Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Қашқари былай деп жазады: «Мемлекеттің қазынасы халық-
тың табан ақысы, маңдай тері. Әмірші, қазына кілтін ұстаған
адамға аса сақтықпен қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар
жерде ұрлық жүрмей қоймайды. Ұрыны ұстасаң, дереу әш-
кере ет. Бүгіп қалсаң, сен де ұрысың» [104, 128 б.]. Ашкөздік
пен тойымсыздық та адамдарға тән қасиеттердің бірі. Ұрлық
жоқшылық пен тоқшылық кезеңді таңдап жатпайды. Халық
қазынасы талан-таражға түспеуі тиіс. Билеушінің міндеті ел
байлығын сақтай білуінде, оны бұзғандарды аяусыз жазалау-
ында.
Шамамен бір дәуірде, бір қоғамда өмір сүргендіктен
Махмұд Қашқари мен Жүсіп Баласағұн арасында рухани
сабақтастықтар мен ұқсастықтар кездеседі. Он бірінші
ғасырдағы түркі әдебиетінің дамуын терең зерттеген орыс
ғалымы И.В. Стеблева осыған назар аударады. «Егер сен дана-
лықтың кемеріне жетіп меңгерсең, енді оны еңбектене іске
асыр» (Ж. Баласағұн). М. Қашқаридың ойы да осы төркіндес:
«Білікті кісіге кезіксең, сөзін тыңда, кісілікті үйрен, үйренгенің-
ді амалыңда қолдан».
«Құтадғу білікте» айтылады:
«Кімде кімді сараңдық кедей етсе, осы дүниедегі бар байлық та
дәулетті ете алмас».
«Диуани лұғат ат-түркте» осы ой сәл өзгеше берілген:
«Егер кімнің көкірегі қараңғы (кедей, ғапыл) болса, онда оны
күштеп бай да, тоқ та ете алмайсың».
Мына өлең жолдары да бір-бірімен үндес:
Мемлекет құрып, халықты байытты,
Қой мен қасқыр қатар жайылды,
Жақтастары қуана қарсы алып,
Жаулары оның алдында басын иді (Жүсіп Баласағұн)
және
Санасыздар қалтырасын,
Ел мен заң тұрақтасын
Қой мен қасқыр бірге жүрсін,
Қайғы-мұң бізден алыстасын
(Махмұд Қашқари) [135, 103-105 бб.].
153
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт метафизикасы
Халықтық афоризмдер мен мақал-мәтелдерді жиі қолдан-
ған М. Қашқари шығармасының құндылығы осы бір ұтқыр
пайымдаулардың қазіргі күнге дейін өзгеріссіз қолданылуында.
Оның ел билеу мен әкімдер, әділдік пен адалдық, парасатты-
лық пен қайырымдылық, заңдылық пен адамгершілік туралы
айтқан өсиеттері мен нұсқауларының адамзат ұрпағына берер
ғибраты да мол.
Ортағасырлардағы түркі халықтарының ұлы ұстазы,
ірі ойшыл, бүкіл түркі жұртын татулыққа, имандылыққа,
ізгілікке, рухани тазалыққа үндеген ұлы әулие атанған Құл
Қожа Ахмет Иасауи еді. Ол XII ғасырда қазіргі Оңтүстік
қазақстан облысының Сайрам жерінде дүниеге келді. Оның
туған жылы мен өмірден қайтқан уақыты туралы мәліметтер
әрқилы, бірақ он екінші ғасырда өмір сүргені белгілі. Әкесі
Ибраhим шайық пен анасы Қарашаш білімді адамдар болған.
Жеті жасында әкесінен айрылған Қожа Ахмет данышпан ұстаз
Арыстанбабтың тәрбиесінде болып, алғашқы діни дәрістерін
алады. Арыстанбаб дүниеден өткен соң Бұқарадағы сопылық-
ты кеңінен уағыздаушы Жүсіп Хамаданидің шәкірті болады.
Бұл кісі Бағдад қаласында ислам ілімінің білгірі Шайық Әбу
Ысқақ Шираздан дәріс алып, фыкh ілімі – мұсылман құқығы-
ның ғұламасы атанған.
Бұқара қаласында терең білім алған Иасауи сопылықтың
«Ақиқатты тану жолына» үйретуге құқық беретін «Иршадты»
алып Иасы қаласына келеді де, осы жерден өзінің сопылық
мектебін ашады. Қарақидандардың шабуылы негізінде Қарахан
мемлекеті құлап, Орталық Азияда ислам діні құлдырап, рухани
азғындап елді терең жайлаған заман болатын. Бүкіл өмірін
адамзаттың бақытына арнап, имансыздықпен күресіп өткен
Иасауи бабамыздың 99 мың шәкірті болған деседі. Олар әлем-
нің түкпір-түкпіріне, Анадолы мен Балқан жерлеріне дейін шы-
найы исламның қағдалары мен өмір сүру тәртіптерін таратты.
Сопылық адам жанының тазалығы туралы, адамды екі
дүниеде де рухани бақытқа жетелейтін діни антропологиялық,
исламдық-мистикалық ілім. Ол ислам дінінің рухы, мәні, сайып
келгенде, исламның мәйегі, яғни сананың өсуінің, жан тазарып,
ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі. «Сопылықты
жүрекпен ғана сезесің», демек, сопылықтың не екенін жүрегін
154
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
оята алған адам ғана түсіне алады. Сопыларға тән ортақ қасиет
– адалдық, мейірімділік, қанағат, шынайы ізгілік, Алланы сүю,
барлық адамзатты сүю, арлы және адал болу.
Иасауидің «Даналық кітабы» («Диуани хикмет») мен
«Рисала» еңбектері түркі тілінде жазылған рухани және гума-
нистік бағыттағы шығармалар. Оларда адамның өмірдегі негізгі
мақсаты кемел адам («әл-инсан әл-камил») дәрежесіне жету
екендігі айтылады. Бұл еңбектердің, әсіресе «Диуани хикметтің»
негізгі мазмұны да сопылық жолындағы мұсылмандық ілімнің
қағидаларын жүзеге асырудың, оларды күнделікті өмірде үнемі
қабылдау мен орындаудың әдіс-тәсілдерін үйретуге арналған.
Иасауидің сопылық көзқарасына тән нәрсе адам өзіне ең
жоғары деңгейлік мақсат қояды, ол мақсат – Алламен толық
тұтасу, осы жолда ол Құдайды неғұрлым шын сүйген сайын,
соғұрлым Оған жақындай береді. Оған ұнамсыз қасиеттерден
арыла бастайды. Сопылық ілімнің ауыр да қиын болатынын
айта келіп Қожа Ахмет осы жолдан өтуді табанды түрде
талап етеді. Сопылықта Алла, ақиқат, махаббат түсініктерінің
мазмұнын ашып, олардың байланысын, арақатынастарын ашу
басты мұраттар болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төрт
сатыдан өту керектігі айтылады. Олар: 1) шариғат; 2) тариқат;
3) мағрифат; 4) хақиқат. Біріншісі – ислам дінінің қағидалары
мен әдет-ғұрыптарын орындау жолы. Екіншісі – сопылық
мүддеге жеткізетін рухани жетілу жолы. Үшіншісі – дін ислам
жолын танып-білу – рухани жаңарудың келесі басқышы.
Төртіншісі – Алламен тұтасу. Бұл төрт сатының әрқайсысының
өз тұрағы бар екендігі жөнінде ғұлама былай дейді:
«Өтті ғұмырым, шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатқа жете алмадым,
Ақиқатсыз мағрифатқа жете алмадым,
Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар.
Тариқаттың жолы болар ауыр азап,
Бұл жолда талай ғашық болды топырақ.
Ақиқаттың мәнісіне жеткен кісі,
Естен танып, күйіп-жанып, іші-тысы», –
деп жырлайды және бұл жолдың қиындықтары туралы ескер-
теді [136, 73 б.].
155
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт метафизикасы
Ислам дінінде Алла тағаланың 99 есімдері мен көптеген
сипаттары туралы тұжырым бар. Осыған орай және жоғары-
дағы талаптардың барлығын бұлжытпай орындағанда Жарат-
қанның жасампаздығының белгілерін, Оның сипаттарын адам
бойынан іздеуге негіз бар. Адамның жан дүниесінде, санасында
Алланың қасиеттерінің белгісі туындаса, адам өзінің жарату-
шысымен тұтасуға ұмтылса, бұл қасиеттерді адам бойынан
табуға мүмкіндік туады. Бұл қасиеттер мен сипаттардың
белгілерін ислам жолына түскен түркілік болмыстан да табуға
болады. Қожа Ахмет Әзірет Сұлтанның көп уағыздайтындары
– сабыр, шүкіршілік, тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат,
сүйіспеншілік, рахым, рахман, ғылым-білім, тазалық және т. б.
Академик Ғарифолла Есімнің пікірі бойынша, қазақ хал-
қының ұлттық ойлау жүйесі Фарабиден бастау алған фәлсафа
мен Иасауидің сопылық түсініктері негізінде қалыптасқан.
«...Ясауи дүниетанымын білдіретін ұғымдар қанағат, ғаріп,
махаббат, шайтан, пақыр, хақ, нәпсі, зікір, қасірет, себеп, тәубе,
құл, тағат, шарап, несібе, жаннат, мақам, керемет, күнә, азап,
ғайып, ырзық, ғашық, сипат, дидар, медет, пенде, жан, иман,
сабыр, сыр, ықылас» [137, 73 б.]. Қазақ дүниетанымындағы со-
пылыққа арнайы тоқтала отырып, бұл ғалым осыдан өзге тағы
да отыз сегіз ұғымдарды келтіріп, қазақтың діні мен ділі, тілі мен
санасындағы Иасауи мұрасының маңыздылығын атап өтеді.
Әл-Фараби мен Иасауиді іліктестіретін тағы бір тақырып –
адамның рухани бомысындағы жүректің алатын орны. Жүрек
– сопылық дүниетанымның барлық ұғымдарын қиыстыратын
түсінігі. Ол Алланың нұрын, шапағатын елестетін, жеткізетін
құрал. Әл-Фараби өзінің «Ізгі қала тұрғындарының көзқа-
растары туралы» трактатында жүрек ұғымына ерекше назар
аударады. «Жүрек басты мүше, мұны тәннің басқа ешқандай
басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты
мүше; бірақ мұның үстемдігі бірінші емес, екінші, өйткені ол
барлық мүшелерді билейтін болса, оның өзін жүрек билейді.
Жүректің ізгі ниеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет ету тек қана
миға тән қабілет» [6, 289–290 бб.]. Екі ойшыл да өздерінің пай-
ымдауларында жүрекке шешуші мән берумен қатар, оның
бүкіл ізгілік, рахым, шапағат атаулының қайнар көзі, тұрақты
мекені деп таниды.
156
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Сонымен, Иасауи кемел адамды Аллаға деген сезімін ояту
арқылы Онымен тұтасуға тырысатын, барға қанағат жасап, із-
гілікке, мейірімділікке шақыратын, өмірін ғылым-білімге сарп
ететін, имандылықты қастерлейтін иманжүзді кісі деп түсінеді.
Әзірет Сұлтан идеалды қоғам ілімін арнайы қарастырмаса
да оның уағыздаған қағидалары ізгілікті мемлекет құруға
негіз болуға тұрарлықтай болды. Ол негізінен өзі өмір сүрген
қоғамды зиялыландыру, игіліктендіру мақсатында жұмыс
жасады.
«Диуани-хикмет» ислам дінінің негізгі қағидаларын түркі
халықтарының жүрегіне жеткізген құнды еңбек.
«Менің хикметтерім – құдіретті бір пір,
Естігендердің көңілі толқып ұйып тұр.
Тірі болса бұл жаhанда қор болмас;
Оқыған пенделер еш нәрседен зар болмас.
Менің хикметіме қойса кім бас,
Өлерінде болсын иман жолдас
Ясауи хикметін даналар естісін.
Естіген жандар мұратына жетсін [136, 123 б.].
Ахмет Иасауи адам мен қоғам мәселелерінің арақатына-
сына айрықша назар аударған. Ислам дінінің өнегелілікке,
таным-болмысқа қатысты ақыл-ой, парасат туралы құнды-
лықтарын кең насихаттаған ол бұқара халыққа үстемдік
құрған әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіз істерін
сынайды, бұл дүниенің жалғандығын айтады. Оның сопылық
ілімінің басты мақсаты адамды жетілдіру, адамның болмыс-
бітіміне тән кейбір жағымсыз әдеттерді жою. Сондықтан
да Иасауи Құдайдың ризашылығы үшін парасаттылыққа,
әділдікке, тазалыққа үндейді. Оның ілімінде адамгершілік
ойлар соңғы және ақиқат дін – ислам қағидалары негізінде
түсіндіріледі. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла
алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі
болады». Жамандықты жасаушы адамдар, оларды Алла да
жақтырмайды.
Адамдардың барлығы Құдай алдында тең. Олардың
теңсіздігі адамдардың жағымсыз іс-әрекеттерінен туындаған.
157
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт метафизикасы
Ахмет Иасауи адам бойында кездесетін тойымсыздық,
ашкөздік, екіжүзділік, даңққұмарлық, надандық сияқты
жаман қасиеттердің болатынына өкініш білдіреді, мұндай
жағымсыз әдеттерден арылуға шақырады, адамдарды бір-бірін
құрметтеуге, көмектесуге, жақсылық жасауға үндейді.
«Дүниені мүлкім деген сұлтандарға,
Әлем малын сансыз жиып алғандарға,
Он өмір дүние-малын жиса-дағы,
Өлім келсе бірі де опа болмайды екен.
Сол жақсы өз жерінде патша болса,
Әділ болып, бір мүминді қазы қылса,
Сол қазы барша елді разы қылса,
Ризалықпен жұмақ үйін алады екен» [136, 185 б.].
Ел билеушілері халықты әділдікпен басқаруы тиіс. Арам
жолмен жиылған мал-мүлік дүние болып табылмайды,
жазықсыз жандардың көз жасына қалғанды Құдай кешірмейді.
Жақсы патша ғана халқын разы ете алады. Мұндай патшалар-
ға жұмақтан орын да дайын. Даналық пен татулықты, сүйіс-
пеншілік пен бақытты жырлаған «Диуани хикмет» шығармасы
адам өмірінің барлық жағын қамтыған құнды еңбек.
Оның хикметтерін қарапайым халық қалада да, далада да
ауыздан ауызға таратты. Дала көшпенділері «Даналық кіта-
бын» қасиетті Құран кәрімнің тамаша тәфсірі ретінде санады.
Ал оның авторы пайғамбарға деген шексіз сүйіспеншілігін
дәлелдеп, 63 жасында жер астында қылуетке түсіп, ислам
жолындағы қызметін сонда жалғастырып, халықтың қадір-
лейтін басты әулиесіне, піріне айналды.
Демек, А. Иасауи философиясындағы бақыт түсінігі –
адамның рухани кемелденуі, Хақ тағаламен қауышу, ақиқатқа
қарай өрлей түсу ұстанымдары арқылы өз мәнін айқындап,
әділеттілік, адамгершілік, қарапайымдылық, кішіпейілділік
және т. б. этикалық қағидаларды адамның өз бойына сіңіруі
барысында ғана қалыптасып, материалдық пен тәндік құмар-
лықтарды шектеумен шартталған синкретті концепт екендігін
тани аламыз.
Осылайша, біз қарастырған түркі ойшылдарының ілім-
дерінде бақыт тұжырымдамасы философиялық антрополо-
158
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
гиялық және діни антропологиялық аяда түсіндіріледі. Олар-
дың кемел адам, толық адам немесе үлгілі кісі түсініктері
жалпыадамгершілік құндылықтармен қатар, исламның көр-
кем мінез туралы қағидаларын да бойына сіңірді.
2.3 Бақыт – қоғамдық әлемді құрудың мақсаты мен
жағдайын қалыптастырушы дүние
Ортағасырлық түркі философиясындағы бақыт тақыры-
бының қарастырылуын қазіргі кезеңде зерттеу көптеген
мәселелердің реконструкциясын, кеңейтілуін және қайта
өзектілендірілуін білдіреді. Бұл мәселелердің шешіміндегі
маңызды міндеттердің бірі осы түркілік дереккөздермен
мұқият жұмыс жасап, оларға объективті талдау жүргізе
отырып, ғылыми айналымға енгізумен сипатталады.
Бақыт – рухани және физикалық үйлесімділік пен кемел-
діктің ерекше жағдайы, соған жету адамзаттың өмір сүруінің
мәнін құрайтын абсолютті құндылық. Барынша жетілген
кемелдік ретіндегі бақытқа жету адам өз бетінше оқшау өмір
сүргенде емес, рухани қарым-қатынас пен өзара көмек, еңбек
бөлінісі орын алатын қауымдастықта өмір сүргенде, ол белгілі
бір қоғамның мүшесі болғанда ғана мүмкін болады.
Осы себепті де біз алдыңғы тараушаларда ортағасырлық
түркі дүниетанымындағы бақыт түсінігін онтологиялық және
философиялық антропологиялық тұрғыда қарастырсақ, енді
монографиялық зерттеудің соңғы тараушасында бақыт ұғы-
мын әлеуметтік, саяси-философиялық қырынан талдамақпыз.
Онсыз бақыттың метафизикасын толық ашып көрсету мүмкін
болмайды.
Қоғам ғылымда белгілі барлық жүйелердің ішіндегі ең
күрделісі болып табылады және оны зерттеу қашанда қомақты
қиындықтармен сипатталады. Өйткені қоғамдық немесе
әлеуметтік өмір қашанда қозғалмалы, әрбір халықтың немесе
елдің өзіндік қайталанбас тарихы бар. Қоғамдық өмірдегі
барлық үдерістер бір бірімен өзара байланысты, сондықтан
әрқилы ахуалдарда анықтаушы мен анықталушылардың
орындары алмасып отырады. Философияның міндеті болса,
159
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт метафизикасы
қоғамдық өмірдің іргелі негіздемелерін, оның жүйеқұраушы
факторларын айқындау болып табылады. Сондықтан бақытты
тек тұтастай алғандағы әлемнің ауқымында ғана емес, қоғамның
аясында да зерттеу барысында кез келген философ өзіндік
дүниетанымдық қондырғыларды жетекшілікке алады.
Қоғамның пайда болуы адамның пайда болуы мен
қалыптасуы – антропосоциогенез үдерісімен қатар жүрді.
Миллиондаған жылдарға созылған эволюцияның барысында
адам тәрізді гоминидтердің өмірге келуі 2 млн. жыл бұрын
деп есептеледі. Жануарларға тән тобырлық күн кешуден
адами қауымдастыққа бірте-бірте өтудің маңызды факторы
осы алғашқы қауымдық адамдардың белгілер мен таңбалар
жүйесін қалыптастыра алып, жинақталған тәжірибені ұр-
пақтан ұрпаққа бере алу қабілетімен сипатталады. Қарым-
қатынас пен қарапайым коммуникация еңбек дағдыларын
қалыптастырды, шектеулер мен тыйымдар (ең алдымен қан
алмасушылыққа тыйым) жүйесі пайда болып, мифологиялық
және алғашқы қауымдық діни көзқарастардың орнығуымен
күнделікті тіршілік пен қарым-қатынастың нормасы беки
бастады. Осылайша, қоғам өз өмірлерінің өндірістік және
жаңғыртушылық өндірістік қажеттіліктерімен сипатталатын
және әдет-ғұрыптармен, нормалармен және құндылықтармен
реттелетін адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар мен
бірлескен әрекетінің жүйесі ретінде қалыптасты. Нормалар
адамның өмірқамының барлық салаларына таралады да
мәдениет пен өркениет пайда болуының алғышарттарын
құрайды. Қоғам қандай трансформацияға түспесін, ол бәрібір
адамзат тегімен бірге орныққан осы аса маңызды құрылымдық
элементтерді сақтайды. Бұл қай қазіргі әлемдік өркениетте
болмасын, ежелгі шығыстық және антикалық өркениеттерде
болмасын немесе біз қарастырып отырған ортағасырлық өрке-
ниетте болмасын, қоғам құраушы бұл элементтер сақталады.
Қазіргі түріндегі қоғам қайта өндірудің, өзін өзі басқа-
рудың және өзін өзі ұйымдастырудың ішкі тетіктері бар
тарихи нақты, тұтас және тұрақты әлеуметтік бірлікті біл-
діреді. Қоғамның тұтастығы қоғамдық өндіріспен, яғни
өмірдің өндірісіне және оның үнемі жаңғыртылып отыруына
бағытталған адамдардың бірлескен әрекеті. Қоғамдық өндіріс
160
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
уақыт ағымында циклді түрде қайталанып отырғанымен,
белгілі бір әлеуметтік динамикаға сәйкес құбылып, өзгеріп
отырады. Қоғамдық өндіріс адамдардың өзін өндіруді
(көбеюді), олардың игілікті өмірін қамтамасыз ету үшін зат-
тық жағдайлар тудыратын материалдық өндірісті, білімдер,
тәжірибелер, құндылықтар қалыптастыруды білдіретін рухани
өндірісті, қоғамның ұйымшылдығы мен қызметін қамтама-
сыз ететін адамдарды басқаруды және т. б. қоғамдық өмірдің
барлық қырларын қамтитын көпқырлы үдеріс. Қоғамдық
өмірдің күрделіленуі әлеуметтік дифференциация мен еңбек
бөлінісінің күшеюінен болады. Бақыт туралы көзқарастардың
бір астары осы әлеуметтік теңдік пен еңбек бөлінісі мен
игіліктер таратылуының әділдігімен ерекшеленетін қоғам
туралы утопиялық көзқарастармен байланыстырылады.
Қоғамның күрделіленуі барысында әрқайсысы бүкіл әлеу-
меттік организм үшін қажетті функциялар атқаратын салыс-
тырмалы түрде дербес қоғамның жайжүйелері қалыпта-
сады, мысалы: экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани.
Экономикалық жайжүйе өндірістік әрекет формаларының
жиынтығы мен осы әрекеттегі адамдардың қатынасын білдіреді.
Әрбір қоғам өз өмір сүруі мен дамуы үшін қажет игіліктерге
ие болады. Алайда бұл қоғамдық байлық адамдардың еңбегі
арқылы болады. Алдыңғы ұрпақтың қалдырған игіліктерін
сақтау мен пайдалану және қоғамның өндіргіш күштерін
дамыту қоғамдық байлықтың өсуіне әкеледі және соның
нәтижесінде қоғамдық өндірістің маңызды стимулы және
маңызды құралы ретіндегі меншік институты пайда болады.
Бастапқыда күш пен беделге сүйенген меншіктік қатынастар
кейінірек заңдық формаға келеді. Дамыған түріндегі меншік
қоғамдық байлықтың бір бөлігін иелену мен пайдалану
құқығын білдіреді. Ол алуан түрлі формаларда болды және ол
қоғамдық өндірістің өзінің формасын да анықтады.
Өндіріс барысында адамдар арасында әртүрлі қатынастар
орнығады: ұйымдастырушылық-экономикалық, өндірістік-
технологиялық және әлеуметтік-экономикалық. Егер өндірістік-
технологиялық қатынастар басым көпшілігінде техника мен
өндірістік технологияның даму деңгейі мен сипатына тәуелді
болса, ал ұйымдастырушылық-экономикалық және әсіресе
161
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт метафизикасы
әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құралдарына
деген меншік формасына бағынышты болып келеді. Марксизм
қоғамдық дамудың негізі ретінде материалды өндірістің рөлін
асыра бағалады. Мұндай көзқарас барысында материалдық
өндірістің өзінің мәні туралы түсінік бұрмаланып, рухани
өндірістің рөлі лайықты бағаланбайды. Қоғамдық өндіріс пен
өндіргіш күштеріне және меншік формаларымен сипатталатын
экономикалық негіздемелерге сүйенетін адамзаттың әлеуметтік
формацияларының маркстік бес формациялық кестесіне сәй-
кес ортағасырлық қоғамдар (оның ішінде біздің монографиялық
зерттеудің нысаны болып отырған ортағасырлық түркілік қоғам
да) феодалдық деп анықталады және кейінгі формациялармен
салыстырғанда артта қалған деп есептеледі. Ал бұл кездегі
рухани өндірістегі адамзат үшін аса маңызды жаңалықтар
ескерілмейді. Бұл жерде бақытқа жетудің рухани бағдарлары-
нан гөрі материалдық қырлары басымдылыққа ие болады.
Қоғам болмысының қажетті шарты – адамдардың руха-
ни іс-әрекеті. Адамдар – саналы жандар, және сана олардың
өмірқамының негізгі тәсілдерінің бірі болғандықтан әлеумет-
тіліктің барлық көріністерін қамтиды. Сондықтан қоғамның
рухани жайжүйесі өз бойына әлеуметтік және жеке рухани
қажеттіліктерді өтеуге бағытталған өзара органикалық бай-
ланысты элементтерді енгізеді. Олардың ішіндегі ең маңыз-
дылары – танымдық, адамгершіліктік, эстетикалық, діни жә-
не қарым-қатынасқа деген мұқтаждық және т. б. Қоғамда
біртіндеп алуан түрлі рухани қажеттіліктерге жауап беретін
институттар мен рухани өндірістің ерекше салалары пайда
болады. Табиғатты, қоғам мен адамды танумен айналысатын
адамдардың бірлестіктері пайда болып, ғылым мен философия
дамиды. Рухани өндірістің аумағына сондай-ақ рухани қарым-
қатынасқа деген, ақпарат алмасуға деген қажеттілікті өтетін са-
лалар да кіреді. Идеялармен, көзқарастармен, бағалаулармен
алмасуды білдіретін рухани қарым-қатынастың түрі комму-
никация адамдар арасында өзара түсіністік болған жағдайда
орын алады. Мәдени құндылықтарды игеруге қабілетті тұлға
қалыптастыруға деген қажеттілік рухани өндірістің тағы маңыз-
ды саласы адамды тәрбиелеу мен білім беруді алға тартады. Бұл
қоғамда оқыту мен тәрбиелеудің тұтастай торабын тудырады.
162
Достарыңызбен бөлісу: |