Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет27/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
талып, рухани кемелдену мүмкіндігі шектеледі. Жақсының қайғысы 
– жан, яғни рухани құлдық, тәуелділікке ұрыну жыраудың да басты 
қаупі. Бірінші қайғысы мал болған қоғам мүшелері үшін де мемлекет 
іргесінің бүтіндігі мал-мүлкі мен ырыс-берекесі артуының кепілі.
Бодандықпен  бірге  жері  талауға,  малы  айдауға  түсіп,  жалпы 
бұқара қауымның да тұрмыс дәрежесі нашарлайтыны да шындық. 
Жыраудың  бодандық  зардабы  жалпы  қауымға  келген  нәубет  деп 
біліп,  сонымен  қатар  жан  қайғысын  ойлау  жақсының  сипаты,  мал 
қайғысын  жоқтау  жаманның  сипаты  ретінде  ашуы  ерекше  назар 
аударарлық. Заман тарлығының тағы бір белгісі. «Мұсылманнан хал 
кетті» дейді. «Хал кету» мұсылмандардың әлсіреуі деп қана түсінсек, 
үстірт қана ұғынамыз. Ясауи мұраларында айрықша ден қойылатын 
хал ілімін сөз етіп отыр. «Қал ғылымын алайық, хал іліміне жетейік», 
«Хал болмаса, қал ілімінің бір харі (ноқаты) де пайда бермес» дегенде 
Әзірет Сұлтан ислам дінінің ішкі эзотерикалық мәніне мұсылманмын 
деген адамның өзінің ішін мәнге толтырып, жанға пайда табуына зор 
маңыз береді. 
«Дін пұсырман болмаса, тіл пұсырман жол емес» деген Бұқар-
мен  үндес  Шортанбай  да  дінді  білім  ретінде  ғана  игеріп  қоймай, 
ілімге амалын сай қылып, өмірінің мәніне айналдыруға шақырады. 
Хаққа ғашық адамның сипаты қал ілімін меңгеру ғана емес, хал 
ілімін  иелену.  Мұсылмандықтың  белгісі  адамның  сөзінен,  сыртқы 
пішінінен,  шариғат  шарттарына  сай  тағат-ғибадатты,  ғұрып-
жораларды  орындаудан  ғана  көрінбейді.  Адам  өзінің  ішін  мәнге 
толтыруы,  ақиқатқа  сай  өмір  сүруі  тиіс.  Жақсылыққа,  ізгілікке, 
имандылыққа,  адамгершілікке  сөзбен  ғана  шақырмай,  өзінің  ниеті 
де, іс-әрекеті де, ішкі хәлі, көңіл-күйі осыған сай келуі керек. 
«Заман азды, заманның ұлығы азды, байы азды, атасы мен баласы 
азды  –  мұның  бәрі  ақырзаман  нышаны  деу  ескіден,  ХІІ  ғасырда 
тіршілік  еткен  Қожа  Ахмет  Ясауиден  қалған  сарын»  [10,  34  б.]  деп 
жазды Әуезов және басқа ғалымдар да осы пікірді қолдады. Бұдан 
олардың  зар  заман  ақындары  мен  осынау  қазақ  даласына  өзінің 
рухани ықпалын ғасырлар бойы сақтаған Әзірет Сұлтан арасындағы 
сабақтастықты айқын аңғарғанын көреміз. 
Мұның өзі зар заман дей отырып, Шортанбай заман зарлығының 
белгісі  халық  басына  төнген  нәубет  күндестік,  күштінің  зорлығы, 
орыстың озбырлығы дейді. Заманның зары ұлғайып, заман тарылуын 
ақырзаман  таянуының  белгісі  деп  біледі.  Халық  басына  төнген 
нәубетке  қазақтың  өзі  кінәлі  дейді.  «Тәубасы  қабыл  бір  жан  жоқ 
қазақ  деген  халықтан»,  қазақтың  тәубасы  қабыл  болса,  қайғының 
қара бұлты арылар еді. Тәуба қабыл болуы үшін адам тәубасына сай 

 
 
 
                      
                                                  235
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
ақылын, мінез-құлқын түзеуі шарт. Бірақ адамдардың «сөйлеген сөзі 
жалған, шайтаннан асы арам» дейді. «Кім мұсылман, кім кәпір бір 
Аллаға аян» дегенде, «мұсылман» сөзі белгілі бір дін өкілі ұғымынан 
гөрі  имандылықтың  атауы  болып  тұр.  Адамның  сыртқы  түрі  мен 
айтар  сөзі  имандылықтың  белгісі  емес.  Адам  пейілінің  бұзылуын 
ақырзаманның белгісі ғана емес, негізгі себебі деп біледі. 
«Жалға  жүрер  жалшыдай  жан  қадірін  білмедің»  дегені 
айрықша  астарлы  ойды  бейнелейді.  Жалшының  бөтеннің  малын 
немкеттілікпен  қарағанындай-ақ,  өз  жаныңның  қадірін  біліп,  жан 
азығын іздемедің, жан қайғысын жемедің деп сөгеді. Шындығында, 
қамын ойлап, бүгіні мен ертеңін естен шығармайтын нағыз байлық 
аманат жан, адамның бұл дүниедегі ең басты мақсаты – осы Жанды 
көркейтіп, байыту. Жан үшін жалға жүргендей емес, ынта-ықыласпен 
қызмет жасап, жан иесіне құл болған жөн. Бірақ адамда, керісінше, 
жанын тәнге құлдыққа матап беру қаупі бар. Мұнафықтың, жалған 
сопы, діндардың сипатын былай ашады. 
«Ардан кешкен ұятсыз
Дінсізге қылар мұятты. 
Қолында тұрып ұрлығы, 
Мойында тұрып зорлығы, 
Ойында тұрып жалғаны, 
Көңілінде тұрып арманы, 
Баласын беріп Моллаға, 
Көңілін беріп Аллаға, 
Дүнияға көңіл жұбатты» [11, 132 б.]. 
Ұятсыздық  имансыздықтың  бірінші  белгісі  дей  тұрып,  ішкі 
ниет  пиғылды  түземей  тұрып,  дін  уағыздап,  құлқын  қамы  үшін 
көпті дінге шақырмақ болған жалған қожа-молданы сөгеді. Қолын 
ұрлыққа былғаса, зорлығын өткізіп күнәға батса, өзінің айтқан сөзіне 
өзі  сенбесе,  дүниені  көксеген  сан  қилы  арманы  көкейінде  тұрса, 
баласын  молдаға  оқуға  берген  болып  аузына  Алланы  алғанмен, 
көңілін дүниемен ғана жұбатқан адамның екі жүзділігін ашады. 
О  дүниенің  азабы  жайлы  бұ  дүниеде  айтылған  сөзге  имансыз 
құлақ аспас, ал малды болсын, малсыз болсын, ғалымды да, залымды 
да, діндіні де, дінсізді де ғибрат үшін жаратқан бір иесі бар. Ол – бүкіл 
игілік иесі, сондықтан Құдайдың бермесін ала алмайсың. Сонымен 
қатар  рахым  шапағат  иесі  түгі  жоқ  жарлы  бейшараға  да  берілген 
бұ  дүниенің  жарығынан  артық  бақыт  жоқ.  «Ашты-тоқты  болсаң 
да  ,Иманың  сақта  ұятты»,  –  деген  ақын  иман  мен  ұятты  барабар 

236 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ұғымдар ретінде ауызға алады. Бұл Мұхаммед пайғамбардың «ұяты 
жоқ адамның иманы жоқ» деген сөзімен мәндес. 
Бұл  жайлы  Абай  осы  хадис  шарифті  мысалдай  отырып,  отыз 
алтыншы қара сөзінде былай дейді: «Біздің қазақтың өзінің мақалы 
да бар «ұят кімде болса иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді ұят 
өзі иманның бір мүшесі екен. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, 
я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Ұят деген 
– адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа 
салып сөгіс қылған қысымның аты» [4, 120 б.] деп, ұят сақтау арлылық 
имандылықтың  басты  белгісі  деп  біледі.  Аштық  кедейлік  ар-ұятты 
жоғалтуға сылтау емес. Иманды күшейтсең, жалған намыс пен шын 
намысты, жалған ұят пен шын ұятты ажыратып тани аласың дейді. 
Қартайғанша  мал  деп,  тіршілік  қайғысымен  ғана  өтіп,  жан 
алқымға таянғанда, өлім сағаты соққанда ғана жан дейтін адамның 
тойымсыздығын ақын сөге отырып:
«Уәліден кетті керемет
Патшадан кетті ғаделет, 
Ақыр заман таянды. 
Бұл асылық асқан заманда, 
Ұл туады атаменен егесіп, 
Қыз туады анаменен теңдесіп» [11, 138 б.] 
деп  адамгершілік  құндылықтардың  бағасы  жойылып,  елдің  азғын-
дауын  ақырзаман  белгісі  ретінде  жырлайды.  Бұл  жырлар  дәл  сол 
заманның ғана сипаты емес, болашақтағы адамдардың одан әрі азғын-
дауынан да хабар беретін болжау мәнді өлеңдер деуге де болады. 
«Кешкі тұрым болғанда, 
Құлан менен бұландай 
Үйде тұрмас ойқастап. 
Қыз-жігітте әдеп жоқ, 
Бұрынғының сөзінің 
Бір қатасы болсайшы!». 
Бұл  өлеңдерін  өткендегі  болжаудың  шындыққа  айналған 
мысалы  дейді.  Осындай  эсхатологиялық  сарын  айқын  сезілетін 
болжал өлеңдер ақын шығармашылығында молынан кездеседі. 
«Заман, заман, замана 
Кейін келер заманда

 
 
 
                      
                                                  237
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Асқар таудай әкеге 
Ұл қышқырған замана. 
Қылсаң жұмыс бітпейтін, 
Күн қысқарған замана. 
Бай қайырып байланым, 
Түн қысқарған замана. 
Мәстек-жабы жалданып, 
Бағалы болған замана. 
Ұл сыйламас атасын
Қыз сыйламас анасын. 
Түсі сары, көзі көк 
Дінсіз келіп билейді 
Түбінде содан татасың» [11, 138 б.] 
«Заман, заман, замана» қайталауда болсын зар заман, тар заман 
деген  қолданыста  заман  сөзіне  зор  мағыналық,  экспрессивтік  мән 
жүктеледі.  Заман  сөзінің  өзі  уақыт  өткіншілігін  айғақтаушы  сөз. 
Бүкіл  мекенімен,  кеңістігімен,  ел-жұртымен,  осы  елдің  тұрмыс-
салтындағы ниет-пиғылындағы қауырт өзгерістердің бүкілін замана 
сөзіне  сыйғыза  сөйлеудің  өзіндік  мәні  бар.  Жырау  жырларын  оқи 
отырып, заман-уақыт ұғымы бола тұра, шындығында, уақыттың өзі 
жоққа  шығатын  соңғы  сызыққа,  межеге  заман  ақырға,  таусыншақ 
күнге  жылжып,  жақындаған  сайын  құлдырай  жылдамдық  қосып 
келе жатқан қозғалыстың атауы, тағдырға барабар ұғым. Бұл болжал 
өлеңдердің  тағдыр  өкімін  естірту  сарынымен  қатар  бұл  зұлмат 
қатердің өзі адам ниет-пиғылының бұзылуы мен ақымақтық, рухани 
азғындауының салдары деген тағылымдық тұжырымы да бар. 
Мұсылман болсын, кәпір болсын бір Адам Атаның баласы дейді. 
Адам  Ата  пайғамбардың  топырақтан  жаралуын  еске  алу  арқылы 
оның тән атасы екенін айқындайды. Яғни бүкіл адам баласының бір 
атаның баласы екенін еске алып, бауырмалдыққа шақырады, алыс-
беріс  қатынас,  дәм-тұзын  адалынан  пайдалан  дейді.  Қазақ  салт-
дәстүрінде дәмдес болу – бауырласу белгісі. 
Адамдардың  өзара  бауырмалдық  тұрмыс-тіршілігіндегі 
қоян-қолтық  араласуын,  әлеуметтік-экономикалық  қатынасқа 
түсуін  құптайды.  Алайда,  ақынның  дұшпан  деп  түсінуі  кәпір 
деп  қауіпсінуі  иманға  қол  сұғар  ішкі  рухани  еркіндікті  тарылтар 
отарлау  әрекетіне  байланысты.  Демек,  ақынның  мұсылман-кәпір 
деп  бөлінуінде  өзіндік  парық  бар.  Ясауидің  кәпір  болса  да  берме 
азар деген қағидасымен үндестікті одан да көреміз. Мұсылман діндес 
бауырларын  өзге  дін  халық  өкілдеріне  дұшпандыққа,  жаулыққа 
тәрбиелеу  мақсатын  көздемейді.  Жырау  үшін  жетілген  қоғамның 

238 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
бірінші белгісі – ол қоғамның адамға иманын сақтап, ішкі еркіндікте, 
адам жанының кемелденуіне мүмкіндік беретін жағдайы. Осындай 
дәстүрлі қоғамға, мәдениетке төнген қауіп – оның әрбір мүшесінің 
иманына төнген қатер. Сондықтан да кәпірдің жаулығы да осымен 
байланысты. Яғни адамның жауы діні бөлек болса да адам емес. Бұл 
қарсылық  үні  материалдық  құндылықты  бірінші  орынға  қойып. 
иман құндылығына шабуылға шыққан батыс мәдениетіне қарсы үн, 
мәдениеттер  қақтығысының  жаңғырығы.  Адам  сырттан  жау  іздеп 
кәпір деп адамдармен жауыққанша, өз басындағы нәпсімен күресіп, 
өтірік ғайбат зорлықтан сақтанса, нағыз күрес жиһад осы дейді. «Зар 
заманның  аяғы,  Заманың  кетті  баяғы  Ықылас-ниет  қалмады»деп 
түңіледі.  Ықылас-ынтамен  жасамаған  тағат-ғибадатты  жалған  деп 
біледі.
«Жан есінен адасты, 
Жамандық мұнша ұласты, 
Жарысқа кірген жақсылар, 
Жақыным деп жан тартпай, 
Кәпірменен қынасты» дейді. 
«Жан» ұғымына екпін бере, сөзіне өзек ете сөйлегені айырықша 
назар аударарлық. Мұсылман кәпір ұғымының өзін имандылықтың 
парқы ретінде ажыратып, «жақыным деп жан тартпай кәпірменен 
қынасты» деп сөгіп отырған ел жақсыларына тағар айыбы, жанына 
жақын яғни, жан қамын ойлаудағы, бір және бар жаратушыны тану 
мүмкіндігін беретін иманды сақтаудағы ниеттес, тілектес, мүдделес 
бауырын ұмытып, кәпірменен жақындасты дейді. Демек, мұсылман 
кәпір деп бөлуінің өзінде жан туралы қайғыны негізгі өлшем етеді.
Бұ  дүниенің,  яғни  жалған  дүниенің  тұтқасы  мал-мүлік  болса, 
соның  кілті  кәпірдің  қолында  қалғасын,  қазақтың  күйі  жандарал 
ұлыққа  сыйыну,  кәпірді  пір  тұту,  тілмашты  жеңгесіндей  көруімен 
сыйпатталатын, жағымпаз, күйкі хәлге айналды деп торығады. 
1959  жылғы  15–19  маусым  аралығында  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының  Тіл  және  әдебиет  институты  өткізген  ғылыми-
теориялық  конференцияда  зар  заман  ақындарының  шығармалары 
идеялық  бағыт-бағдар  тұрғысынан  жан-жақты  талқыланды. 
Осы  конференция  қаулысында  мынадай  қорытынды  жасалды: 
«Шортанбай  Қанаевтың  творчествосы  жайында  конференция  сол 
дәуірдің негізгі идеялары мен әлеуметтік өмірдегі ерекшеліктерін еске 
ала отырып, ақын, бір жағынан, патша өкіметінің Қазақстанды отарлау 
саясатының салдарынан туған әлеуметтік жайларды сынай отырады 
да,  екінші  жағынан,  хандық  дәуірді  мадақтайды,  шығармаларында 
ислам  дінінің  идеяларын  уағыздайды  деп  қорытады.  Бұл  сияқты 

 
 
 
                      
                                                  239
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
ақындардың творчествосына жоғары мектептің программаларында 
орын беріліп, негізінде ағартушылық халықтық бағыттағы әдебиеттің 
осындай кертартпа ақындарымен күрес үстінде дамығанын көрсету 
үшін аталуы керек» [13, 26 б.] әдебиет зерттеушілері қоғамдық-саяси 
ахуалды  ыңғайынан  шыға  алмағанымен,  негізгі  ой-пікір  мынаған 
ойысады. «Әдетте бір ақынның шығармасына баға бергенде, біріне-
бірі  қарама-қарсы  екі  көзқарас  орын  теуіп  келді:  не  сол  ақынды 
халық мұңын мұңдаған прогресшіл қайраткер етіп тарихта қалдыру, 
я  болмаса  оны  кертартпа,  реакцияшыл,  феодал  жыршысы  деп 
танып, тарихтан мүлде шығарып тастау. Біздіңше, көрнекті мәдениет 
қайраткерін, егер ол шын мәнінде, солай болса, реакцияшыл екенсің 
деп  тарихтан  шығарып  тастауға  болмайды,  ол  ақын  өзінің  тиісті 
бағасын алып белгілі бір көлемде зерттелуі тиісті» [12, 113 б.] деген 
пікірі  зерттеушілердің  осынау  қымбат  жәдігерліктердің  халықтың 
рухани  мұрасы  ретіндегі  қадірін  түсініп,  бірақ  дәл  сол  кезеңдегі 
идеологиялық қысыммен де санасуға мәжбүр болғандарын көреміз. 
Осы конференцияның тұжырымдарына шолу жасаған Бауыржан 
Омарұлы мынадай тұжырым жасайды. «Сол тұстағы идеялық мақсат-
мұраттар тұрғысынан көңіл қойылғанмен, зар заман ақындарының 
шығармалары жан-жақты және жеріне жеткізе талқыланған басқосу 
болды.  ...Мұрамызды  партиялық-саяси  догматизмнің  құрсауына 
қысып, жерден алып жерге салып талқыға түсіргенмен, бұл бәрі бір 
басқаның емес, біздің әдебиеттің жоқ-жітігін түгендеуге талпынған 
тарихи жиын ретінде бағалануға тиісті» [13, 26 б.]. 
Жыраулар  толғауының  адамды  ерекше  күйге  түсірер  халге 
бөлер жайы туралы Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Ескіден қалған 
сөз теріп» деген өлеңінде арнайы сөз қозғайды. Жырау жырларына 
тән сырлы әлемнің тылсымына жетелер екпін әуез, сазды әуен, мәнді 
сөздер  жайлы  сыр  шертеді.  Хикмет,  ақиқат  даналық  ілімі  адамға 
ерекше  тебіреніс  күйге,  тылсым  халге  енгенде  беріледі  деген  ұғым 
ерте  заман  ғұламаларының  барлығына  ортақ  пәтуалы  шындық. 
Платон, Плотин сияқты ғұламалардың сөздері осыған дәлел. Айтушы 
жаратушы хикметтерін тыңдаушыға жеткізер дәнекер болғандықтан, 
өзі де ерекше шабытты күйге бөленіп, өзгені де хикмет дариясының 
тереңіне  үйірерлік  хақтың  асыл  маржандарын  тергізер  қуат  көзіне 
айналады. Тыңдаушы да ықыласты мухлис болса, фәнилік тіршілік 
күйбеңінен  бой  серпілтіп,  көңіліне  қанат  бітіп,  бақи  бағының 
жұпарын сезінердей бір сәттік болса да ләззәтті, ғибратты халге енеді. 
Адамның  бойына  ілімнің  сіңімді  болып,  тағылымы  даруының 
қажетті  шартын  Абай  31-қара  сөзінде  былай  анықтайды:  «Әуелі  – 
көкірегі байлаулы берік болмақ керек, көңілденіп тұшынып ынтамен 
ұғу керек» [4, 120 б.] дейді. 

240 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
«Ескі ақын бізден әлі артық, 
Ол кезде туған бала артық. 
Жасымыздан шал артық» 
дегенді  бұлжымас  шындық  ретінде  айта  отырып,  шын  мәніндегі 
артықшылығының  өзі  ескі  ақын  сөздерінің  тысында  емес,  ішінде, 
сырлы тереңдігінде деп біледі. Іші мен тысы дегенде сөз мағынасы 
–  тысында  болса,  мәні  –  ішінде,  сондай-ақ  ұйқасы  мен  өрнегі  өлең 
сөзінің  сыртқы  сипаты  деп  біліп,  негізінен  жырдың  адамның  сезім 
пернелерін қозғайтын ішкі екпіні мен серпініне ден қояды. 
Ақын  аңғарған  жыраулардың  өлеңіндегі  басты  ерекшелік  – 
олар Хан алдында да, қара алдында да өмір мәні жайлы шындықты 
толғап  айта  алады.  Кейінгі  жыршы  буыны  мен  ұйқасын  келістірсе 
де, Үмбетейдей терең сыр, әсерлі түр бере алмайды дейді. Олардың 
артықшылығының өзін суырып салып айтарымен, жыраудың үнемі 
ақиқат  дариясына  шомғандай  халде  жүруімен  байланыстырады. 
Олар өздері ерекше рухани халде жүруімен және іштері мәнге толған 
адам болғандықтан да олардың сөздері де мәнді. Сондықтан олардың 
сөзіндегі  сыртқы  қалыптан,  өлең  өлшемінен  кемшілік  іздемей-ақ, 
ішкі мәнді түйсінуге шақырады. Тіптен сыртқы қалпындағы кемшілік 
боп  көрінер  ұйқастағы,  буындағы  келісімсіздіктің  өзі  табиғи,  оның 
астарлы сыры, оқыс та оқшау, тың мағынасы бар. 
Сыпыра жырау, Шортанбай, 
Үмбетей мен Марабай, 
Алды-артына қарамай, 
Соққанда жырды суылдап, 
Жел жетпейтін құландар! – дейді. 
Ескі жырдың сырт көзге ұйқасы келіспеген буыны бұзық болып 
көрінуінің өзіндік мәнді негізі бар деп біледі. 
Ойлай келсек ескі жыр
Салады тұлпар жүрісін. 
Міне, байқа мұнысын, 
Кейде жорға, кейде жел, 
Бұлдыр қағып асар бел. 
Кейде арындап, кейде шап, 
Арман алыс құлаштап, 
Алады кейде тынысты. 
Солқылдатып жүрісті
Осындай жырды ұнаңдар! 

 
 
 
                      
                                                  241
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Ең бастысы ескі жырдың бояуы жыршының өз өмір кеңістігіндегі 
келісті  бояудай-ақ  құлпырып  тұр.  Бұл  сыртқы  жылтырақ  әлем-
жәлем  бояу  емес,  сезімге  әсерлі,  ерекше  келісімді  көкірек  көңілге 
жол табар, сырлы әлемге бастайтын өлең өрнегі. 
Құлпырмай ма тау мен жер? 
Ескі жырды көрсеңіз
Ойланып көңіл бөлсеңіз, 
Сырына баға берсеңіз, 
Таң қаларлық ісі бар, 
Көңілді тартар күші бар, 
Асықпай тыңдап шыдаңдар!» [8, 140 б.]. 
Жыршының  жыры  дала  тағысының,  қыр  еркесі  ақ  бөкеннің 
табиғат  аясындағы  келісімді  тіршілігімен,  бұлдырай  зырқыраған 
желісіне  ұқсайды.  Жырау  жырының  ең  басты  ерекшелігі  адамның 
бойын исіндіріп әсер етеді. 
«Мініңді тырнап ашытар, 
Жігеріңді тасытар, 
Тәтті сөзі балдай боп, 
Насихаты шамдай боп, 
Қасиеті қандай көп, 
Елжіретіп сүйекті 
Бергендей боп тілекті
Қышыған жерді қасытар, 
Міне, осыны біліп ал!» 
Жыраудың жырын бірде жайдары желге, буырқанған боранға, 
жел жетпес құланға, асау өзен, мөлдір суға, қыран құстың самғауына 
теңей суреттей отырып, «Ескі жырда көрнеу тұр осының, бәрі білініп, 
Ақынның сырын кім аңдар!» – дейді. Жырау жырының бірінші қасиеті 
қозғалыс деп біледі. Көшпенді тұрмысына тән қозғалыс жырау жырын 
кернеп,  еркіндікке,  бостандыққа  шақырады.  Еркіндік  пен  қозғалыс 
тығыз байланысты ұғымдар, қозғалыстың мәні – еркіндік, бостандық. 
Себебі қозғалыстың уақыт пен кеңістікке тәуелділігі мен қозғалыстың 
еркіндікке ұмтылуынан мағына туындайды. Қозғалыс оларға тәуелді 
бола  тұрып  қозғалысы  арқылы  оларды  мағынаға  толтырады.  Егер 
ол кеңістік пен уақыттан тәуелсіздік алса да мәнін жоғалтпаса керек 
мағынасын  қалдырғанмен.  «Жаралыс  басы  қозғалыс  оған  да  керек 
қолқабыс»  дегендей,  ол  мән  қалпында  қайтадан  өзіне  қолқабыс 
беруші мән қалпына – түп иесіне оралады. Себебі ол мән уақыт пен 
кеңістіктен тыс. 

242 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Көшпенділер  мекен  мен  мезгілді  мағыналандырушы,  өздеріне 
аманат  иесі  белгілі  бір  уақытқа  ұсынған  жердің,  мекеннің  иесі. 
Сондықтан  олар  циклді  түрде  өздерінің  иелігіндегі  жерлерінде 
көшіп-қонуына байланысты оны мағыналандырып тұр. 
Зар  заман  ақынының  жыры  да  осы  көшпендінің  кеңістікті 
уақытты  мейлінше  мағыналандырушы  елгезек  динамикалы 
табиғатына сай мүмкіндігінше еркін тәуелсіз. Оның зары осы еркін 
егемендігімен  де  мәнге  етене  жақын  көшпенділер  өркениетінің 
күйрер шағын сезінуі еді. Мезгіл атауымен үйлес қыс мекені – қыстау, 
жаз мекені – жайлау, күзгісі – күзеу болып аталуының өзі-ақ олардың 
мекен  мен  мезгілдік  мағыналарды  өзара  тығыз  үйлестіріп,  ғажап 
үндестіріп  қабылдауының,  тұрмыс-тіршілігі  қозғалысқа  тікелей 
байланысты екенінің куәсі. Сол ортаны мағыналандырушы көш иесі 
сайын даланың еркесі, төл перзенті. 
Көшпендінің әрбір жерге ат қойып, айдар тағуының өзі белгілі 
бір уақыттағы тарихи оқиғамен байланыстырылған. Сол сияқты жыл 
мезгіліне  сай  қай  жердің  қонысқа  жайлы  болуымен  байланысты 
көшіп  қонады.  Тіптен  бірнеше  ондаған  жылдық  циклдік  көші-қон 
жолдары болған. Кеңістікті мағыналандырушы адам әрбір мекенге 
байланысты  әлдебір  уақыттағы  уақиғаны  еске  түсіру  арқылы 
тарихты  жандандырды.  Сөйтіп  жер  атауын  тарихи  оқиғамен,  сол 
оқиғадағы  басты  кейіпкер  атымен  атау  арқылы  мекен  мезгілге 
қазық болады, уақыттың өткіншілігін жойып, уақиғаға жан бітіріп, 
өткенді  еске  түсіріп,  адамның  тарихи  жадына  қозғау  салады.  Ол 
осы мекеннің төл перзенті, ажырамас бөлшегі екенін сезінеді. Яғни 
мекенді  мезгіл  мағыналандырады.  Сонымен  қатар,  мекен  айтулы 
оқиғаға байланысты мән-мағынасы артып киелілік қасиетті иеленеді. 
Сондай-ақ жыл мезгілдерінің ауысуына қарай әр мекеннің тіршілік 
үшін  маңызының  артуымен  байланысты  әр  мекенде  мезгілге  сай 
игеру  оның  мағыналарымен  қатар  мәнін  арттырады.  Көшпенді 
үшін әрбір табиғат қоршаған орта, жаратылыс-жанды мән-маңызға 
толы,  сондықтан  да  киелі.  Тікелей  қозғалыс  тіршілік  иесі  болмаса 
да тау да, тас та мәнге ие. Бірақ олардың әрқайсысы өзінше мінажат 
зікірін  жасайды.  Қоршаған  ортаға  жан  бітіре  қараған  көшпенді  өз 
мекенінен  тарихты  оқыса,  мезгіл  ықпалымен  мекенді,  қонысты 
белгіледі.  Екеуінің  де  мән-мағынасын  қозғалыс  көшімен  анықтады. 
Барлығының мәні бар киелі деп, жан бітіре қарауы жаратылыстың 
барлығының  иесі  қозғалыстың  да  бастауы,  жоқтан  бар  қылушы 
иесінің  бар  екендігін  сезіну.  Ол  мән,  жан  иесі,  бәріне  жан  берген, 
мән-мағынаға  толтырған.  Қозғалыс  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
белгілі бір ара қашықтықты игеріп жүзеге асады. Қозғалыс кеңістікке 
де,  уақытқа  да  тікелей  байланысты.  Адам  уақытты  да,  қозғалысты 

 
 
 
                      
                                                  243

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет