III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Табиғат белгілі бір дәрежеде адам мен жаратушы арасына танымдық
тұрғыдан жалғасуына себеп болады. Сондықтан да Құран – Құдай
сөзі – қалам – Логос – бірінші кітап болса, табиғат – жаратылыс әлемі
– екінші кітап.
Адамның көру қабілеті өз қызметі үшін ештеңеге мұқтаж емес
деп айта алмаймыз, көру мүмкіндігі көздің себебімен екені сөзсіз.
Бірақ көз күн емес. Нұрдың, сәуленің түп бастауы күн болса, көздің
қабілеті де осы сәуле көру нысанына шағылып қайтуы арқылы ғана
іске асады. Көру қабілеті өзіне ең жақын көру мүмкіндігін содан соң
көру нысанын басты деп білуі мүмкін. Бірақ бірі көру, бірі көріну
үшін нұр сәулеге мұқтаж. Ал нұр сәуленің түп бастауында бұл
екеуіне деген мұқтаждық жоқ. Ол бұлардан тыс.
«Жігіттің алған жары жақсы болса,
Иманыңнан басқадан жақын деген.
Жігіттің алған жары жақсы болса,
Жұмақтағы хормен тең» [6, 149 б.]
деген ақын әйелді аса құрметтейді. Ер жігіт негізгі үш намысын
қастерлеп қорғауға тиісті, оның біріншісі иман, екіншісі от басы,
үшіншісі Отан, туған жер екендігі жайлы хадис бар. Осы үш
намысты сыртқы жаудан қорғаумен қатар ең басты жау нәпсінің
дұшпандығынан қорғаудың маңызы зор. Қорғаудың мәні –
дұшпанмен соғыс. Соғыстың жеңіске жетуі жауды анық танумен
жүзеге асады. Джихад соғыстың өзі ұлы және кіші болып бөлінеді.
Кіші жихад намысты сыртқы жаудан қорғау болса, ұлы жихад өз
нәпсісі мен шайтан әуесінен қорғану. Себебі иманның жауы нәпсі
екенін ақын жеріне жеткізе айтады. Сондай-ақ некенің де жауы
нәпсі, себебі азамат некеге адалдықты қосағынан талап етуі үшін өзі
де адалдықты сақтай алуы парыз. Сондықтан да нәпсіні жүгендеп,
«иманыңнан басқадан жақыныңа» адалдық, яғни намысты ішкі
сыртқы жаудан бірдей қорғау ыстық қайрат ұстамдылықты қажет
етер іс. Отаныңды да сыртқы жаудан ғана қорғап қоймай, оның
байлығына құлқын құмарлықпен қарамау, оны адамның өз ішкі
жауынан қорғауы да маңызды.
Адамның өзін-өзі танудағы басты мақсаты рухани кемелдену
болса, ол үшін өз бойындағы рух пен нәпсіні танып ажыратуы қажет.
Рухты өсіру үшін оның мұқтажын біліп іздеп табу керек. Нәпсінің
қажеттігін тежеп, алдауына, әуесіне ермеген жөн. Нәпсі адамның
топырақтан жаратылуымен байланысты, оның бұл дүниелік өмірге
байланысты табиғаты, оның асыл қасиеті рухқа қарамай-қайшы күш.
226
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Сондықтан адам нәпсісін оны жерге тартып, бұ дүниеге байлайтын
хайуандық табиғатына балайды. Адамның мінез-құлқындағы
үлкенді-кішілі кемшіліктері мен пенделік әлсіздіктері нәпсі жетегінде
кетуімен байланысты деп біледі. Нәпсі қалауына құл болған адам
хайуаннан да төмен құлдырап азғындауы мүмкін. Оның зұлымдығы
мен жыртқыштығы хайуаннан да артып, маңайындағыларға зәбір-
жападан басқа түк бере алмасы анық. Ал адамның адамдық мәні
оның бойындағы асыл жауһар рухымен, ақиқатты тануға ұмтылатын
періштелік сипатымен толығады. Адам рухтың қалауымен жоғары
ақиқатқа ұмтылса, онда періштеден де жоғары дәрежені иеленіп,
инсанияттың кәмелеттігіне, адам жаратылысының түп мақсаты
халифалыққа жетеді. Өлімнің қыр-сырын ашу үшін ақын бұл дүние
мен о дүние ұғымы тұрғысынан келеді. Бұл дүниеде адамның соңында
қалар белгі – қимас дос, жақын туыстың қолынан келері топырақ
үйіп белгі қалдыру. Өлмектің артынан өлмек жоқ, елдің қызмет-
құрметі атқарып салу салт-жоралғысымен ғана шектеледі. «Базар
нарқын сарт білгені» сияқты, өткен мен кеткеннің, «бұл дүниенің
парқын қарт біледі». Ал адам ажал сызығынан аттап, «бұл дүниеден
өткесін, о дүниеге жеткесін», кімнің жақсы-жамандығы жайлы бұл
дүниелік өлшемдер де осы дүниеде қалады. Ал, адамның о дүниеде
азық боларлық адамдық қасиеті, біріншіден, «көтеріп көрге салған
соң, көр қараңғы болған соң» белгілі болады. Сонымен қатар:
«Кімнің жақсы, жаманын
Бір жаратқан хақ білер.
Адамзаттың белгілі,
Бұл дүниеден өтері.
Өлгеннен соң белгілі
Тіріліп бір жауап берері.
Басты бір аяқ қылады.
Бір Алланың шебері» [6, 149 б.]
деген жолдарда адамның ақыреттегі халі, жақсы, жаман істері
айқындалар, сауабы мен күнәсі белгілі болатын махшар күнін еске
алады. Адамның бұл дүниеден өткесін қабірде жауап беруі және
қиямет күніндегі махшардағы сот күнінде жақсы мен жаманның,
ақ пен қараның, зұлым мен мазұлымның, ғалым мен залымның,
момын мен жаһилдің ажыратылар күнін мәлімдейді. Жыраудың
бүкіл шығармашылығын көктей өтер эсхатологиялық сарын ислам
ақидасына сай, қазақ даласына кеңінен мәлім Матрудия мектебінің
іліміне сай баяндалады. Дария сия болып, жер жүзі қағаз болса да,
227
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
жазып таусылмас сыр, шер бар кеудемде деп ақын өзінің шабыты
буырқанған шығармашылық күйін суреттейді.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп білген халқымыз сөз қадірін
білген, шешендік өнерді құрметтеп, сөз ұстаған ел мүддесін қорғаған
ақын-жыраулардың өнегелі толғауларына құлақ асқан. Жұрт
тыңдарлық, көптің көкейіне жол табарлық сөзбен тағылым берсең,
ел ішіне тез таралар және өз өнеріңді де паш етерсің дейді. Артында
қалған ғибратты сөз ақын ғұмырын ұзартады. «Өлді деуге бола ма
айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дегендей-ақ,
ақын өзінің ел сөзін ұстаған жыршылық өнерін марапаттап, өзіне өзі
демеу болып, рух берер тұстары кездеседі.
«Сөйлеп қал, қызыл тілім, жақ барында,
Кеудеде ақыл, маңдайда бақ барында.
Мың сайтан, жүз пәлекет қамаса да,
Бір тәңірі қағып шығар сақтарында» [6, 116 б.].
«Сөйлеп қал, қызыл тілім, өлмей тұрып» деген ақын артындағы
жастарға тағлымды сөздерін қалдыруды көздейді. Сөз өнер болумен
қатар екінің бірінің қолына қонбайтын бақ, мүмкіндігінше сөз
маржанынан теріп, асыл-жауһарды қауымға ұсынып, болашақ
ұрпаққа мұралауға тырысады. Ақынның әрқашан медет тілеп, үміт
етері, бір және бар Хақ тағала.
«Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың,
Хақ деген пендең болса тастамайсың...
Су құйса төгілмейтін бозжорғаңның,
Аяғын аңдаусызда қақпағайсың.
Құдая, жаманыңмен теңді қылма,
Құрбымнан өзім теңді кемді қылма.
Жаратқан барша жанды Паруардігер,
Өзімдей пенделерге пенде қылма» [6, 117 б.].
Өзімдей адамға – пендеге – Құдайдың құлына тәуелді қылма
деген ақын құлдықтың мәні бір жаратушыға құл болу, Аллаға құл
болудың мәнісін білген өзгеге құл болмайды, ішкі рухани еркіндікке
жетіп, толық ақиқат тәуелсіздікті иеленеді деп білгенін аңғарамыз.
«Әр жерде қадір-құрмет көрген жанмын, Жақсы менен жаманды
білген жанмын, – деген ақын, – жақсы мен жаманды ажырату көкірегі
ашық ердің ісі» деп біледі.
228
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
«Сыртқы келбет алдамшы,
Ақыл жоқ кей адамда бой болады.
Көрмеге қандай жаман болса-дағы,
Парасат кей шаһбазда ой болады» [6, 118 б.]
деп адамның асыл қасиетін оның ішкі жан дүниесінен, ақыл
парасатынан іздейді. Сутасты гауһардан, асылды жасықтан ажы-
ратпау – надандықтық белгісі. Сыртқы пішінге, формаға көзін бай-
лап, жылтырға құмарлық, ішкі мәнге назар аудармау – наданның ісі.
Даналықтың белгісі – жөн білу. Жалқаулық істеген ісін аяқсыз
қалдырған шалағайлық – ең жаман қасиет. Жасы елуге келсе де, ондай
білімсіз жан баламен тең дейді. Жақсының сипаты білімділік, жөн
білетін даналық, сөзден тосылмас, топ жарған шешендік білімділіктің
белгісі болса, оның өзі де еңбекпен, ұқыптылықпен келеді.
«Апу-күпу дегенмен әулие емес,
Күнәсі-күнә үстіне жамалмаса.
Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса,
Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса
Молла есімін алған жан толып жатыр
Не керек ғылым бойға жұға алмаса» [6, 120 б.]
«Тыңдаушы сөз түзелді, сен де түзел» дегендей-ақ, сөз қадірін
білу, көңілге түйіп, ғибрат алу да екінің бірінің қолынан келмейді.
Жәй ғана молла есімін алған, білімді, діннің сыртқы пішінін ғана
меңгерген адамдар бар. Сонымен қатар ұстаздан дұға алып, ғалым
болған, яғни шын мәніндегі нұрлы ақылды иемденген адамның одан
парқы бар.
Ұстаздың орны, шәкірт пір қызметінде болуының маңызы
жайлы да сөз қозғайтын Шал ақынның «Елу жасқа келгенде пірдің
сөзін сақтадым» деген сөзіне қарағанда, оның шариғат ілімін
игерумен қатар тариқат әдебіне сай өмір сүргені белгілі болады.
Құдайдың әділіне сай болудың мүмкін еместігіне байланысты қаупін
былай білдіреді: «Кітап Құран айтқаны рас болса, Ұжмақ көрер бір
жан жоқ, бұл кісіден, – дейді де фазылына үміт артып, былай тілеу
тілейді, –
Жарлығы екі болмас дақ Құдайым,
Жанында серігі жоқ Хақ Құдайым.
Жанымда алсаң, Құдая, иманмен ал,
Шайтанның қазасынан қақ, Құдайым» [6, 120 б.].
229
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
«Бір жігіт бар – құр жан, Бір жігіт бар – тірі жан, Бір жігіт бар –
жігіт жан» [6, 120 б.] деген жыр жолдарында адамның мәні жанмен
дегендей, жан сөзіне екпін түсіре сөйлеп, жігіттің жақсы-жаманын
осыған қарап ажыратуы ерекше назар аударарлық. Құр жан деп
отырғаны кеудесін сүйреп жүруге ғана жарайтын санда бар да
санатта жоқ, біреуге масыл, тоғышар адам. Ал тірі жан дейтіні бар
тапқанын киім мен асқа салатын, досын жатқа сататын, сыртын
түзеп, ішін күзетпеген адам. Ол ақылын айлаға жалғап, нәпсінің
қажетін ғана іздейтін, пысықтығы пасықтықпен ұштас, жанның түп
мақсатын іздемеген, жанның уақытша мекені тән қамымен кеткен
адам. Ал жігіт жан «сегіз қырлы бір сырлы» деп қысқа қайырып
қойған қанатты сөзі сан ғасырлар бойы жігіттің сыны ретінде халық
көкейінде өмір сүруінің өзіндік сыры бар. Бұл сөздің иесі Шал
ақын ғана деп ұғу міндет емес, бұл халық көкейінде өмір сүретін
хикмет-даналық. Бұл таухит талапты көкейінде орнықтырған, ниет
тілегін Бір және Барға бұрып, Хақтың бірлігі мен барлығын тануға
ұмтылған адамның сипаты. Таухит талапқа берік бола тұрып,
көппен үйлесімде өмір сүруі, қоғамның қызметінде белсене араласу
ердің ерінің ғана қолынан келер іс. «Көптің ішінде жалғыз». Яғни хақ
бірлігі мен барлығын, өзінің менінің онымен тұтастығын түйсініп,
ішкі еркіндігіне жетіп, хақ алдында өзінің өз ісіне жеке жауап берерін
түсінген дара тұлға көптен оқшауланбай, қоғамды жатсынбай,
үйлесімде өмір сүруге тиісті. Ондай ердің сыры тереңдеген сайын
қыры да қырналана түсуі хақ.
Ол амал істеуге ниетін түзеуге міндетті, ісінің нәтижесін
Құдайдан күтеді. Адамды қанағатшылдыққа үндеген тауфиқтан
айырылмауға шақырған ақын «мың жылқылы байлардан несі кейін
оразасын үйінен ашқан кісі» дейді.
Қайғыдағы адамды жұбату, оның қайғысын бөлісу қазақ дәстүрлі
қоғамында тамырын үзбей келе жатқан салт. «Біреудің кісісі өлсе,
қайғылы – ол» деген берідегі Абайдың қазаға сабыр ету туралы өзін-
өзі, өзгені жұбату үшін философиялық толғау тұрғысында жазылған
өлеңдері бар. Тас түскен жеріне ауыр дегендей, басына қайғы түсіп,
қазалы болған күйзелістегі адамды жұбатып, өлмек артынан өлу жоқ
екендігін көкейіне қондырып, қайғысын бөлісу, көңілін серпілтіп,
жұбату жыраулар дәстүрінде молынан кездеседі. Қандай да бір
заманауи ықпал әсерлерге қарамастан, халықтың өмір салтында
діннің көптеген ритуалдық тұстары көмескіленгенде де мейлінше
нық орныққан, айқын сақталған дәстүр жоралғылар бұл адамның
дүниеге келуі мен дүниеден өтуіне байланысты жоралғылар. Қазақ
халқы дін жоралғыларын оның ішінде жаназа мен жерлеу салтын
230
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
өзіндік кейбір ерекшеліктері болғанмен, ислам дәстүріне сай
атқарған. Исламдағы имандылық шарттары мен таухид талапқа
адалдықтары қазаға көзқарастарынан да көрініп тұрады.
Әлемнің жұптаса келер қарама-қарсы құбылыстардың бірлігі
мен күресінен тұратынын түйген ақын «қуаныш қайғыменен жұбай
еді» – деп бедерлейді. Пәлеге риза, қазаға сабыр етер бекемдікке
шақырады. Иман шарттарының бірі – жақсылық пен жамандық
Алла тағаланың тағдырынсыз болмайды деп нану бар. Жан беруші
де, жанды алушы да жан иесі, сондықтан жақынның қазасына сабыр
ету тағдырға мойынсұну ғана емес, парасаттылықтың белгісі.
Жалғыз баласынан айрылып, қайғыдан қабырғасы қайысқан
Ерденге көңіл айтқан Досбол мен Шоқайдың сөзінен де осыны
аңғарамыз. «Жеті күн бас көтермей жатқан Ерденді басқан қайғы
бұлтын серпілту үшін Досбол былай деген екен:
– Уа, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдайдан да
құдіреттімін деп, мейманаң тасып кеткен екенсің керден?!
Мыңды айдаған әкең Сандыбай да қара жерге енген! Оны мына
Шоқай көзімен көрген! Әулие болсаң, әкеңді деп, балаңды да алып
қалуға әлің кәне келген?! Көкті бу көтереді. Жүйрікті ду көтереді.
Ер емес пе едің, нар емес пе едің талай құқайды көрген?! Тағы да
айтамын басыңды көтер жерден! Құнсыз беріп, пұлсыз алды, – нең
бар еді, Құдайға берген? – дейді ашына.
Ерден «өлмек артынан өлмек жоқ» көңілдегі қайғының көбесін
сөгер осындай асыл ерлерді күтіп жатыр едім» [9, 85 б.],– деп орнынан
тұрыпты»
Осылайша сүйектен өткізе, жеріне жеткізе сөйлеп, адамның
жанына дәру табу, жүректегі шер-шеменді еріту, жақсы-жаманды
көрген ақиқат пен жалғанның парқын білетін ердің ісі деп білген.
Эсхатологиялық сарындағы ақырет, бұл дүние мен о дүние
тақырыбын мына өлеңінде нақты бейнеленген. «Дүние деген шолақ,
Жан денеге қонақ» дүниенің жалғандығы өлім сағатында айқын
білінеді. Адамның бұл дүниеге, жанның денеге қонақ екендігінен
белгілі болады. Қысқа өмірден мәңгілік өмірге адамның алып
қайтары «ақырет» деген киімі ғана дейді. «Ақырет» дегенде адамның
қабірге жерлердегі кебінін айтқандай көрінгенмен, шындығында,
жанның алып қайтар ақырет деген бір киімі – тағат-ғибадат, амалдан
құралған қорғанышын тұспалдайтындай. Дәстүрлі қоғамда адамның
ақыреттегі сұрауға сеніп, ғибадат арқылы иманын күшейтуіне, бұл
дүниеде ақиқатқа сай өмір сүріп, дүниеден өткенде де мұсылмандық
салт-жоралғыға сай жаназасы шығарылып, шариғат бойынша
жерленуіне зор маңыз берген.
231
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
«Шариғат шапаны» деп Ясауидің діни білімді тұспалдайтын
тұстары бар. Адам имандылық білімді меңгерсе, мағрифат іліміне
бойласа, оның өз ішкі сырлы әлемінен ақиқат ілімді хикметті табары
хақ, сондай-ақ сол ілімнің өзін қорғап ұстап тұратын діннің сыртқы
канондық формалары бар. Сол канондарға тән ғибадаттардың
бұлжытпай орындалар шарттары бар, ол шариғат шарттары ретінде
белгіленген. Яғни адамның бұл дүниеде шариғат шарттарын заң
ретінде мойындап, парыз ретінде орындауы мұсылмандығының
кепілі және шарты. Сондай-ақ дүниеден өткенде о дүниелік болған
соң, сол құлшылық ғибадаттар ақыреттің қиындығынан, ыстығы
мен суығынан сақтар, абыройын жауып, күнәларын жасырар киімі
сияқты қызмет атқарады деп білген. «Ақырет киімін сайлау» – бұл
дүниеде мұсылман парызын орнына келтіруі. Бұл дүниеден өткенде
жаназа намазы оқылып, салт-жоралғыға сай жерленудің өзіне аса
маңыз берілгендігінің бір себебі: сол ақыретте осы жоралғылардың
шариғатқа сай орындалуы о дүниеге өткен адамға қабірде қорғаныш
болады деп сенген. Сондықтан туысқандары салт-дәстүрді ықылас-
пейілмен орындаған. Жалаңаш кеп, жалаңаш кетуі, «тесілген төрт
қары бөз» денесін жабуы адамның әлсіздігін айқындайды. Бай
болсын, бағлан болсын, батыр болсын, дана болсын, бала болсын
барлығы хақ жаратушы алдында аса әлсіз, оның әділіне сәйкес келе
алмастай жалаңаш, фазылының жанында ғана оның тағат-ғибадат,
құлшылығының пана болар беделі бар. Сондықтан ақырет киімі
қауіп пен үміттің, адам әлсіздігін мойындауының ишарасы. Ясауи
бабамыз «қиямет күн көзім соқыр, жалаңашпын» деуі соған меңзейді.
Дүние әлем ақиқатты танытатын белгі аяттар болуымен қатар
адамның ақиқатқа бағытталар батини көзіне перде болып, шел
болып жабады. «Дүниеге қызығамыз несін біліп. Аз күнгі қызығына
есерленіп» – дегенде осы дүниенің жақсы-жаман қырларын ажырата
қарау керек екенін ескертеді.
Адамның – ер жігіттің тіршілік сәнін келтірер ақ неке, адал жар.
Ер жігіттің үш намысы болса, біріншісі, иманын қорғау, екіншісі,
ақ некелі жарын, отбасын қорғау, ал үшіншісі, Отанын, туған жерін
қорғау. Неке иманның жартысы деген сөз бар. Неке иманның
жартысы болар, себеп: некедегі адам зинақорлықтан сақтанып,
нәпсіге тойтарыс беруі, имандылықтың кепілі, сонымен қатар өзінің
негізгі дұшпаны ретінде өз нәпсісін танып, ар-ұждан тазалығы үшін
күрес – ең маңызды намыс. «Жігіттің алған жары жақсы болса,
иманыңнан басқадан жақын деген» жақсы әйелдің ерін құрметтер
жақсы қасиеттерімен қатар азаматтың ерлік тұлғасын толықтырар
негізгі байлықтың бірі ақ жаулық деген ұғым-түсінік халық
232
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
санасында ғасырлар бойы жасап келеді. Иман адамның бұл дүниеде
де ең қымбат қазынасы болса, Адамның ақыретке апарар қазынасы
осы. Ал адал жар ақыретте де бірге болар екі дүниелік жолдасың
дейді. Ақын жақсы-жаман деген өлшемін безбендеуде, жақсы
әйел, жаман әйел, жақсы жігіт, жаман жігіт деп олардың жақсы-
жаман сипаттарын ашуда имандылық негізге сүйенеді. Бақ дәулет
ұғымын ақын Жаратушының берген ырзық-несібесі деп қарайды.
«Алғаның жақсы болса қара жердей» дегенде қара жер символдық
жүк арқалап тұр, космологиялық ұғымда жер өзінің құнарымен,
кішіктігімен, мейірім, қамқорлығымен, жасампаздық пен ізгіліктің
тіршілік бастауы ретінде белгілі. «Жақсы қатын сырласың, қорғаның,
адамның дәулет құсы».
«Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Ол сенің ақыреттік жақын кісің.
Келген мейманыңды және туғаныңды
Бірдей тәрбиелеп,
Ол және ұмытпасын хақтың ісін» [6, 130 б.].
Әйелді ақылына қарай таңдап ал, ол екі дүниелік жолдасың деп
жігітке ескерткенмен, бұл жерде әйелге қойылар талаптар айтылады.
Әйел мейманға сый-құрмет көрсететін, туғанға қамқорлық жасайтын,
мейірбан болуымен қатар хақтың ісін ұмытпайтын тақуа болсын
дейді.
Үгіт-насихат айтып жақсы істермен ғибрат қалдыруды көздеген
ақын сөз өнерінің қадірін біліп, ақиқат жолына жұмсаған, өзгені де
осыған үндеген.
«Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың.
Ләзім болған іспен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең [6, 137 б.].
Уайымшыл мен қайғы ойлаған жігіт жалған қауіп пен болымсыз
үміт құрсауындағы тәуекелсіз адам. Бұл дүниеде қонған бақ та
баянсыз, сондықтан «Зауалды жалған дүниеде» иеленген атақ-
мансап, байлық пен дәреже тұрақты емес, ол адамды асып-тасуға
менмендікке ұрындырмағаны ләзім. Тіптен бұл дүниедегі адамдар
арасындағы жаулық пен дұшпандықты да көрге кіргенше ұстануға
болмайды. Адамның негізгі жауы адам емес. Анық дұшпанды
айқындап, соған қарсы ұрыс сал.
233
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
«Қарсы жүрген адамың,
Басын исе достық қыл,
Жеңілсе дұшпан достық қыл,
Аяққа салып баспаңдар» [6, 138 б.].
Жаудың өзі де адам баласы, қарсы тұрып, қарысып шайқасқанда
дұшпаның болса да, жеңіліп мойынсұнған кезден бастап оған да
достық мейірбандық көрсету – адамдық борышың.
Ырыс қонудың, бақ дарудың өзі өзара үйлесімге байланысты,
белгілі бір себептердің ұйыса келуімен жүзеге асады. Ағайын
ынтымақты, бала пайдакүнем, адамы қырлы, малы түрлі т.с.с.
белгілер бір адамның маңында көрінуі, оған бақ қонып қыдыр
даруының нышаны. Ырыс бақ көшерде, ынтымақ ыдырап, адамы
қырсыз болады деп, осыған мүлдем қарама-қайшы себептерді
жинақтап айтады. Яғни ырыс, бақ, дәулет даритын, қонатын игілік
болса, ол-дағы дүниедегі, жердегі себептермен тығыз ықпалдас.
Басына іс түскен кезде тең құрбыңды табалап, таспа, өз басыңа да
күн туарын ұмытпа, тоқтықта тәубаны ұмытпа деген мағынадағы
үгіт насихат сөздері молынан кездеседі.
ХІХ ғасырда өмір сүрген зар заман әдебиетінің көрнекті өкілі
Шортанбай Қанайұлы (1818–1881) өз шығармашылығында замана
жырын, хал күйін нақты бейнелеген соқталы тұлға.
«Әр заманның болжалы келе жатыр жақындап», – деген
Шортанбай жырларындағы эсхатологиялық сарын сол дәуірдегі
ел мұңын жоқтаған әлеуметшіл ақын жыраулардың барлығында
кездеседі.
Жырау заманныңң тарылуын жақсының жаннан, жаманның
малдан түңілуімен сипаттайды. Мынау заман қай заман деген
сұрақты қойғанда, оның ащы жауабы азулы обырдың талауына түс-
кен бодан елдің зары болып төгіледі. Жырау үшін заман тарлығы іш-
кі еркіндіктен айырылу қаупімен ұштас адамның жанының рухани
еркіндіктен айрылу қайғысымен, жаннан түңілуімен байланысты.
Отарлаудың дұшпандық қаупі мал-мүлікті талап қана қоймайды,
жанға, имандылыққа қол сұғады. Жақсының жаннан, жаманның
малдан түңілуін заман тарлығының сипаты ретінде көрсеткендігінің
сыры неде десек, жырау жан мәңгілік, бақилық ұғым болғандықтан,
жанның талпынысы хақиқат деп біледі, сондықтан да жанның мәңгі
бақытқа немесе керісінше, мәңгі бақытсыздыққа ұшырау қаупінен
торығады. Тәуелсіз мемлекет егемен қоғам өз мүшелерінің рухани
еркіндігіне мүмкіндік беретіндігімен құнды. Елдің бодандық
құрсауына түсумен бірге, ердің имандылық құндылықтары мансұқ-
234
Достарыңызбен бөлісу: |