өзі өлтіруден айырмашылығы – ол қоғамның рұқсаты және
көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-сезімдік
ләззәт
алу өмір бағытын ұстаған Батыс адамы өмірінің соңында да еш
зардап
шекпей бұл өмірден тәтті ұйқыға шомылып кете барғысы келеді. Енді
бұл
мәселені біз де талдап көрелік.
Бір қарағанда бұл мәселені
Батыс цивилизациясының гуманистік даму
жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді.
Расында да,
егер адам қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я
болмаса,
қартайып, қолынан күш кетіп ешкімге керек болмай қалған т.с.с.
жағдайда
қоғам ондай адамдарға өз еркімен дүниеден кетуге
көмектессе де
болатын
сияқты.
Бірақ, мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір жөніндегі
терең интуицияларға (көкей көзге) қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген
әр адам
Иса пайғамбардың арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек.
Екіншіден,
бірде бір адам өмір соңында “қайғылы үштікті” (зардап, күнә, өлім)
аттап
кете алмайды. Ол да болса өмірдің соңғы тәжірибелерінің бірі,
қоршаған
адамдарға ой салатын өнеге емес пе?! Соңғы өмір зардаптарынан өту
– адам
рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан-дүниесін тазартып, адамның
абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: