Философия, саясаттану


III тарау.  Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
да  тоқтата  алмайды.  Бірақ  шартты  қисынмен  уақытты  белгілі  бір 
(аса  қысқа)  сәтке  бөлшектеу  арқылы  тұйықтап,  заттың  кеңістіктегі 
қозғалысын  да  жоққа  шығаруға  болады.  Қозғалыс  жылдамдығы 
уақыт  пен  мекенге,  қозғалыс  уақыт  пен  кеңістікке  тәуелді  сияқты 
көрінеді. Шынында, кеңістік те, уақыт та қозғалыстың арқасында ғана 
мағынаға ие болады. 
Уақыт  пен  кеңістік  тепе-тең  тәуелділікте,  екеуі  де  бірін-бірі 
жоққа шығара алады. Бірақ қозғалыс олардан тыс, бұрын. Мәселен, 
Зенон априориларында уақытты қысқа бір сәттік өлшемде тұйықтау 
арқылы  жебенің  тұйықталған  кеңістікте  тоқтайтынын  дәледеуі, 
қозғалысты жоққа шығарады. Бірақ уақыт пен кеңістік қожасы және 
қозғаушысы арқылы әрекетке түсіп кеткендіктен, әрбір қозғалысты 
шартты  түрде,  ой-қиялда  ғана  тоқтатуға  болады.  Осы  өлшемді 
уақыты бар үнемі қозғалыстағы кеңістіктің мекендік, мезгілдік бүкіл 
өлшемдерінен  тыс  барлығына  қозғалыс  арқылы  мағына  берген  бір 
қозғаушы иесі бар, сондықтан да қозғалыс олардан бұрын, қозғалысты 
жоққа  шығару  мүмкін  емес.  Зенонның  мысалы  қозғалысты  жоққа 
шығарудан  гөрі  қозғалыссыз  барлығы  мағынадан  айрылатынына 
меңзейтіндей. Себебі, қозғалыс бәріне мағына беретін болса, осының 
бәрін мәндендіруші қозғалыстан да жоғары оның қожасы, қозғаушы 
иесі бар екені дәлелденеді.
Әдебиеттер
Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б. 
Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. 
Газали. Бақытқа жету әліппесі. – Алматы: Қасиет, 1998. – 120 б. 
Абай. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1995. – 1-т. – 210 б. 
Иасауи Қ.А. Хикмет жинақ. – Алматы: Жалын, 1998. – 656 б. 
6 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 1-т. – 384 б. 
7  Кенжетай  Д.  Қожа  Ахмет  Ясауи  дүниетанымы.  –  Алматы:  Арыс, 
2008. – 360 б.
8 Шәкәрім шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – 235 б.
9 Билер сөзі. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 91 б. 
10 ХІХ және ХХ ғасырдағы әдебиетінің жинағы (Құрастырған Әуезов М., 
Жолдыбаев М., Қоңыратбаев Ә.). – Алматы, 1934. – 134 б.
11 Шортанбай. Құрастырушы Мәдібаева Қ. – Алматы: Айқап, 1993. – 137 б.
12 Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы, Қазақ ССР ҒА баспасы, 1961. 
– 372 б.
13 Омаров Б. Зар заман поэзиясы. – Алматы: Білім, 2000. – 26 б. 

244 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
IV тарау. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ЕРКІНДІК 
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ 
ІРГЕТАСЫНА АЙНАЛУЫ
4.1  Көшпелі  қазақ  қоғамының  тарихи  санасы  және  оның 
дүниетанымдық мәселелері 
Әртүрлі қоғамдық құрылымдардың, соның ішінде мемлекеттік 
құрылымның  жалпы  сипаты  оларды  құрған  адамдар  қауымының 
ұстанған  түпкі  құндылықтарының  сипаты  мен  мәніне  байланысты 
болатыны  сөзсіз.  Оны  дүниетанымдық  мазмұны  деп  те  атап  жүр. 
Қоғамдық  құрылысты,  мемлекеттік  құрылымның  шығу  негізін  тек 
экономикалық  жағдайдан  көретін  марксистік  қисын  өзін  ғылыми 
тұрғыдан  ақтай  алған  жоқ.  Оның  себебі,  экономикалық,  саяси 
мұқтаждықтар  тудыратын  ұжымдар  ұзақ  дәуірлерде  сақталатын 
қоғамдық  бірліктерге  негіз  бола  алмайды.  Экономикалық 
мұқтаждықтар  нақты  жағдайларда  қуатты  болғанымен  өмірдің 
барлық салаларын қамтып, олардың сипаты мен мазмұнын өзіне сай 
өзгерте алмайды, оның үстіне олар қысқа мерзімдерде өзгерістерге 
ұшырап жатады. Бір экономикалық байланыстар белгілі бір сәттерде 
қажетті болса, келесі бір тарихи кезеңде тиімсіз болып шыға береді. 
Адамдарды  тұтас,  берік  әрі  ұзақ  уақыттарға  біріктіре  алатын 
күш  –  рухани  құндылықтар.  Рухани  тұтастық,  жақындықтар  ғана 
халықтар  мен  ұлттардың  пайда  болуына  негіз  болып  жатады.  Тек 
солар  ғана  экономикалық  қатынастардың  түпкі  мәнін  анықтай 
алады.  Яғни  рухани,  мәдени  бірліктер  тарихи  тұрақтырақ  та, 
әрі  өмірдің  барлық  саласына  өз  ықпалын  тигізе  алады.  Тарихта 
кейбір  әлеуметтік  қоғамдастықтардың,  халықтардың  жерінен, 
экономикалық,  қоғамдық,  мемлекеттік  тұтастығынан  айырылып, 
басқа  халықтар  мен  елдер  арасына  шашырап  кеткендері,  тіпті 
ортақ тілін де жоғалтып алғандары бар. Ал солардың кейбір рухани 
туыстығын  жоғалтпағандары  қайта  қосылып  өз  қоғамын  қайтадан 
құратындары да кездесіп жүр, мысалы, еврейлер. 
Халықтар  мен  ұлттардың,  қоғамдасудың  түпкі  қуатты  негізі 
осы  рухани  туыстастық  екендігі,  ол  рухани  тұтастықты  құрайтын 

 
 
 
                      
                                                  245
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
нәрселер  –  әрбір  сондай  қоғамдасудың  өзіне  ғана  тән  белгілі  бір 
ерекше  құндылықтар  жүйесі  екендігі  туралы  идеяны  философия, 
саясаттану  және  дінтану  институтының  бір  топ  зерттеушілері 
дамытып келеді [1, 253–254 бб.]. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  көшпенділер  қоғамының  өзіндік  бір 
құндылықтары  болуы  тиіс.  Бірақ  көшпенділерді,  тіпті  одан  да 
кең  ауқымда  бүкіл  шығысты  зерттеушілердің  кейбіреулерінің 
көшпенділер  туралы  тұжырымдары  мен  бағаларына  қысқаша 
тоқталып  өткен  дұрыс  болар.  Ағылшын  тарихшысы,  өркениеттер 
мен  мәдениеттер  туралы  белгілі  концепцияны  ұстанушы  А. 
Тойнбидің «Постижение истории» деп аталатын еңбектер жинағында 
көшпенділер  өркениеті  дамудың  ең  дөрекілік  кезеңінде  тоқырап 
қалған,  жабайы  құрылым  түрінде  сипатталады.  Номадтардың 
жүйесін А.Дж. Тойнби тоқыраған өркениеттер қатарына жатқызған. 
Оның ойынша табиғаттың өмір сүруге қиын аса қатаң жағдайларына 
бейімделу  көшпенділердің  ілгері  өркендеуіне  мүмкіндік  бермеді. 
Олар сондықтан аса тұрпайы іс-әрекеттер деңгейінде ұзақ ғасырлар 
өзгеріссіз  тоқтап  қалды.  Мұндай  қалыптардағы  халықтардың  шын 
мағынасында  тарихы  жоқ.  «Насильственно  сковывая  человеческий 
разум,  низводя  функции  человека  к  искусственно  выработанной 
сумме навыков и умений, эскимосы, кочевники, османы и спартанцы 
предали свою человеческую сущность. Они встали на порочный путь, 
ведущий  от  гуманизма  к  анимализму,  –  путь,  обратный  тому,  что 
проделало Человечество, стимулиремое величайшими творческими 
актами живой истории Вселенной [2, 208 б.]. 
Осы  көрнекті  тарихшының  осы  сөздерінен  бүкіл  Батысқа  тән 
басты құндылықтың не екендігі көрініп тұр. Мәдениеттің, өркениеттің 
биіктігі мен төмендігін анықтау үшін не нәрсе өлшем болады деген 
сауалға жауап: – табиғат күштерін адамдар қаншалықты игере алады, 
адамдардың  табиғатқа  үстемдігімен,  соның  деңгейімен.  Өнеркәсіп 
қаншалықты дамыған, ғылым мен техника адамдарды қаншалықты 
құдіретті  ете  алды,  өмірді,  күнкөрісті  қалай  жақсартты?  Олардың 
ар жағында билік пен үстемдік тұр. Осы өлшемдер ғана прогрестің 
мәнін құрайды. 
Жаңа  дәуірде  осындай  құндылықтар  алға  шыққаны  белгілі. 
Олар  адам  дамуының  бірден  бір  белгісі,  ең  айқын  көрсеткіші. 
Солармен  қаруланғандар  ғана  табиғатқа,  басқа  адамдарға  үстем 
бола  алады.  Батыс  адамы  байлықпен,  біліммен,  техникамен,  берік 
ұйымдасу  жолдарымен  қаруланған  сайын  басқа  дүниені  өзіне 
бағындыра  берді.  Ақырында,  бүкіл  Әлем  батыстық  осы  мағынада 
дамыған  халықтарының  қолына  өте  берді.  Халықтардың,  елдердің, 

246 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мәдениеттердің арасындағы үстемдік үшін тартыс осы негізде өрбіді, 
қазірде де солай болып келе жатыр. 
Әрине,  үстемдікке  ұмтылудан  басқа  құндылық  батыс 
адамдарында  жоқ  дегеннен  аулақпыз.  Бірақ,  осы  құндылықтың, 
әсіресе  Жаңа  дәуірде  басым  болғаны  даусыз.  Бірақ,  осы  құндылық 
адамдық  дамудың  бірден-бір  көрсеткіші  бола  ала  ма?  Байлық 
үшін,  артықшылықтар  үшін,  үстемдік  үшін  адамдар,  халықтар, 
мәдениеттер  мен  өркениеттер  арасындағы  толассыз  арпалыстар 
адамдық өркендеудің белгісі ме екен? 
Қазіргі заманда осындай арпалыс Батыс қана емес, Шығысты да 
қамтыды. Бүкіл адамзат тарихында барлық замандарда осылай болып 
келді десек те, соңғы ғасырларда бұл өрши түсті деуге болады. Оның 
себебі, қазір адамзат барынша қаруланды: біліммен де, техникамен де, 
ұйымдасу үлгілерімен де. Ал осыны адамның адамдығының өрлеуі, 
яғни,  прогресс  дей  аламыз  ба?  Ғылымның,  техниканың,  өндірістің 
өсуі  адамдардың  қайырымдылығын,  жақсылыққа  жақындығын  да 
өсіре алды ма? 
Жаңа дәуірдегі ғасырлар тарихына жәй ғана көз жіберудің өзі екі 
сипаттағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. 
1) Өмір сүру біршама жақсарды, адамдарды белгілі бір дәреже-
де ізеттілік пен гуманистік пиғылдардың қалыптасқандығы көрінеді. 
2)  Жеке  тұлғалардың  дербестігі,  еркіндігі  өрістеп,  үстемдіктер 
астарлы  түрде  іске  аса  бастайды.  Бірақ,  бұл  әр  қоғамдастықтың  өз 
ішінде, ал басқа қоғамдастықтарға қатынаста ешбір бүркемеленбеген 
түрдегі үстемдікке ден қою қала берді. 
ХХ  ғасырда  ең  дамыған,  ең  өркениетті  деп  келген  елдер 
мен  халықтар  (Германия,  Италия,  Испания,  Греция  және  т.  б.) 
демократиялық үрдістерді өз елдерінде де жойып жіберіп, фашистік 
жүйеге  ауысқандығы,  дүниежүзілік  соғыстарды  бастағандығы  да 
белгілі.  Соның  зардабынан  50  млн.-ға  тарта  адамдар  мерт  болды. 
Шығыс  елдерінің  көпшілігі  ХХ  ғ.  ортасына  дейін  тоталитарлық 
тәртіптерді сақтап қала берді. Яғни, жеке адам бостандығына деген 
көңіл-күй дүниетанымдықтың ішкі түбегейлі өзегіне айналған жоқ. 
Бұл көңіл күй Шығыс халықтарында ХХ ғасырда бел алып, отарлық 
күйдегі халықтардың ұлт азаттық қозғалыстары түрінде көріне берді. 
Осы тұрғылардан қарағанда білім, техника, тағы басқа қарулар 
адамдарды,  әрине,  күшейтеді,  бірақ,  міндетті  түрде  жақсарта  бер-
мейді. Кей жағдайларда тіпті керісінше – оларды озбыр етеді. Ал бұл 
прогресс  бола  ала  ма?  Біздіңше  бола  алмайды.  Қарулану  жағынан 
құдіреттілікке ие бола алған жеке адамдар болсын немесе халықтар, 
өркениеттер болсын, адамгершілік жағынан міндетті түрде ілгерілей 

 
 
 
                      
                                                  247
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
бермейді  екен.  Олай  болса  өркениеттіліктің,  мәдениеттіліктің, 
ілгерілегендіктің  бірден-бір  шарты  –  адамға  да,  әр  халыққа  да,  әр 
қоғамдастықтарға  да  өзінің  де  өзгенің  де,  еркіндігін,  бостандығын 
құрметтеу, сол тұрғыда ойлау, сезіну, сол тұрғыдан қатынас жасау. 
Еркіндік  адамзаттың  түпкі  құндылығы,  түпкі  мәні.  Ол  –  адам 
атаулының өзгешелігі. Барлық тірі жануарларда еркіндікке талпыныс 
жоқ. Тіпті адамға ең жақын деп есептелетін жануарлардың тіршілік 
ету  жолы  оларға  туа  бітті  берілген,  генетикалық  тұқым  қуалау 
заңымен олардың биологиялық бітімінде бар. Яғни, әр жануардың өз 
таңдауы емес. Адам өз жолын өзі таңдайды. Өз мақсатын, пиғылын, 
құндылықтарын өзі құрады, таңдайды, немесе таңдамайды. Өмірлік 
тұрғыларын  сақтауы  да,  сақтамауы  да  мүмкін.  Ол  оның  өз  еркіне 
байланысты.  Бұл  туралы  көптен  айтылып  келеді  [3,  77  б.].  Егер 
адамның  осы  түпкі  мәні  жағынан  алсақ,  онда  адамзаттық  тарихи 
ілгерілеуі, оның прогресс жолы оның қаншалықты азат екендігімен, 
әсіресе  қауымдастың  әрбір  мүшесінің  дербестік  деңгейімен 
анықталуы тиіс. Олай болса, А. Тойнбидің көшпенділердің тоқырауы 
туралы  айта  келе  олар  өздерінің  адамдық  мәнін  тәрік  етті  деген 
қорытындысы  жалған.  Адамдық  мән  оның  қаншалықты  өз  өмірі 
мен  тағдырын  өзі  анықтайтындығында,  яғни,  әр  қоғам  мүшесінің 
қаншалықты субъект екендігінде. Прогресс идеясының өзі өндірістің 
дамуын,  табиғат  күштерін  игеру,  қаруланудың  артып  отыруын 
адамдықтың түпкі негізі деп қараудан, соны ең түпкі құндылық деп 
есептеуден туындайды. Осы мағынада ең жоғары дамыған халықтар 
– ең жоғары мәдениет жасайды. Еркіндікті де осы тұрғыдан түсінеді. 
А.Тойнби де осы мазмұнда бағалап отыр. Ал, бұл тарапта еркіндікті 
де, гуманизмді де түсіндіруге болмайды. Еркіндік әр жеке адамның 
басқа  адамдармен,  жалпы  қауымдастықпен  ара-қатынасында 
көрінеді,  әрбір  қауымдастың  мүшесінің  оның  аясындағы  өзін-өзі 
анықтай  алатындығы,  ал  құлдық  –  анықтай  алмайтындығы,  өз 
тағдырына өз иелігі немесе ие еместігі, өз іс-әрекеттерінің бірден бір 
шығар көзі өзі екендігі немесе керісінше. 
Осындай  мазмұнда  қарағанда  көшпенділер  қауымында  жеке 
адамның  дербестікке  әлдеқайда  ие  екендігі  көрінеді.  Көшпенділер 
дегенде біз алдымен, әрине, қазақтарды, қырғыздарды, түрікпендерді, 
олардың тарихын ескереміз. Бірақ, ертерек тарихи кезеңдерді алсақ, 
көптеген халықтар оны бастан өткізген, соның ішінде барлық түріктер, 
арабтар,  т.  б.  өз  кезінде  көшпенділікте  болған.  Кейбір  батыстық 
ой  үрдісіндегі  тарихшылардың  тұрпайы  түрде  сипаттайтындай 
көшпенділік  құр  тәртіпсіз  кезбелік  емес,  қатаң  жүйелі  түрдегі 
шаруашылық, жалпы өзгеше өркениет. 

248 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Архаикалық  деп  аталатын  қауымдық  жүйені  алсақ  қазақтар 
тарихында  ол  тайпалық-рулық  қоғам,  бір  ата-аналардан  тараған 
туыстық жүйе деп есептелген. Олай біріккендік іс жүзінде солай бола 
бермеуі де мүмкін, бірақ бірігудің принципі – туыстық бірлік. Сондай 
туыстықтан тарау болмаған күнде де бірігудің рухани негізі осы. Яғни, 
қауымдасу жеке, даралықты негізге алмайды. Бірақ, ол жеке адам-
ның  жекелігі  болмайды  деген  сөз  емес.  Жекелік,  индивидуализм 
алаңсыз  жоғалып  кететін  қоғам  болмайды.  Қауымдық-рулық 
қатынастар да солай. Рулық қауымда жеке адамның мүддесі ортақ 
мүдденің  іске  асу  жолы  ғана  болуы  мүмкін  немесе  рулық-қауым 
мүддесі әр жеке мүшесінің де мүддесі, ал әрбір рудың ортақ мүддесі 
–  оның  жеке  мүшесінің  де  мүддесін  қамтамасыз  ету.  Қауым  мен 
қауым мүшелерінің арасы әлі жіктелмеген, олар әлі бір нәрсе. Қауым 
– өзара белгілі қатынастарда біріккен оның мүшелері. 
Көшпенділік  қауымдарда  ең  алғашқы  құндылық  –  бірлік, 
ынтымақтастық,  ал  негізі  –  туыстық.  Туыстастардың  барлығы  да 
тең, олардың құқықтары бірдей. Тіпті ақсақалдары да, көсемдері де 
ешбір артықшылықтарға ие емес. Ондай артықшылық – қауымның 
мүддесінің  не  екендігін  басқаларға  қарағанда  жақсырақ  білуінде, 
даналығында,  оларды  қорғауға  үлгі  бола  білуінде  ғана.  Жеке  дара 
мүдденің  өзімшілдігіне  ешбір  орын  жоқ.  Егер  ондай  өзімшілдік 
көрініп,  зиянын  тигізе  бастаса,  олар  өз  құқығынан  айрылады. 
Ертедегі  көшпенді  түріктердің  дүниеге  көзқарасы  кейінгі  дәуірде 
де  көшпенділікті  белгілі  дәрежеде  сақтап  қалған  қазақ,  түрікпен, 
қырғыз, башқұрт, тағы басқа оңтүстік Сібірдегі ұсақ түрік тұқымдас 
халықтардың  аңыздары  мен  ауыз  әдебиетінде,  әдет-ғұрыптарында 
осы кезге дейін айқынырақ көрініс береді. 
Ол дүниеге көзқарас сол кездегі барлық түріктерге тән Тәңірлік 
діни  нанымдарға  байланысты.  Оның  түпкі  мәнін  бүкіл  әлемді, 
оның  құрылымын  рулық  туыстық  қатынастармен  бара-бар  деп 
қабылдайтыны деуге болар еді. Тәңірлік нанымдар бойынша бүкіл 
табиғатты,  адамдарды,  материалдық  дүниені  жаратушы  құдірет, 
Аспан,  Тәңірі.  Ал  Тәңірі,  ол  –  әке,  оның  нақты  көріністері  –  күн, 
ай,  жұлдыздар.  Әке,  ол  –  бүкіл  жер  бетіндегі  тіршілікке,  әсіресе 
адамдарға үнемі қуат беретін, жандандыратын күш. Ал сол қуаттан 
адамдарды  туатын  ана  –  Жер,  Ұмай  ана.  Бүкіл  Әлем  –  туыстық 
қатынастар. Туыстық қатынастар – бүкіл Әлем бірлігінің ішкі негізі. 
Қуаттың  негізгі  шығар  көздері  –  Аспан  денелері.  Сондықтан  да, 
барлық  түріктердің  рухани  жүзі  –  аспан  денелеріне,  әсіресе  Күнге 
бұрылған.  Бұндай  дүниеге  көзқарас  кейінгі  тайпалардың  бірігіп, 
халыққа  айнала  бастаған  кезінде  де,  түрік  империялары  құрылған 

 
 
 
                      
                                                  249
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
кезден де көреміз. Бұл туралы түрік империясын билегендердің бірі 
Білге-хаһанның қолбасшы інісі Күлтегіннің құлпы тасына қашатып 
жаздырған сөздерінде де айтылады. «Тәңіртектес, тәңіртумыс түрік 
білге хаһаны мен мұнда отырдым (билікке). Сөзімді түгел естіңдер 
соңыма ерген туыстарым, ұлдарым, одақтас менің тайпаларым мен 
халықтарым» деп басталады [4, 205–209 бб.]. 
Ру-тайпалардың одағы бірігіп, мемлекет құрып, ол империяға 
айналған кезде де алғашқы қарапайым қауымдастықтың негізгі дүние-
танымдық өзегі сақтала береді, бірақ енді ол халықтық тұтастық-тың 
бірігу принципі болып шығады. Білге хаһанның өзі де мұны бүкіл 
түріктіктің  бірден  бір  белгісі  ретінде  жариялайды.  Енді,  бірақ,  ол 
аспан тектес түріктердің, әсіресе, оларды билеп отырған хаһанның – 
Тәңірі ұлының басқа барлық халықтар мен тайпаларды билеуін ақтай 
алатын негіз түрінде маңыз алған. Өзін сыртқы қауіптерден қорғап, 
сақтаудың  принципі  енді  басқа  халықтарды  бағындырып  билеудің 
принципіне ұласады. Ол империя халық ретінде қалыптасуға негіз 
берсе, қоғамның іштей күрделіленіп, сан салаларға жіктеліп, топтарға 
бөлініп,  дамуына  мүмкіндік  береді.  Осы  күрделіленудің  нәтижесі 
ретінде оның әртүрлі тараптары арасындағы байланысты, тағы басқа 
көптеген мұқтаждықтар империя жағдайында жазу алфавитін қажет 
етті, ертедегі түрік жазуы пайда болды. Билік енді тікелей халықтың 
өзі атқаратын іс болудан қалып, белгілі бір адамдар тобының, «игі 
жақсылардың»  мөлдек  ісі  ретінде  атқарыла  бастайды.  Енді  билік 
пирамидасының ең жоғарғы ұшында отырған хаһан «кедей халықты 
бай халық, аз халықты көп халық еттім» дей алады. Оның сөзі өктем. 
Басқа  халықтардың,  бөтен  тайпалардың  бәрін  түріктер  маңына 
топтастыру  жолында  алға  ілгері  теңізге  дейін,  артқа  темір  қақпаға 
дейін,  оңтүстікке  түске  (Тибетке)  дейін,  солтүстікке  мұзды  теңізге 
дейін  сәл  жетпедім,  жорықтар  жасадым,  бәрін  де  өзіме  қараттым, 
«басы бардың басын игіздім, тізесі бардың тізесін бүктірдім» [4, 209 б.] 
– дейді. Соның барлығы Тәңірінің бұйрығымен істелгендей. 
Яғни,  ертедегі  қауымдық  құрамалар  кейінгі  халықтан  бөлініп, 
өз алдына оларға қарама-қарсы тұрған билік емес, ол – ең алғашқы 
демократиялық жүйе. Әрине, ол әлі жетілмеген, іштей жіктелмеген 
балаң демократия. Қауым өзін-өзі билейді, басқарады, қабылданатын 
шешімдер  қауым  мүшелерінің  бәрінің  қатысуымен  қабылданады. 
Оларда заң шығарушы, атқарушы, сот билігі әлі бөлінбеген. Олардың 
жеке дербес институттары болуына ешбір қажеттілік жоқ. 
Көшпенділер дүниетанымының кейбір белгілері
Маркстік  қоғамдық  теория  бойынша  рулық-тайпалық  қауым-
дастық  дамудың  ең  төменгі  сатысы,  ол  кезде  жеке  адам  өз  руына 

250 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
соншалықты тәуелді, сондықтан да, онда ешқандай дербестік болған 
жоқ.  Яғни,  рудың,  тайпаның  мүшесі  қауымдастықтың  құлы  деп 
түсіндірелетін.  Қоғамда  тарихи  даму  жолымен  төменгі  сатыдан 
жоғары қарай өрлеу жолымен заңды түрде өтеді дейтін концепция 
бойынша қауымдық қоғам ең тұрпайы, адамдардың барлық жағынан 
әлі өсе алмаған қалпы. 
Мәселенің  көп  жақтарынан  қарағанда  ол,  әрине,  солай. 
Қоғамдық  қатынастар  жан-жақты  өрбімеген,  еңбек  бөліс  әлі  жеке, 
дербес  топтардың  үлесі  бола  алған  жоқ,  ғылым,  білім,  мәдениет 
сан  түрлі  тарауларға  жіктелмеген  синкретикалық  қалыпта,  жеке 
адам  да  рулардан  дербес  өмірге  дайын  емес.  Адам  мен  адамның 
арақатынастары  да  жетілген  мәдениетке  сай  нәзіктікке  ие  емес. 
Бұл  әсіресе  қауымдық  тіршіліктің  ең  алғашқы  кезеңіне  тән.  Бірақ 
тарихи  даму  хақында  басқа  да  көзқарастар  бар  екендігі  белгілі. 
Бірыңғай  қарапайым  сатылардан  күрделі  сатыларға  қарай  өрлей 
дамуды теріске шығарып, әр өркениеттің өзіндік циклдік жолы бар 
дейтін теория да біршама нақты фактілерге сүйенеді (О.Шпенглер, 
А.Тойнби т. б.). 
Сөзсіз прогресс жолымен қажетті түрде даму теориясының өзіне 
тән қайшылықтары бар. К.Маркста бір-біріне ешбір сыйыспайтын, 
қарама-қарсы  екі  қағиданы  көреміз.  1-қағида  бойынша  тарихты 
адамдар өздері жасайды, қоғамды да олар өздері құрады, қоғамдағы 
барлық  нәрселер,  тіпті  өздері  де  адам  ретінде  олардың  өздерінің 
жемісі, туындысы. 2-қағидада Маркс, керісінше, адамдарды қоғамның 
жемісі,  тарихи  жағдайлардың  туындысы  деп  түсіндіреді.  Осы 
екінші  тұрғы  оның  шығармаларында  басымдық  алып,  ол  тарихты 
материалистік түсіну (тарихи материализм) деп атады. 
Адамдардың  тарихи  өзгерулерін,  тек  сыртқы  жағдайлардың 
өзгерістерімен  түсіндіретін  концепцияларда,  соның  ішінде 
материалистік теорияларда олардың бостандығы туралы идея үлкен 
рөл  атқармайды.  Оларда  адамның  бостандығы  немесе  еркіндігі 
адамды  адам  ететін  түпкі  қасиет  деп  қаралмайды.  Яғни,  еркіндік 
адамда болуы да, болмауы да мүмкін белгі. Тарихтағы адамдардың 
қауымдасулары  да,  әртүрлі  ру-тайпаларға,  халық,  ұлт,  тап  тағы 
басқа түрлерде ұйымдасулары да осы сыртқы адамдардың өздеріне 
тәуелсіз  құрылатын  жағдайлармен  анықталады  деп  түсініледі. 
Көшпенділік те белгілі бір әлеуметтік жағдайлардың ғана туындысы 
ретінде  талданып  келді.  Бірақ  мұндай  қоғамда  жеке  адамның 
еркіндігі бола алмайды деу дау туғызады. 
Көшпенді  қазақ  қоғамындағы  жеке  адамның  алатын  орны 
мен  рөлі  оның  рулық  қатынастарға  қаншалықты  берілгендігіне 

 
 
 
                      
                                                  251
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
қарамастан  отырықшыларға  қарағанда  әлдеқайда  еркіндікте 
еді.  Әрбір  адам  өзінің  руластарының  қарауында  болды,  біртума 
адамдардың  құрған  ұйымының  мүшесі  ретінде  ол  барлық  істерде 
басқалармен  тең.  Сол  ұйымның  қалыптасқан  салт-дәстүрлерін 
ұстанады.  Ұзақ  ғасырлардан  кейін  бұл  салт-дәстүрлер  бұлжымас 
нормаларға  айналып,  адамдардың  іс-әрекеттерін  реттейтін 
болғандықтан  мұндай  қоғамды  дәстүрлі  деп  атайды.  Кейбір 
осындай  қоғамдарда  атадан  қалған  дәстүрлер,  салт-жоралар  адам 
іс-әрекетін бүге-шүгесіне дейін реттейтін жүйеге айналады. Биліктің 
бір орталыққа шоғырлануының тек алғашқы нышаны ғана бар. Бұл 
халық, мемлекет құрылғанға дейінгі көрініс. Халық, мемлекет болып 
құрылғанда,  бұл  тәртіп  біраз  өзгерістерге  ұшырайды.  Биліктің  бір 
орталығы  пайда  бола  бастайды.  Малға  жеке  меншік  пайда  болып, 
теңсіздік, жіктелу пайда болады. 
Дегенмен көшпенділер қоғамының бүкіл тарихында құлшылық 
әлеуметтік  институт  ретінде  қалыптасқан  жоқ.  Мысалы,  ежелгі 
Грекия мен Римдегі тіпті мемлекетті демократиялық билеу кездерінде 
болған  құлшылық  сияқтының  нышаны  да  болған  емес.  Ресейдің 
мемлекеттік  жүйесінде  заңмен  бекітілген  крепостнойлық  қатынас 
та көшпенділерде болған емес. Номадтардың дүниеге көзқарасына 
даланың  еркін  тұрғынын  екінші  бір  далалықтың,  сол  қауымның 
екінші бір мүшесінің құлы ету, яғни меншігі ету сыйыспайтын нәрсе. 
Яғни,  көшпенділердің  өз  арасындағы  тәуелділік  қатынастар  ондай 
дәрежеге жетпеген. Шет жұрттан қолға түскен тұтқындарды көбінесе 
құл  ретінде  ұстамаған.  Кейде  ғана  үй  жұмыстарына  пайдаланған. 
Оларды кейде босатып жіберіп, көбіне жауласқан жақтағы тұтқында 
жүрген қандастарына айырбасталатын. 
Көшпенділікті  малына  жайылым  іздеумен,  тек  кезбелікпен 
теңестіретін  Тойнбидің  ойы  шындыққа  тіпті  сәйкес  келмейді. 
Жайлау, күзеу, қыстау болатын өңірлер тайпалар, рулар арасында 
қатаң тәртіппен реттелген. Онда ешбір анархиялық босқындық жоқ. 
Көшпенділердің  өміріне  аз  да  болса  ұқсайтын  бір  кезең 
Еуропаның тарихында да болды. Америка құрлығын ашқанда жаңа 
жерлерге ағылған еуропалықтардың сипаты да көшпенділер сияқты 
феодалдық  құрсаулардан  мезі  болған,  оған  төзе  бермейтін  жаңа 
өңірдегі авантюралық та, қиын да, бірақ еркін де жағдайға қызығумен 
ерекшеленген болуы керек. Оған белгілі бір батылдық та, жігерлілік 
те  қажет.  Жаңа  жерлердің  байлығын  игеріп,  оңай  байып  кету  де 
солардың  бәрін  үдете  түсті.  Америкадағы  жаңа  мемлекеттердің 
құрылуының ұзақ та, қиын да болғаны белгілі. Анархиялық еркіндікке 
үйреніп қалғандар үстерінде биліктің болуына оңай көнген жоқ. Ал 

252 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет