Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
надандықтың айырмашылықтары туралы ой толғады, уақыттың
жылдам өтіп, кәріліктің тез келетініне қайғырды. Дулат ақын қазақ
елінің Ресейге қосылғанына теріс көзқараста екенін жасырған жоқ,
барлық жамандықтың түптамырын осыдан көрді. Ол қазақ елінің
Ресейге қосылуы қазақ халқының кедейленуі мен құлдырау дәуірінің
басталуы деп білді.
«Елдігің кетті ыдырап,
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді
Жоқ болғаның мұнан да», – деп қайғырды Дулат [2, 203 б.].
Бір қызығы, қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» құбылысы басқа
көшпелі халық – Африка фульбелері мәдениетінде де кездеседі.
Тура осындай қазіргі заманға, шындыққа деген жаппай қарсылық,
тура осындай өткенді аңсау Африка «Зар заман» ақындарының
шығармаларына да тән [3, 48 б.]. Тіпті олардың шығармаларының
аттары да ұқсас: «О, бұл қайғылы заман», «Қарғыс атқан заман»,
«Заманымыздың зұлымдықтары» және т. б.
Әлемді екі жүзділік, жаулық, зұлымдық жаулап алды, даңқты
заманның қайырымды ерлері жоғалды, дүние тарылып барады,
мұндай өмірден қашқың келеді, бірақ барар жер жоқ деп жазды
Африка ақындары өз шығармаларында. Олар Еуропа отаршылары
халықтың жан-дүниесін қаусатты, адамдарды бұзды, пасықтық пен
надандыққа белшеден батқан Фульбе халқының болашағы жоқ
деп ойлады. Фульбе – негізінен Гвинеяда, Нигерия мен Камерунда
тұратын халық. Негізгі кәсіптері мал бағу. Фульбе халқы көшпелі
өмір салтын ұстанады. «Заманымыздың барлық зұлымдықтары»
деген өлеңдегі мына жолдарға назар аударайық:
«Бақытсыздық келді, уақыт өзгерді, ал шындық жоғалды.
Пасықтық, екіжүзділік, байлық, кекшілдік, ұрлық,
Тонау, өтірік белең алды,
Ал Шайтан қуаныштан күлкіге батуда» [4, 140 б.].
Жоғарыда айтылғандардан қазақ философиясының ой-толғау-
ларындағы «Зар заман» мәселелері заңды құбылыс деген қорытынды
жасауға болады. Бұл қазақтарда да, Африка халқы фульбеде де созы-
лыңқы және даланы отарлау экспансиясымен сипаттайтын көшпелі
өмір дағдарысымен сәйкес келді. «Зар заман» ақындары мен ойшыл-
279
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
дарының сарыуайымы көшпенділіктің құлдырауын көрсетсе, өз за-
маны мен қоғамды аяусыз сынауы, көшпенділік тірелген тұйықтан
шығудың жолын жанталаса іздегендерін көрсетеді. Сондықтан дүние
жарылып кеткендей болып көрінді, бұндай өмірден қашқылары кел-
ді, бірақ барар жер жоқ. Болашақ бұлдырлығымен қорқытты.
Дулат ақын өз заманындағы қазақ қауымында жақсылық пен
әділдік ұстанымдары емес, жамандық пен жауыздық билік құрып
тұрғанын, осы заман адамдары жүрек пен ақылдың талабымен емес,
соқыр сезімнің жетегімен жүріп жатқанын жақсы түсінді. Дулат:
«Арқасы елдің жауыр боп,
Жеңіл жүгі ауыр боп,
Төрт аяқтан ақсады-ай…» – деп жырлады [2, 207 б.].
Дулат – діндар ақын. Оның дінге деген көзқарасы «Ата-ананың
ақылы», «Бұл заманғы адамның» және басқа да шығармаларында
көрініс тапқан. Ойшыл дүниені де, адамды да Алла жаратқан деп
түсінеді. Онымен қоса Алла біреуді бай, біреуді жарлы, біреуді
надан, біреуді дана қылып жаратқан. Жақсы молла Құран мен араб,
парсы тілдерінде жазылған кітаптарды оқиды, барша мұсылмандар
бой ұсынған шариғат заңдарын жақсы білуі керек дейді Дулат ақын.
Дулат үшін мұсылмандық пен шариғат заңдары оны мүлтіксіз
сақтау қазақтарды жақсылыққа жеткізетін конституция іспеттес.
Ойшыл исламды орысшылдықтың қазақ даласына ықпал етуіне жол
бергізбейтін рухани тосқауыл ретінде пайдаланғысы келді.
Дулат ақынның бүкіл шығармашылық мұраларының негізгі
идеясы мен өзекті ойы ұлтжандылық пен Отанының тәуелсіздігі
үшін күрес идеясы болды. Билік мәселелерін сөз ете отырып, ойшыл:
«Би мен бектің сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса», – дейді [2, 212 б.].
Билік мәселесін этикалық тұрғыдан талдау Дулат ақынға тән
көзқарас. Ол қолында билігі бар адамдар дана, білімді, тәжірибелі,
қандайда да болмасын мәселені шешуге қабілетті, әділ де мейірімді
қайраткерлер болуы керек деп түсінеді. Билік басындағылар ең
алдымен өнегелілігін, адамдық парызын, әділ шешімдері мен өмір-
дегі үлгілі істерін сөзбен емес, істерімен дәлелдеуі тиіс деп санады
280
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ойшыл. Ақын Абылай хан бейнесін ерекше дәріптеді, ол билік еткен
заманды «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кез» деп есептеді.
Бірақ заман өзгерді, халықты соңынан ертетін, оны қорғайтын
бұрынғы батырлар жоқ, ел азды, жер тозды. Абылай хан кезінде
талан-таражыға ұшыратқан Жоңғар шапқыншылығынан кейін де ел
есін жинап, бақытты болған еді, ал қазір бәрі өзгерді, сенетін ешкім
жоқ, қазақтың соңғы ханы Кенесары жеңіліске ұшырады, алдымыз
жар, шегінер жер жоқ, алда тек ажал күтіп тұр деп қайғырады Дулат
ақын. Дулат пен басқа да «Зар заман» ақындарының тайсалмай арпа-
лысуы қазақ халқының еркіндігі мен тәуелсіздігін жоғалтуы басты мә-
селе болған, сол заманның немесе қоғамның дағдарысын көрсетеді.
«Зар заман» ақындарының ірі өкілдерінің бірі Шортанбай
Қанайұлының ойлары көп жағдайда Дулат идеяларымен үндесіп
жатады. Шортанбай – ойшыл, нағыз философ ақын. Шортанбай
мұраларында, тіпті арасында айтылса да, заман мен өнеге мәселелері
басты емес, ойшыл жастардың үлкенді, баланың әкені, қыздың ананы,
әйелдің күйеуін сыйламауы сияқты әрекеттерге төзе алмады. Осы
сияқты жағымсыз қылықтарды қатты сынады, айыптады. Шортанбай
осылардың барлығын ежелден келе жатқан қазақ қауымындағы аз-
ғындау деп түсініп, бұның себебін қазақ халқының мұсылманшылық
ұстанымдарын ұмытудан, Аллаға шын сенгендердің барған сайын
азаюынан деп түсінді. Алла Шортанбай үшін дүниені жаратушы.
Ойшыл бұл дүниеде Алладан күшті, Алладан ұлы еш нәрсе жоқ, ал
Алланың дегені сөзсіз орындалуы керек деп түсінді.
Шортанбайдың шығармашылық өзегін кеңес дәуіріне дейін бір-
неше рет басылған (1888, 1890, 1894, 1906, 1911) «Шортанбайдың бала
зары» деп аталатын өлеңдер жинағы мен Кеңес өкіметі кезінде шыққан
бірнеше туындылары құрайды. Көлемі шағын жинақтың құрылысы
қызық: кіріспе толғау «Атамыз – адам пайғамбар» мен қорытынды
термеден басқасы ақынды қоршап отырған тыңдаушылардың өтіні-
ші бойынша айтылған сияқты. Мұндай форманы кейінірек, кітапты
басып шығарушылар ойлап тапса керек.
«Атамыз – адам пайғамбар» – көлемі әжептәуір үлкен, мазмұны
терең толғау. Барлық адамдар кіршіксіз таза, күнәден пәк Адам ата-
ның ұрпақтары. Бірақ олар жетілген сайын, өздерінің арғы аталары
Адам атадан алыстаған сайын күнәға батып, бұзылып, жарату-
шының қаһарына ұшырап жатыр. Міне осы бүкіл адамзаттың күнәға
батуы өмірді қиындатады. Адамдар бір-бірімен итше таласуда,
байлық үшін жауласуда. Зорлық, зұлымдық, ұрлық сияқты басқа да
жауыздық қасиеттер адамдардың діннен алыстауынан болып жатыр
деп түйіндейді Шортанбай.
281
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Ойшыл адамдарда адамгершілік қасиеттердің төмендеуінің
терең теологиялық негізін көрсетті және адамзат болашағын сақтап
қалудың бірден-бір жолы дінге мойын ұсыну екенін табанды түрде
дәлелдеді. Сондықтан да ол қазақтарды өле-өлгенше Аллаға сенуге,
қасиетті өсиеттерді сақтауға шақырды. Әлемнің діни негізін түсіну
Шортанбай үшін ақиқатты ұғыну негізі болды деген қорытынды
жасауға болады.
Ақын өз уақытының өзекті мәселелерін қарастырып, оларға
өзінің қатынасын көрсетті. Дулат ақын сияқты Шортанбай да уақыт-
тың өзгергенін, зұлымдық пен жалғандықтың, туыстар арасындағы
жаулықтың көбейгенін, тексіздердің халықты басқаруы, атақты
билердің үнсіз қалуы, жаңа басшылардың ешкімге тыныштық бер-
меуі патша шенеуніктерінің дала халқына үстемдік етуі сияқты мәсе-
лелерді қозғады. Ол өткеннің қайтып келмейтінін қайғыра көрсете
отырып, ақыр заманның келе жатқанын айтты. Адамзат болашағын-
да үміт жоқ дейді. Шортанбай:
«Заман ақыр белгісі –
Бірге туған бауырың
Тату да болып жүре алмас…» – дейді [2, 284 б.].
Зар заман ағымының басқа өкілдері сияқты Шортанбай да Қазақ
елінің Россияға қосылуына қарсы болды. Ол бұл қосылудың негізін-
де Қазақ даласына көптеген өзгерістер енді, олар қазақ халқының
ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын бұзып, мұсылмандықтың
қасиетті қағидаларын қорлады деген қорытынды жасады. Мұсыл-
мандық теоорталықтық тұрғысынан қараған Шортанбай өз заманын-
дағы әлеуметтік кемістіктерді сынады. Мысалы, ол қазақ шонжар-
ларының старшина мен болыстыққа мал, пара беріп жетуін, мұндай
қылықтар мұсылман дінінің талабына сай еместігін, бұның Аллаға
деген адал сенім мен шариғат заңдарын анық бұзу екендігін ашып
көрсетті.
Ойшыл қазақтардың бай, кедей болып бөлінуін, әсіресе олардың
бай, кедей болып жіктелуін қатты сынға алды. Ол мұндай жағдайды
Құран талаптарына сай емес деп қарады. Байлардың кедейлерді
езіп-жаншуы олардың өздеріне түбінде қайғы мен бақытсыздық
әкелетініне шәк келтірмеді:
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді,
Қызметін бір күн қылмаса
282
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Майлы сорпа бермейді –
Әне байдың қайыры!…
«Қылымсыған қатыны
Қызыл көйлек киеді,
Өзінің байын менсінбей,
Көрінгенді сүйеді.
Осы мінез болған соң,
Дозаққа пенде күйеді», – дейді [2, 287–288 бб.].
Қазақтардың шонжар (ақ сүйек) немесе қара болып бөлінуі
олардың шыққан тегіне емес, малына, жылқысына қарап бағалануы
Шортанбайға ұнамады. Ол өз заманында шыққан тегіне қарап
бағалаудан өтіп бара жатқанын, адамның қоғамдағы орнын оның
байлығы белгілейтінін жақсы түсінді. Ақын:
«Төрден орын тимейді,
Патша болса да малы азға», – деп ашына жырлайды [5, 147 б.].
Шортанбайдың бұл айтқандары адамдар лауазымды еңбекпен
емес, елден талап алған байлық арқылы алғанын түсініп, біліп
отырғанын білдіреді. Бірақ осындай жолмен жиналған мал Құран-
ның талабына сәйкес емес екендігіне, иесіне ешқандай бақыт әкел-
мейтініне қазақ ойшылы кәміл сенімді болды.
Шортанбайды біз адамзатты теологиялық және теоорталықтық
философияның көмегімен түзу жолға салмақшы болған өз заманы-
ның философы, көреген ойшылы деп білеміз. Ол Ш.Уәлиханов
«өнерсіз» даму кезеңі деп атаған өте ертеде өткен, қаймағы бұзыл-
маған қазақтың көшпелі өмірге, «Алтын ғасырға» оралуын арман-
дады. Шортанбай жарқын болашақ дегеніміз өткен алтын заман
деп түсінді. Бұл кезеңге оралу мүмкін емес екенін сезген Шортанбай
өмірінің соңғы кезінде сарыуайымға салынды. Ол Алла жаратқан
мына дүние құндылығын жоғалтты, ешкімге опа бермейді деген
байлам жасады. «Бұ дүниеде пайда жоқ», – деді ойшыл [5, 159 б.].
«Дүниенің боғы үшін, сірә, тіпті азбаңдар», [2, 284 б.] – деген сияқты
жолдар оның жырларында жиі кездеседі. Шортанбай әлемді
Алла бұзған жоқ, күнәға белшеден батқан, оларды ешкім жөндей
алмайтын адамдар құртты деген берік сенімге келді.
Өз дәуірлерінде қазақ өмірін аяусыз сынау Шортанбай мен
Дулат және басқа да «Зар заман» ағымының ақындары шығарма-
шылықтарының бәріне тән сипат. Ақындар өздерінің толғауларында
283
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
бәрі де құнсызданғанын, дүниенің опасыздығын, рухани құндылық-
тар жоғалғанын, өнегесіздік, зорлық-зомбылық, өтірік, екіжүзділік,
өсек, надандық пен дөрекілік қазақтардың жан дүниесін жаулап
алғанын қайғыра жырлады. Ойшылдар қазақ өмірін бақылай оты-
рып, жүректі жадыратар еш нәрсе таппады, ал қоғамдағы көптеген
келеңсіздіктерді олар адамдардың өнегесіздігімен байланыстырып
қарады. Адамдардың жағымсыз қылықтарын аяусыз сынаған Зар
заман ақындарының барлығының шығармаларынан ақын, фило-
софтардың терең түсінігі бойынша қоғамға өлшеусіз зиян әкелетін
осындай жағымсыз қылықтарға қоғамдық сананы қарсы қоя білудің
шебер үлгілерін көреміз. Сонымен қоса «Зар заман» ағымының ой-
шылдары (Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір) халықтың мүддесін
қорғау үшін ең қажетті батырлық, ерлік, қайсарлық, даналық,
әділдік, табиғат берген ақыл-ой мен пайымдылық, жан мейірімі мен
жомарттық сияқты қасиеттерді дәріптеді, халық игілігі үшін өзіңді
құрбандыққа шалуға дейін дайын болғаны айтылады. Ұлтжандылық,
отаршылдыққа қарсы күрестің қажеттілігі, өз Отанының тәуелсіздігі
мен азаттығы, борыш, ар-ождан, әділдік ұғымы «Зар заман» ағымы
ойшыл ақындарының этикалық көзқарастарындағы ең өзекті мәселе.
Ақиқатты танымау – қате шешімдер мен амалдардың және одан
көрінетін бейнеттің негізі. Ақиқатты тану – дұрыс өмір сүру негізі,
яғни жақсылық пен адалдықта, ұждандылық пен сұлулықта жатыр.
Ақиқат қашанда сұлу, ал сұлулық – ақиқат болса, онда ақиқат пен
сұлулық тепе-тең. Өзіңе жиіркеніш тудыратын ақиқат жүйесіз болып
шығады. Ақиқат сыртқы формасы арқылы болса да сұлулықты дәл
көрсетеді. «Зар-заман» ақындары шығармашылығы жамандыққа
қарсы күресті жырлауы арқылы көрініс табатынын ескерсек, ақиқат
пен сұлулық олар үшін адамдар арасындағы жақсылықты нығайту
құралы ретінде сипатталады. Қазақ философиясын зерттеушілер
бірыңғай «Зар-заман» дәуірінің ойшылдары ақиқатты, жақсылық
пен сұлулықты бірінші орынға қойған деген ой қорытады. Ақиқат,
жақсылық және сұлулық олар үшін адам болмысын ұстап тұрған
қасиетті ұғым ретінде танылады.
«Зар-заман» ақындарының дүниетанымында философиялық-
социологиялық және онымен тығыз байланысты саяси мәселелер
мен құқықтық идеялар арасында айырмашылық жоқ, барлығы
біртұтас. Бірақ оның дәл ортасында еш шүбәсіз адам мен оның
этикалық бейнесі, сезімі мен мұраты, өмірінің мақсаты мен мәні
тұр. Ойшылдар соғыстың мәнсіздігін ойлап, бейбіт те тыныш
өмірді аңсады, халықтың кедейленіп, жұтаңдануы жайлы қатты
күйіне отырып жазды. Поэзия түрінде көрініс тапқан «зар-заман»
284
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ақындарының философиялық ой-толғамдары адамды жоғары
дәрежеге көтеріп, қазақ ойшылдарының барлығы толғанған – өз
халқына қызмет ету идеясын ашып көрсетеді.
Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран
оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі
тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып
келіп отырды. Әр қоғамның ұлттық идеясы, ұлттық бірігушілік
жайлы өз түсінігі бар. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы
бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе, бұл ұлттық
қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идея-
ның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлт-
тық идея қазақтармен бiрге дүниеге келдi, әрi тарих сахнасына да
қазақтармен қол ұстаса көтерiлдi. Ұлтқа деген құрмет ұлттық сана-
сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана тө-
мен болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлт-
тық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады.
Мұратсыз ұлттың ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы
да мүмкiн емес. Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің
ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, яғни, ұлттық
мүдделер негізінде жүргізуді талап етеді. Қазақ рухын жүзеге
асырудың бір жолы қазақ идеясын жаңғырту болып табылады.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Россияға қосылуға
мәжбүр болды. Бұған себеп халықтың жоңғар шапқыншылығынан
зардап шегуі, ішкі феодалдық тартыс, өз билігін жүргізбекші болған
патшалық саясат еді. Бірақ патшаның отаршылдық саясатына қазақ
халқы оңайлықпен көнгісі келмеді. Бұл қарсылықтар бірнеше рет
қарулы көтерілістерге ұласты. Сырым Датұлы бастаған, Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістер соның
айғағы. Ең күшті қозғалыс Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
болды. Махамбет халықты карулы көтеріліске шақырып, көтерілістің
оңайлықпен қолға түспейтінін, ауыр азап, зор бейнетті бастан
кешіруге тура келетінін ескертіп, үлкен төзімділік керек екенін ашық
айтады. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан:
Қыларың болса қылып қал,
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін, жасырман, –
деген жолдарда қаншама ерлік, өшпенділік жатқандығын көреміз.
Махамбет өмір сүрген Уақыт пен Кеңістікті елестетсек, көз
алдымызға патшалы Ресейдің отарына айналған еліміз, сол жердің
285
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
бір шетіндегі Бөкей ордасы, оны билеген Жәңгір хан келеді. Осындай
заманда сөз өнерінің дамуына себеп болған, ешқашан үзілмей, бар-
ған сайын үдей түскен еркіндік идеясы еді. Шындығында, ақын болу,
сонымен бірге батыр болу, оның бір тұлғаның бойынан табылуы,
азаттық, еркіндік аңсаған ерлердің азап пен қорлыққа шыдамай
қарсы шығуы – барлығы сол кезеңдегі Уақыт пен Кеңістікке бізді
жүгіндіреді. Махамбеттің арманы мен мақсаты, сол жолдағы ерлігі
елдің елдігіне, еркіндігіне арналған. «Ереуіл атқа ер салып, егеулі
найза қолға алып» жүргені бүгінгі біздің егемендігіміз, еркіндігіміз.
Оның жыры – тек жорық жыры еді. Адам басында болатын сезім мен
сыр, іс пен әрекет, қимыл мен қарекет, өмір мен өлім, тағдыр мен
талай – осы жорық жырының арнасында толғамын тапты. Махаб-
батты ол жырламады, себебі оның қолында қалам емес, найза еді.
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме!!! [1, 203 б.]
Жақсы менен жайсаңның басын өлiмге байлаған ХVIII ғасыр
Абылай хан дүние салуымен қазақтың маңдайындағы бағын ұшыр-
ды. Ресейдiң бодандығына кiрген қазақ қоғамы әлеуметтiк-саяси
және территориялық тұтастығынан айрылды. «Бөлiп ал да билей
бер» саясатынан туындаған әрбiр саяси күш, әлеуметтiк қауым өз
биiгiне, көздегенiне лайық ұлттық идеяны дүниеге әкелдi.
Ресей отаршылары қазақ даласына басып кірген тұста бодандыққа
қарсы наразылық күшейді, елдің қаймағы болған алдыңғы қатардағы
ойшыл тұлғалардың саяси, әлеуметтік көзқарастары қалыптасты.
Еркіндікті аңсаған сарындағы жырлар алға шықты. Қазақ қоғамының
болмысы азып бара жатқанына өкініш білдірген, отарлау саясатынан
туындап отырған қайшылықтардан елді сақтандыруды мақсат еткен
өлең-жырлар кең тарады. «Бұрын болымсыз үміт, белгісіз келешектен
күткен азғана сәуле болса, барлығы да жаңағы ерлердің жолсыз
жорығынан соң, сөніп біткендей болды. Сондықтан ХІХ ғасырдың
орта кезінен кейін зар заман күйі қалың елге түгел танылды», – дейді
Мұхтар Әуезов [2, 129 б.]. Зар заман ақындары халықты азаттық
көтеріліске үндеумен қатар елін сатқан екі жүзді сұлтандар мен
төрелердің, бектердің жағымыз әрекеттерін аяусыз сынға алды.
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен
сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-
286
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып
алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық
пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақын-
дарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жырау-
лар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат
Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары
шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақ-
тап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы
төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден
бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің
өршіл үні айқын аңғарылады.
Зар заман ақындарының шығармалары қазіргі күннің өзекті
мәселесіне айналған ұлттық идеяның негізін қалауға ат салысаты-
нына күмәніміз жоқ. Ақын-жыраулардың салып кеткен жолын, солар-
дың зарын Шортанбай, Әбубәкір, Дулат, Мұрат ақындар жалғас-
тырды. Олардың шығармаларынан сол өздеріне шексіз қымбат
дүниенің жоғала бастауын басқалардан бұрын сезген халықтың
көреген ұлдарының жан тебіренісін көреміз. Шығармаларындағы
трагедиялық сарынды осындай жан күйінің туындысы деуге болады.
Өлеңдерінің ел билеушілерге бағышталғандығы, өмірлік бағытты-
лығы, өмір кешудің түріктік ерекше жолын дәріптеушілігі, соны
нығайтуға шақырудағы өзіндік бір серпін мен өктемдік, басқа
қандай да бір жолды мойындамау олардың негізгі рухани өзектері.
Халқымызға тән құндылықтарға сырттан келетін қауіп басым.
Дулат ақын Қазақстанның Ресейге қосылуын сөз ете отырып,
қазақ елі бұл жағдайға қалай душар болды деген сұрақтарға жауап
іздейді. «Қазақ туралы» деген өлеңінде:
Кешегі сенің бір ауызды күніңде,
Үш жүздің басын құраған,
Алдынан соның тараған
Абылпейіз, Абылай.
Екі сұңқар сұлтанға...
Еркінше өскен қайран ел...
Енді келіп қамалдың
Кәуір салған қу тамға, – дейді.
Дулат ақын қоғамның көптеген кемістіктерін адамның өз басын-
дағы адамгершілік сипаттарымен байланыстырады. Сондықтан да
ол адамның бойындағы пайдакүнемдік, сараңдық, қызғаншақтық,
жастардың үлкенді сыйламау, еріншектік, қорқақтық, жауыздық,
287
Достарыңызбен бөлісу: |