Философия, саясаттану


IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
зұлымдық, өсекке, өтірікке бейімділік, жігерсіздік т. б. кемшіліктерін 
сынайды:
Келемеж қылып атасын, 
Алмай ақыл батасын, 
Мойнына алмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаңдасып ұл кетті [3, 106 б.] 
Мұндай  жаман  қасиеттерді  сынау  Дулат  ақынның  көптеген 
өлеңдерінде  кездеседі  және  бұл  кемшіліктердің  қоғамға  көп  зиян 
келтіретінін көрсетеді. Ақын адамның бойындағы ерлік, батылдық, 
шыншылдық,  пайымдылық,  жомарттық  сияқты  адамгершілік 
қасиеттерін  де  жырлаған.  Бірақ  сол  кездегі  қазақ  қоғамында 
жақсылық,  шындық,  ізгіліктің  орнына,  жамандық,  зұлымдық 
ұстанымдары үстемдік ететінін түсінді: 
Сөзден кетіп бәтуа,
Базынаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр, қасиет, сый кетті.
Дулат  ақын  өлеңдері  хандық  жойылып,  қазақ  даласын  аға 
сұлтандар  билеген  кезеңдерді  бейнелейді.  Аға  сұлтан  болу  үшін 
енді ақсүйек болу міндетті емес, қара халықтан шыққандар да бола 
береді деген тәртіп халықтың жағдайын жеңілдеткен жоқ. Бұл кезде 
халықтың  жағдайы  ауырламаса  жеңілдеген  жоқ.  Бұл  шындықты 
Дулат  ақын  шешен  тілмен  айтып  бере  алды.  Ол  аға  сұлтан,  ірі 
феодалдардың, дін өкілдерінің сұрқия қылықтарының бетін ашады. 
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас. 
Дулаттың  көтерген  мәселесі  елдің,  ұлттың  бірлігі.  Ел  бірлігі 
азайып,  аға  сұлтан,  бай-феодалдар  халықтың  бірлігін  ойламай,  өз 
құлқындарын ойлайтынын айтады. Ел боламын десең өсек, өтіріктен 
қаш,  бірлігіңді  бұзба  дейді.  Өзінің  дінге  деген  көзқарасын  «Ата-

288 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ананың ақылы» т. б. көптеген шығармаларында көрсетеді. Ол дүниені 
де, адамды да Алла жаратқан дейді және исламды орысшылдыққа 
қарсы құрал ретінде пайдаланғысы келеді. 
Дулат  ақын  өз  шығармаларында  аға  сұлтандар  үстемдік  еткен 
дәуірді қамтыса, Шортанбай одан кейінгі болыс, старшиндар арқы-
лы  ел  билеу  тәртібін  шығармаларында  қамтиды.  1824  жылы  қазақ 
даласында  хандық  жойылып,  аға-сұлтандық  билеу  тәртібі  орнаса, 
1868 жылы аға-сұлтандық жойылып, болыс, старшиндар шықты. Осы 
жылы «Жаңа низам» ережесі шығып, қазақ жері түгелдей мемлекет-
тікі болып жарияланды. Бұл қазақ даласын отарлау саясатын күшейте 
түсу  жолы  еді.  Патша  өкіметінің  қол  шоқпарлары  елдегі  байлар, 
саудагерлер  еді.  Сауда-саттық  қанат  жайды.  Қоғамдағы  осындай 
өзгерістер Шортанбай шығармашылығынан тыс қалған жоқ. «Жаңа 
низам» ережесі бойынша жер түгел қазына меншігіне айналды, ел 
билеу  болыс,  старшындар  арқылы  патшалық  аппараттың  қолына 
көшті. Патшалық Ресейдің саясаты бойынша қазақ жерін қазыналық 
ету,  отарлау,  халықты  қанау,  старшын,  болыстарды  қол  шоқпар 
етіп,  халыққа  рухани  қысымшылық  көрсету  еді.  Осы  мәселелер 
Шортанбай  шығармаларының  негізі  болды.Ол  «Зар-заман»  деген 
өлеңінде: 
Мынау ақырзаманда
Алуан-алуан жан шықты, 
Қайыры жоқ бай шықты…
Ақша деген мал шықты – [2, 16 б.] десе, 
заманның  өзгеріп,  байдың  дүниеге  құнығуы,  ақшаның  шығуы 
мәселелерімен бірге,
Шөп сұйылды жердегі,
Құс таусылды көлдегі 
яғни адаммен бірге табиғат та өзгереді дейді. Асан қайғы мен Бұхар 
жырау  жырлап  кеткен  «қарағай  басын  шортан  шалған»  заманның 
келгенін,  заман  азып,  бай  ман  төре  дүниеге  құнығып,  қайырсыз 
болғанын,  малдың  қадірі  кетіп,  ақша  деген  бәленің  шыққанын 
көріп,  орыс  бодандығынан  шошыды.  Ол  халықты  үш  жақтап  езіп 
жатқанын көре білді. Біріншіден патша өкіметі, екіншіден, қазақтың 
өз ішіндегі әкімдері, үшіншіден саудагерлер. Отаршылдық саясатты 
жүргізу үшін арнайы жіберілгендерді, адам құқын аяққа таптайтын 
зымияндарды,  діні  де,  тілі  де  жат  жандарды  көре  білді,  олардан 

 
 
 
                      
                                                  289
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
қазаққа  зияннан  басқа  пайдасы  тимейтіндігін  түсінді.  Олардың 
шашбауын  көтеріп,  өзінің  де  құлқынын  ойлаған  бек,  болыстарды 
шайтанға теңеді. Сауда-саттықтың ене бастағанынан ақырзаманның 
нышанын көрді. «Тар заман» поэмасында:
Мынау заман, қай заман, 
Азусызға тар заман, 
Азулыға бар заман десе. 
«Опасыз  жалған»  өлеңінде  теңсіздік  мәселесін  ашық  айтады. 
Шортанбай өз заманын тек бақылаушы ғана болған жоқ, оны өзінше 
жөндемекші  де  болды.  Өз  кезіндегі  ел  басшыларын  да,  дін  басы 
молдаларды  да  сынап,  болыс,  билердің  қылығын  ашына  айтты. 
Молдалардың  халықтың  көзін  бояп,  сорып  жатқан  қанаушылар 
екендігін де көрмей кете алмады. Олардың дінді құрал етіп отырған 
екіжүзділігі, халықты жеудегі амалдарын толық көрсетеді. Мұндай 
жағдайдан халықты қалай алып шығуға болады деп торығады. 
Ақын  адамның  мінезіне  ерекше  көңіл  бөледі,  жақсы  адам  өз 
мінезіне  қарауыл  қойып,  жауап  беріп  отыру  керек  дейді.  Адам 
санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, 
пайдалы  өткізуі  абзал.  Керексіз,  өнімсіз  іспен  шұғылданбай,  еліне, 
халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге 
дағдыланғаны  жөн  дейді.  Жамандық  пен  жақсылық,  адамдық  пен 
арамдық  арасын  ажырата  білуге,  достық  пен  қастық,  шындық  пен 
жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады. 
Талапты  жас,  ең  алдымен  оқуға  әуес  болуы  керек.  Өнер,  білім  тек 
оқумен  келеді.  Тәлім-тәрбие  алған  жас  ойлы,  өнерлі  боп  өседі. 
Арамдыққа,  зұлымдыққа  бармайды.  Олар  құдай  жолына  да,  адам 
үшін  де  аянбай  еңбек  етуге  тиіс.  Дүние,  өмір  қызығына  алданбай, 
қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды.
Шортанбай  туралы  пікір  айтқан  кейбір  зерттеушілер  оны 
өмірден  түңілген  жігерсіз,  қайғы  мен  зардың  ақыны  деп  келді. 
Оның  өлең  жолдарынан  ақынның  бойындағы  басым  күш  –  түңілу 
емес  жігерлілік,  үмітсіздік  емес  батыл  күреске  үндеу,  оптимистік, 
патриоттық сезім екенін көреміз.
Шортанбай  ақын  заманында  бұдан  артық  елі  мен  халқының 
қамы үшін адал қызмет ету екіталай. Біздіңше, халқының тағдырын 
ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының 
қасіретін  арқалап,  бойындағы  бар  күшін  сол  үшін  сарп  етті.  Сол 
тұстағы  қоғамның  жай-жапсарына  қарай  әрекет  жасап,  жатпай-
тұрмай  халқын  үгіттеп,  ілгері  жетеледі.  Ел  ішіндегі  әр  түрлі 

290 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз 
опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мінін түзетпек 
болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. 
Оны  ақын  жақсы  түсінді.  Отаршылар  мен  оның  қазақ  жеріндегі 
сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, 
елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа 
тіреген зар заман деп өзінше қорытты.
Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы 
қалыптастырған  кәсібінен,  тіршілік  қамынан,  үйреншікті,  сүйегіне 
сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу 
салтынан  айырды.  Осылайша  халықтың  ұлттық  тұрпаты,  елдік 
сипаты  бұзылды.  Адамы,  азаматы,  оларды  мінез-құлқы,  іс-әрекеті 
өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын 
киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-
шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты. Ол халықтың мұңы боп 
қалыптысты.
Шортанбай – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс 
қысымы,  отаршылар  мен  жергілікті  әкімдердің  озбырлығы,  жаңа 
қарым-қатынастан  туындаған  тонаудың  жаңа  түрлері,  сатқын  ел 
билеушілер жайлы толғанды. 
Зар заманның көрнекті өкілдерінің бірі Мұрат ақын. Ол патша 
саясатына,  қазақтың  жерінің  алынуына  риза  болмай,  жырларында 
қоныс  пен  өрістің  жоқшысы  болды.  Жер  тарылып,  заң  бұзылып, 
елдің  тыныштығы  бұзылып  бара  жатқанын  айтып,  қазақтың  қай-
ғылы  күйі  ескіден  келе  жатқанын,  ата  қоныстың  алына  бастағаны 
бүгіннен емес, ертеден басталғанын жырлап, тарихқа шолу жасайды. 
Заманның  неден  бұзылғанын  Шортанбайша  табиғат,  дін  бұзыл-
ғанын емес, заманның азуын адамнан көреді:
Ай орнынан туады
Күн орнынан шығады,
Бұның бәрі адамнан, – дейді. 
Табиғат  баяғы  қалпында,  ал  адам  азайын  десе  қиын  емес. 
Азғандықтың  белгісі  –  немқұрайдылық,  пара  алу,  қайырсыздық, 
дінсіздік.  Екінші  себеп  күшті  дұшпан  иыққа  шығып,  қадалып  тұр, 
мойын бұрғызбайды. Мықты дұшпаннан шошыған ақын жаратқан 
иеден  тілек  тілейді,  «сақтай  көр»  деп  жалбарынады.  Мұрат  ақын 
патша  үкіметінің  қазақ  елін  орыс  қылмақ  саясатын  сезген.  Оның 
ел  қайғысын  көрсететін  өлеңі  «Сарыарқа».  Мұнда  елдің  бұрынғы 
дәуренін,  заман  қайғысын  Елдің  іргесі  ыдырап,  тозғаны  бүгін  ғана 

 
 
 
                      
                                                  291
IV тарау.   Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының    
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
емес  дегенді  айтады.  Мұрат  ақын  кейде  құтсыз  қонысты  тастай 
қашуды  да  уағыздайды.  Бірақ  қайда?  Оған  жауап  бере  алмайды. 
Орыс үкіметінің баланың санын алып, мал мен басты есептеп хатқа 
түсіруін құбыжықтай көреді. 
Мұрат ақынның «Үш қиян» дастанында ел тағдырына байланыс-
ты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, 
арманы  мен  үміті,  жұрт  бақыты  мен  ертеңі,  жер,  қоныс  туралы 
толғаныстары  пайымдалған.  Ақынның  түсінігінше,  ел  болашағы 
барынша  бұлдыр,  мұнартқан  сағым  секілді  болып  көрінеді,  сол 
себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын 
көксейді.  Бұл  жырлар  Шортанбай,  Дулат  шығармаларымен  терең 
үндесіп  өзара  астасып  отырады.  Дәл  осы  сарынды  Мұраттың 
«Сарыарқа» туындысына да тән деген жөн. Мұнда да «Үш қияндағы» 
секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып 
айтылады.
Еділді тартып алғаны – 
Етекке қолды салғаны. 
Жайықты тартып алғаны – 
Жағаға қолды салғаны. 
Ойылды тартып алғаны – 
Ойындағысы болғаны», – [2] дейді. 
Зар-заман  ақындары  әлеуметтік  жіктелу  процесіндегі  таптық 
мәнді түсінбеді. Олардың қазақ қоғамын жөндеу жолдарын көрсетуге 
тырысуларының  іске  аспауының  себебі  осында.  Мәселе  байлықта 
немесе  кедейлікте  емес,  қазақтар  өздерінің  өткенін  ұмытып,  ата-
бабаларынан қалған рухани құндылықтарын жоғалтқан деп түсінді 
олар.  Халықтың  өмірінде  зорлық-зомбылық,  өсек,  өтірік,  қулық, 
ақымақтық  орын  алды,  тіпті  мал  да  өзгеріп  кетті  дейді.  Зар  заман 
ақындары қазақ өміріне қарап, көңіл жұбатарлық ештеңе таппайды. 
Терең  мұңға  беріледі,  олардың  шындық  іздеген  жан  дауыстарын 
ешкім естімейді. 
Дұрыс бастар басшы жоқ,
Әділетке шөлдетті.
Татуға өсек жүргізіп,
Бәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, өсер ер жетті. 

292 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Мұрат  ақын  тығырықтан  шығудың  жолын  білімнен  іздейді. 
Мына өлеңнен оның көрегендігін көреміз.
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін, 
Шая ма деп жүрегін, 
Шашын, мұртын қойдырып, 
Ащы суға тойдырып
Бұза ма деп реңін,
Адыра қалғыр заманның 
Мен жаратпаймын сүреңін!.. [2, 217 б.] дейді. 
«Бұл орайда Мұрат ақынды пайғамбар демеске амал жоқ. Оны 
шошытқан  заманның  сүреңі  орыстандыруға  бағыт  алған  саясат 
болатын. Бұл саясат патшалық Ресей кезінде де, Кеңес дәуірінде де 
өрши түсті десе де болады,- дейді Қасымбек Бейсенов. – Ұлтжанды 
ақындарымыз аса сезімталдықпен, көрегендікпен болжай білді. Біз 
оның  жетпіс  жыл  бойы  куәсі  болдық.  Енді  зар  заман  ақындарын 
ұлтжанды ақындар деп айтатын уақыт жетті» [4, 155 б.].
Зар-заман  ақындары  өз  заманының  білгірі,  өз  уақытының 
адамдары  еді,  дүниетанымы  да  сол  уақытқа  сай  болды.  Өткеннің 
кеткенін, қайтып келмесін түсіне де білді. Олар көреген данышпан 
еді, өз жырлары арқылы соны бізге жеткізген шынайы суреткерлер 
еді.  Олардың  шығармашылығының  негізі  ұлтжандылық,  ұлттық, 
отансүйгіштік, тәуелсіздік үшін күрес идеясы болды. 
Әдебиеттер
Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 192 б.
2 Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. – Алматы, Жазушы, 1989. – 1 т. – 203 б.
Турсунов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. – Алматы, Дайк-
Пресс, 2001. – С. 48.
4  Омарұлы  Б.  Зар  заман  поэзиясы.  Генезис,  типология,  поэтика.  – 
Алматы, Білім, 2000. – 140 б.
5  XVІІІ–XІX  ғасырлардағы  қазақ  ақындарының  шығармалары.  – 
Алматы, 1993. – 147 б. 
6  Бес  ғасыр  жырлайды:  ХV  ғасырдан  ХХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейінгі 
қазақ  ақын-жырауларының  шығармалары.  Үш  томдық.  (Құрастырған.        
М. Мағауин, М. Байділдаев). – Т. І. – Алматы: Жазушы, 1984. – 256 б. 
Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. 
Бабатайұлы Д. Замана сазы. – Алматы, 1991. – 160 б. 
9  Бейсенов  Қ.  Қазақ  топырағында  қалыптасқан  ғақлиятты  ой  кешу 
үрдістері. – Алматы: Ғылым, 1994. – 168 б. 

 
 
 
                      
                                                  293
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамның  және  қоғамның  рухани  кеңістігіндегі  сапалы  өзгеріс-
тер алдымен азаматтардың дүниетанымында, рационалдық зердесін-
де жүзеге асуы тиіс. Осыған орай барлық ұлттардың ұлы ойшылдары 
тарих  толқынындағы  қоғамдық  болмыс  үшін  дүниетанымдық 
дәстүрлердің,  тәрбиенің,  ақыл-парасаттың  маңыздылығын  үнемі 
алға тартып отырған. Рухани тәрбиенің шынайы өзегі қазақ ойшыл-
дарының дүниетанымдық дәстүрлері бойынша жеке адамның Руха-
ни әлемге назарының шынайы және толығымен аударыла бастаған 
шағынан басталады.
Жалпы  қазақ  философиясының  ерекшелігін  анықтау,  оған  тән 
әртүрлі сипаттамаларды беру – халықтың дүниетанымын тереңірек 
танып  білуге,  мәдениетіміздің  інжу-маржандарын  рухани  игілікке 
айналдыруға  жетелейді.  Сонымен,  қазақ  философиясының  ерек-
шелігі  –  оның  халықтың  ауыз  әдебиетімен,  даналығымен,  поэзия 
және  музыка  өнерімен  тығыз  байланыста  болғанында.  Адамзат 
тарихындағы  философиялық  ойлау  жүйелері  белгілі  бір  деңгейде 
ұлттық немесе этностық құрылымдардың қалыптасуы және дамуы-
мен астасып жатады. Қоғам өзін ұзақ уақыт бойы тұтқынында ұстаған 
стереотиптер  мен  догмаларды  бұзуға,  халықтың  рухани  мұрасын, 
оның өткені мен бүгінін ұлттық санада қайта пайымдаудан өткізуге 
мүдделі. Қазіргі заман қазақ халқының өзіндік философиясын тереңі-
рек зерттеп, осы күрделі тақырыпқа қатысты заманға лайықты ғылы-
ми ұстанымдарды іздестірудің көкейтестілігін алға тартады. 
Қазіргі  тарихи  кезеңдегі  Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы  қазақ-
тың  философиясының  қалыптасуы  мен  дамуына  жаңаша  қарауға 
мүмкіндік  береді,  бұл  үдерістің  барысында  тәуелді  дамудың  ұзақ 
жылдары бойында әлеуметтік психологияда, жекелеген түсініктерде 
орнығып қалған әртүрлі кедергілерді жеңуге тура келеді. Қазақ хал-
қының  рухани  қайта  өркендеуі  өзінің  шынайы  тарихын  пайымдау 
арқылы, төлтума мәдениет пен ұлттық философияны қайта түлету 
арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі  кезеңде  Қазақстандық  қоғамның  этноәлеуметтік  кеңіс-
тігінде  барлық  әлемді  кеңінен  жайлап  келе  жатқан  тұтынушы 
және  нигилистік  негіздегі  бұқаралық  мәдениеттің  құндылықтары 

294 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
таралуда.  Ол  өз  кезегінде  әлеуметтік  қауымдастықтар  арасына 
жік  түсіріп,  еліміздің  рухани  қауіпсіздігін  нығайтуға  кедергі  келті-
рері  анық.  Сонымен,  дүниетанымдық  дәстүрлерге  талдамалық 
жасау,  олардың  құнды  тұстарын  анықтау  –  жастар  арасында  бой-
күйездік  психологияның  өрбімеуіне,  ұлтаралық  қатынастардың 
шиеленіспеуіне  теориялық,  құндылықтық  бағдар  ретінде  қызмет 
етеді. 
Ғылыми  зерттеудің  теориялық  және  қолданбалы  ғылыми 
нәтижелерін  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 
министрлігінің,  мәдениет  пен  ақпарт  министрлігінің  барлық 
мекемелері,  әртүрлі  деңгейдегі  еліміздің  әкімдіктер  өздерінің 
қызметтерінде кеңінен қолдана алады. Бакалаврлер, магистранттар, 
докторанттар  және  ғылыми  қызметкерлер  өз  еңбектерінде  тиімді 
пайдалана  алады.  Сонымен  қатар  зерттеу  нәтижелері  Қазақстан 
Республикасының қауіпсіздік Кеңесіне, Ұлттық-мәдени орталықтарға, 
әкімшіліктерге, Үкіметке, басқару органдарына пайдасын тигізеді.
Талдамалық  баяндаманың  қорытындылары  мен  ғылыми-
практикалық ұсыныстары төмендегідей кейіпте тұжырымдалады:
1.  Қазақстанның  қазақ  хандығы  дәуіріндегі  этноәлеуметтік 
кеңістігіндегі  философиялық  ойдың  қалыптасуы  мен  дамуының 
негізгі  тарихи  кезеңдері  анықталды  және  олардың  өзіндік  ішкі 
қайшылықтары  зерделеуден  өткізілді.  Әрбір  тарихи  өтпелі  кезең-
дердің өзіндік келбеті көрсетіліп, рухани жетілуді қамтамасыз ететін 
тұлғааралық,  әлеуметаралық,  мәдени  байланыстардың  құнды-
лықтық  маңыздылықтары,  дүниетанымдық  дәстүрлері  сыни  фило-
софиялық пайымдаулардан өткізілді. Талдамалық баяндамада қазақ 
халқы  тарихының  рационалдық  біртұтас  дүниетанымдық  карти-
насын  қалпына  келтіруге  талпыныс жасалады және  қазіргі  кезеңде 
қалыптасқан  заманауилық  ахуалдағы  қоғамның  рухани  даму  жо-
лын дербес таңдау мен ұлттық мәдениетті қайта түлетудегі хандық 
дәуіріндегі  қазақ  қоғамындағы  философиялық  дәстүрдің  маңызы 
көрсетіледі.
2. Түркілік кезең мен қазақ философиялық ойы эволюциясына 
тарихи-философиялық,  герменевтикалық  талдау  жасау  арқылы 
тарихи  процестегі  руханият  құбылысының  мәндік  негіздері  мен 
қоғамдық  маңызы  айқындалды.  Сонымен  қатар,  қазақ  тарихи 
болмысына  сәйкес  келетін  дүниетанымдық  әмбебаптар  ауқымын-
дағы  этникалық,  діни  және  азаматтық  руханилықтың  түпкі  астар-
лары орныққандығы пайымдалды. «Қазақтардың дәстүрлі дүниета-
нымының  семантикалық  діңгегі  «құт»  ұғымы.  Оны  «өмірлік 
күш»,  «өркендеу  басы»,  «өмір  нәрі»,  сонымен  қатар  байлықпен 

 
 
 
                      
                                                  295
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
байланысты  «бақыт»,  «игілік»,  «үлес»,  «тағдыр»,  «сабыр»  деген 
ұғымдармен  сәйкестендіруге  болады.  Бұл  ұғым  шын  мәнінде 
онтологияны,  антропологияны  және  әлеуметтік  философияны 
біртұтас  етіп  біріктіреді.  Сонымен  қатар  ол  дәстүрлі  мәдениеттегі 
мәндік  көріністерді,  дүниетанымды  танымдық  сипатта  анықтайды, 
этномәдени ерекшелігін рәміздейді. 
3. Тарихи сананың, қазақи этникалық менталитеттің терең иірім-
дерін  айшықтайтын  халықтық  түсініктердің,  идеялардың,  мұрат-
тардың  және  құндылықтардың  рухани  сабақтастығының  іске  асы-
рылуын  жіктеуден  өткізу  арқылы  ұлттың  рухани  дүниесіндегі  сан 
түрлі бағыттағы үрдістерінің сипатын анықталады және олар ғылыми 
дәйектелді. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы руханилықтың келбетін 
айшықтау, оны қазақ ұлттық философиялық ойымен байланыстыра, 
тамырластыра зерделенді, сонымен қатар және жалпыұлттық идея-
ның  негізін  бекітуге  ықпал  ететін  қазақ  философиялық  ойындағы 
рухани қайнар көздер айқындалып, жаһандану процестерінің қай-
шылықты дүниетанымдық қырларын көрсетілді.
4. Тарихи қалыптасқан ұлттың өзіндік мінез-құлқының, құнды-
лықтық  бағдарларының  көріністері  заманауи  талаптарға  сәйкес 
сыни  талдаудан  өткізіледі.  Сабырлылық,  төзімділік,  шыдамдылық 
және  ізгіліктілік  сияқты  руханилықтың  шынайы  көріністері  тұлға-
лық жетілудің тетігі ретінде және қоғамның болашаққа ұмтылудың 
этномәдени жолдары мен қырлары іспетінде пайымдалды. Ғылыми 
айналымда  бекіген  толеранттылық,  яғни  төзімділік  ұстанымының 
тарихи  бастаулары  осы  ілімдердегі  ұғымдарда  жатыр.  Жалпы 
мақал-мәтелдер  қазақ  халқының  руханиятының  нағыз  айнасы 
болып табылады. Өмірдің көптеген жағдайлары мақалдарда көрініс 
берген,  ол  да  халық  даналығының  белгісі.  Әрине,  Абай  айтқандай 
кейбір мақалдарға да сын көзбен қарап, олардың шектеулі әлеуетін 
айқындап отырған жөн.
5.  Қазақтың  этикалық  философиясын,  этномәдени  құндылық-
тарын айқындай түсу үшін осы уақытқа дейінгі қазақ философиялық 
ойының  даму  тарихында  айқындаушы  принциптері  анықталды. 
Мәселен,  Орхон-Енисей  жазбаларынан  басталған  және  ол 
Қорқыттың, әл-Фарабидің, Қ.А. Ясауидің, Ахмет Иүгінекидің, Жүсіп 
Баласағұнидің, Махмұд Қашқаридің және т. б. түркілік даналардың 
ізгілік  пен  қайырымдылықты,  жалпы  этикалық  категорияларды 
өзектендірілуімен  жалғасады,  содан  кейін  қазақ  хандығы  дәуірінде 
орын  алған  ақын-жыраулардың,  би-шешендердің  рухани  мұрасын 
жан-жақты  байыптауда  болып  отыр.  Олардың  философиялық 
көзқарастары  мен  идеялары  Шығыс  халықтарының  рухани 

296 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мәдениеті мен діниетанымдық дәстүрлері мен тарихында қомақты 
орын алғандығы айғақталды. 
6. Қазақтың ұлы ойшыл-философтарының шығармашылығын-
да  этикалық,  діни-эстетикалық  және  гуманистік  идеялар  тұнып 
тұрғаны белгілі. Барлық әлем мен адамның өзара рухани байланысы, 
бүкіл  болмыстың  тұтастығы,  оның  ішінде  адам  болмысының  да 
ерекше  деңгейлілігін  анықтау  үнемі  көрініс  табады.  Адамзаттың 
рухани дамуына үлкен үлес қосқан, руханилығының баюына ықпал 
еткен факторлар сарапталып, Шығыстың да, Батыстың да руханилық 
үлгілері  салыстырмалы  зерделенді.  Әсіресе,  өзге  философиялық 
жүйелермен  тарихи  үндес  келетін  тұстарымыз  бен  өркениеттік 
мағынадағы айырмашылықтарымыз анықталды.
7.  Қазақтың  антропологиялық  философиялық  ойының  дамуы-
ның  тұтастанған  картинасының  бүгінгі  қоғам  болмысы  мен  қазіргі 
құндылықтық парадигмалар тұғырын ескере отырып қайта қалып-
тастыру, оларды жан-жақты ғылыми зерттеу – бүгінгі гуманитарлық 
ғылымдардың  мүдделеріне  сәйкес  келетін  философиялық  таным-
ның  жаңа  қыры.  Сондықтан,  аксиологиялық  талдаулардың  көмегі-
мен халқымыздың рухани әлеміндегі басымдылық танытатын руха-
ни  ұстанымдары  бір  жүйеге  келтірілді.  Қазақ  философиясының 
тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. 
8. Түркі әлемінің ұлы философтарының шығармашылығы арқы-
лы ислам философиясының жетістіктері, оның ерекше руханилығы 
ашылады,  қазақ  хандығы  тарихи  кезеңіндегі  қазақ  ойшылдарының 
дүниетанымын  жалпы  тарихи-мәдени  және  рухани  аядан  оқшау 
қарастыруға  болмайды.  Біздің  пікірімізше,  Асан  қайғыдан  бастап 
Махамбетке дейінгі тарихи кезеңдерде қазақ ойшылдарының дүние-
танымынының қалыптасуындағы руханилықтың рөлі зор болғандығы 
зерделенді.  Қазіргі  замандағы  тәуелсіздік  кезеңі  күрделі  мәселенің 
шешімін табуға жаңа мүмкіндіктер ашты, мәдени және өркениеттік 
бірегейлікті қалпына келтіре бастады.
9.  Халқымыздың  этнофилософиясының  мазмұнды  тұстарын 
жақсы көрсете білген сайын ұлтымыздың рухани әлемі байи түседі. 
Ол өз кезегінде еліміздегі әрбір азаматының жеке дүниетанымында 
сапалы  өзгерістер  әкеліп,  оларды  даналық  әлеміне  де  жақындата 
түседі. Жалпы қоғамдағы дағдарысты процестерді жеңудің тереңінде 
қоғамдағы  рухани  тіректердің  нығайту  проблемасы  тұрады.  Сон-
дықтан  ұлттың  өзіндік  философиялық  жасампаз,  руханиланған 
даналық  әлемін  көркейте  түскен  сайын  еліміздегі  өркениетті  және 
орнықты  дамудың  іргетасын  нығайта  түсеміз,  әрбір  құбылыстың 
және  әрекеттің  терең  мағынасын  анықтай  аламыз,  мәдениеттер 

 
 
 
                      
                                                  297

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет