Адам зерттеу пәні мен дербес «субъект» ретінде қоғам мен ойшылдардың
назарын өзіне аудартты. Жаңа философия адамның қадір қасиеті мен шексіз
мүмкіндіктерін көре бастайды. Адамның ролі мен қабілетінің дәріптелгендігі
соншалықты, адамда да тәңірге тән жаратушылық қабілеттер бар деген ойлар
пайда болды. Адам өзінің ақылының күшіне, көркемдік талантына,
саяси-
реформаторлық мүмкіндіктеріне сенімді. Бірақ та уақыт өте келе жаңа
антропологияның сырт жағы көріне бастайды. Жаңа дәуір болса адамның ақыл
ойы мен адамның саналы және жеке адамгершілік құрылымына деген сенім
білдіре
бастайды.
ХХ ғасыр лаңкестік жағдайлары мен қан төгісті дүние жүзілік соғыстармен
толыққан дәуірде адам мәселелі және құпия мәнге ие болды.
Теологтардың антропологияға деген қызығушылықтары мен діни және
философиялық антропологияның ара қатынасы туралы пікірталастар ХХ
ғасырдың 20-жж. ұлғая бастады. Бұл қызығушылықты М.Шелердің, Г.
Плеснердің
еңбектерінен
байқауға
болады.
Осы
философиялық
антропологияның негізін салушы М.Шелердің
айтуынша, адам ғарышта
негізгі орталықтағы позицияны иеленеді, өйткені мұнда адам санасыз, бірақ та
алпауыт әлемнен жоғары тұрады. Адамзат ақылының күшіне енді күдіктер туа
бастады, бірақ та адам
баласы ғарыштан өзінің рухымен
, өзінің
бостандығымен, айқынсыздығымен асқақтап көтеріледі. Шелердің ойынша,
рух өмірге қарама-қарсы тұрады және одан энергия алғанымен де одан жоғары
тұрады. Яғни адам өзінің өміріне аскетикалық тұрғыдан қатынас жасайды.
Жануарлар шынайы болмысқа әрқашан «иә» деп бас иеді, қорықса тіпті қашып
кетеді, ал адам — бұл «жоқ» деп айта алады, қарсы келе алады. Мұндағы басты
мәселе, Шелердің пайымдауынша, адамның мәнін
ашу керек
, адам дегеніміз
— кім соған жауап беру керек. Дін де, философема да
осы уақытқа дейін
адамның кім екендігін анықтаудың орнына, оның қайдан пайда болғандығына
назар аударумен келеді. Негізінен, адамды түсінуде нақтылы-ғылыми,
философиялық және діни ұғынуларды шоғырландырушы роль атқарып,
адамның біртұтас тұжырымдамасы жасалуы керек деді. Негізгі мақсат — тіл,
ұят, намыс, құрал мен аспаптар, қарулар, мемлекет,
басшылық
, миф, дін,
ғылым сияқты ерекше монополияланған
адам болмысының негізгі
құрылымынан туындайтын, барлық жасалынған және іс-әрекеттерді дәл
көрсету
керек.
Осы бағытты қолдаушылар адамды көп өлшемді және тұрақты түрде өзгерісте
болатын жан иесі деп сипаттайды. Әрине, оның негізгі кейбір қасиеттері мың
жылдар бойы өзгермегенімен де, адамның физикалық және рухани
бастауларындағы жұмбақ түрде жасырылған барлық мәнін аша алмайды, тіпті
осы бастамалардың табиғаттан жеке дара алып қарастырғанның өзінде айқын
анықталғандығы есептеліне алмайды. Олар адамның өзі өз-өзіне ылғи да жаңа
жұмбақтар беретін белсенді басталым ретінде көрінетін сыртқы әлемді
ұғынуға тырысатын оны өзінің қалауымен өзгертетін микрокосмос екендігіне
баса
көңіл
аударды.
Сонымен қорытындыласам, адам бұл ерекше жаратылыс, әр ғалым әртүрлі ой
айтады.Соған қарамастан бұл ұғым әлі күнге
дейін дамып,адамның
антропологиясы анықталды.Бірақ
адамның сезімі
, ақыл-ойы туралы пікірлер
әлі күнге дейін таусылар емес
Достарыңызбен бөлісу: