Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Көшпенділікке  осылай  баға  беру  –  барлық  нәрселерді  көру, 
түйсіну, ұғыну мен бағалаудың еуропалық өлшемі деуге келеді. Жаңа 
дәуірде, әсіресе соңғы үш ғасырда еуропа адамы материалдық бай-
лыққа,  материалдық  өнімдер  келтіретін  ләззаттылыққа  айрықша 
құлшынды. Оның алғашқы түпкі шығар көзінің ешбір зияндығы жоқ. 
Тұрмысты жеңілдету, жақсарту, тіршіліктік мұқтаждықтарды өтеу. 
Ал оларды қамтамасыз ету үшін құралдарды шыңдау. Бұл техника-
ны  дамытуға,  жеке  адамдардың  өзіндік  тәуелсіз  оқшаулануына, 
дербестігіне  де  әкеледі.  Адамдар  арасындағы  тікелей  тәуелділіктің 
орнына  дүние-мүлік  арқылы  тәуелділік  орнай  бастайды.  Дербес 
жеке  адамдар  арасындағы  дүние-мүлікті  арттырып,  неғұрлым  сол 
арқылы тәуелсіздікке ұмтылу олардың бір-бірінен байлығы арқылы 
үстемдікке,  күштілікке,  артықшылыққа  ұмтылуына  ұласады,  ол 
бәсекеге айналады. Енді өмірлік түпкі мақсат (құндылық) жәй тұр-
мысты  қамтамасыз  етуден  артықшылықты,  үстемдікті  қамтамасыз 
ету  бола  бастайды.  Бұл  мұқтаждық  енді  күштілікке  әкелетін 
құралдарды үстемелеп арттырып отыру бағытына айналады. 
Күштілікке  ұмтылушылық,  егер  одан  ерте  ме,  кеш  пе,  бас 
тартпайтын болса, сөз жоқ, адамның адамға, бір халықтардың екінші 
бір халықтарға, үстемдігіне айналады. Еуропаның осы тұрғыдан ең 
дамыған  елдері  бірте-бірте  бүкіл  басқа  дүниені  өзіне  бағынышты 
етіп  алғаны  белгілі.  Мұндай  құндылық  басқа  мәдениеттерде  де 
бар,  бірақ  сөз  Еуропада,  оның  жаңа  дәуірде  жетекші  құндылыққа 
айналғаны  жөнінде  болып  отыр.  Біздіңше,  осы  алғашқы  өмірлік 
мұқтаждықтарды өтеу мақсаты үнемі күшейе беру, ол үшін қарулана 
беру,  басқаларды  тәуелді  ету,  артықшылыққа  ие  болу  мақсатына 
айналып, алғашқы мақсат құралға айналғанда ғана дамығандықтың, 
прогресшілдіктің  өлшемі  осылай  өзгереді.  Неғұрлым  күштілікке 
апаратын  жол  –  ең  прогрессивтік  жол,  дамығандықтың  бірінші 
белгісі деп қабылдаушылық алға шығады.
Күштілік, қуаттылық қазіргі заманда да үлкен орын алып отырса 
да,  енді  олар  бұрынғыдай  өскендіктің,  марқайғандықтың  көрсеткіші 
бола бермейді. ХХ енді ХХІ ғасырдың басында зорлық пен өктемділік 
тіпті  қалың  бұқара  санасында  да  озықтықтың,  мәдени  биіктіліктің 
нышанындай  қабылдана  бермейді.  Бұрынғы  КСРО  шеңберіндегі 
елдерде  ғана  емес,  жалпы  бүкіл  әлемде  белгілі  бір  құндылықтық 
бетбұрыс өтіп жатқан тәрізді. Бұл бетбұрыстың мәнісі – алдыңғы қатар-
лықтың,  рухани-мәдени  биіктіктің,  прогрессивтіліктің  негізгі  өлшемі 
ретінде адам үшін ең алғашқы құндылық – еркіндік – алға шығуда. 
Біздің  кезімізде  әлеуметтік  дамудың  өлшемі  әрбір  қоғамдағы, 
әрбір  қауымдастықтағы  жеке  адамның  еркіндігінің  деңгейімен 

 
 
 
                      
                                                  261
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
анықталатыны  белең  алып  келеді  деуге  болады.  Бұл  сияқты  көңіл 
күй мен астамгершілік көшпенділер құрған империяларда да болды. 
Олардың да көптеген басқа елдерді басып алып, үстемдік орнатқан 
кездері  болды.  Бірақ,  бұл  жерде  сөз  сол  қоғамның  өз  құрылымы 
мен  ондағы  қоғам  мүшелерінің  алатын  орны  жөнінде  болып  отыр 
(мысалы, ғұндар империясы, көк түріктер мемлекеті). 
Бүкіл адамзат тарихының бірегейлігі жөніндегі Батыс тарихшы-
ларының кең тараған ұстанымын сұрапыл сынға алып, әр өркениеттің 
қайталанбас  өз  тарихы  бар  екенін  дәлелдеуге  тырысқан  ағылшын-
ның белгілі тарихшысы А. Тойнбидің өзінде де сол батысшылдықтың 
бір  белгісінің  сақталғандығын  көреміз.  Көшпенділер  өркениетінің 
белгілі бір деңгейде тоқтап қалып, дамымай қалғандығын көрсеткен 
болып ол мынандай қорытынды жасайды. Адамдық мән Тойнбидің 
түсінуінше,  ол  –  жасампаздық.  Өмір  сүрудің  жолдарын  адамдар 
үнемі  жаңғыртып  қана  емес,  жаңартып  жатады.  Ал  ол  дамуға 
әкеледі. Бірақ кейбір өркениеттер, көшпенділер де солардың ішінде, 
– дамудың ең бастапқы сатысында тоқтап қалған. Қоршаған табиғи 
ортаның жағымсыздығы оларға одан әрі өркендей беруіне мүмкін-
дік  бермеген.  Оларды  «байланған  өркениеттер»  деп  атайды.  Бірақ, 
тоқтаған кезеңіне дейін ондай өркениеттер де дамыған дейді ол [2, 
729 б.]. Олар гуманизмнен анимализмге дейін шегінген, яғни дамыған 
өркениеттерден кері жолдан өткен. Яғни алғашқы тағылық қалыпқа 
қайта  оралған.  А.  Тойнби  сонымен  бірге  бұндай  жолдағылардың 
басқа өркениеттік жолдарға түсіп, дами алу мүмкіндігін де теріске 
шығармайды және сондай мысалдарды да келтіреді [2, 731 б.]. Бірақ 
жоғарғы  мешеуленген  өркениеттер  тізбегінде  көшпенділер  мен 
османдардың көрсетілуі түсінбестік туғызады. Номадтар өркениетін, 
солардың ішінде әсіресе біз қазақ халқының өткен жолын ескерсек, 
Тойнбидің берген сипаттамасына ол тіпті сәйкес келмейді. Ру, тайпа 
болып  қана  тіршілік  ету  алғашқы  халық  болып  құрылған  кезде-
ақ  әлсіреген.  Әрине,  халықтың  құрамында  оның  бөліктері  ретінде 
сақталады.  Ал  жалпы  барлық  өркениеттерді  алсақ,  онда  сондай 
қалыптағы өркениеттердің болғаны да күмән туғызады. 
«Көшпенділікті  зерттеу  өте  маңызды,  өйткені  әлі  күнге  дейін 
Қазақстанның  мәдениетінде,  психологиясында,  тарихи  санасында 
және  қазақ  халқының  өмірінде  өткен  көшпенділер  мәдениетінің 
қалдырған терең ізі бар», – дейді Бақытжан Сатершинов [7, 55–56 бб.]. 
XVIII–XIX  ғасырлардағы  Еуропа ғалымдары  да  көшпелілер туралы 
өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер 
қоғамын  «әділетті,  теңдікті  қоғам»  десе,  Фергюсон,  Адам  Смит: 
«Көшпелілерде  мүлік  теңсіздігі,  әлеуметтік  теңсіздік  ерте  пайда 

262 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
болды», – деген. Ал философ Кант: «Мемлекеттің өзі көшпелілер мен 
отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында 
пайда болды» деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: 
«Көшпелілерде  әлеуметтік  қарама-қайшылық  болғанымен,  мемле-
кет болған жоқ», – деп есептеген.
ХХ  ғасырда  тіпті  айрықша  бүкіл  адамзатқа  аса  қорқынышты 
ескертулердің  үлгілерін  ең  өркениетті  деп  саналатын  батыс  елдері 
көрсеткенін біз жақсы білеміз. ХХ ғасырда олар әлемді екі дүниежү-
зілік  соғысқа  душар  етті,  фашизмді  және  кеңестік  тоталитаризмді 
туғызды.  Әлемге  өзінің  гуманизмінен  көрі  анимализмін  паш  етті. 
Зерденің туғызған қаруларымен жарақталған адамдық озбырлыққа 
қарағанда анимализм де соншалықты қорқынышты емес. Көшпен-
ділер  қоғамындағы  жеке  адамның  алатын  орны  мен  рөлі  оның 
рулық  қатынастарға  қаншалықты  берілгендігіне  қарамастан 
отырықшыларға қарағанда әлдеқайда еркіндікте, әрбір адам өзінің 
руластарының  қарауында.  Біртума  адамдардың  құрған  ұйымының 
мүшесі  ретінде  ол  барлық  істерде  басқалармен  тең.  Сол  ұйымның 
қалыптасқан  салт-дәстүрлерін  ұстанады.  Ұзақ  ғасырлардан  кейін 
бұл салт-дәстүрлер бұлжымас нормаларға айналып, адамдардың іс-
әрекеттерін  реттейтін  болғандықтан  мұндай  қоғамды  дәстүрлі  деп 
атайды.  «Түркі  тектес  елдердің  түпкі  тарихы  ортақ  болғандықтан, 
олардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі де бір-біріне жақын,  ұқсас. Туыс 
халықтарға ортақ мұндай салт-дәстүр – сарқылмайтын қазына» [8]. 
Кейбір осындай қоғамдарда атадан қалған дәстүрлер, салт-жоралар 
адам іс-әрекетін бүге-шүгесіне дейін реттейтін жүйеге айналады. 
Демократиялық жолмен дамыған батыстық өркениеттерде жеке 
адамның өзіндік дербестігіне оның табиғаттың, қоғамның күштерін 
игеру  үшін  жұмсайтын  құралдарды  үнемі  шыңдап,  жетілдіріп 
отыруы негіз болды. Оған үнемі ұмтылдырып отыратын оның түпкі 
құндылығы – үнемі жаңа бір күшке, күштілікке деген ынтызарлығы. 
Жалпы  қоғамдық  қатынастарында  үнемі  бәсекелестік  жағдайда 
болады.  Яғни  бәсекелестік  қатынастар  олардың  бір-біріне  тікелей 
тәуелсіздігінен  туындайды.  Тікелей  тәуелділіктің  орнына  мүлікпен 
дәнекерленген тәуелділік орнайды.
Туыс  халықтарды  рухани  жақындастыру  баршамыздың  мінде-
тіміз.  Түбі  бір  түркі  әлемі  жеке-жеке  бөлініп  кетпей,  біріккенде 
ғана  жаһандану  кесапатынан  аман  қалмақ.  Ұлттық  рух  –  тарихи 
санамен бірге дамып, өсіп жетілген ұлы құндылық. Сөз жоқ, рухы 
кем ұлтта бірлік, тұтастық болмайды. Алауыз ел қашанда кері кетуге 
бейім.  Сатқындық,  қорқақтық,  жемқорлық,  дүниеқоңыздықтың 
бәрі  –  рухани  азғындық.  Демек  туыс  халықтарды  рухани  жағынан 
жақындастыру – баршамыздың міндетіміз.

 
 
 
                      
                                                  263
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Түркi  мемлекеттерiнiң  жақындасуы  –  экономикалық  және 
мәдени  ынтымақтастықтың  жандануы,  аймақтағы  бейбiтшiлiк 
iсiне  қызмет  ету,  әлемдiк  өркениет  көшiне  қосатын  күш.  «Еркіндік 
қайда болса – елдік сонда». «Егемен болмай ел болмас» дейді халық 
даналығы.  Түркітілдес  елдердің  ынтымағы  мен  ауызбіршілігін 
арттыру арқылы олардың этногенезін, әдебиеті мен мәдениетінінің 
тұтастығын зерттеп, мемлекеттер арасындағы байланысты нығайту 
қажет деп есептейміз. 
Көшпенділікті  сақтаған  қазақ  халықтарының  шаруашылық-
экономикалық  қажеттілікпен  бірге  еркін  тіршілік  кеңістігінің  де 
қажеттілігінен  мал  шаруашылығын  сақтап,  ары  қарай  дамытқаны 
негіз  болады.  Көшпелілер  отырықшыларға  қарағанда  табиғат 
өнімдерін  тікелей  иемденіп,  онымен  етене  өмір  сүрген,  олардың 
мемлекеттік  басқарудағы  деспоттық,  тираниялық  формаларының 
қалыптаспауы  да  осыған  байланысты  болуы  керек.  Көшпелілерде 
дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, еркін 
ойлау  жүйесі  дамыды.  Бұл  қасиеттердің  қалыптасуына,  көрініс 
тауып,  іске  асуына  көшпелі  өмір  объективті  түрде  көбірек  жағдай 
туғызды. Түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өрке-
ниеттер  мен  әр  түрлі  себептер  арқылы  (миграция,  жаулап  алу, 
бейбіт  көршілік  жағдайында)  араласты.  Сол  арқылы  көшпелілер 
өздеріне  түрлі  халықтардың  жақсы  мәдени  жетістіктерін  қабыл-
дады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. 
Әдебиеттер
1  Власть  как  ценность  и  власть  ценностей:  Метаморфозы  свободы.  – 
Алматы, 2007. – 470 с. 
Тойнби А Дж. Постижение истории. М, 1991. – 736 с. 
3  Абишев.  К.  Свобода  как  глубинная  ценность  человеческого  бытия. 
Казахстанская философия в канун ХХI века. – Алматы, 1998. – 207 с. 
Айдаров Г. Язык памятника Кюль-тегину. – Алматы: Ғылым», 1993. – 
343 с. 
Кант. И. Прагматикалық тұрғыдағы антропология // Әлемдік филосо-
фиялық мұра. 8-том. Кант және Гегель философиясы. – Алматы, 2006. – 520 б. 
6  Аристотель.  Саясат.  //  Әлемдік  философиялық  мұра.  3-том. 
Аристотель философиясы. – Алматы, 2005. – 568 б. 
7  Сатершинов  Б.М.  Тарихи  сана  –  тәуелсіздіктің  рухани  тұғыры.  – 
Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФжСИ КБО, 2011. – 291 б. 
Бизақов С. Көбесінен қан шыққанша алысқан. Түбі бір түркілер қайта 
түлей ме? // Түркістан. – 2013, 17 қазан.

264 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
4.2 Махамбет дүниетанымы және құндылықтар әлемі
Қазақ  халқының  бай  тарихы  мен  философиясын  ұлы  тұлға-
ларсыз,  ойшылдарсыз,  ақындарсыз  көзге  елестету  мүмкін  емес. 
Себебі ықылым заманнан бері ықпалына ерген халқын өрге сүйреп, 
бостандық пен азаттық жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай 
орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке тұлғалар болған. 
Бүгін біз олардың бірінің іс-әрекетін құрметпен еске алсақ, екінші-
сіне  өкінішпен  бас  шайқаймыз.  Ал,  әңгіме  философия,  мәдениет, 
поэзия  мен  өнер  жайына  ауысқанда  данышпан  адамдарды  ауызға 
алмау мүлде мүмкін емес. Кез келген поэзиялық және философия-
лық еңбек, мәдениет пен өнер туындысы жеке адамның ғана көкірегі-
нен қайнап шығып пайда болады.
Кең байтақ даламыздағы өркениет көшінің өн бойынан қадау-
қадау шыңдар тәрізді уақыт өткен сайын бейнелері асқақтай түскен 
осынау айрықша философиялық ойлау стилі бар тарихи тұлғалар-
дың  мұрасы  кейінгі  қоғамдық  ойдың  даму  барысына  орасан  зор 
ықпал жасағандықтан халық жадында мәңгі бақи сақталған. Жақсы 
туындының философиялық астары да айтарлықтай тереңде жатады. 
Махамбеттің төрт томдық шығармаларын герменевтикалық талдау 
арқылы  ғана  философиялық  ойын  аршып  алуға  мүмкін  болады. 
Ендеше,  қазақ  поэзиясы  философиялық  ойдың  бірден-бір  өмір 
сүру  формасы.  Осы  тұрғыдан  келгенде  әлеуметтік-философиялық 
және  философиялық-этикалық  идеялары  бар  тарихи  тұлғалардың 
қатарына әйгілі ойшыл ақын Махамбет Өтемісұлы да жатады.
Философиялық және рухани-адамгершілік астары тереңде жат-
қан Махамбеттің ақындық мұрасын игерген кез келген қазақ баласы-
ның  неге  делебесі  қозып,  көзі  от  шаша  бастайды.  Ол  халқының 
қалғып бара жатқан рухын дүр сілкіндіре оятып, артында ұрпақтан 
ұрпаққа жететін шоқ тастап кетті.
Ақынның  80-дей  шығармалары  Асан  Қайғы  мен  Қазтуған, 
Доспамбет пен Шалкиіз жырларымен іштей үндесіп жатады. Іштей 
ұлттық  идеяны  сақтай  отырып,  азат  елдігін,  еркін  өзіндік  тұрмы-
сын  аңсаумен  болған  халық  Махамбет  өлеңдерінен  бойына  қуат, 
жанына медет, үмітіне рухани тірек тапты. Сөйтіп, ақынның өлең-
жырларының  өшпес  батырлық,  ерлік,  жігерлілік,  табандылық, 
парасаттылық  үні  ұлан-ғайыр  сарынға,  азаттық  пен  тәуелсіздік 
идеясына  айналды.  Махамбет  дүниетанымы  және  философиясы 
арнайы зерттеуден өтпеген тың тақырып.
Махамбет  заманы  Ресей  империясы  өзінің  озбырлық  отарлау 
саясатын жүргізу барысында тәуелсіз қазақ мемлекетін жойып, өзіне 

 
 
 
                      
                                                  265
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
бағынышты өз мүддесін қорғайтын және халықты барынша екі жақ-
тан Жәңгір ханның іс-әрекетімен сипатталады. Осындай қайшылық 
пен дау-жанжалға, әділетсіздік пен зорлық-зомбылыққа толы заман 
Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық идеясын 
өмірге алып келді. Профессор Сейіт Қасқа-басовтың қонымды пікірі 
бойынша,  «ХІХ  ғасырдан  қазақ  қоғамы  үшін  енді  сыртқы  жаудан 
қорғану  емес,  қазақ  мемлекетін  жойып,  халықты  отарлаған  Ресей 
қақпанынан құтылу – ең зәру мәселе болып, әдебиетте ұлт-азаттық 
идеясы орнықты» (Егемен Қазақстан» газеті, 19 тамыз 2003 ж.)
Махамбеттің өлең-жырларының қадір-қасиеті, мәні мен маңызы 
уақыт  өткен  сайын  бедерлене  түсетіні  белгілі.  Тарихи  тұлғаның 
туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай 
– ғасырдан ғасыр озған сайын өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең 
бір  қиын  бұралаңдарында  халқының  бойына  қуат  берген,  жігерін 
жанумен  болған  Махамбеттің  жалынды  өлеңдері  келер  ғасырлар-
дағы  толқын-толқын  талай  ұрпаққа  ата-бабаларының  мұңы  мен 
шерін,  арманы  мен  рухын  ұмыттырмай,  үнемі  құлағына  құюмен 
болатыны  анық.  Жер  бетінде  қазақ  елі  тұрғанда,  осынау  мәңгілік 
сарын да ешуақытта үзілмейді.
Қазақ халқы өнер біткеннің ішінен сөз бен сазды жоғары қойған. 
Осы  екі  өнерді  бір-бірімен  бітістіре,  ажырамас  тұтастықта  дамыта 
отырып,  бойындағы  барша  рухани  қуатын  соған  сіңіре  білген. 
«Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті 
кернеген поэзиялық әлем, – деп жазды Қазақстан Республикасының 
Президені  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Тарих  толқынында»  аталатын 
кітабында, – тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. 
Ол  жаңашылдықтың  жалынын  лаулата  да  білген.  Содан  да  болар, 
қазақтың  поэзиялық  шығармашылығында  мейлінше  терең  таным-
дық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы 
философиямен  шендесіп  жатады».  Шіркін-ай,  осы  философиялық 
астары  тереңде  жатқан  екімыңжылдық  дала  жырын  мазмұны  мен 
баяуын төмендетпей өзге тілдерге, әсіресе, ағылшын тіліне аударып, 
әлем  жұртшылығына  таныта  алсақ,  қазіргі  қазақ  мәдениетінің 
әлемдік мәдени арнаға қосар кәусар бұлағының басы сол болар еді. 
Оның куәсі ретінде Махамбеттің ұлттық рухы биік жалынды өлең-
жырлары қомақты еңбек болары анық.
Адам – Махамбет дүниетанымындағы өзекті де негізгі мәселе бо-
лып есептеледі. Ол өзінің «Арғымақ, сені сақтадым» атты толғауында:
Жақсыменен дос болсаң
Айрылмас күні қос болсаң,

266 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
Жаманменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлек деп,
Қолдан берер есептеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп… [1],
деп  жақсы  мен  жаман  адам  жайында  ойын  тереңірек  тұжырым-
дайды.  Әсіресе,  Махамбеттің  халықты  әділеттілікке,  адалдыққа, 
ізгілікке,  бірлікке  шақыруды  қазіргі  заманда  да  өзекті  де  маңызды 
болып отыр. «Еңселігім екі елі» атты толғауында:
Дұшпанына келгенде,
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған.
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жазуды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын [1],
деп өзі өзінің іс-қимылы арқылы батыр адам мен оның тұлпарының 
тамаша поэзиялық бейнесін береді. «Исатай – басшы, мен – қосшы» 
деп  өзінің  «Соғыс»  өлеңінде  екеуінің  арасындағы  ынтымақтық  пен 
достық,  адалдық  пен  адамгершілік  қатынастар  туралы  ойларын 
ортаға салады.
Профессор Сейіт Қасқабасов айқандай, Махамбет шығармашы-
лығының төртінші кезеңінде, яғни көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның 
қуғынға ұшыраған кезіндегі «Мұнар күн», «Қайда бар?», «Абайламай 
айырылдым»,  «Істеген  ісім  кетті  далаға»,  «Өлең  айтып,  толғадым», 
«Қаршыға деген бір құс бар», «Қолы кілем, қара нар» сияқты жыр-
толғаулары  адам,  оның  адалдығы,  бостандығы,  батырлығы,  ой 
еркіндігі,  азаматтығы,  мұң-арманы,  күйіну-тарығуы  жайлы  терең 
философиялық-этикалық және  эстетикалық  ойларға  толы.  Әсіресе 
әлеуметтік  жаттану  мәселесі  туралы  «Өзіңнен  туған  жас  бала  // 
Сақалы  шығып  жат  болмай»  дей  келіп,  әлеуметтік  жалғыздыққа 

 
 
 
                      
                                                  267
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
(«Жалғыздық адамға жараспайды, Аллаға ғана жарасады») тап бол-
ған Махамбет өзінің іштей терең рухани-психологиялық күйзеліске 
ұшыраған жағдайын бірнеше жырларының арқауы етеді.
Махамбет  кейбір  адамдардың  бойындағы  опасыздық,  екіжүз-
ділік,  сатқындық,  зұлымдық  сияқты  жаман  қасиеттерді  көре  білді. 
Сонымен қатар адам болмысы мен сана-сезімі, жақсы адам мен жаман 
адам,  өлім  мен  өмір,  әке  мен  бала,  жалғыздық  пен  көптік  сияқты 
мәңгілік  философиялық-аксиологиялық  мәселелерді  өз  дәуіріне 
лайықтап  поэзиялық  формада  күн  тәртібіне  ұсынды.  Махамбет 
философиясы  өмірлік,  жыраулық,  халықтық  сипатта  болды.  Оның 
поэзиясында  қазақтың  ұлтық  идеясы,  ұлт-азаттық  идеясы  жақсы 
көрініс тапты. 
Махамбет дүниетанымындағы құндылықтар жүйесі әділеттілік, 
азаттық, сөз бостандығы («бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»), ерлік, 
адалдық,  батырлық,  халыққа  шынайы  қызмет  ету,  жауапкершілік 
пен бостандық сияқты құндылықтардан тұрады. Сонымен Махамбет 
әлеуметтік  әділеттілік  пен  қайырымдылық  жаршысы,  және  ол  өз 
шығармашылығы  арқылы  әділетті,  іштей  үйлесімді  жаңа  қазақ 
қоғамын  орнатуды  меңзеді.  Бұл  оның  шы-ғармашылығының 
әлеуметтік-философиялық өзегі болатын.
Махамбеттің  жалынды  өлең-толғаулары  халық  рухын  оятудың 
қажетті құралы болды. Ұлт-азаттық, ұлттық идеяны басшылыққа ала 
отырып, ол халықтың азаттығы мен бостандығына қарулы көтеріліс 
арқылы ғана жетуге болатынына әбден сенді. Бірақ сенім ақталмады, 
көтеріліс жеңіліске ұшырады. Ресей империясының отарлау саясаты 
шарықтап  тұрған  кезде  Еуразия  кеңістігінің  қақ  ортасында  ұлт-
азаттық көтерілістің бас идеологы болуының өзі Махамбеттің үлкен 
ерлігі мен батырлығы, ойшылдығы мен даналығы болатын. Егер осы 
көтеріліс  болмаса,  онда  қазақ  халқының  ғасырлар  бойғы  үздіксіз 
ұлт-азаттық қозғалысының қажетті бір буыны болмас еді. Махамбет 
жырлары  қаққан  бостандық  пен  азаттық  қоңырауының  сарыны 
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, 1986 жылғы – Алматыдағы желтоқсан 
көтерілісіне ұласып, тәуелсіздік пен дербес дамуды аңсаған азамат-
тар рухын шыңдаумен болды. Бізді бүгінгі тәуелсіз ел болуға жеткі-
зіп отырған да сол рух.
Ал,  енді  тарихи  тұлғаның  философиялық  көзқарасын  пайым-
дауларға  да  елімізде  талпыныстар  бар  екенін  де  жасыра  алмай-
мыз.  Бірақ  Махамбет  Өтемісұлы  жайында  кеңірек,  тереңірек 
философиялық-дүниетанымдық  зерттеулер  қажет.  Өйткені, 
Махамбет дүниетанымын түсіну, мұрасын игеру арқылы біз халқы-
мыздың  тарихи  ой-санасына,  ұлттық  діліне,  этникалық  ойлау 

268 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мәдениетіне бойлай түсеміз, яғни сол арқылы жаңа пайымдауларға 
жол  аша  аламыз,  кемшілігімізді  зерделеп,  жетістігімізді  жетілдіре 
түсеміз. Міне, сондықтан Махамбетті жан-жақты кешенді зерттеудің 
маңыздылығы  жоғары  деуге  болады.  Өйткені,  тарихи  тұлғалар  іс-
әрекетінде қоғамдық дамудың сипаты айқын көрініс табады.
Халықтың  қамын  ойлап,  «қоғамда  әлеуметтік  теңдік  жетекші 
рөл  атқарсын»  деген  идеяны  ұстануымен  және  оны  практика 
жүзінде іске асыруға талаптануымен тарихта аты қалған Махамбет 
Өтемісұлының  дүниеге  көзқарасы  қазақ  қоғамының  ХІХ  ғасырдың 
басындағы  жағдайының  өзіндік  айнасы  болып  табылады.  Оның 
ақындығы  мен  батырлығы,  даналығы  мен  кемеңгерлігі  бір-бірімен 
астасып, алдыңғы ғасырлардағы халық дәстүрінің ұлы жалғасындай 
көрініс  береді.  Жауынгерлік  рухты  қастерлеген,  қақ-тығыста  қаза 
табуды о дүниеге өтудің мәртебелі өткелі санаған дәстүрлі қоғамдағы 
ұлттық  ділдің  сипаты  дала  ақынының  шығармашылығында  анық 
байқалады.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен дүниетанымы, жеке шығар-
машылығы  өткен  ғасырда  елімізде  негізінен  таптық  идеология 
тұрғысынан талдау жасалып, сарапталынып келді. Әрине, бұл тәсіл-
мен  қарастырудың  сыңаржақтылығы  жөнінде  соңғы  уақытта  көп 
айтылып келгені белгілі. Дегенмен, хан мен қараның арасындағы қай-
шылық  пен  күрестің  болғаны  тарихи  шындық  болатын.  Махамбет 
өзінің досы Исатай Таймановтың жанында жүріп, осы халық күресі-
нің бел ортасында жүргені де шындық. Бірақ Махамбеттің тұлғалық 
күрделі  сипаты  жауынгерлік  рухтың  шеңберімен  шектелмейді, 
ол  өзіндік  саяси-философиялық  пайымдаулармен  көмкерілген. 
Оның  әлемге  жеткізілуі,  көркем  тілмен  рауаждануы,  яғни  жыр 
жолдарымен паш етілген, жария болған. Бұл қазақи философияның, 
ой-тұжырымның  айқын  көрінісі.  Мәселен,  бұл  ғаламдағы,  әсіресе 
әлеуметтік  дүниедегі  әрбір  әлеуметтік  субъек-тінің  өзіндік  міндет-
мақсаты, өмірде алатын орны және басқалар алдында жауапкершілігі 
бар  екеніне  ақынның  сенетіндігін  Махамбеттің  төмендегідей  жыр 
жолдарынан байқаймыз. 
Ақ жұмыртқа, сары уыз
Әлпештеп қолда өсірген,
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса.
Алаштың байлығынан не пайда?
Құланнан басқа ел таппай,

 
 
 
                      
                                                  269

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет