Философия, саясаттану


IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет31/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары далада,
Екіндіде құлаған,
Тарығып келген ерлерге,
Қайнары оның болмаса.
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда?!
Ғаріп пенен қасерге
Туралық ісі болмаса?!. [1]
Бұл өлең жолдарынан қазақ қоғамына тән бірнеше дүниетаным-
дық әмбебаптардың өзара байланысын, қатынасын білдіретін айшық-
тардың  жиынтығын  және  оларға  ақынның  берген  тұлғалық  қысқа 
түсініктемелерін байқай аламыз. Мәселен, әке мен бала қатынасында 
негізгі бағдар болып ұрпақтар сабақтастығы туындайды. Махамбет 
өз  заманының  талаптарына  сәйкес  «қолына  найза  алмаған»  балаға 
риза болмаса, материалдық бай-лықтың қайырын көрмесе халыққа 
одан не пайда дей келіп, «туралық ісі болмаса, хандықтан не пайда?» 
деп әлеуметтік әділеттілік мәселесін көтереді. Міне, жоғарыда қозғал-
ған мәселелер тек қана философиялық зерделеулермен шектелмей, 
саясаттану,  социология,  этнопедагогика,  әлеуметтік  психология, 
мәдениеттану  пәндерінің  нысанына  айналары  хақ.  Сондықтан 
Махамбет сан қырлы ойшыл философ-ақын санатына жатады.
Әрбір жеке дүниетанымның ең өзекті тұсы болып Жаратушыға 
деген қатынас болып табылады. Жалпы «Адам-Әлем» қатынасының 
барлық  құрылымдық  бөліктері,  бағыттары  осы  жүйенің  сипатына 
тәуелді  болып  келеді.  Діни  көзқарастың  әр  түрлі  болары  анық. 
Махамбетті  діншіл  тұлға  деп  айта  алмасақ  та,  дүниедегі  барлық 
процестердің ерекше бір тылсым күшке бағынатынына меңзейді. Ол 
өзінің шығармаларында «Тәңір», «Алла» деген ұғымдарды синоним 
ретінде  қолданады  және  қанша  өмірде  әділеттілік  іздегенмен  тек 
Тәңірінің жазғаны болатынын мойындайды. Халықта осы ұлы күшке 
деген  сенім  онша  терең  емес  екеніне  Махамбет  қатты  қапаланады 
және оны былайша жырларында суреттеледі:
«Мұсылманшылық кімде жоқ
Тілде бар да, дінде жоқ», – 
деп нағыз дінге сенушіліктің үлгісін көре алмағандығын суреттейді.
Ал,  енді  шыныменде  барлық  ғасырлардың  ең  үлкен  мәселесі 
осы шынайы дінге сенушіліктің болмауы еді. Қанша өзін белгілі бір 

270 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
конфессияның өкілімін деп, салт-дәстүрдің көбісін сақтағанымен на-
ғыз дінге сенушінің деңгейіне көтерушілер ілеуде біреу екені белгілі. 
Өкінішке  орай  тарихта  «көппен  көрген  ұлы  той»  дегендей  сыртқы 
көрінісі  ғана  басқалар  сияқты  дінді  жақтаушы  болғандар  қаншама 
десеңізші. Шын мәнінде дінге сену деген – Ақиқатқа, үйлесімділікке, 
өмірдің әділеттілігіне сену, үнемі қайырымдылық жасаудан жаңылмау.
Туған  жерге  деген  махаббат,  отансүйгіштік  Махамбет  жырла-
рында  оның  саяси-құқықтық  мұраттарымен  астасып  жататынын 
профессор  С.  Өзбекұлы  жақсы  көрсеткен  болатын  («Егемен 
Қазақстан» газеті, 29 тамыз 2003 ж.). Әрине далалық демократияның 
өзінің даму деңгейіне сәйкес кемшілігі де жетістігі болары анық. Бірақ 
Махамбет заманында әлеуметтік әділетті қоғамды деген стихиялық 
ұмтылыс өз нәтижесін беруі екіталай еді және әділеттілікті орнату-
дың  бір  ғана  жолы  бар  деген  түсінік  жетекші  рөл  атқарған  уақыт 
болатын. Ол, негізінен, «күшке қарсы күш қолдану» деген принцип. 
Дегенмен ежелден бұл әрекеттер өзінің тиімді нәтижелерін әлеумет 
үшін  бермегенін  тарихтан  білеміз.  Әр  елдегі  көтерілісшілердің 
(сонау  Спартактан  бастап  орыстың  Е.  Пугачевына  дейін,  Париж 
комму-насы мен социалистік революция болсын) діттегені біреу-ақ 
болатын – ол қоғамда белгілі адами түсінік деңгейіндегі әлеуметтік 
әділетті қоғамды құру бола-тын. Бірақ бұл талпыныстардың бәрінің 
нәтижесі  кереғар  болып  шықты.  Осыдан  заңды  сұрақ  туындайды: 
«Әлеумет-тік  өмірде  адам  үшін  әділеттілік  деген  болуға  тиісті  ме? 
Әлде үнемі күштілердің ғана мерейі үстем бола бермек пе?» Адами 
тұрғыдағы  әділеттілік  ешқашанда  абсолютті  ақиқаттың,  қасиетті 
рухтың,  әлемдік  дамудың  логикасына  сәйкес,  рухани  дамудың 
соқпағына  пара-пар  болатын  әділеттілікпен  тең  және  дәлме-дәл 
келе бермейді. Халықтың өзін-өзі, өзінің даму жолын анықтау, құқы 
әлемдегі  бір  мемлекеттің  басқа  мемлекеттерге  басымдық  көрсет-
пеуінің бірден-бір формасы. Адами әділеттіліктегі кемшілдік оның 
рухани  жетілмеулерінен,  зерделік  үстірттікпен  астасып  жатады. 
Дегенмен тарихи тұлғалардың артында қалдырған рухани іздерінде 
кейінгі ұрпаққа деген үлкен сабақ бар. Міне содан үйрену арқылы 
жаңа бағдарламалар жасауға, әлемді танудағы, оны игерудегі жаңа 
қырларды  ашуға  болады.  Мәселен,  әлеуметтік  дүниені  өзгертудің 
сан  түрлі  жолы  бар.  Соның  ішіндегі  ең  жемістісі,  жасампазы  – 
қырғын  қан төккен көтеріліс емес, өмірді шығармашылық арқылы 
игеру болып табылады. Махамбеттің тарихта ең қастерленетін, құр-
меттелетін  еңбегі  өзінің  дүниетанымын  көркем  сөздермен,  жыр 
жолдары арқылы жеткізе білгенінде және сол тарихи кезеңге сәйкес 
келетін қайшылықтар нұсқасын таратып беруге талпынысы болып 

 
 
 
                      
                                                  271
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
табылады.  Әрине,  халық  әдетте  әділеттілік  іздеген  жанға  өзінің 
сипаттамасын білдіреді. Дегенмен дүниені үйлесімдендірудің негізгі 
қайнар  көзі  адамның  өз  бойында  жатқанын  айта  кету  керек.  Адам 
өзін-өзі үздіксіз рухани жетілдіру жолына түсу арқылы ғана сыртқы 
дүниенің дүлей күшіне, қайшылығына қарсы тұра алады және оның 
дұрыс шешімін таба біледі. Бұл жерде шынайы діни дүниетанымның 
да маңызы зор.
Тарихи  тұлғалардың  өмірдегі  әділеттілікті  қырғын-жойқын 
көтеріліс арқылы, қолға найза ұстап қана орнатуға тырысуы қоғамда 
діни  құндылықтардың  басымдық  танытпағанын  көрсетеді.  Шынай 
діншілдік әрқашанда сабырға, төзімділікке, шыдамдылыққа, дүние-
дегі  қиындықтарды  жеңудегі  ұстамдылыққа  шақырады.  Дін  атын 
жамылып күреске шақырушылар негізінен оны саясатпен шатастыру-
шылар, рухани дүниені барынша бұрмалаушылар болып табылады. 
Ондай  деректер  көптеп  кездеседі.  Махамбеттің  жырларындағы 
суреттемелерде қазақ халқының ХІХ ғасырға тән этникалық жағдайы 
жақсы  бейнеленеді,  оқушыны  өзімен  бірге  елітіп  әкетеді,  сондай 
жағдайға  түскендегі  пенденің  іс-әрекетін  тұспалдауға  итермелейді. 
Махамбет дүниетанымы бірте-бірте өзгерістерге ұшырағанын оның 
өмір  жолынан  байқаймыз.  Махамбет  дүниетанымындағы  құнды-
лықтар  жүйесі  өмірінің  аяғында  біршама  өзгерістерге  ұшырап, 
жеке бастың кейбір эмоциясынан халықтың қамын жейтін деңгейге 
ауысады, Бөкей Ордасындағы қазақ жұртшылығының ауыртпалығы 
қабырғасына  тереңірек  бата  түседі,  бейбіт  өмірдің  нағыз  бағасын 
жете  түсіне  бастайды.  Міне  бұл  дүниетанымдық  эволюцияның, 
трансформацияның көрінісі болатын.
Махамбеттің  дүниетанымы  және  философиясы,  оның 
шығармашылығының  тарихи-мәдени  алғышарттары,  әлеуметтік-
философиялық  және  саяси-құқықтық  мұраттары  күрделі  мәселе. 
Философиялық  және  рухани-адамгершiлiк  астары  тереңде  жатқан 
Махамбеттiң ақындық мұрасын игерген кез келген қазақ баласының 
неге  делебесi  қозып,  көзi  от  шаша  бастайды.  Ол  халқының  қалғып 
бара жатқан рухын дүр сiлкiндiре оятып, артында ұрпақтан ұрпаққа 
жететiн шоқ тастап кеттi.
Ақынның  80-дей  шығармалары  Асан  Қайғы  мен  Қазтуған, 
Доспамбет  пен  Шалкиiз  жырларымен  iштей  үндесiп  жатады. 
Iштей  ұлттық  идеяны  сақтай  отырып,  азат  елдiгiн,  еркiн  өзiндiк 
тұрмысын  аңсаумен  болған  халық  Махамбет  өлеңдерiнен  бойына 
қуат,  жанына  медет,  үмiтiне  рухани  тiрек  тапты.  Сөйтiп,  ақынның 
өлең-жырларының өшпес батырлық, ерлiк, жiгерлiлiк, табандылық, 
парасаттылық үнi ұланғайыр сарынға, азаттық пен тәуелсiздiк идея-

272 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
сына айналды. Махамбет дүниетанымы және философиясы арнайы 
зерттеуден өтпеген тың тақырып.
Ой еркіндігі – Махамбет дүниетанымының басты принциптерінің 
бірі. Еркіндік адамның өз ойы мен ісі үшін жауапкершілікте екенін 
білдіреді.  Жауапкершілік  сезімі  адамның  басқалармен  бірге  өмір 
сүру қажеттілігінен туындайды. Адамның ақылы мен ойы неғұрлым 
терең болса, соғұрлым оның жауапкершілік сезімі де жоғары болады. 
Көрнекті ойшыл ақын – Махамбет адамның жан дүниесіне керекті 
бірден  бір  қасиет  –  қиялдың  қалыптастыруына  жағдай  тудыратын 
оның қоршаған ортасы деп санаған. Адам халықтың мүддесі тұрғы-
сынан шынайы қиялдай білуге тәрбиеленуі керек, сонда ғана арман 
мен қиял адамды жақсылыққа, ізгілікке, парасаттылыққа, адалдыққа 
және  әлеуметтік  әділеттілікке  жетелейді.  Өз  жүрегінің  қалауымен, 
жан–дүниесінің  тілегімен  ғұмыр  кешкен  адам  ғана  бақытты  бола 
алады.
Жалпы адам өмірің мәні, өмір мен өлім мәселесі – философияда-
ғы  мәңгілік  тақырыптардың  бірі.  Қазақ  философиясында  адам 
баласының ертеңгі «бір өлім» туралы ойлануы оның имандылыққа, 
ізгілікке бет бұрысының өлшемі ретінде қарастырылады. Өлім туралы 
ойлаған  адам  ешқандай  жаманшылық  жасамайды,  бұл  пәнидегі 
ғұмырын мәнді өткізуге ұмтылады. Бұл Махамбет мұрасынан туын-
дайтын қорытындылардың бірі. 
Сонымен  қазақ  философиясы  –  адамның  өмір  сүру  және 
өркендеу  философиясы.  Қазақ  халқы  мың  жылдан  астам  ойлау 
мәдениетінің тарихы бар халықпыз.
Махамбеттің «Белгілі туған ер едім», «Біз неткен ер», «Мен едім», 
«Менің  атым  Махамбет»,  «Қарағай  шаптым  шаңдоздап»  сияқты 
өлеңдерінен ханға, сұлтанға қасқая қарсы қарап тұрып айтқан мына 
сөздерінен  еркін  ойлау  мен  кісіліктің  ыстық  лебін  анық  байқауға 
болады:
Белгілі туған ер едім,
Беліме садақ асынған,
Біртіндеп жауды қашырған.
Мен келелі қара бұлтпын,
Келе жаумай ашылған.
Қарсыласкан дұшпанға
Найзағай мен жасылмын [1].
Махамбет адам деген даңқы мен атын жоғары қояды, оған өзінің 
ерлігімен, ісімен, бітіспес күресімен жауап береді. 

 
 
 
                      
                                                  273
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Он екі төбет, шұнақ хан!
Шабатының ел екен, 
Күндейтінің мен екем.
Хан ұлына бас болу,
Қара ұлына бас болу,
Мендей ерге жөн екен [1]
Махамбеттің «Жалған дүние» деген өлеңінде өмірдің ащы шын-
дығын былайша ашып көрсетеді:
Қоғалы көлдер, құм сулар,
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал,
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған,
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жауға салмаған? 
Осыдан  келіп  ешқандай  түңілудің,  тоқыраудың  сары  уайымға 
салынудың қажеті болмайды. Тірі адам бұл дүниеде өзінің тіршілігін 
жасай бермек:
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,
Ойласаңдар жігітттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған?!
Махамбет  шығармашылығынан  туындайтын  төмендегі  алты 
қорытындыларды тұжырымдайық.
Қазақ қоғамының сан ғасырлық тарихи дамуы елеп-екшеп, бүгін-
гі  күнге  дейін  жеткізген  ұлттық  діліміздің  өзге  отандастарымызды 
біріктіретін, сөйтіп бірегей халық боп ұйысуға жәрдемдесетін қандай 
қадір-қасиеттері  бар.  Мінез-құлқымыздағы  жарамсыз  әдеттеріміз 
қайсы?!
Біріншіден,  қазақ  халқы  –  табиғатынан  қиналғанға  қол  ұшын 
беруге  даяр  тұратын,  ізгілікке  жаны  құмар,  данышпан,  гуманист 
халық.  Қонақжайлығы  да,  кеңпейілдігі  де,  жомарттығы  да,  тіпті, 
шашпалығы да осы сезімнен туындаған. Діні қаттылықты, бар бола 

274 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тұра ештеңе татырмайтын шық бермес шығайбай сарандықты әжуа 
етумен келеміз. Бәлкім, аталарымыздың дұрыс байлық жинай алмай 
кеткені  де  осыдан  болар.  Алайда,  ұлттық  діліміздегі  бұл  қасиетті 
мансұқ  етуге  болмайды.  Керісінше,  жарлы-жақыбайға  көмектесуді 
жаппай дәстүрге айналдырғаннан ұтылмаймыз.
Екіншіден,  ізеттілік,  яғни  үлкенді  сыйлау,  кішінің  көңіліне  қаяу 
салмау – атадан балаға көшіп келе жатқан асыл қасиеттеріміздің бірі. 
Қазақтар, тіпті, ренішінің өзін ишаралап жеткізеді. Жоқ, бұл – шығыс-
тық қулық емес, шын көңілден шыққан ибалылық пен имандылық.
Үшіншіден,  қоғамның  кішкентай  ұясы  түріндегі  отбасындагы 
ынтымақ – аға ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы рухани келісім қазақ 
қоғамында көздің қарашығындай сақталған. Ата-ананы, аруақтарды 
қастерлеу,  анасының,  әйелінің,  әжесінің,  қарындасының  арына  кір 
жұқтырмай сақтау – биік адамгершілік парыз деңгейіне көтерілген. 
Тіпті,  қоғамдағы  жесір  дауы  жер  дауынан  кейінгі  екінші  орынға 
көтерілетіні де сондықтан. Мұны озге отандастарымыз да, шетелдік 
әріптестеріміз де мықтап есте ұстағаны ләзім.
Төртіншіден,  адалдық,  яғни  досқа,  ағайынға,  ұлтқа,  Отанға 
деген  адалдық  қазақ  халқының  ұғымында  айырықша  әспеттеледі. 
Ата-бабаларымыздың  ғасырлар  тереңінен  жеткен  аманаты 
сынды  батырлық  жыр-дастандарымызды  қайтадан  бір  парақтап 
шығайықшы.  Олардың  бәріндегі  негізгі  трагедиялық  желі  жауын 
жапыра жеңіп келген батырдың ту сыртынан жасалған опасыздықтан 
туындап  жатады.  Бейне  опасыздық  пен  сатқындыққа  айтылған 
лағнеттің үні құлағыңа келгендей болады.
Осы орайда, жеке құлқынының қамы үшін топалаң тиген мал-
дың етін, елді емдеудің орнына, қосымша сырқатқа душар қылатын 
дәрі-дәрмектерді  шекарадан  бері  өткізіп  жіберіп  отырған  кеденші 
қандастарымызға  осы  батырлық  жырларымызды  қайта  бір  оқыса 
ғой  деген  ой  келеді.  Бәлкім,  ар-ұяты  оянар.  Халқымыз  «жақсының 
жақсылығын айт – нұры тассын, жаманның жамандыгын айт – құты 
қашсын» деген даналықты баяғыдан өсиет етін кетсе де, қазіргі ұрпақ 
кім-кімнің  де  жамандығын  атын  атап,  түсін  түстеп,  көзге  шұқып 
көрсетуден, сөйтіп бүкілхалықтық тазалану арылу үлгісін бастаудан 
тайсақтап-ақ  келеді.  Кімнен  тайсақтайды, неден  қорқады?  Сондай-
ақ, біз жақсылықты да мойындаудан, айқайлап айтудан да именетін 
тәріздіміз. Әлде
 
қызғанамыз ба?! Әйтпесе, қаңқу сөздердің бірін де 
құлағына ілмей, ел мүддесі мен халық қамы үшін өз ісіне адал беріле, 
қауіп-қатерге басын тігіп қызмет етіп жүрген азаматтарды, жігіттерді 
неге мақтаныш етпейміз. Мұндай әрекет болашақ ұрпағымыздың да 
адалдықты, халқына берілгендікті қанына сіңіріп өсуіне әсер етер еді.

 
 
 
                      
                                                  275
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Бесіншіден, қазақ еркіндікті, әсіресе ой еркіндігін, жеке басының 
бостандығын,  ешкімге  бағынышсыздықты  жоғары  қоятын  халық. 
Жағымпаздық,  мансапқорлық  сынды  әдеттер  бізге  кейін  Кеңес 
дәуірінде  жұққан.  Бұрынғы  қазақ  қогамындағы  «Дат!»  деп  алып, 
ханға да қарсы уәж айта беретін дәстүрді қоғамтанушылар «далалық 
демократия үрдісі» немесе «көшпелі демократия» деп атап жүр. Хан 
да, батыр да, сұлтан да, бай да қара халықтың осы уәжімен есептесуге 
мәжбүр болған. Себебі, кейін аңыз әңгімеге айналып кете баратын 
қоғамдық  пікір  кең  даланың  түпкір-түпкіріне,  оны  айтасың,  үрім-
бұтағына  жететінін  олар  жақсы  білген,  Бұл  орайда,  ел  сыйлаған 
жыраулар мен ақындардың пікірі елеулі әлеуметтік күшке айналған. 
Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Бұқар, Махамбет сынды даналарымыз ел 
мұңын ханға қасқая қарсы қарап тұрып айтып кеткен емес пе?! Ал, 
жалғыз өзі бүкіл халықтың ары мен намысын таразыға тартып кет-
кен ұлы Абай ше?!
Ой еркіндігі, пікір дербестігі қазақ халқының қанына туа біткен 
қасиет. Әлі күнге дейін алыстағы құм арасында қойын бағып жүрген 
қарапайым малшың да сізге өмір мен өлім туралы, жақсы мен жа-
ман туралы, қазіргі қоғам туралы өзінің өмірлік пәлсапасын ұсына-
ды. Далалық демократия жағдайындағы осындаң ой еркіндігі, пікір 
дербестігі  кейде  анархияға,  «бас  басына  би  болуға»  дейін  ұласып 
кетіп отырған. Сірә, қазақ қоғамының кезінде қатаң билік үстемдік 
құрған елдерден кенже қалуы, сөйтіп, өзгенің боданына айналуы осы 
еркіндіктің  бірте-бірте  шектен  шыққан  әрекеттерге  ұласуынан  да 
болар.
Бірақ,  бұл  ойлау  еркіндігінің  пайдасынан  зияны  көп  деген  сөз 
емес, Қалыптасқан қағидаларға күмәнмен қарау – дамудың бір көзі. 
Тәуелсіз ойлау адамзаттың танымын кеңейткен талай-талай ғылыми 
жаңалықтардың ашылуына себеп болды. Кез келген қоғамдағы жүр-
гізіліп  отырған  саясат,  алған  даму  бағдары  сол  қоғамдағы  парасат 
иелерінің  талқысынан  өтіп,  күмән  мен  сенім  таразысына  салынуы 
қажет. Демократия ережелері салтанат құрған елдердегі бір-бірімен 
бәсекелес партиялардың алма-кезек билік басына келіп, бірі тұғырға 
қонғанда, екіншісі оппозицияға кетіп жататыны да осы таразының 
қоғамға керектігінен туған.
Алтыншыдан,  қазақ  тәубасы  бар,  төзімді,  даналыққа  құштар, 
философ халық. Оның терме және айтыс өнерлері осының дәлелі. 
Өркениетті  елдерде  таланты  мен  білігі  арқылы  зор  беделге  ие 
болған  ой  еңбегі  иелерінің  бәрі  ешкімге  тәуелсіз  болуға  мүмкіндік 
беретін дәулет жинап алган. Дұрысы – дәулет өзі келген. Себебі, олар-
дың еңбегін қалың көпшілік шынайы бағалап, сатып алып отыр. Ал 

276 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
бізде, кейінгі Кеңес дәуірінде кез келген ой еңбегінің бағасын көбінесе 
халық емес, билік басындағылар беретін жаман әдет пайда болды.
Қазақ  кино  мамандарының,  ғалымдардың,  музыканттардың, 
суретшілердің т. б. әлемдік аренаға шыға бастағаны көңілге қуаныш 
ұялатады.  Демек,  бізде  жаңа  экономикалық  элита  іспетті,  жаңа 
рухани-мәдени элита да қалыптасып келеді. Тек бұлар ұлттық ділі 
мен тілінен ажырамағай, дәстүрлі
 
рухани мәдениетіміз үрдісінде өсіп, 
жетілсе игі. Сол кезде олар саясат, кәсіпкерлік салаларында негізгі 
тұтқаларды  қолдарына  ала  бастаған  замандастарының  жақсылығы 
мен жамандығын тайсалмай айтып отыратын шын мәніндегі еркін, 
тәуелсіз ойдың иелері болып қалыптасады.
Жалпы сұңғыла ақылымен кез келген қоғамның ілгері дамуына 
ықпал ететін парасат иелерінің қалыптасуы бір бөлек мәселе де, сол 
парасатты адамның оз ойын еркін білдіруіне немесе бұл ойдың дер 
кезінде  ықпалды  күшке  айналуына  мүмкіндік  беретін  әлеуметтік 
алғышарттардың (демокра-тиялық бостандықтардың, материалдық 
тәуелсіздіктің, сындарлы пікірді түсініп, қабылдауға әзір әлеуметтік 
ортаның т. б.) болуы екінші мәселе.
Дәстүрлі қазақ қоғамында оз халқының ағымдағы хал-жағдайын 
ақыл таразысынан өткізіп, болашағын болжап, ілгері даму бағытына 
ықпал етуге ұмтылған ой иелері аз болмаған. VII ғасырдағы Қорқыт 
пен Тоныкөктен бастап, салыстырмалы түрде, күні кешегі Әуезов пен 
Сәтбаевқа дейінгі аралықта, талай дана бабаларымыз туған халқының 
сол  кезеңдегі  жағдайын,  болашақ  тағдырын  ойлап,  тебіреніп  өтпеді 
ме?!  Тіпті  осы  жиырмасыншы  ғасырдағы  Ә.  Бөкейхановтан  бастап, 
М. Жұмабаев пен Ғ. Қарашқа дейінгі зиялы қауым өкілдерінің ой мен 
күреске, арман мен мұңға толы ғұмырлары көп нәрсені аңғартпай ма?!
Мысалға,  «жартасқа  бардым,  күнде  айғай  салдым,  одан  да 
шықты жаңғырық» деп, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде» еркін өскен 
ұлы Абай тұлғасы соңғы пікіріміздің айғағы. Немесе, заманымыздың 
заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әлем жұртшылығы әртүрлі 
қабылдаған  «Көріпкел  таңбасы»  («Тавро  Кассандры»)  романының 
негізгі түйіні де осы: ақиқатты ұғынған парасат иесінің өз замандас-
тарынан  қолдау  табудың;  орнына,  олардың  қарғысына,  лағінетіне 
ұшырауы. Және бұл мәселені Ш. Айтматов бүкіл ғаламдық ауқымда 
алып, барша адамзат өркениетіне қатысты қозғап отыр. Себебі, жеке 
тұлғаның, яғни парасат иесінің ойына тұсау салмау, керісінше, оның 
ықпалды әлеуметтік күшке айналуына қамқорлық жасау мәселесі – 
мәңгілік және ғаламдық проблема.
Сонымен  адам  бүкіл  түркілік  және  қазақтық  дүниетанымның 
негізгі  мәселесі,  тәуелсіз  мемлекеттің  ең  басты  құндылығы  болып 

 
 
 
                      
                                                  277
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
табылады. Дүниедегі барша жақсылық та, жамандық та адам қолымен 
жасалып келеді. Кез келген қогамның өсуі немесе өшуі сол қоғамдағы 
адамдардың парасаты мен іс-әрекетіне тікелей байланысты. Адамды 
рухани  жағынан  жетілдіру  қоғамды  жетілдірудің  төте  жолы. 
Сонымен,  Махамбеттің  дүниетанымы  мен  құндылықтар  әлемін 
зерттеу біздерді жаңа бір белеске көтереді деп ойлаймыз. 
Әдебиеттер
1 Бес ғасыр жырлайды.1-ші том. – Алматы: Жазушы, 1984. – 205 б.
4.3  Зар-заман  ақындары  шығармашылығының  филосо-
фиялық мәні 
Этикалық  мәселелер  –  адамның  бақыты,  жақсылығы,  парызы, 
ар-ұяты,  оның  болмысының  міндеті,  мағынасы,  мақсаты  –  қазақ 
философиясының  өзегін  құрайды.  Әлемді,  адамды,  оның  өмірдегі 
орны  мен  рөлін  философия  –  этикалық  тұрғыдан  ұғыну  –  қазақ 
философиялық ой-толғауына тән ерекшелік.
Дулат  Бабатайұлы  өзінің  шығармаларында  жақсылық  пен 
жамандық, әділдік пен әділетсіздік, адам өмірінің жалғандығы мен 
уақыттың  өтпелілігі  туралы  толғады.  Ол  бүкіл  қазақ  даласын  қам-
тыған  Кенесары  Қасымовтың  азаттық  қозғалысын  көзімен  көрді. 
Кенесарының  жеңілісі  бұдан  кейін  көп  уақытқа  дейін  еркіндік  пен 
тәуелсіздікке деген үмітін үзген қазақ халқының санасы мен жүрегін 
ауыртты.  Осы  кезден  бастап  қазақ  халқының  еркіндік  үшін  күресі 
рухани жақтан өрістеді, ал Дулаттың және басқа да зар заман ақын-
дарының  шығармашылықтарында  отаршылдыққа  қарсы  күрес 
қажеттілігінің  идеялық  негізі  қаланды.  «Зар  заман»  атауын  әдеби 
термин ретінде алғаш рет Мұхтар Әуезов қолданысқа енгізді. Ол өзі-
нің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде зар 
заман ақындарына арнайы бөлім арнап, күрделі кезең поэзиясына 
жан-жақты  талдау  жасады;  зар  заманның  өкілдерін  атады;  бұл 
дәуірдің  басы  мен  соңына  дейінгі  аралықты  белгіледі;  сондай-ақ 
тарихи және теориялық негіздемелерін ұсынды [1, 192 б.].
Дулаттың  негізгі  еңбегі  «Өсиет  наме»  1880  жылы  Қазанда 
басылып  шықты.  Кітапта  ақынның  негізінен  философиялық-
өнегелік мәселелерді көтерген туындылары барынша жинақталған. 
«Өсиет  намеде»  ойшыл  ізгілік  пен  зұлымдықтың,  жақсылық  пен 
жамандықтың,  сараңдық  пен  жомарттықтың,  сауаттылық  пен 

278 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет