дүниенің, “өзіндік заттың” әсері болатынын көрсетеді. Екінші жағынан, ол антиномиялардың пайда болуы танымның өзіндік затты тануға орынсыз ұмтылуынан орын алады деп санап, егер таным осы ниетінен бас тартса, онда ол ешқандай Қайшылыққа тап болмайды деген қорытындыға келеді. Кант бұл арада Қайшылықты субъективтік құбылыс, тек ойлауға ғана тән нәрсе ретінде көрсетпек болады. Кант ашқан антиномиялар танымның, ойлаудың Қайшылыққа толы табиғатын түсіндіруге, олардың диалектикасын ашуға көмектесті. Қайшылық өз алдына жеке ойлау түрі ретінде Неміс философы Гегельдің субъектерінде зерттелді. Ол Қайшылықтың диалектік түсінігін бірінші болып қалыптастырды. Қайшылықсыз ештеме жоқ, болуы да мүмкін еместігін дәлелдеп: “Заттардың бәрі өз ішінде қайшылықты келеді, “қайшылық – заттардың ақиқаты мен мәнін білдіреді”, – деді. Оның пікірінше, Қайшылық – заттардың өзіне тән қарама-қарсы қасиеттердің, үрдістердің, анықтамалардың бірлігі мен күресі.


  1. Ќазаќстан ќоғамына формациялыќ жјне цивилизациялыќ тұрғыдан көзќарас.

Қазақстан қоғамына формациялық және цивилизациялық тұрғыдан қандай баға беруге болар екен деген сұрақ туады. Егерде біз формациялық тұрғыдан талдау жасасақ, онда социализмнің пісіп-жетілмеген ерте түрінен буржуазиялық-демократиялық сатыға қайта оралғанымызды байқаймыз. Оның себебін анықтау жолында ХХ ғ. бас жағына қайта оралуға тура келеді.

Өйткен себебі, патшалық Ресей осы кезде бұрынғы-соңды оның тарихындағы болмаған терең де жүйелі дағдарысқа тап болғанын байқаймыз. Ұлттық буржуазия табы әлсіз, сонымен қатар билікпен өте тығыз байланыста болғаннан кейін, олар Заман Талабына (ол елдегі феодалдық қатынастарды түбірінен жойып, буржуазиялық-демократиялық жолға түсу қажеттігі болатын) тиісті Жауап берудің орнына “кіші-гірім жеңісті соғыс арқылы” ішкі қайшылықтарды шешкілері келді. Бұл жолда олар ең алдымен орыс-жапон соғысында өздерінің алып денесі болса да аяқтарының саз екенін көрсетті, өйткені, бір ғана айдың ішінде жапондықтар Ресейдің бүкіл теңіз флотын суға батырып, құртып жіберді. Соңынан Бірінші Дүниежүзілік соғыста екінші рет соққы алып, қайшылықтың өте өрбуінің себебінде большевиктер өкімет басына келген болатын. Көп жылдарға созылған дағдарыстан ашынған ауыр жағдайдағы халықтың көңіл-күйін пайдаланып, большевиктер социалистік бет-бұрыс арқылы барлық мәселелерді шешуге ұмтылды. В.И.Ленин оны марксизмге еңгізілген шығармашылық жаңалық ретінде есептеді.

Қалай дегенде де, большевиктер бүкіл ұлттық байлықты мемлекеттің қолына өткізіп, барлық табиғи және адами ресурстарды “жаңа қоғамды орнатуға” жұмсады. Бұл ауыр да тайғақ жолда миллиондаған адамдарды құрбан етіп, олар Заман талабына өзінше жауап берді, яғни елді индустриялап, халықтың сауатын ашты.

Бұл төңкерісте әсіресе орны толмас апатқа ұшыраған қазақ халқы болды. Оны “жаңа өмірге” большевиктер бүкіл малын тартып алып, зорлап жерге отырғызудан бастады. Малынан айырылған халықтың жартысына жуығы геноцидке ұшырап, тіпті кейбір ауылдарда өлгендерді жерлейтін адамдар да қалмады. Егер осы апаттан халық аман қалғанда, бүгін Қазақ елінде 20 млн. артық қазақтар өмір сүретін еді (басқа халықтардың өкілдерін есептемегеннің өзінде). Сонымен, бүгінгі демографиялық мәселелердің түп-тамырын сол өткен ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы жылдардың басында жатқанын байқаймыз.

Бұл тарихи кезекті жаңарудың, әрине, оң жақтары да болды, оны ешбір адам терістей алмайтын болар. Ол Совет елінің қуатты индустриалдық елге айналуы, көп қалалар мен ауыл кешендерінің пайда болуы, бүкіл халықтың сауатының ашылуы, жоғарғы білім беретін мекемелер, театр, консерватория, кітапханалардың пайда болуы т.с.с.

Алайда, тарихи уақыты әлі келмеген, жасанды түрде зорлық-зомбылық арқылы орнатылған бұл қоғам ХХ ғ. 70-ші жылдарынан бастап ақ үлкен дағдарысқа ұшырады. Оның жағдайын түсінікті болу үшін былайша салыстыруға болады. Егер сіз көктемде екі жас алма ағашын – біреуін құнарлы жерге, екіншісін – сортаңға отырғызсаңыз – бір-екі жылдың ішінде бірінші ағаш тез қарқынмен өсіп жемісін бере бастайды, ал екінші ағаш бірінші жылы сарғайған жапырақтарын шығарып күзге шейін тұрады да, келесі көктемде өмірден кетеді. Міне, жасанды түрде артта қалған мемлекетте тарихи кезекті сатыларды аттап өтіп зорлық арқылы орнатылған социалистік қоғам сортаңға егілген ағаш сияқты өмірден кетті. Біз бүгін уақытында большевиктердің аттап өткен сатысына қайта оралып буржуазиялық-демократиялық жолмен жетіліп келе жатырмыз.

Енді бүгінгі күрделі өзгерістегі Қазақстан қоғамын цивилизациялық жолмен талдасақ, онда біз қазіргі постиндустриалдық елдердің қолы жеткен өндіргіш күштерінен анағұрлым артта қалғанымызды байқаймыз. Сондықтан, негізгі мақсат – дамыған елдердегі жаңа экономикалық жағынан тиімді, экологиялық таза технологияларды игеріп қана қоймай, жағалай ортамызға сай келетін өз технологияларымызды жасау болмақ. Біз кедей елдердің қатарында болғаннан кейін, ол үшін шет елдерден инвестицияларды (қаражат) тартып және жеке меншіктің негізінде қорланған ұлттық капиталды тиімді пайдалануымыз қажет. Сонымен қатар, әрине, біз бүкіл дүниежүзілік қарым-қатынастарға толыққанды дербес мемлекет ретінде кіру жолымызда өзіміздің төл мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымызды жойып алмауға тырысуымыз керек.

Осы ауыр да жауапты жолда біздің жас мемлекетіміз біршама ауқымды істерді жасап та үлгірді. Үлкен жетістіктердің бірі – экономиканы нарықтық жолға қою. Мыңдаған жылдардағы даму үрдісінде адамзат нарықтық экономикадан басқа тиімді жолды таба алмады. Бұрынғы Совет елінде жасалған жоспарлы экономика нарыққа қарағанда өзінің әлсіздігі мен тиімсіздігін ашық көрсетті. Енді, міне, бүгінгі таңда жер бетіндегі басқа мемлекеттер Қазақ елін нарықты мемлекет ретінде мойындап отыр. Тоталитарлық жоспарлы экономикадан үзілді-кесілді бас тарту, мемлекеттік меншікті жекешелендіру - біршама қателіктермен жүргізілсе де,- белсенді топтарды тудырып, аударылып жатқан экономиканы аяғына тұрғызды. Кіші және орта іскерлікті дамыту саясаты миллиондаған адамдарды жаңа ақуалға тартып, олардың өмірге деген белсенді талпынысын тудыруда. Нәтижесінде, соңғы жылдары халықтың әл-ауқаты жоғарылап, елдің жарқын болашағына деген сенім қарапайым халықтың жүрегінде ұялады.



  1. Философиядаєы рух ұғымы.

Қоғамның рухани саласы — ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда, байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ оның бар екеніне ешкім күмәнданбайды. Егер «рух» деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек тілінде ол «пневма» яғни ауа, тыныс, үрлеу деген сөздерге жақын, латын тіліндегі «спиритус» — көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағына береді, ал орыстың «дух» деген сөзінің төркіні «дуновение», «дыхание» деген сөздерге жақын.

Дүниеге философиялық көзқарас келген кезде, Платон «Эйдостар (идеялар) әлемі» жөніндегі ілімін ұсынады. Бұл әлем материалды емес, мәңгілік, жетілген, өзгермейді. Ал бізді қоршаған материалдық дүние — аспандагы идеялардың көлеңкесі ғана, ол өтпелі, кемеліне толығынан келмейді, дүниеге келіп, біршама уақыт өткенде, кетеді. Осыған сәйкес, адамның материалдық денесі өне бойы өзгерісте болып, ақырында өледі, бірақ оның жан дүниесі идеялар әлемінен шыққаннан кейін, сол адамның денесінің ұғымы, мән-мағынасы ретінде өлместікке ие болады.

Еуропа топырағына христиан діні тарасымен-ақ, бұл мәселе жаңа шешімдерге ие болады. «Христиан дінінің атасы» аталған Филон Александрийский Платонның «дене — жан» ұғымдарына үшінші — Құдайдан шығатын «рухты» қосады. Енді адамның үш өлшемі болып шықты. Дене ретінде адам өмірге уақытша келіп-кетсе, рух ретінде Құдайға қосылуға құмартады, ал екі ортада абыржыған жан бар. Егер ол рухпен бірге болса, өлместік дәрежесіне көтеріледі, ал денеге жабысса, сонымен бірге құриды. Олай болса, адам өз-өзіне терең үңіліп, рухтың талаптарына сәйкес өмір сүруі керек.

Ұлы А. Августин адамның рух екенін мойындап, онда өмірде зұлымдық неге бар, оның себебі неде деген сұрақ қояды. Егер Құдай еш мінсіз, құдіретті болған болса, оның жаратқан Дүниесі де еш мінсіз, керемет, ғажап. Олай болса, кінә адамның өзінде. Ол аспан құндылықтарының орнына жердегі өтпеліні таңдады. Сондықтан өмірге зұлымдық келді.

Егер көне заманның ойшылы Сократ зұлымдық адамның надандығында, білетін адам зұлымдық жасамайды деген пікірде болса, Августин: «Ақыл — біледі, ырық — таңдайды, соңғы шешім адам ырқында, мен оның жаман екенін білемін, бірақ, мен соған қарай ынталанамын, ақырында оны жасаймын, күнәға батамын», -деген пікір ұстайды. Олай болса, зұлымдықтың түп-тамыры адамның өзімшілдігі, тәкаппарлығы мен өркөкіректігінде. «Тек қана Құдайды, оның жаратқан Дүниесін барлық жан-тәніңмен сүйген кезде ғана жан-дүниеңді құтқарып, мәңгілікке ие боласың», — дейді ұлы ойшыл.

Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласағұн да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады. «Құдайға жан-тәніңмен сену, ізгілік, ар-ұжданның талабынан шықпау, әділеттілік — адам рухын мәңгілікке әкеледі», — дейді ұлы ойшыл.

Қайта өрлеу заманынан бастап рух жөніндегі діни көзқарастан ауытқу басталады. Оған ерекше үлес қосқан Л.Валла болды. Ол: «Кісі адамның рухы ғана емес, денесі де әсем. Құдайдың жаратқан бәрі де бір-біріне үндесіп жатқан ғажап Дүниесінде бірде-бір нәрсе өзінің құндылығын жоймайды, соның ішінде адамның денесі де», -деген ой тастайды. Құдайды сүю рухтың ең биік таңдауы болғанымен, сезімдік дене ләззатынан да адам қашпауы керек. Міне, бұл бүгінгі таңдағы Еуропа елдеріндегі материалдық тәндік-сезімдік өмір бағытының жасалған бастамасы еді.


  1. Философиядаєы ќўндылыќтар ұғымы.

"Құндылық" ұғымы ғылыми дереккөздерде философия, әлеуметтану, психология ғылымдарындағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Құндылық - бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қымбаттығы. Ол қашанда объективті болмысты және субъективті бағалауды білдіреді. Философияда аталған ұғым қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам және қоғам үшін қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін түсіндіру үшін қолданылады. "Құндылық" философиялық белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кеңінен қолданылатын термин.

Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өз бастауын ежелгі гректерден алады. Құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттейтін аксиология ілімі ХІХ ғ.аяғы мен ХХ ғ.басында философияның жалпы "құндылық мәселесіне" қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді және солай бағаланды деп айтуға болады. Ал философиялық лексикада "құндылық" түсінігі 60-жылдары енгізілген. ХІХ ғасырда өмір сүрген неміс философы Р.Г.Лотце "Практикалық философияның негіздері" атты еңбегінде "құндылық" түсінігін субъектінің "маңыздылығы" ретінде алғаш қарастырғандардың бірі болды. Дей тұрғанмен оған дейін И.Кант өз еңбегінде: "Құндылық - ерік-жігерге бағытталған талап, адамның алдында тұрған мақсаты мен тұлғаға әр түрлі факторлардың маңыздылығы",-деп қарастырған. Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған ХІХ ғасырдағы неміс философы Ф.Ницшенің атақты "Билікке деген ерік" атты трактатында құндылықтарды қайта бағалау қажеттігін афористік тұрғыда негіздегеннен кейін кеңінен қолданысқа түсті. Осылайша ол батыс еуропалық философияның негізгі тақырыптарының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады деп айтуға болады.

Құндылықтардың көптеген жүйесі мен жіктеу түрлері бар. Әрбір тарихи нақты құрылым өзіне тән құндылықтар жиынтығымен ерекшеленеді. Осыған сәйкес олардың мән-мазмұны, ауқымы, өзгешелігі әрқилы болып келеді.

Қорыта айтқанда, құндылықтар тарихи дамып, заман талабына сай өзгеріп отырады. Құндылықтың басты белгісі оның бойында адамға игі ықпал ететін қасиеттердің болуымен сипатталады.



  1. Моральдыќ философия.

Мораль - қоғамдық сананың өте көне формасы, ол қоғамдық қарым-қатынастармен бірге туындап, өсіп, өрбіп отырған. Адамдардың бір-бірімен, әлеуметтік топтармен, қоғамның барлық жүйелерімен қарым-қатынасын реттейтін ұстанымдар мен іс-қимылдардың, нормалардың жүйесі. Моральдық нормалар адамдардың арасындағы қарым-қатынасты Ізгілік пен Зұлымдық тұрғысынан бағалауға сүйенген.

Адамдар іс-әрекетін мынау жақсы немесе жаман деп бағалаған. Алғашқы қауымдастықтарда адамдар өз арасындағы мәселелерді адамгершілік негізіне сүйеніп шешіп отырған. Рудың ертеден бері қалыптасып қалған әдет ғұрыптары қоғам мүшелерінің еркіне сай келгендіктен, олардың қажетін өтейтін болғандықтан, әдет-ғұрыптарды мүлтіксіз орындау әркімнің үйреншікті дағдысына айналған.

Мораль барлық азаматтардың мүддесін, арман-тілегін, еркін білдіреді, қоғам мен адам мүдделерінің дұрыс ара-қатынасын бейнелейді, жеке адамның мүддесін жоғары қойып отырады: кез келген азаматқа оның ұлтына, байлығына қарамастан басқа адамдармен тең екендігін көрсетеді; іс-әрекетті бағалау үшін бірдей өлшем ұсынады.

Олар көпшіліктің үлгі-өнегесі, әдет-ғұрып, қоғамдық пікірдің ықпалы арқылы нығая түседі. Сондықтан мораль талаптары жеке біреудің жарлығымен тағайындалмайды, ол адамдардың барлығы орындауға тиісті мінез-құлық формасы болып табылады. Моральдық сананың мәнін терең түсіну үшін оны құқықтық санамен салыстырып көрейік.

Мораль мен құқықтың бір-бірінен айырмашылығы мынада:

1. қалыптасуы жағынан: мораль қоғамның пайда болуымен бірге қалыптасады, ал құқық мемлекетпен бірге туындайды.

2. айтылу түрі жағынан: мораль қоғамдық сананың түрі ретінде адамдардың іс-әрекетінде тікелей өмір сүреді, ал құқық арнайы нормативті актілерде көрініс табады;

3. әрекет ету аясы тұрғысынан мораль барлық қоғамдық қарым-қатынасты реттей алады, ал құқық тек іргелі, өзінің шамасы келетін қатынастарды ғана қамти алады.

4. әрекет ету мерзімі жағынан: моральдық нормалар оларды түсіне бастаған уақыттан бастап іске қосыла береді, ал құқықтық нормалар арнайы белгіленген уақыттан бастап қана әрекет ете алады.

5. іске асыру тәсілі жағынан: моральдық нормалар қоғамдық ықпал арқылы іске асырылады, ал құқықтық нормалар мемлекеттің араласуын қажет етеді.

6. бағалау өлшемі тұрғысынан: моральдық нормалар қоғамдық қарым-қатынасты ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан реттейтін болса, ал құқықтық нормалар заңды, заңсыздық тұрғысынан реттейді.


  1. Философиядағы адам мәселесі. Антропология.

Адам мәселесі. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ..

Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып

жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. Адамды азаптан құтқарудың бұл жолы дұрыс па бұрыс па оны мәселе қылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам мәселесін ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей соған арнағаны жайында болып отыр.

Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек , ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций: «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама»-деп, қорытты.

Ежелгі грек философияның құрушылардың бірі — Демокрит. Демокрит бойынша, адам — табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да өледі. Оның айтуынша өмірдің мақсаты – бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес.

Адам мәселесіне Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Аристотель концепсиясында адам қоғамдық , мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Оның пікірінше, адам – ақылға ие қоғамдық жануар. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның «алтын аралық» деп аталатын моралдық доктринасы адамның жандүниеснің сырын ашуға негізделген.


  1. Адам ұғымы.

Адам – ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені оның денесі

болса да, ол ең алдымен – рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның

басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы – ол шексіздікке кетеді.

Сондықтан ғасырлар бойы қайсыбір дін «адамды Құдай жаратты» деген

қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.

Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі – адам

мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыстанушылар да «антроптық принципті» қолдап

отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы жарылыстың» негізінде пайда

болған дүние – ғарыш әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар

тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды

тудырады екен.

Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген

сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны –

«Homo Sapіens» – саналы адам, яғни ол – рухани пенде. Адам өз алдына

неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады.

Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан алуан саналы

қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы

мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар



  1. Адамның биологиялыќ және әлеуметтік табиғаты.

Адам – қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан, денесі, екінші

жағынан, санасы, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену, ұрпақ жалғастыру т.с.с.

қажет. Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын

іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер жануарды

оның түйсіктері итермелесе, адам өз түйсіктерін әлеуметтік нормаларға

бағындырады, ол – өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те,

адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әртүрлі шешіледі.

Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте

биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да

төмен қояды.Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы

тұрған биологиялық және әлеуметтік редукционизмді келтіруге

болар еді.Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері

асыра бағаланып, олар оның ішкі мән-мағынасын анықтайды деген

пікір қалыптасқан. Оған нәсілшілдік, ломброзиандық, әлеуметтікдарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады.

Нәсілшілдікке келер болсақ, оның тарихи пайда болған ең біріншісі – ақ түсті адамдарды асыра бағалап, қалғандардың бәрін – артта

қалған, табиғи дарындары мен қабілеттері төмен деп түсінеді.




  1. Адам өмірінің мағынасы және өлім мәселесі.

Адам өмірінің мән-мағынасы – ғасырлар бойы талданып келе

жатқан мәселе. Өмір өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай

рет көтерілетіні сөзсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған «мәңгілік»

сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой:

«Адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай, күресіп жатқандай», – дейді. Бір «мен»: «Мен ғана нағыз өмір

сүріп жатырмын, қалғандардың бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана,

сондықтан бүкіл дүниенің мән-мағынасы маған деген жақсылықтың

болуында», – дейді. Екінші «мен»: «Бүкіл дүние саған емес, өз

мақсаттарына қызмет етеді, сондықтан бұл өмірде саған жақсы ма,

әлде жаман ба, ол оны білгісі де келмейді», – дейді. Бұл өмір сүруге

қорқыныш сезімін әкеледі», – деп қорытады ұлы ойшыл. Әрине,

адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Бірқатар

жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, түйсіктер, ішкі көкейкөз арқылы

бір нәрселерді (жақсы, я жаман болсын) жасауымыз ғажап емес. Өмірдің өліммен аяқталатынын әрбір адам біледі. Бұл дүниеге

келгеннен кейін уақыты келгенде кету керек. Ол бізге тәуелді емес,

қолымызда тұрған жоқ, ол – табиғи заңдылық. Адамзаттың мыңдаған

жылға созылған өмір тәжірибесі бірде-бір өлген адамның тіріліп, өмірге

қайта келгенін көрсеткен жоқ.Әсіресе жақын адамдардың бұл дүниеден кетуі біздің жандүниемізде ауыр жаралар қалдырады. Енді біз оларды ешқашанда

көре алмай, іштегі сырымызды айтып, бірге қуанып, сонымен бірге

қайғы-қасіретімізді бөлісе алмаймыз. Бары де өткен шақтың қойнауына

кетті. Сол сәтте біз өзімізді де сондай тағдыр күтіп тұрғанын үрейлене

аңғарамыз. Сонымен қатар біз ақыл-ой таразысына «мәңгілік өмір сүру»

мәселесін салсақ, онда оны адамға берілген ең ауыр жаза екенін

байқауға болар еді. Өйткені егер адам шексіз өмір сүре берсе, онда

оның еш мән-мағынасы болмай қалады. Шексіз өмір жөніндегі ой өрісі

бүгінгі күннің ашынған өзекті мәселелеріне немқұрайды қарауды тудырып, қоғам өмірі мелшиіп, бір орнында тұрып қалар еді. Әр адам өлімді адамның жүрегі мен тынысы тоқтап, санасының

өшуімен теңейді. Дегенмен де адамның кейбір жақтары әлі де болса

талай күндер тіршілік жасайды. Мысалы, адамның сақал-мұрты,

шашы, тырнақтары дене толығынан шіріп біткенше өсе береді… Егер

адамның жүрек қысымы өсіп, оның миына қан құйылса, ол ешкімді

танымай, өзіндік санадан айырылғанмен, талай айлар төсек тартып, тірі

болып қала беруі мүмкін. Бірақ ол тұлғалық қасиеттерден толығынан

айырылды. Кейбіреулер ондай адамға «тірі өлік» деген ат беред


  1. Жаћандану ұғымы.

Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылымитехникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол – біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен

жүріп жатқан үдеріс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып

келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңізге және үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде

Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Түркиядан

әкелген туфли, астыңызда Германия немесе Америкадан шыққан жеңіл

мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан

шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған

кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген

тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге

мұнай бен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі түсті металдар мен

таскөмірді және басқаларын жіберіп жатырмыз.


  1. Жаћандану және демография.

Жахандан әсер еткен жағдай бірі – демографиялық мәселелер, яғни жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдықта жер бетіндегі халықтың саны 15 есе өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі – 700

жылда, соңғысы 40 жылда (егер 1956 ж. жер бетінде 2,8 млрд халық

өмір сүрсе, 2004 ж. – 6,3 млрд.) болған. Әрине, бұл деректер үлкен

ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10-ы дамушы елдерге жатады. Сонымен қатар дамыған елдердегі халықтың құрылымын алар болсақ, онда

кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір ұзақтығына байланысты),

сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан ол елдерде

578

халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мәселеге айналуда.



Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үндістан халқының

саны қытайлықтардан да гөрі артып, ал Африкада халықтың саны

1,5 млрд-қа дейін жетуі мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі

елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, ауыл шаруашылығы

өнімділігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру саласы –

бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ахуал бұрыннан келе

жатқан өмір салтын ұстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байланысты екені айдан анық. Сондықтан бұл үдеріс таяу арада бәсеңдейді

деу артығырақ болар. Дегенмен де Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шамасында жүргізілген демография-лық саясат өз күшін көрсетті. Ертелікеш басқа елдер де сондай саясатқа көшуі мүмкін.



  1. Жаћандану және экология.

Жаханданудағы үлкен мәселе бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір

бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық

апатқа әкелу мүмкіндігі. Табиғат пен қоғамның арасындағы ахуал әсіресе ХХ ғ. күрт өзгере

бастады. Оның ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін

өндірісте кеңінен қолданып, соның негізінде қоғамдық-материалдық

байлықты өсіріп, адамдарға жақсы жағдай жасау әрекетінен шығатыны

сөзсіз. Бір жағынан, адам өз шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелілігін

күрт өсірді, оның тұрмысы жақсарды, орташа өмір ұзақтығы да

біршама өсті. Екінші жағынан, тек өз қамын ойлау, табиғатты тек қана

белгілі бір ресурс, шикізат ретінде пайдалану өзінің теріс салдарларын

өмірге әкелмей қоймады. Табиғаттың жүйелі ұйымдасқанын ескермей,

оның кейбір элементтерін өзгерту айнала қоршаған ортаның сапасын төмендете береді. Өзінің мақсаттарын іске асырудағы қоғамның

алғашқы жоспарлары мен нақтылы өмірдегі өзгерістердің салдарлары жер мен көктей болып, үлкен қайшылықтарға әкеледі. Адам өз

шаруашылық іс-әрекетінің алыс болашақтағы салдарларын (көбіне

теріс) көп жағдайларда ескере алмайды. Тек бірнеше ғана мысал

келтірейік. Соңғы 100 жылда ауадағы көмірқышқыл газдың үлесі 20%-

ға дейін өсті, теледидар мен радионың дамуы жер бетіндегі метрлік

толқындағы радиосәулелерді 1 млн. есе өсіріп, Күндегі радиосәулелермен теңестірді. Қоршаған ортада миллиондаған тонна улы заттар айналымда. Тек қана 1 тонна мұнай теңізге төгілгенде 12 шаршы

шақырым кеңістікті жауып кетіп, оның астындағы тіршілікті құртады

екен


  1. Жаћандану және ќауіпсіздік.

Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарағының жетілуі

және халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр.

Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда

Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды.

Бірқатар елдер (Иран, Солтүстік Корея) ядролық технологияны меңгеру

үстінде. Әңгіменің қиындығы – бұл қосылған жаңа елдер халықаралық

шиеленістер аймағында орналасқан. 2001 ж. Үндістан мен Пәкістан

арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің

«ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік

қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл мәселені шешудің негізгі

жолы – барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық

571


жасамай) халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру

болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға

қойылуы керек. Өкінішке қарай, ядролық мемлекеттердің «өзімшіл

пиғылы» бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда

бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіне төнген

«ядролық дамокл қылышы» сол үрейінде тұра бермек. соңғы кезде ғалымдар жаһандану үдерісінің негізгі

мәселелері ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда. Өйткені

бүгінгі таңда адамзаттың қоршаған ортаны түбегейлі өзгертуі және

адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты

анықтап отыр. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан

қан кету, ЖИТС, қатерлі ісік т.с.с. «цивилизация ауруларын» келтіруге

болады. Егерде дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты көп ішу,

жүріп-тұрудың (қозғалыстың) аздығы, шылым шегу, тәндік-сезімдік

өмір бағытын ұстаудағы жолда байлықты өсіремін деп жүйкені тоздыру смяқты себептерден болса, дамып келе жатқан елдерде қоршаған

ортаның ластануы, баспана қиындығы, ішетін ауызсу сапасының

төмендігі, туберкулез, трахома, малярия т.с.с. «әлеуметтік ауруларды»

тудырады. Жаһандану үдерісі миллиондаған адамдардың бір елден

екіншіге, бір континенттен келесіге көшіп-қонуына әкеліп жатыр.

Сондықтан жұқпалы аурулар бүкіл әлемге кеңінен тарап, адамзаттың

үрейін туғызуда…



  1. Жаћандану әјне єылым.

Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылымитехникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол – біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үдеріс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңізге және үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Түркиядан әкелген туфли, астыңызда Германия немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге мұнай бен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі түсті металдар мен таскөмірді және басқаларын жіберіп жатырмыз. Ал жаханданудың ғылым мәселесінің бірі - Халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру

мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де

«функционалдық надандықта» болуы мүмкін. Яғни ол компьютерлік

технологияларды меңгеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім

беру мәселесі де жаһандану үдерісінің негізгі қиындықтарының біріне

айналып отыр. Екінші жағынан, надандықтың демографиялық мәселені

шешуге де кедергі тудыратыны белгілі. Дүниежүзілік тәжірибе «отбасын жоспарлау» тек сауатты, салауатты да білімі жоғары елдерде ғана

іске асатынын көрсетеді.



  1. Ќазаќ философиясының ерекшеліктері.

Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған. Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ: Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді. Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар. Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді. Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады. Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады; Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді.

  1. Ќазаќ мифологиясы.

Қазақ мифологиясы — Ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жаратылуы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының «әлемдік жұмыртқадан» шығуы жайындағы көне үнділік мифті, болмаса жер жүзін топан су басуы туралы мифті келтіруге болады. Алғашқы мифтер өте бағзы замандарда пайда болған, содан әрбір жаңа мыңжылдық сайын қарапайымнан күрделіге қарай сатылап даму дәуірлерін өткерген. Мифтер – адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Ертедегі адамның санасы мифологиялық сипатта болған. Сол замандарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін абыздар мифтерді пайдаланған, мифтік бейнелер арқылы жаратылыстың сырлары мен шығу тегін ұғуға тырысқан. Қазақтар жақсылық істерді басқаратындарын аруақ, періште, перизат т. б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ т. б. деп атайды. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады. Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек «бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің «Ойсыл қара», сиырдың «Зеңгі баба», жылқының «Қамбар ата», ешкінің «Шекшек ата» деген «иелері» бар деп есептейді. Бұл аталған есімдердің барлығы – бір кездері данышпан, әулиелігімен есімі елге жайылған тұлғалар. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). "Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады. Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жындардың, албастылардың, шайтандар мен басқа да мифологиялық мақұлықтардың пайда болу туралы мынадай әңгімелер айтылады. Адам ата мен Хауа ананың арасында адамның кімнен жаратылғандығы жөнінде талас туады: Хауа ана «менен» десе, Адам ата «жоқ, менен» дейді. Қайсысының сөзі рас болып шығатынына көздерін жеткізу үшін екеуі ұрықтарын бөлек-бөлек жинайды. Адам ата ұрығын құмыраға сақтайды, Хауа ана мақтаға орап қояды. Белгілі бір уақыт өткен соң қараса, құмыра ішінде адам пайда болған екен, мақтаның ішінде де бірдеңе жыбырлайды. Бірақ ол адам емес, дию, жын, пері болып шығады. Албасты, жын-шайтанның әйелге үйір келетіні де осыдан дейді.

Адам өлгеннен кейін аруаққа, тәнсіз рухқа, Құдайдың қызметшісіне, оның әмірін орындаушыға, жердегі тірлігіндегі өзімен туыстас ру мен тайпаның желеп-жебеушісіне айналады. Аруақ деп о дүниеге ерте кеткен туыс, бабаларды айтады. Қасиет тұтылатын аруақтар – атақты адамдардың, данагөйлердің, билер мен батырлардың аруақтары. Сонымен бірге әрбір адамның өзінің қолдаушы аруағы болады деп есептеледі, ал, кейде олар бірнешеу болады.



  1. Орта ғасырдаєы отандыќ философия.

Орта ғасырдағы отандық философияның айқын жұлдызы -Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» аталған дана бабамыз Әл- Фараби. Біз оның шығармашылық жолын «араб философиясына арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткені ол түріктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар Орта ғасырларда басқа да көрнекті тұлғалар өмір сүріп, өздерінінің тамаша ойларын халыққа сыйлаған.

Орта ғасырлардағы отандық философияның бастауын ғалымдар VIII ғ. өмір сүрген Қорқыт атаның шығармашылык жолына апарып тірейді жэне ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қоркыт — VIII ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, қобызшы, аңыз кейіпксрі, «Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық тарихи мұра. Оның ішінде 12 түрлі дастан бар және оның әрқайсысы — өзінше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың түп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған мифологияяға кетеді, сондықтан олардың құндылығы да, міне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөніндегі аңызда әйелінің кеңесі бойынша, хан қарапайым халыққа садақа үлестіріп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңірден бала тілеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып- жыққаны үшін, Бұқаш аталып кетеді. Мұндай желіс қазақ дастандарында көп кездеседі. Батырлар «әулиеге ат атап, қорасанға қой атап» ата-бабалар қабіріне түнеп, көп тілектерден кейін барып туады. Осылайша өмірге келген балалар өсе келе, ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады (Ертөстік, Алпамыс, Қобыланды т.с.с).

Орта ғасырлардағы отандық философияда ерекше орын алатын, бүкіл дүниежүзілік ағарған қауымға мәлім тәлға Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұн (1017-1083 жж.) Баласағүн қаласында дүниеге келген, ол сол кездегі Қараханид мемлекетінің сауда, қолөнер, мәдениеті дамыған басты қалаларының бірі болған.

Негізгі еңбегі «Құтадғу біліг» (Құтты білік) — түрік тілінде жазылған алғашқы мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Ол — қазіргі түркі тілдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, ғылым мен әдебиеті, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда, мәдениеті жөнінде қыруар мол деректер бар туынды.

Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың біріне Махмуд Қашқариді (XI ғ.) жатқызуға болады. Негізгі еңбегі — Диуани лұғат ат-түрік (Түркі сөздерінің жинағы). Бұл — қазіргі түркі халыктарының бәріне ортақ мұра. Бұл еңбектен біз сол кездегі түркі тайпаларының тілдері мен жалпы мәдениетінің деңгейін ғана емес, сонымен катар, олардың қоғамдык-экономикалық, әлеуметтік жағдайын, көне тарихы мен әдет-ғұрыптары жөнінде сан алуан мәліметтер аламыз. «Диуанида» 200-ден астам өлең, 300-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 29 тайпаның аты аталады, ондағы көптеген жырлар өте ертеде өмірге келгенін аңғару қиын емес. Тіл ғалымдарының айтуына қарағанда, «Диуанидағы» 875 сөз бен 60-қа жуық мақал-мәтел қазақ тілінде қазіргі өмірде сол қалпында қолданылады екен.


  1. ХЇ-ХЇІІІ єасырдағы жыраулыќ философия.

Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық (Кетбұға), сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір ХІ-ХІУ ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлкез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі ХУ-ХУІ ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысы,кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді, ең алдымен жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі – толғау жанрының туып қалыптасуынан бастау қажет дер едік.

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов (1835-1865жж.) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж). Қазақ ағартушылығында қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер, Абай Құнанбаев (1845-1904 жж) болды.

Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.

Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.

Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.

Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.

Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.


  1. Ќорќыт, Асан Ќайғы, Шалкиіз жјне Бұќар жырау философиясы.

Қазақ халқының ақын-жырауларының iшiнен аса көрнектi тұлғалар ретiнде Сыпыра жырауды (ХIV ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйiнiшұлын (ХV ғ.), Доспамбет пен Шалкиiз жырауларды (ХVI ғ.), 287 Жиембет пен Марғасқа жырауларды (ХVII ғ.), Ақтамбердi мен Тәтiқара, Бұқар жырау мен Шал ақынды (ХVIII ғ.) атап өтуге болады. Сыпыра жырау Тоқтамыс хан билеген сұрапыл күңгiрт уақытта өмiр сүрген жырау болса керек. Ол тарыдай бытыраған, басы бiрiкпеген халықты бiрлiкке шақырған, аңыздар бойынша «тоғыз ханды түзеткен» тұлға болған.

ртысқа өкiне қарайтынын сезгендеймiз...

ХV ғ. аса көрнектi жыраулардың бiрi – Асан қайғы. Оның есімі ғасырлар бойы халықтың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен.Жырау өмiр сүрген уақыт – Алтын Орда мемлекетiнiң ыдырап, жаңа қазақ хандығы мемлекеттiгiнiң қалыптаса бастау кезеңi болатын. Мiне, Асан қайғы – осы күрделi де жауапты iске атсалысып, жаңа мемлекеттiң iргетасын қаласқан ұлы тұлға. Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегi ел басындағылардың кемшiлiктерiн, кейбiр тайыздықтарын көрсетiп, оларға ақыл берiп, дұрыс жол сiлтегенi үшiн оны халық Асан қайғы деп атап кеткен

ХVI ғ. көрнектi жырау Шалкиiз Тiленшiұлы болды. Жыраудың ой-толғаулары ел-жұртты қорғау, адамның қысқа өмiрiн той-думанмен өткiзу, әлсiзге қол ұшын беру т.с.с. әдеттегi тақырыптарға арналса да, өзiнiң ерекшелiктерiмен сипатталады.

Табиғат және оның ажырамас бөлiгi – адам – Шалкиiздiң шығармашылығының өзектi тақырыбы. Қазiргi тiлмен айтсақ, жырау – философиялық антропологизм бағытын ұстаған ойшыл. Адам – табиғаттың төл туындысы, сондықтан ол оның қасиеттерiн табиғатпен салыстырып қарайды.

Бұл дүниеде ұзақ өмiр сүрiп, ХVII ғ. екiншi, ХVIII ғ. бiрiншi жартысын қамтыған жыр алыбы Бұқар жырау болды. Жырау өмiрiнiң жас кезiнде Тәуке ханның жанында болса, өмiрiнiң соңында – Абылай ханның ақылшысы, кеңесшiсi.



  1. Ќожа Ахмет Яссауидің софылыќ философиясы.

Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзінөзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.
Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыстіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады.

  1. Шоќан Уалихановтың әлеуметтік-саяси, ќўќыќтыќ көзќарастары.

Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастары күрделі тарихи кезеңде қалыптасты. XIX ғ. 40-60 жылдары жүз жылдан астам уақытқа созылған Қазақстанның Ресейге қосылуы процесі аяқталды. Бірақ бұл процесс бірқалыпты, тыныш өтпеді... Ш. Уәлиханов: «қазір Шығысқа еліктейтін мұсылмандық ескілік пен орыс мәдениетіне еліктейтін жаңашылдық арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте күшті күрес жүріп жатыр», - деп көрсетті.

Ш. Уәлихановтың қоғамдық-саяси жаңарудың қозғаушы тетігі ретінде экономикалық және әлеуметтік факторларға бірінші кезекте мән беруі, қоғамның алға басуының шарты - қоғамның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету екенін түсінгенін байқатады. Алайда, оның бұл ойлары дұрыс жобаланған әлеуметтік жоба түрінде қалыптаса алмады.

«Прогресс» ұғымының мазмұнын адамдардың материалдық әл-ауқатын жақсарту ретінде айқындай келіп, Ш. Уәлиханов ағартушылықты тек «ақиқат білімді» таратуды, мәдениетті көтеру арқылы осы құралдардың көмегі ғана прогресске жетуге болады деп санады. «Халықтың қалыпты дамып, өсуі үшін, - деп жазды ол, - ең алдымен бостандық пен білім керек. Бұдан келіп шығатыны, бәрінен бұрын оқу қажет».

Ш. Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды ағартушылық тұрғыда түсіндіреді. Сол тарихи кезеңде мұндай көзқараста болуы оның көрегендігін байқатады, өйткені ағартушылық қараңғылықпен күресуге жетелеп, зайырлы білімнің таралуына ықпал етіп, қазақ халқының түпкір-түпкіріне алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің таралуына қол жеткізді.

Сот реформасының халыққа қарсы табиғатын анықтай келіп, Ш. Уәлиханов байлар мен кедейлердің мүддесі екі бөлек екенін айтады. Таптық күрестің қоғамды қозғаушы күш екенін түсінбесе де, Ш. Уәлиханов қазақ патриархалдық-феодалдық қоғамының таптарға бөлінуін: қоғамның ерекше құқықтарға ие табы - сұлтандар, билер, байлар, қожалар бір жақта және Ш. Уәлиханов айтқандай, «қыр пролетарлары» кедейлер екінші жақта екенін анық байқай алды. Бұл таптардың мүдделері мүлдем керғар «...ақсүйектер мен байлардың мүддесі, тіпті мәдениеті жоғары қоғамда болсын, көбінесе қалың бұқара мүддесіне дұшпандық сипатта болады. Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарасы көңіл аударуға тұрарлық, әсіресе оның адамдардың діни сенімі туралы пікірлері қызықты...

Ш. Уәлихановтың діни танымдар мәнін түсіндіруі, әсіресе, қазақтардың шамандығы туралы айта келіп, философияның негізгі мәселесі - материя мен сана байланысын материалистік тұрғыда түсіндіргенін көрсетеді. Ағартушы табиғат пен қоршаған ақиқат-шындық адамның санасынан тыс (тәуелсіз) тіршілік етеді деген шешімге келді. Ол әлемнің басын да, аяғын да мойындамайды, әлемді мәңгілік және шексіз деп санайды. Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов адамдардың діни түсінігінің пайда болуы табиғат күштерінің ықпалының ақиқат шындықтың әлемді түсінуге, оның құбылыстарын түсіндіруге тырысқан адамға тигізген және адамның табиғат күштері алдында дәрменсіздігінің нәтижесі деп есептейді. «Қырғыздардағы шамандық қалдығы» мақаласында ол: «Табиғат пен адам, өмір мен өлім үнемі таңданыс туғызатын және құпиясы ашылмаған ерекше құбылыс болып келді. Табиғат пен адам! Адам мен табиғаттан асатын тамаша әрі жұмбақ құбылыс табылар ма екен? Бүкіл әлемді оның барлық кереметімен тануға, адамның өмірі мен өлімі туралы құпияны ашуға деген талпыныс шамандықты - бүкіл әлемді және табиғатты сүю, өлген жандардың аруағын қастерлеуді туғызды. Осылайша санасы әлі толықпаған адам баласы күнді, айды, жұлдызды, тағы да сондай мәңгілік әрі әртүрлі біз табиғат немесе әлем деп атайтын құбылыстарға бас иді»...




  1. Абай – ќазаќ ағартушылыќ философиясының алыбы.

Абайдың филос. көз қарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүние танымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді (қ. Психологиялық көзқарасы, Дінге көзқарасы). Солай бола тұрса да ақын құдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің езі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді» (соңда, 142-6.). Абай көз қарасынан антропол. принциптерде көрініс тапқан. Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, филос. ойларының көпшілігіңде адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17- 19 ғ-лардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың езі де, адамды абстрактылы гүрде, жайғанабиол.тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегіменен ғана түсіндірді. Абай адамды табиғаттың бір белігі деп санап, оның имандылық қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің құбылыстары адам басыңда сәулеленеді де, оның психикалық қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: филос. , биол.- психол. , эстетик. және әсіресе, этик. көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтып атын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз.

  1. Абайдың онтологиялыќ (болмыстың) ілімі.

Абай қазақ қоғамының тап бол­ған әлеуметтік дағдарысының қайшы­лықты да күрделі ахуалын пайымдай отырып, «болмыстық жобаны» ойлас­ты­рады. Дәстүрлі қазақ қоғамы бол­мы­сы­ның іргетасы едәуір сөгілген­дік­тен және оның бұрынғы бағытта дамуы ешқандай пайда әкелмейтінін білген­діктен ол бұрынғы әлеуметік онтоло­гия­­ны қабылдай алмайды. Бірақ қоғам да, Абайдың өзі сияқты болмыстың мыз­ғымас іргесіне, мықты тіреуге мұқ­таж болды. Оны іздеу Абайды жан азабына салады, ол мұратқа деген сағынышпен қатар жүреді, терең қайғы-мұңды бо­йына сіңіреді, бірақ бұл ізденіс адамды рухани тұрғыдан көтеретіндей мұратты бекітуге және оның бақытқа жетуіне бағытталған. Абайдың ұстанымының, біздің пікірімізше, Абайға дейінгі әлеумет­тік онтологиямен (болмыс туралы іліммен) қайшы келетін қырлары мына тұста: адамның барлық жан-дүниесі бай болса, әуел бастан қоғамдағы рухани бай болып келетін адамға айналады және өзге адамдармен өз қатынасын дұрыс құра білген адам қоғамдық жүйенің бастапқы іргелі нүктесіне айналады. Егер бұрынғы онтологиялық ұстын ру­дың тұғырларына басымдық бере отырып, рулық қауымның жетек­ші­лігін ұстанса, ал Абай үшін бұл ұстын тобырдың, оның үстіне қараңғы то­бырдың үстемдігіне, бөтен пікір мен рулық пайымның үстемдігіне ай­на­лып шығады. Міне, сондықтан әлеу­мет­тің болмысы сияқты, адам­ның болмысы да, Абайдың пайымдауынша, ағартусыз, білімді игермей мүмкін емес, міне, сон­дық­тан қазақ халқын білім мен ғылымд­ы игеруге шақырған Абайдың үндеуі барған сайын маңызды бола түсуде.

  1. Шәкәрім философиясы.

Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл – ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым – білім, өнерге баулуды мұрат тұтты. Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілет пен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет – сипаттарын, оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып – білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізгі ақылы деп санайды. Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді.

  1. Шәкәрімнің онтологиялыќ және гносеологиялыќ ілімдері.

Шәкәрiмнiң онтологиялық көзқарастарын рационалдық дiни

философияға, нақтылай келе, деизм (Құдайды Жаратушы ретiнде

мойындағанмен, Табиғат ары қарай өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр

сүре бередi) бағытына жатқызуға болатын сияқты. рының негiзiнде өмiр

сүре бередi) бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзiнiң «Тiршiлiк,

жан туралы» өлеңiнде ойшыл дүние жөнiнде былай дейдi:

«Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс.

«Жан» де, мейлiң бiр «мән» де,

Сол қуатпен бол таныс.

Әлемдi сол мән таратқан,

Қозғалмаса көшпейдi,

Көшпеген нәрсе өспейдi.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейдi».

Бұл шумақтан бiз бүкiл дамудың қайнар көзi қозғалыста екенiн,

ол жоқ жерде өсiп-өнудiң де жоқ екенiн байқаймыз. Бiрақ ойшыл

сол қозғалыстың өзi бiр қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл

жерде ерiксiз ХХ ғ. өмiр сүрген әйгiлi француз дiни философы Теяр

де Шарденнiң дүниенiң негiзiндегi «тангенциалдық» (физикалық)

және «радиалдық» (психикалық) энергиялар жөнiндегi ойлары есiмiзге

түседi, өйткені Шәкәрiмнiң көзқарасы оған өте жақын. Ендi гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрiм

өзiнiң «Анық пен танық», «Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерiнде

ол адамдарға «қоршаған табиғи ортаның жұмбақ-сырын ұқ, танып-бiл,

оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат» деген ой тастайды.

Оның ойынша, тану, бiлу, нану, ұғыну – бәрi ақыл iсi, ал оның iргесi

мида жатыр. Бiрақ ол үшiн адам дүние-ден белгiлi ақпараттар алуы

қажет. Оны жеткiзетiн – түйсiктер.

«Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,

Мұрын – иiс, тiл – дәмнен хабар бермек.

Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,

Жақсы-жаман әр iстi сол тексермек», – деген жолдар ақынның бұл мәселенi өз заманының деңгейiнде шешкенiн көрсетедi. Сонымен қатар дүниенi тану жолында соңғы ақиқатқа ешкiм де жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесiп кету де кездеседi. Сондықтан бәрiн ой елегiнен өткiзу қажет.«Тегiс тексер, сөз көрсең – сыр мен сынын,

Түзетуге именбе тапсаң мiнiн.

Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп,

Былшылдапты дей көрме, бiлсең шынын». Бұл жолдарда ақын

ғылыми этиканың бүгiнгi таңда бiзге керек негiзгi бiр қағидасын

алға тартады. Өйткенi гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес

заманындағы жетiстiктердiң бәрiн сынап: «Бәрi – терiс, қате, шындыққа

бүгiн мен ғана жеттiм», – деп лепiрiп жүрген ғалымсымақтар жоқ емес.


  1. ХХ ғасыр басындағы ќазаќ ағартушылыќ философиясы.

Қазақ Философиясы[2] – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын.20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917 жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі – кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап, коммунизм туралы ілім негізге алынды, маркстік-лениндік философия үстемдік етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап құлдық психологияның орнына демократия, өркениеттік құндылықтар орныға бастады. Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы ұғымымен қатар «қазақстандық философия» деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады, келе-келе «Қазақстандағы философиялық мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі академик Ж.М.Әбділдин болды



  1. Алаш ќозғалысының саяси-әлеуметтік философиясы.

Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады. Соған орай, Алаштың тілдік мұрасын сан тарапты құбылыс деп бағалай келе, оны бірнеше аспектіде сипаттаудың бірқатар мүмкіндіктерін аңғартпақпыз. Қазақ халқы ХХ ғ. басында өз iшiнен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшiн

жан-тәнiн берген азаматтарды тудырды. Солардың iшiнен ерекше

тұлғалар ретiнде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,

М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар едi.

Аталған тұлғалардың көбi өз талпынысының арқасында жан-жақты

бiлiм алып, орыс және басқа тiлдердi меңгеріп, шын шығармашылық

деңгейге көтерiле бiлдi, ал кейбiреулерi (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов

т.с.с.) Ресей жоғары оқу орындарын бiтiрдi. . Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының

бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың

белсендi де абыройлы жетекшiлерi деп бағалауға болады. Осы жолда

олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық санасезiмiн оятып, өз заманының дәрежесiне көтергiлерi келдi. Олардың

бәрi дерлiк 1917 ж. болған екi революцияны да қабылдап, олар қазақ

елiне шын бостандық, теңдiк, бақытты өмiр әкеледi деп ойлады. Бiрақ

олардың көбi қоғамды шынайы түрде демократиялық реформалар

арқылы өзгертудi қалады, 20 жылдардан басталған сұрапыл қантөгiс

оларды қатты қынжылтты



  1. Кеңестік дәуірдегі ќазаќ филсоофиясы.

Кеңес дәуірінің бастапқы кезіндегі ахуалды біз жоғарыда әңгіме еткен болатынбыз. Әрине, кеңес заманын сынаржақты бағалауға болмайды. Көп нәрсені жоғалтқанымызбен бірге жетістіктеріміз де аз болған жоқ. сіресе 50-ші жылдардың аяғынан бастап, жеке тұлғаға табыну әшкереленгеннен кейін, қоғамның өрлеуі басталды. Қазақстандағы тың игеру үрдісі елді көп ұлттық қоғамға келді. Жер байлығы игеріліп, жаңа қалалар, жоғары оқу орындары, театрлар мен кітапханалар, мұражайлар бой көтерді.Философия саласына келер болсақ, Қазақ Мемлекеттік университетінде арнаулы факультет ашылып, кәсіби философия дүниеге келіп, олар зиялылар тобының ішінде ерекше орынға ие болды. Сонымен ұлттық тарихта классиқалық философия дискурсының үлгісімен қалыптасқан философиялық ой-өріс дүниеге келді. Қазақ философтары маркстік парадигманың (үлгінің) шеңберінде әсіресе 60-шы жылдары үлкен жетістіктерге жетті. Біршама Дарынды жас философтар жоғарыдан түсірілетін «тапсырмалы тақырыптардан» бас тартып, сол кездегі саяси жағынан алғанда Қауіпсіз логиқа саласына өз назарын аударады. Олардың айрықша көзге көрініп, дүниежүзілік деңгейге көтерген философия саласы -ол диалектиқалық логиканың категориялыққұрылымын байытып, тереңдетуге арналған зерттеулер еді. Бұл зерттеулерге аса қомақты үлес қосқан Ж.Абділдин, А.Нысанбаев, М.Хасанов, олардың шкірттерін айтуға болады. Философия мен жаратылыстану саласындағы байланыстарды зерттеуге Қ.Рахматулли М.Сәбитов, З.Мұқашев, А.Балғымбаев, В.Зорин, М.Изотовт.б ғалымдар өз улесін қосты Неміс классиқалық философиясының (Г.Гегель, И.Фихте) қойған адам мәселесі онын еріктігі мен жасампаздық іс-әрекеті жаттану, т.с.с. мселелерін терен талдап, маркстік тұрғыдаң дамытқан көрнекті ғалым Қ.Әбішевтіжәне оның шәкірттерің ерекше атауға болатын сиякты. Қазақ философиясында ерекше орны бар түлға - А.Қасымжанов.Ол алғашқылардың бірі болып, Әл-Фарабидің философиясын зерттеп, оны өз халқымен тағы да қауыштырды. Сонымен қатар өз халқынын тағдыры, қазақ, жалпы туркі руханиятына арналған онын еңбектері - ғалымнан болашақ ұрпақтарға қалған асыл мұра.

  1. Гегель философиясындағы субъективті рух.

.

Субъективтi рухты Гегель үш ғылымның шеңберiнде қарайды.

Олар: антропология, феноменология және психология. Антропология

iлiмiнде ол жеке адамның тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуына, дене

мен жанның арақатынасына, адамзаттың нәсiлдiк айырмашылықтарына,

мiнез-құлық пен темпераментiне, адамдардың өмiр кезеңдерiндегi

айырмашылықтарға т.с.с. көңiл бөлiп талдайды. Гегельдiң ойынша,

адамның басқа тiршiлiктен бiрден-бiр айырмашылығы – оның тiк

жүруiнде. Ашық нәсiлшiлдiктi қолдамағанмен, Гегель нәсiлдер мен

ұлттардың арасындағы айырмашылықтарды «абсолюттi рухтың»

әртүрлi сатыларындағы өз-өзiн анықтауымен теңеп, олардың

арасындағы мәдени айырмашылықтар ешқашанда жойылмайды деген

кертартпа пiкiр айтады. Адамның өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарды қарап, ойшыл қоғамдық қатынастардағы тәртiпке адамдар тек қана жастық шағында ғана қарсы шығады, есейе келе,

пiсiп-жетiлген шағында олар қирату мен бүлдiруден гөрi, тәртiптi

сақтауды, жасампаздық еңбектi қалайды.

Субъективтiк сананың дамуының екiншi сатысы «Рух феноменологиясында» қаралады. Онда, негiзiнен, адамның санасы сезiмдiк сатысынан ақыл-ойға, одан ары зердеге қарай көтерiледi.

«Психология» тарауында Гегель адамның танымдық қабiлеттерiне

көңiл бөлiп, рухтың теориялық, практикалық және ерiктi сатыларын

талдайды

64 Гегель философиясындағы объективті рух.

Объективтiк рух, Гегельдiң түсiнiгi бойынша, қоғам өмiрiндегi

құқықтық және адамгершiлiк қатынастарды қамтиды. Рухтың терең

мәнi ерiктiкте болғаннан кейiн, құқықтық қатынастардың өзi тiкелей

шынайы өмiрге енген ерiктiктiң болмысы болып есептеледi. Осы

тұрғыдан ол – қайсыбiр озбырлыққа, тәртiпсiздiкке қарсы жатқан

құбылыс. Құқық иеленген адам өзiнiң еркiн сыртқы дүниедегi заттарға

таңып, оларды иеленiп, «Менiкi» дейдi. Жеке меншiк Гегельдiң ойынша,

ерiктiктiң қажеттi де субстанциалды өмiрге енуi. Тек жеке меншiкте

адамның еркi өз-өзiне тұлғалық ерiк ретiнде қалыптасады. Соның

арқасында адамның еркiнiң субъективтiгi жойылып, ол зерделi тұлғаға

айналады. Олай болса, тарихи жерге деген жеке меншiктiң ұзақ күрес

жолында қоғамдық меншiктi жеңуi – заңды нәрсе, ол – зерденiң жеңiсi.

Мораль құқықтық сатыға қарсы тұрып, оны ауыстырады. Ол –

саналы ерiктiң субъективтiк құқы. Үшiншi сатыда құқық пен моральдық саты өнегелілiкке, адамгершiлiкке айналады. Ол отбасында,

азаматтық қоғамда, мемлекетте iске асады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамзат тарихы – халықтар рухының

дамуымен тең. Бiрақ ол – тек қана объективтiк рухтың өзiндiк санасы

ғана. Шынайы өмiрде адамдар өз алдына әртүрлi мақсаттар қойып,

соған жетуге тырысса да, нәтижесiнде басқаша бiр биiк, алыстағы,

өздерi түсiне алмайтын нәрсенiң атқарушыларына ғана айналады. Оны

Гегель «дүниежүзiлiк рухтың қулығы» дейдi. Демек, Гегельдiң философиясында адамдар мен халықтар – дүниежүзiлiк рухтың пайдаланатын құралы ғана. Қоғам тарихының мақсаты бар. Ол – жер бетiнде

идеалдық мемлекеттi орнату. Ендi объективтiк рух өзiнiң абсолюттiк

сатысына көтерiледi.
65.Гегель философиясындағы абсолютті рух.
Тарихи абсолюттiк идея өзiнiң абсолюттiк рух сатысына

көтерiлген кезiнде, өзiн-өзi түбегейлi танып-бiлiп, қанағаттанады. Өнер

саласында ол өзiнiң толық ерiктiгiн сезiнедi, дiнде өзiн мархабатты

түрде қабылдайды, ал философияда өзiнiң мәнiн санаттық (ұғымдық)

дәрежеде түсiнiп, таниды. Олай болса, философия дiннен жоғары,

өйткенi дiндегi қабылдау философиядағы ұғымнан төмен. Сонымен, философиямен рухтың дамуы бiтедi, өйткенi ол өзiн-өзi түсiнiп,

тынышталады.

Бiздi бүгiнгi таңда Гегельдiң жасаған философиялық жүйесi

қанағаттандырмауы мүмкiн. Алайда осы жүйенi жасау жолында ол

көне заманда негiзi қаланған диалектикалық iлiмдi пайдаланып, бүкiл табиғат, тарих және рухани өмiрдi белгiлi бiр үдеріс, яғни тоқтаусыз

қозғалыс, өзгерiс, қайта құрылу, даму ретiнде қарап, олардың iшкi

қайшылықтары мен байланыстарын зерттедi. Ал мұның өзi диалектика iлiмiн жаңа сатыға көтерiп, дүниеге деген жаңа таным теориясын тудырды. Негiзiнен алғанда, Гегельдiң философия саласындағы

қалдырған өшпес iзiн көп ғалымдар осыдан көредi. Бұл пiкiрге

толығынан қосылуға болады.



  1. И.Канттың моральдыќ философиясы.


Ендi И.Канттың теориялық зердесiнен өтiп, оның практикалық

философиясына көшуге уақыт келдi. «Практикалық зерде» деп ол

моральдық салаға әртүрлi принциптер мен нормалар беретiн зерденiң

қабiлетiн айтады. И.Канттың ойынша, «Ерiктiктiң негiзiнде болуы

мүмкiннiң бәрi практикалық зердеге жатады».

И.Кант өзiнiң философиясында моральдық саланы ғылыми салаға

қарағанда анағұрлым жоғары қояды, өйткенi моральдық сала өз-өзiне

жеткiлiктi, автономиялық ахуалда өмiр сүредi. Мораль адамды дүниеде

болып жатқан емес, болуға тиiс биiктiктерге итередi. Адамның әртүрлi

сезiмдерiнен шығатын тiлек, өзiме ғана болсын деген ойдан шығатын

iс-қимыл, пайдакүнемдікті көздейтiн әрекет – мұның бәрi де моральдық

салада есепке алынбауы керек, өйткенi оның бәрi де күнбе-күнгi күйкі

өмiрлiк тәжiрибеден пайда болады.

Практикалық зерде априорлық жолмен өз-өзiне моральдық

принциптердi ұсынады: біз өмiрден емес, тек таза моральдық ерiктен

шығатын нормаларды басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты



парыз этикасы деп айтуға әбден болады.

.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет